28
қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту
процесін ҧйымдастыру
.
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдісі білім беру сапасын арттыруды
қамтамасыз ету және оқытуда жаңа технологияларды пайдалану үшін қосымша
ресурс ретінде оқыту процесінде қашықтан оқыту технологияларын пайдалану
болып табылады.
Қашықтан білім беру технологиялары бойынша білім алу «Білім туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес
бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына
сәйкес жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін нормативтік құқықтық
қамтамасыз ету мақсатында 2020-2021 оқу жылында қашықтан оқыту
нысанында «Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі-ҚБТ)» ҚР БҒМ 2015
жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді
(2020 жылғы 28 тамыздағы ӛзгерістер).
ҚБТ мыналарға:
1) білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттіліктері
бар, оның ішінде мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы
мүгедектер болып табылатын тұлғаларға;
2) денсаулық мүмкіндіктері уақытша шектелген және білім беру
ұйымдарына тұрақты баруға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;
3) мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған кезде қылмыстық-атқару
жүйесі мекемелерінде ұсталатын және бас бостандығынан айыруға байланысты
емес жазаларға сотталғандарға жүргізіледі.
2020-2021 оқу жылында тиісті мемлекеттік органдардың шектеу
шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік
сипаттағы тӛтенше жағдайлар жағдайында қосымша білім беру, орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары
бойынша білім алушылар қашықтан білім алуда.
Достарыңызбен бөлісу: