Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында


  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні



Pdf көрінісі
бет261/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

 


263 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні 
 
Оқу пәні жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттардағы инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні 
болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім 
беретін мектептердің 10-11 сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік саласының негізгі 
ұғымдары мен заңдарын зерделеуге, білім алушылардың іскерлік ойлауын 
қалыптастыруға, белсенді ӛмірлік ұстанымды таңдауға, қазіргі жағдайда 
болашақта ӛз бетінше ӛмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған. 
Оқу материалының мазмұны оқу процесінің геймификациясы (ойын 
техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген. 
Геймификацияны (ойын техникасын) кеңінен қолдану материалды 
түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ келешекте шынайы жағдайларға 
лайықтауға болатын алғашқы пайдалы дағдыларды қалыптастыруға 
бейімделген. 
Кейстік (ситуациялық) оқыту әдісі бір жағдайға стандартты емес 
тәсілдемелерді қолданып, креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы бойынша оқыту PBL 
(Project Based Learning) әдістемесі негізінде де құрылған. Сӛзбе сӛз бұл термин 
«жобалық оқыту» деп аударылады. PBL әдістемесі әр оқушының оқу үдерісіне 
белсенді қатысуын білдіреді. Бұл ретте мұғалім барлық үдерісті үйлестіреді, 
бірақ сонымен қатар оқушыларға шығармашылық пен дербес шешімдер 
қабылдау үшін еркіндік береді, оқушылар әр түрлі мәселелер бойынша 
сарапшылардың рӛлін ӛз мойнына алып, ӛздерін сынап кӛреді. 
Әдістеменің негізгі ұғымы – «жоба». Оқушылар пәнді оқытудың 11-
сыныбының бірінші және екінші тоқсанында осындай «жобаны» дамытуы тиіс. 
Алдымен олар ӛз командасына мамандарды тартуға тырысатын стартаптың 
негізін қалаушысы рӛлінде ӛзін елестету керек. Содан кейін олар басшылар, 
маркетологтар, зерттеушілер сияқты ӛз стартаптарымен жұмыс істейтін 
болады. Оларға ӛз клиентін зерттеуге, ӛз ӛнімінің прототипін жасауға, 
серіктестерді табуға және т.б. кӛптеген әрекеттер жасауына тура келеді. 
Оқушылар тапсырмаларды алып, оны орындау уақытын білетін болады. 
Басқа ешқандай шектеулер жоқ. Қандай ӛніммен айналысу керек, оны 
жылжыту үшін қандай әлеуметтік желіні таңдаса жақсы болады, олардың 
бизнесі үшін кім үздік серіктес болып табылады және т.б. осы секілді 
сұрақтарға алдын ала қайсысы «дұрыс» екеніне нақты жауап берілмейтіндіктен, 
мұндай тәсілде «дұрыс» - «дұрыс емес» позициясынан соңғы нәтиже емес, 
командалық жұмыс, команда мүшелерінің жобаға тартылу дәрежесі, олардың 
кӛрсеткен күш-жігері мен ынтасы, олардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты мен 
қисындылығы бағаланады. 
Нақты мәселеге шоғырлану оқушыларға қысқа уақыт ішінде зерттелетін 


264 
мәселенің кӛптеген қыр-сырын білуге мүмкіндік береді, осылайша, осы 
әдістеме бойынша егер нақты нұсқаулықтар, жұмысты бағалау критерийлері, 
шектеулі уақытты беріп, бірақ оны жұмыс стилінде және тәсілде шектемесе кез 
келген адамды белгілі бір жұмысқа дайындауға болады. 
Жобалық жұмыс оқушыларға материалдың едәуір бӛлігін қамтуға, ӛз 
жобасын жасау арқылы жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Әдістің 
артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: 
• Командалық жұмыс. Оқушылар болашақта университет пен жұмыста 
қажет болатын командада жұмыс істеуді үйренеді. 
• Коммуникативтік дағдылар. Оқушылар бірге жұмыс істейді, сондықтан 
оларға командада тиімді қарым-қатынас жасау ӛте маңызды. 
• Сӛздік қоры. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар ӛз тілдік 
қорын айтарлықтай толықтырып үлгереді, сонымен қатар жобамен тығыз 
жұмыс істеу кезінде зерделенген сӛздер қарапайым оқып жаттағанға қарағанда 
жақсы меңгеріледі. 
• Нәтижеге бағдарлану. Кӛптеген түлектерге жұмыс процесіне бейімделу 
қиын, ӛйткені онда жұмыстарды орындау мерзімі қатаң есепке алынады. 
Оқушылар күйзеліске, толқуға ұшырап, асыққаннан жұмыс сапасы зардап 
шегеді, ал жұмыс мерзімінде орындалмай қалуы мүмкін. PBL әдісі бойынша 
жұмыс уақытпен қатаң шектеледі, ал жұмысты бағалау кезінде командалық 
орындау есепке алынады. Сондықтан жобамен жұмыс кезінде оқушылар қатаң 
дедлайндарға үйреніп, жұмыс сәттерін еңсеріп, орындалатын жұмыстың 
сапасына нұқсан келтірмей, нәтижеге шоғырлануға үйренеді. 
• Міндеттерді бӛле білу, тапсырмаларды беру (делегирлеу) және сенім 
білдіру, кӛшбасшылық қасиеттер. Жобаны орындау кезінде оқушыларға 
команда мүшелері арасында міндеттерді дұрыс бӛлу қажет, ӛйткені олардың 
әрқайсысында әр түрлі күшті және әлсіз жақтары, түрлі интеллект, мотивация 
және темпераменттері бар. Біреулерге сандарға немесе ұсақ-түйек бӛлшектерге 
мән берілетін жұмысты сеніп тапсырған жақсы болады, біреулері монотонды 
жұмыспен айналыса алмайтын шығармашылық тұлға, кейбіреулері бір мезгілде 
бірнеше міндеттерді орындай алады, бірақ бір мәселеге шоғырлану кезінде 
қиындықтарға тап болады. Команда мүшелері рӛлдерді ӛзара бӛлуге, бір-біріне 
сенім білдіруге үйренеді. Сондай-ақ олар кімнің кӛшбасшы рӛлін атқара 
алатынын түсінеді және кӛшбасшылық қасиеттерге ие болуды үйренеді. 
• Жауапкершілік. Әр команда мүшесінің ӛз жауапкершілік аймағы 
болғандықтан, ӛз міндеттерін орындамау команданың барлық жұмысына теріс 
әсер етуі мүмкін. Жұмыстың бағасы командалық болғандықтан, жұмыстың ӛз 
бӛлігін жақсы жасау әр адамның мүддесі. 
Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, PBL әдістемесін енгізгеннен кейін 
оқушылардың оқу процесіне қатысуы ұлғайып, сабаққа қатысуы артады. 
Мұғалім оқушыларға тек қана кӛмектеседі, тәлім мен кері байланыс береді, бұл 
ретте оқушылардың шешім қабылдау процесіне араласпау, олардың ӛздері 
қандай шешім дұрыс болатынын анықтауға ынталандырады, яғни білім беру 
процесіне жауапкершілік оқушылардың ӛзіне жүктеледі. 
PBL әдісі қандай да бір қосымша құралдарды немесе техникалық 


265 
жабдықтарды талап етпейді. Бірақ мұғалімнен ынта-ықыласты, шығармашылық 
кӛзқарасты, стандартты емес ойлауды және оқушыларға қатысты кеңесші-
тәлімгер позициясын алуды талап етеді. 
Нәтижесінде оқушылар нақты міндеттерді, ӛмір мен бизнестен алынған 
кейстерді шешуді үйренеді. PBL оқушыларға олардың әлеуетін ашуға 
мүмкіндік береді және оқушыларға ӛзінің шынайы жобаларымен командада 
нақты жұмыс жасау туралы түсінік береді. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері: 
- пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі тәжірибесі мен ерекшеліктерінің, даму 
тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру; 
- ӛмірлік саналы ұстанымдарды және ӛз әрекеті бойынша жасаған 
таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік 
тәсілдемелерді қолдану; 
- Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер 
тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру. 
Оқыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет