191
арқылы сыни кӛзқарасты қалыптастыру» бӛлімі келесі бӛлімшелерді
қамтиды: қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы ӛзгермелі жағдайға жауап
қайтара білуге бейімделу; кӛшбасшылық, сондай-ақ, команда қҧрамында
жҧмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану; қолайлы оқу-ҥйрену
ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды кӛрсету; дене
жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама
тҥрлерін қҧруға қажет ережелер мен қҧрылымдық тәсілдерді бағалау; ӛзінің
және ӛзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тҧрғыдан бағалау және
оны шешудің балама жолдарын ҧсыну; жарыс іс-әрекеттерін және тӛрелік
ету ережелерін білу; жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және
ынтымақтастыққа жататын мінез-қҧлық кӛрсету; тҥрлі қимыл-
қозғалыстармен шарттастырылған рӛлдерді орындау және олардың
айырмашылықтарын сезіне білу.
3. «Денсаулық және салауатты ӛмір салты» бӛлімі келесі бӛлімшелерді
қамтиды: жеке бас денсаулығы және салауатты ӛмір салты туралы білімді
қалыптастыру; қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын қҧру мен
орындау; тҥрлі дене жаттығуларын іс жҥзінде орындау, олардың ағзаға
тигізетін әсері мен эенергетикалық жҥйемен байланысын зерттеу;
денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жҥктемелері кезінде
туындауы мҥмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын қҧру және
қолдану; басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында
білім, біліктілік және дағдыларды қолдану.
Әр бӛлімшеде кӛрсетілген оқу мақсаттары мҧғалімге оқушыларды
дамыту бойынша жҧмысты жҥйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың
жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге
мҥмкіндік береді.
«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмҧны 5-9-сыныптарда
«Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу
жҥктемесімен дене шынықтыру мҧғалімінің оқытуымен іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. «Дене
шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының
соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және ӛткізу
мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім мазмұнын жаңарту
аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша
әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2018.–89 б.» (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 24 сәуірдің №5 хаттамасы)»
әдістемелік ұсынымдама әзірлеп, академия сайтына орналастырылған (nao.kz).
192
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше
білім беру қажеттілігі бар
балаларды оқыту кезінде білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып,
жеке оқу жоспары мен жеке оқу бағдарламасы әзірленеді.
5-9-сыныптарда білім беру ұйымдарынан тыс жеке сабақтар үшін ең
жоғарғы оқу жүктемесі: 5-сынып-7,5 сағат; 6 – сынып–7,5 сағат; 7 – сынып-8,5
сағат; 8 – сынып-9 сағат; 9 – сынып-9,25 сағат құрайды.
Сабақтар емдеуші дәрігердің қорытындысына сәйкес осы медициналық
ұйымда 15 күннен астам емдеуден/оңалтудан ӛтуі тиіс білім алушылармен
жүргізіледі. Оқу сабақтары балалар стационарға түскен сәттен бастап және
баланың денсаулық жағдайына байланысты басталады. Сабақтың ұзақтығы
барлығы үшін - 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут (бірінші
жартыжылдықта). Аурудың ауырлығына қарай ауру балалар болатын
медициналық режимдердің әрқайсысына олармен жұмысты жоспарлау кезінде
белгілі педагогикалық бағыттылық сәйкес келеді.
Сынып жиынтықтылығы бір сыныпта 4 және одан да кӛп
бала санынан
басталады. Бір сыныпта 3-ке дейінгі балалар саны болған кезде: 5-6-7-
сыныптар, 8-9-сыныптар бірігуі мүмкін.
Медициналық ұйымның психо-неврологиялық бӛлімшелерінде бастапқы
және қайталама бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды дамытуға,
балалар мен жасӛспірімдердің қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік-еңбекке
бейімделуіне және кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған түзету-дамыту оқытуы жүзеге асырылады. Егер
социумға кірігу үшін бӛлімшелерде жеке түзету-дамыту сабақтары жүргізілсе,
кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін.
Оқу
жоспарларында бастауыш, негізгі және орта мектептің жалпы білім
берудің базалық компонентін 80%-ы сақтау, сондай-ақ қаржыландыру
шеңберінен шықпай, емдеу мекемесінің ерекшелігін ескере отырып, оқу
жоспарын 20% сағатқа дейін қайта бӛлу кӛзделуге тиіс.
Үлгілік оқу бағдарламаларында кӛзделген сағаттар саны сараланған
тәсілді ескере отырып алынуы және инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес
келуі тиіс. Пәндер арасында сағаттарды қайта бӛлуге және мектепте жекелеген
сабақтарға баруға жол беріледі.
Бӛлімшелерде емдік дене шынықтыру (емдік дене шынықтыру) және
музыкатотерапия сабақтары ӛткізілетін жағдайларда мектепте музыка және
дене шынықтыру сабақтары жүргізілмейді.
Еңбекке және кәсіптік оқыту білім алушылардың денсаулық жағдайына
қарай айқындалады және мынадай профильдердің негізінде жүзеге асырылады:
ағаш, тігін бағыты, Шаштараз ӛнері, сәндік-қолданбалы ӛнер.
Информатика және кӛркем еңбек және технология
бойынша сағат саны
артады. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта кәсіптік бағдар
беру мақсатында ақпараттық технологиялар мен еңбек дағдыларын игеруге
ерекше мұқтаж балалардың қажеттілігімен байланысты. Бейнелеу ӛнері пәні
кеңірек, пластикалық массалармен, басқа да кӛркем жұмыстар түрлерімен
193
жүргізіледі, ӛйткені бұл іс-әрекет қолдың ұсақ моторикасын дамытады, назарын
бекітеді, балаларды шығармашылыққа үйретеді.
Қажет болған жағдайда түзету кӛмегі психологиялық-педагогикалық
түзету кабинетінде (оңалту орталығында) белгіленген тәртіппен кӛрсетіледі.
Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті үшін бӛлінген сағаттар 1 сағатқа
қысқартылуы және басқа оқу пәнінің сағаттарын жүргізу үшін қайта бӛлінуі
мүмкін, сӛйлеу тілін дамыту мен түзету клиникалық бӛлімшелерде логопедия
сабағын толықтырады.
Үйде оқитын баланы сыныптан тыс, үйірме жұмыстарына және мектептің
басқа да тәрбие іс-шараларына тарту маңызды.
Үйде оқытуды ұйымдастыру жӛніндегі қосымша ақпаратты «Жалпы білім
беретін мектептің оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту
жӛніндегі әдістемелік ұсынымдардан»
(
www.nao.kz
сайтынан)
табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: