Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет285/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

 
 
6. БАҒАЛАУ ЖҤЙЕСІ
 
Білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың критериалды жҥйесі 
 
2020-2021 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11 сыныптарда 
жүзеге асырылады. 
Критериалды бағалау білім алушылардың ӛз оқу іс-әрекетін бақылауға 
және кең ауқымдағы дағдыларды қалыптастыру бойынша оқыту процесінде 
туындайтын қиындықтардың себептерін белгілеуге және жоюға мүмкіндік 
береді.
Әрбір сабақта білім алушыларды уақтылы қолдау, оқудағы ілгерілеу 
мақсатында бағалау элементтерін пайдалану, ата-аналарды оқыту нәтижелері 
бойынша хабардар ету ұсынылады. Бағалау балаларды оқуға ынталандыруға, 
білімдегі олқылықтарды анықтауға және олардың оқу жетістіктерін кӛрсетуге 


296 
бағытталған. 
Критериалды бағалау білім алушылардың дадысының даму деңгейін 
бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір сабақ оқу мақсатын және оларға қол жеткізу 
критерийлерін айтып/кӛрсетуден басталуы тиіс. Білім алушы қойылған оқу 
мақсатын ұғынуы керек және оған қалай жетуге болатынын түсінуі керек. 
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін 
нақты анықталған, алдын ала белгілі ӛлшемдермен салыстыруға негізделген, 
оқу материалының қаншалықты табысты игерілгендігін, практикалық дағды 
қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагог, ата-аналар және білім алушыларға кӛмек ретінде әзірленген 
нормативтік құқықтық актілерге және әдістемелік материалдарға сәйкес 
бағалауды жүргізуі тиіс: 
- «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және 
қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығы (2020 жылғы 28 тамыздағы ӛзгерістер мен 
толықтыруларға сәйкес);
- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды 
бағалау және құжаттау процедуралары бойынша нұсқаулық;
- Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша 
басшылық; 
- Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды 
бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал; 
- сыныптар, пәндер және тілдер бойынша формативті бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
- сыныптар, пәндер және тілдер бойынша жиынтық бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
- сыныптар, пәндер және тілдер бойынша формативті бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
Әдістемелік әзірлемелерді мына сайттардан табуға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет