ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



бет1/20
Дата10.06.2017
өлшемі6,55 Mb.
#18700
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат

Астана
2015


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 хаттама).


2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 235 б.


Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.



© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық


білім

академиясы,

2015



















Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы




2

Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз», 2010 ж.) мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары
арқылы жүзеге асырылады.
Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.
Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.


Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.


Білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS салыстырмалы зерттеулері арқылы анықталады. Оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің білім және білік сапасының көрсеткіші де функционалдық сауаттылық болып табылады. Қазақстандық оқушылардың осы зерттеулерге қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, 2014 жылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) жүргізген зерттеулерінің қорытындысына көңіл бөлген жөн. ЭЫДҰ пікірінше, қолданыстағы орта білім берудің оқу бағдарламасын қайта қарап, толық талдау жүргізу қажет, өйткені аталған бағдарлама оқушыларға функционалдық және математикалық сауаттылықтың төменгі деңгейіне де жетуге мүмкіндік бермейді, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларының дамуына ықпал етпейді. Осы оқу бағдарламасы аясында

академиялық пәндердің көп екендігін, теорияға тым басымдық берілгендігін ескеруіміз қажет, осындай басқа да кемшіліктер бағдарламаны неғұрлым күрделірек және үлгермеуші оқушыларға қолжетімсіз етеді.


Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA (15 жасар оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау), TIMSS (4-ші және 8-сынып оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.
Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс.


Мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша әдістемелік құралдар әзірленді және олар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (бұдан әрі – Академия) сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. Мұнда әдістемелік ұсыныстар мен оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде қолданылған тапсырмалар енгізілген.


Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет