189
«Үй мәдениеті» бӛлімінің мазмұны (қыз балалар) тӛмендегі
бӛлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; ӛсімдік шаруашылығы,
сәндік ӛсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі
мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.
«Тамақтану мәдениеті» бӛлімінің мазмұны тӛмендегі бӛлімшелерді:
дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында ӛзін-ӛзі дұрыс ұстау ережелерін,
дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының
тағамдарын қамтиды.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Кӛркем еңбек» пәнінің ерекшелігі
әртүрлі ӛнер түрлерін зерделеу, идеяларын ӛнер тәсілдері арқылы кӛрсету,
әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті,
материалдар мен нысандарды түрлендіру және кӛркем ӛңдеу дағдыларын, үй
шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын
иелену болып табылады.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет
түрлері, «Ӛнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу ӛнері мен кӛркем
еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.
Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ,
сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын
дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері
қосылған.
«Кӛркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. «Кӛркем
еңбек» жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген
жоқ») деген белгі жазылады.
Сыныпты екі топқа бӛлу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604бұйрығына сәйкес жүзеге
асырылады
(05.05.2020 ж ҚР БҒМ №182 бҧйрығының 57 т. сәйкес).
Достарыңызбен бөлісу: