5.2 Бастауыш білім беру деңгейі
Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту үдерісіне
белсенді қатыстыруды, олардың ӛткен материалды талқылауға, талдауға және
қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалау пікірлерін айтуды, ӛзін-ӛзі
бағалауды, ӛзара бағалауды және т. б. қарастырады.
Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің оқушыны қолдауға бағытталған
әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін және білім беру үдерісін жетілдіруге
мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс. Формативті бағалау кезінде
мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін
дербес анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |