Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет106/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

«Кӛркем еңбек» оқу пәні 
«Кӛркем еңбек» 
– 
«Бейнелеу ӛнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін 
біріктіретін кіріктірілген пән. 
«Кӛркем еңбек» кіріктірілген оқу пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің 
түрлері барысында кӛркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды 
қалыптастыруға бағытталған. 
Оқу 
пәні 
түрлі 
шығармашылық 
іс-әрекеттегі 
кеңістіктік-
бейнелікойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін
елесін, қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және ӛз 
ойын білдіруін дамытуға бағытталған. 
«Кӛркем еңбек» пәні бойынша 
оқу жҥктемесінің кӛлемі
:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3) 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты;
4) 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 


96 
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық 
ойлауын, кӛркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау 
қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, кӛзбен 
нақты мӛлшерлеу қабілетін жетілдіреді. 
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін 
әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың 
материалын мұғалімнің ӛзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған. 
«Кӛркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың 
АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл кӛркем 
жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды 
пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту
шығармашылық 
жұмысты 
жасау 
үшін 
басқа 
білім 
алушылармен 
ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б. 
«Кӛркем еңбек» сабақтарындамұғалімнің ӛзі анықтайтын әртүрлі 
кӛркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте кӛркемдік-
шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:
- құрылымдау; 
- бейнелеу; 
- сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет. 
Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау 
барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін 
сақтаулары қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет