ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы



бет3/20
Дата10.06.2017
өлшемі6,55 Mb.
#18700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 12

мұғалімдер:


  • жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.


Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:


  • менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.


Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:


  • мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг үдерісін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;




  • білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс.

Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген, желілік қоғамдастықты құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы мектептер (жетекші мектеп) арқылы бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.


Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуын мониторингілеу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:
(Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)


  • бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;




  • сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.


(Бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)


  • бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;




  • сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;




  • мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;




  • әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);




  • бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша әріптестер тобының


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 13



оқытуының табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);


  • әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.


(Бағдарламаның бірінші (жетік) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)


  • бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;




  • сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;




  • мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;




  • әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);




  • бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқытуының табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);




  • әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу;




  • мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;




  • деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау.

Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарының тізімі осы әдістемелік-нұсқау хаттың 3-қосымшасында көрсетілген. Құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе»


(http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 14



МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепалды даярлық білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 6-7 жастағы балалардың зияткерлік және денесінің дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Қазіргі таңда мектепалды даярлық мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті – балалардың мектепте оқуға уәжін және оған эмоциялы дайындығын қалыптастыру.




Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуы, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:

  • балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау;




  • жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту;




  • ұлттық, жалпы адами этикалық және мәдени құндылықтарға балаларды баулу, баланың зияткерлік дамуы;




  • рухани-адамгершілік құндылықтарды, отан сүйгіштік, төзімділікті қалыптастыру;




  • балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру;







  • балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту;




  • білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету. Мектепалды топтары мен сыныптары 5 жастан 6 (7) жасқа дейінгі

балаларды қамтиды.
Мектепалды сыныптары мен топтарында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін (бұдан әрі – ҰОӘ) ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы, Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Оқуға сапалы дайындықтың мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – МЖМС) сәйкес және үлгілік бағдарлама негізінде әзірленген мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасымен (бұдан әрі – Бағдарлама) анықталады.
Бағдарлама бұдан әрі қарай мектепте оқытуға балалардың тұлғалық қасиеттерін, денсаулығын сақтау мен нығайтуға, шығармашылық белсенділігін,

Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбиелеу-оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері




коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, рухани-адамгершілік және эмоциялық-еріктік қасиеттерін дамытуға бағытталған.


Бағдарлама мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, баланың зияткерлік және дене дамуына жағдай жасайды.
Бағдарламаның мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары арқылы іске асады.
Осы жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасының мазмұнын игеру білім беру салаларын заттық-кеңістіктік дамытушы орта жағдайында оларды кіріктіру жолымен жүзеге асырылады.
Білім беру үдерісінде тіл дамыту, жазу, санау, сурет салу, құрастыру, мүсіндеу және басқаларды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешендер қолданылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты мен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепке дейінгі топтар мен сыныптардағы оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды, одан 20 сағат ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне, 4 сағат – вариативті компонентке қарастырылған.
Мектепалды топтары мен сыныптарындағы өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы саны төрттен артық емес ұзақтығы 25-30 минут. Үзілістердің арасындағы ұзақтық осы уақытта орташа қарқынды қимылды ойындар ұйымдастырылатын 10-12 минут болуы керек.
Балалардың мектепке әлеуметтік-психологиялық дайындығы келесі дағдылар мен біліктер бойынша анықталады:


  • оқу уәждемесі (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді, жаңа білімді алуға айтарлықтай қызығушылық танытады);




  • құрбыларымен және ересектермен тілдесе білу (бала қарым-қатынасқа оңай түседі, агрессиялы емес, тілдесудің өзекті жағдайларынан шыға біледі, ересектердің беделін таниды);




  • оқу тапсырмасын қабылдай алады (зейінмен тыңдайды, қажеттілігіне қарай тапсырманы нақтылайды);




  • басқа қоғаммен (балалар) араласа біледі, басқалармен бірге әрекет ете алады, топтың қызығушылықтарына бағынады.


Балалардың мектепке дайындығының психологиялық аспектілері:


  • қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (қол жақсы дамыған, бала қарындашты, қаламды, қайшыны сеніммен ұстайды);




  • кеңістікті бағыттау, қимылдарды үйлестіру («жоғары-төмен», «алға-артқа», «оң-сол» ұғымдарын ажырата білу);




  • «көз – қол» жүйесін үйлестіру (бала қарапайым графикалық бейнені, өрнекті, пішінді арақашықтықта көріп қабылдап, дәптерге түсіре алады);




  • логикалық ойлауды дамыту (түрлі заттарды салыстыру кезінде ұқсастығы мен айырмашылығын табу қабілеттілігі, жалпы маңызды белгілері


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 16



Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбиелеу-оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері


бойынша заттарды топтарға дұрыс топтастыра білу);




  • тұрақты зейінді дамыту (15-20 минут бойы орындалатын жұмысқа зейінді шоғырландыру қабілеттілігі);




  • тұрақты есті дамыту (жанама есте сақтауға қабілеттілік: есте сақтайтын материалды нақты белгімен байланыстыру: сөз-сурет немесе сөз-жағдаят).




Физиологиялық дайындық физиологиялық және биологиялық даму деңгейі, денсаулық жағдайы.
Тіл дамыту мен сауат ашуға дайындық.
Баланың мектепке дайындығының маңызды өлшемдерінің бірі фонематикалық естуді дамыту болып табылады:

  • сөйлеген кезде берілген дыбысты бөле білу;




  • сөздегі дыбыстың орнын анықтай білу (басында, ортасында, соңында);




  • сөзді дыбыстық талдау дағдыларын игеру: дауысты және дауыссыз, үнді және ұяң, қатаң және жіңішке дыбыстарды ажырату;




  • сөзді буындарға бөле білу;







  • жалпылаушы ұғымдарды қолдана білу, зат есімге анықтама беру;




  • суреттер топтамасы бойынша, мазмұнды сурет, берілген тақырыпқа әңгіме құрастыру;




  • заттар туралы (ересектің ұсынған жоспары бойынша) әңгіме құрастыра

білу;


  • шағын әдеби мәтіндердің мазмұнын өз бетінше, мәнерлі, реттілікпен

беру.
Қарапайым математикалық ұғымдарды дамыту және математиканы оқуға дайындық:



  • заттардың берілген саны бойынша санау және есеп;




  • жиырмаға дейін тура және кері санау;




  • берілген саннан бұрынғы және кейінгі санды атай білу;




  • бірінші ондықтың құрамындағы (бөлек бірліктерден тұратын) және екі кіші сандардан тұратын сандарды білу;




  • знание цифрларды білу: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9;




  • белгілерді білу: +, -, =, қимылдың арифметикалық белгілерін қолдана

білу;


  • цифрлар мен заттардың санын салыстыра білу;




  • қосу мен азайтуға есептер құруға және шығаруға қабілеттілік;




  • геометриялық пішіндер (шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) білуі;




  • шеңбер мен шаршыны екі және төрт бөлікке бөлуді білуі;




  • торланған қағаз парағына бағдарлана білуі.


Баланың ой-өрісі және білімді игеруге дайындығы:


  • үйінің мекен-жайын, телефонын, ата-анасының толық аты жөнін және отбасы құрамын атай білуі;

  • ересектер қызметінің әртүрі туралы жалпы түсініктері болуы;




  • қоғамдық орындар мен көшедегі мінез-құлық ережелерін білуі;


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 17

Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбиелеу-оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері




  • жыл мезгілдері мен маусымдық құбылыстар туралы жалпы түсініктерінің болуы;




  • ай аттарын, аптаның күндерін және олардың ретін білуі.


Жазуға дайындық кезеңіндегі балаға пайдалы сабақтар:

Қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту:



  • әртүрлі конструкторлармен жұмыс;




  • қайшымен, ермексазбен жұмыс;




  • альбомға (қарындашпен, жақпа бояулармен) сурет салу.


Танымдық қабілеттерін (есте сақтауын, зейінін, қабылдауын, ойлауын) дамытушы жаттығулар және ойындар арқылы дамыту:

  • ойнаймыз, үйренеміз, дамытамыз;




  • ойлау қабілеттерін қалыптастыратын ойындар;




  • торлар бойынша сурет саламыз;




  • штрихтау;




  • екінші жартысының суретін салып аяқта;




  • графиктік диктанттар;




  • кеңістікте бағдарлау;




  • бірдей суреттерді боя.

Жоғарыда аталған білім, дағды және біліктер балаларды мектепке даярлауға бағытталған әрқайсысы дербес тараулардан тұратын білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.


Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың базалық білім, білік және дағдыларды игеру деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелері айқындалған.
Мектепалды даярлық бойынша оқу материалдары
Мектепалды даярлық бойынша оқу материалдары пәндік кешендері түрінде ұсынылды. Әрбір кешен құрамына әліппе-дәптер, дидактикалық материалдар, оқулық-хрестоматия, мультимедиялық-анимациялық электрондық құралдар және әдістемелік жетекші құрал кіреді.

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 18



ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім берудің негізгі бағыттарының бірі тәрбие жұмысы болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», − деп көрсеткен болатын.




Қазақстандықтардың алдында тұрған аса маңызды міндет − «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру.
Оның іргетасы мектепте қалануы тиіс. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар оқыту процесінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, ұлттық сана-сезім мен толеранттылықты дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологияларын саналы түрде қабылдамауын қалыптастыруға, Қазақстанның көпэтникалық жағдайында қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.
Академияда Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқып білуге арналған әдістемелік ұсыныстар дайындалды, оларда оқытудың тиімді формалары мен әдістері көрсетілген және оқушылардың азаматтығы мен отаншылдығын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылған. Осыған орай Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік толғауы» шығармасын кеңінен оқытуды ұйымдастыру ұсынылады.
«Қазақстан-2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты 2014 жылдың 11 қарашадағы Жолдауын іске асыру және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық тарихты дамыту мен тарихи сананы жаңғыртудағы рөлін анықтау және «Қазақстан тарихы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды жетілдіру туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 26 қаңтардағы №32 бұйрығын орындау мақсатында 9-11-сыныптардың «Қазақ тілі», «Орыс тілі», 11-сыныптың «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» және 5-11-сыныптардың «Қазақстан тарихы» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Оқу бағдарламаларының базалық мазмұнына Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік толғауы» атты 2014 жылғы 15 желтоқсандағы сөйлеген сөзі

Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері




енгізілді. Мәтіннің мазмұны оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерінғ қазақстандық патриотизмді және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыру ұмтылысын қалыптастыруға, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында толеранттылықты және қарым-қатынас жасау білігін дамытуға бағытталған.


Мектеп-интернаттардың тәрбиелік жұмыстары тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қарай жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде баланың рухани дүниесі мен өзін қоршаған ортаның өзара үйлесімді байланысын қамтамасыз етуге бағытталуы керек, балалардың өмірлік өз жолдарын тануға, олардың азаматтық көзқарастары қалыптасуына, гуманитарлық құндылықтардың негізінде жетілуіне; әрбір жасөспірімнің тұлғалық өсуін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге; өзіндік жолын табу еркіндігі болуына, табысқа жету жағдаяттарын тани алуына, өзіндік тәрбиеге ықпал етуге; жеке басының дамуына құрметпен қарауға бағытталады.
Рухани-адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мейрамдарын: Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізу іс-шараларын кең ауқымда ұйымдастыру қажет.


Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын орындау мақсатында 1-4 сыныптарға арналған «Өзін өзі тану» және 9-11 сыныптарға арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер пен толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты пәндерді оқытуда тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілуі қажет.


Мектептегі балалардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтың алдын

алу
Қазақстанда жалпы орта білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылық маңызды проблема болып табылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мектепте зорлық-зомбылыққа және кемсітушілікке жиі ұшырайтыны байқалуда (яғни, психологиялық зорлық-зомбылық, күш көрсету, бопсалау, жыныстық сипаттағы зәбірлеу мен қысым, кибербуллинг және кемсітушілік).
Қазіргі кезде республикада оқыту мен тәрбиелеуде кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтан еркін қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму және Ішкі істер министрліктері «Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспарын» бекітті.

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 20



Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде «Юнисеф» БҰҰ балалар қорымен бірге балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескеру бағдарламасы жүзеге асырылады. Жобаны елдегі білім беру ұйымдарына отандық және шетелдік инновациялық тәжірибені ескере отырып енгізу жоспарлануда.


Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға қатысты балалардың қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста мектеп директорлары, мұғалімдері мен мамандары күш көрсетпеу, кемсітпеушілік, гендерлік теңдік, толеранттылық және өзара сыйластық құндылықтарын басшылыққа алуы маңызды. Мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны және жазықты болу қаупі жоғары жай-күйі осал балалардың (жағдайы төмен, толық емес, кедей отбасылардың балалары, девиантты мінез-құлықты, шалғайдағы ауыл балалары, дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар (оның ішінде мүгедек балалар), тілдік және этникалық топтардың балалары, мигранттар/оралмандар отбасының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар), интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінің, сондай-ақ мектептердегі қыздарға қатысты жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық проблемасына зор көңіл бөлу қажет.
Мектептердегі зорлық-зомбылыққа фактілеріне мониторинг жүргізу керек. Мектептегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды қолдау және әрекет ету механизмдерін қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарында педагогикалық ұжым, балалар мен ата-аналардың қатысуымен мектептегі зорлық-зомбылықтың барлық формаларының алдын алу және жою бойынша түсіндіру жұмыстарын (конференциялар, акциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, диспуттар және т.б.) жандандыру. Мектеп қызметкерлері, балалар мен ата-аналар үшін зорлық-зомбылықтың алдын алу және күресу бойынша ақпараттық-насихаттық кампаниялар ұйымдастыру қажет.
Оқу жылының басында (қыркүйек-қазан айлары) оқушылардың моральдық-адамгершілік құндылықтарын арттыру үшін отбасы мен мектеп тарапынан оларды қоршаған ортаның теріс ықпалынан, жыныстық және өзге де зорлық-зомбылық түрлерінен қорғауда қажет алдын алу шаралары түсіндірілетін тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізу қажет.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін мектептерде оқушылармен жүйелі негізде өзін өзі сақтау ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау біліктіліктері, моральдық құндылықтар, адамгершілік бастаулары және жыныстық мәдениетті дамыту (жоғары сыныптарда) туралы профилактикалық әңгімелер өткізу керек.
Мұнан басқа, психологиялық қызметтер іс-әрекетінің нәтижелілігіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және олардың қызметін отбасы мен жасөспірімдер ортасының проблемаларын шешуге бағдарлау қажет. Білім беру ұйымдарында жыныстық сипаттағы зорлық құрбаны болған оқушыларды анонимді сауалнама жүргізу арқылы анықтауда мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтер мен медициналық қызметкерлердің жұмысын жандандыру қажет.

Тәрбие жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым




Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 21



Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу қажет.


Білім беру ұйымдарында тәрбие үдерісін әдіснамалық қолдау бойынша мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, тәрбиешілер мен ата-аналарға көмек ретінде дайындалған әдістемелік ұсыныстар Академия сайтына (www.nao.kz). орналастырылған.


«Жалпы білім беретін оқу орындарында 2015-2016 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 364 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілуі тиіс.


Осы іс-шараны ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Білім күні 2015 жылғы 1 қыркүйекке арналған «Менің Отаным – Қазақстан» мерекесін өткізу тұжырымдамасы әзірленді.
Білім күні – оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің және өзі оқыған мектебін ыстық көретін және есінде сақтап жүрген барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1 қыркүйек күні барлығынан бұрын бірініш сыныпқа келген оқушылар қуанады. Өйткені бұл күн олар үшін әсерлі және есте қаларлықтай болып саналады.
Білім күнін өткізуге негіздеме:


    • Мемлекет басшысының бес институтционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары;




    • «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы;




    • Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 қаулысы);




    • Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (ҚР БҒМ 2015 жылғы 22 сәуірдегі




  • 227 бұйрығы).


Білім күнінің мақсаты – «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.
Білім күнінің идеологиялық және тәрбиелік мақсаты қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту.
Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметпен қарау.
Білім күнінің оқытушылық және дамытушылық мақсаты
балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету. Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы
Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру, Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу.


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 22

Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері




Білім күнінің тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан». Білім күнінің уақыты: 2015 жылғы 1 қыркүйек.
Білім күніне арналған іс-шараларды өткізу мерзімі: 2015 жылғы 25

тамыздан 5 қыркүйек аралығы.


Білім күнінің мақсатты топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар,
педагогикалық еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, мектептердің басшылары, меценаттар
Білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шаралар:


  1. Әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің отаным – Қазақстан» кітабы тапсырылатын «Менің Отаным – Қазақстан» Бірыңғай білім сабағы.




  1. Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты сап түзеулер, бірінші сынып оқушыларын Алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтау.




  1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Армысың, мектебім!» атты мәдени-танымдық бағдарламалар, мультипликациялық фильмдер немесе мектеп өмірі туралы фильмдер көрсету.




  1. Орта мектеп оқушыларына арналған театр, цирктарға қайырымдылық экскурсиялары, «Мұражайдағы Білім күні» акциялары, «Ғажайып ғылымдар мектебі» атты мәдени-ойын-сауық бағдарламалары.




  1. Жоғары сынып оқушыларына арналған «Болашаққа» жол ашатын мектеп» зияткерлік және танымдық кештері.




  1. Ана-аналарға арналған «Мектеп өмірі», «Кітап қала», «Мектеп қиыншылықтары» және т.б. кітап-көрнекілік көрмелері.


Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты бірінші білім сабағы
Білім сабағының тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан».
2015 жылы әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным Қазақстан» кітабы дайындалды.
Кітап білім беру саласындағы бес институтционалды реформаны жүзеге асырудың алғашқы жобасы, Қазақстан халқының тұтастығын жете түсінуге көмектеседі, азаматтық ұстанымды қалыптастырады.
Сабақтың тақырыбы дәстүрлі түрде Еліміздің идеологиясымен байланысты. Өміріндегі алғашқы сабағында Президент атынан сыйлық алған баланың еліне деген мақтаныш сезімі мен ризашылығы оянады.
Осыған байланысты бірінші білім сабағы мен Кітап тапсыру рәсімі салтанатты жағдайда өтуі тиіс және бастауыш сынып оқушылары үшін есте қаларлық оқиға болуы тиіс.
Марапаттау рәсімін аймақтағы танымал мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, еңбек, соғыс ардагері, ғалымдар, жастар қозғалысының көшбасшылары, түрлі дәрежедегі әкімдер жүргізеді.

Білім күнінің мақсатты топтары: бірінші сынып оқушылары, ата-
аналар, бастауыш сынып мұғалімдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілері, ҮЕҰ және БАҚ.


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 23



Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері




Сабақтың өткізілетін кезеңдері (тақырыптық бөлімдері) Кітаптың 12

бөлімімен сәйкес келуі тиіс:




  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғы сөзі.

  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары.




  1. Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары.




  1. Қазақстан Республикасы картасындағы менің туған жерім.

  2. Елімнің астанасы – Астана.

  3. Туған жерімнің табиғаты.




  1. Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті.

  2. Ғарышты игеру.

  3. Салт-дәстүрлер.




  1. Қазақ хандығына – 550 жыл.

  2. Қазақ халқының ағартушылары.

  3. Қазақстан Республикасының мейрамдары.

Аталған оқу құралы сынып сағаттарына негізгі материал және сауаттылыққа үйрету мен әлемді тану сабақтарында қосымша материал ретінде ұсынылады.


Барлық іс-шаралар БАҚ-та баяндалуы тиіс, Білім күнінің мерекелік іс-шараларын өткізу туралы материалдар білім беру ұйымдары, білім беру басқармасы органдарының, мектеп сайттарында орналастырылуы тиіс.
Бірінші сынып оқушыларын құттықтауға арналған парақшалар мен бірінші сынып оқушыларының ата-аналар интернет қауымдастығын ашу ұсынылады.

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 24



БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыш білім беру оқушыларды оқу, жазу, санау, оқу іс-әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін меңгеруін, сонымен қатар оқу әрекеттерін өзін-өзі бақылаудың қарапайым дағдыларымен, тәрбие және сөйлеу мәдениетімен, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерімен қамтамасыз етеді.


Бастауыш білім берудің мақсаты оқу, жазу, санау, есептеу дағдылары қалыптасқан, ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас сияқты әрекет түрлерін меңгерген, тұлғалық, құндылық қасиеттерді бойына сіңірген, өзін-өзі бақылай және бағалай алатын, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерін, ұлттық менталитетті ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетпен таныстыру, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.


Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың негізгі міндеттері:

  • оқу іс-әрекетінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;




  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;




  • оқушылардың жеке басын, олардың шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;




  • адамгершілік қасиет пен эстетикалық талғамға, эмоционалдық құндылыққа, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;




  • салауатты өмір салтын, денсаулық пен жеке бас гигиенасын және өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетіне баулу болып табылады.

Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық TIMSS, PIRLS бағдарламаларына сәйкес функционалдық сауаттылық үш сала – оқудағы және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бағаланады.
Сондықтан бастауыш білім беру деңгейіндегі тіл және әдебиет, математика және жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытуда мұғалімдер жаттығулар, тапсырмалар орындатқанда, есептер шығартқанда және түрлі мәтіндер оқытқанда, оларды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың оқудағы және жазудағы, математика мен жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтарын қалыптастыруға баса көңіл бөлгені жөн.
Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Сондықтан ұстаздарымыз

Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері




күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн.


Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы) 7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік.
Коммуникативтік құзыреттілік бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.
Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде, негізінен, тіл мен әдебиеттік оқу сабақтары барысында қалыптасады. Олай болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушыны тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның, ең алдымен, өз ана тілінде ауызекі және жазба тілде сауатты сөйлеу, ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай білу, айтылғанды ыждаһатпен тыңдап, түсіну, өз пікірін жеткізе білу, дұрыс оқу және сауатты жазу, т.б. дағдыларын, соның нәтижесінде өздігінен білім алу, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттерін, өмірдегі мәселелерді шешуге арналған білік-дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.


Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген 1-4 сыныптарға арналған «Дүниетану» пәнінің типтік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.


Бастауыш білім беру деңгейіндегі ең қиын да жауапты кезең – бірінші сыныптағы оқыту үдерісін ұйымдастыру. Себебі 1-сыныптағы оқытудың мақсаты – 6-7 жастағы сәбилерге әріптерді танытып, олардың басын қосып оқуға, одан әрі түсінгенін мәнерлеп баяндауға, жатқа айтып беруге, т.б. әрекеттерге баулу, қолына қалам ұстатып, бірте-бірте жазуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйретіп, тілін дамыту. Сондықтан 1-сынып оқушыларының оқуға оң ынта-ықыласын қалыптастырып, қызығушылығын ояту мақсатында оқыту үдерісін қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға біртіндеп өту тұрғысынан ұйымдастырудың маңызы зор. Ол үшін, біріншіден, оқу жылының бірінші жартыжылдығында баға қоймай, ынталандыру, мадақтау, т.б. тәсілдер қолданылады. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта үй тапсырмасы берілмейді.
Білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды. 1-сыныпта балалардың оқу үдерісіне бейімделуін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесін бірте-бірте ұлғайтып отырған жөн, яғни сабақтар ұзақтығының «сатылы» тәртібі қолданылуы тиіс: қыркүйек айында ұзақтығы 35 минут үш сабақ екiншi тоқсаннан бастап әрқайсысы 35 минут төрт сабақ жоспарланады; екiншi жарты жылдықтан бастап сабақтар 45 минут болады (ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы). Сонымен қоса, 1-сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі, осыған байланысты оқу

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 26



Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері


жылы 33 аптаны құрайды.


1-сыныпта сабақ кестесіне қосарланған сабақтар («Еңбекке баулу» пәнін қоспағанда) қойылмауы қажет (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары).
Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы, оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті болуы қажет.
Үй жұмысы оқушылардың мектепте алған білімін қайта жаңғыртып өздігінен пысықтауына, бекітуіне, сол арқылы оқу материалын тереңірек меңгеруіне көмектеседі.
Үй жұмысының мақсаты – оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру.
Үй жұмысының төмендегідей түрлері бар:

  1. жаңа материалды меңгеруге бағыттайтын, даярлайтын тапсырмалар;

  2. оқушылардың білім, білік, дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар;




  1. оқушылардың алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға бағыттайтын тапсырмалар;

  2. қайталауға арналған тапсырмалар;

  3. шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;

  4. зерттеу, іздену қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар.

Кез келген үй тапсырмасы сыныпта орындалған тапсырмамен салыстырғанда оқушыны танымдық әрекеттің жаңа деңгейіне шығара алатындай, оның білімге құмарлығын арттыратындай, ізденуге ынталандыратындай болуы керек.


Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері үй жұмысына байланысты мына мәселелерді ескергені жөн:


  • үй жұмысы қоңырауға дейін беріледі және нені орындау керек, қалай орындау керек екені нақты түсіндіріледі;




  • үй жұмысының сынып жұмысымен тығыз байланыстылығы, өткен сабақтың жалғасы, жаңа сабаққа дайындық іспеттес болатындығы ескеріледі;




  • тапсырмалар оқушыларды өз бетімен ізденуге, алған білім-білік, дағдыларын жаңа жағдайда қолдануға бағытталуы тиіс;




  • тапсырмаларды бір жақты және бір типтес болмайтындай, оқушыларды жалықтырмайтындай етіп түрлендіріп отыру қажет;




  • тапсырмаларға бағдарламаның негізгі тарауларын қайталауға арналған сұрақтар енгізілуі тиіс;




  • әр тапсырманың өзінің қиындығы болады, бірақ ол оқушы орындай алатындай, бұл қиындықты өздерінің қабілеттері мен біліктілігін барынша қолдану арқасында жеңе алатындай болуы тиіс;




  • оқушыларға берілген әрбір тапсырманы орындаудың анық әрі нақты жолдары мен әдістері көрсетіліп, қандай ақпарат көздерін, көмекші құралдарды қолдану керектігі түсіндірілуі қажет. Дәл осындай үй тапсырмасы қазіргі заманғы мектеп оқушыларына өте қажетті болып табылады;


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 27

Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері




  • барлық оқушыларға ең аз мөлшердегі тапсырмалар беріледі. Ең көп мөлшердегі тапсырмалар жеке оқу пәндеріне қызығушылық білдірген, тиісті қабілеттері бар балаларға арналған;




  • үй жұмысы белгілі бір мөлшерден аспауы тиіс: негізгі тапсырманың көлемі жеткілікті болған жағдайда оқушыларды жеке тапсырмалармен жүктемеу керек. Оларды қажет жағдайда ғана беру керек: тексеру жұмысына дайындық ретінде немесе жаңа тақырыпты меңгеру алдында, өткенді қайталау мақсатында;




  • тіл сабақтары, математика пәндерінен жазбаша үй жұмысының көлемі сыныпта орындалған жұмыстың үштен бір бөлігінен аспайды;




  • 1-сыныптың 1-жартыжылдығында үйге тапсырма берілмейді;үй жұмысы ұсынылып отырған уақыт мөлшеріне сәйкес болу үшін басқа пәндермен келісімді беріледі;




  • тіл сабақтарынан (мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен) үй тапсырмасы тек жазбаша түрде ғана емес, ауызша да беріледі. Жаттығулар

әртүрлі тапсырмалармен күрделенеді. Жаттығуды көшіруге 8 минуттан 15 минутқа дейін уақыт кететіні де ескеріледі. Ал кейбір қиын тапсырмаларды, мысалы, бір ережеге мысалдар жинақтау, кесте құрастыру басқа тапсырмамен қатар берілмейді, алдын ала дайындықпен, кейбір жағдайларда оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып жеке тапсырма ретінде беріледі;




  • әртүрлі жаттығуларды кезектестіріп беру есте сақтау қабілеттерін арттырады: көру арқылы есте сақтау (көшіруге берілген жаттығулар), есту арқылы есте сақтау (ауызша әңгіме құрау), логикалық ойлау (кесте, диаграмма, т.б. құрастыру), елестету (оқиға мен затты ойша бейнелеу);




  • оқушылардың математикалық сауаттылығының нәтижесін жақсарту және білім сапасын арттыру мақсатында математика сабағында меңгерген білім, біліктілігін тәжірибеде және күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды орындату ұсынылады;




  • дүниетану пәндерінен берілетін тапсырмалар оқушының зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс (мысалы, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, өсімдіктердің, жануарлардың, жәндіктердің тіршілік ортасын, қоректенуін, т.б. зерттеу).


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес «Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3 сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4 сыныпта – 2 сағаттан асырмау» керек.


Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру»

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 28



«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндердiң негiзгi ерекшелiгi  оқушының алдағы уақытта оқу әрекетін меңгеруіне негіз болатын коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыру. Олар: 1) тыңдалым; 2) айтылым; 3) жазылым; 4) оқылым дағдылары.


Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты
– тыңдалым және айтылым дағдылары болып табылады. Тыңдалым дағдысының адамның ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Оқушы айтылған немесе техникалық құралдарға жазылған сөздерді, сөйлемдерді, аудиомәтіндерді тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.
Сондықтан сауат ашу кезеңінде, ең алдымен, тыңдалым дағдысына ерекше көңіл бөлген жөн. Яғни, оқушы ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінің немесе мұғалімнің сөзін аяғына дейін зейін қоя тыңдай білуі, ақпаратты дұрыс қабылдауы, негізгі ойды түсінуі, жауап беруге дағдылануы қажет.
Айтылым дағдысының дұрыс қалыптасуының да адам үшін маңызы өте зор. Өйткені оқушы сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйренуі керек. Оның мектепте оқытылатын барлық пәндерден жақсы нәтижеге қол жеткізуі осы айтылым дағдысына , яғни белгілі бір мәселеге (тақырыпқа) байланысты өз ойын, пікірін немесе қандай да бір ақпаратты түсінікті, толық, жүйелі жеткізе білуіне байланысты.
1-сыныпқа келген оқушы тыңдауға үйреніп қана қоймай, сөйлеуге, яғни өз ой-пікірін айтуға, қойылған сұрақтарға жауап беруге, сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, мағынасын түсініп, орынды қолдануға, тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білуге, сөйлеу мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыланады.
Баланың мектеп табалдырығын аттауымен байланысты жаңа әрекет – «жетекші әрекет» (А.Н.Леонтьев), яғни оқу әрекеті пайда болады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – бала ауызекі сөйлеу тілімен қатар, осы кезеңде пайда болатын «жаңа түзілімдер» (Л.С.Выготский) оқуды және жазуды меңгереді.
Оқылым, біріншіден, ойлау мен қабылдаудың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, мұнда қағаз бетіндегі графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып, олардың мән-мағынасын түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.
Оқылымның мақсаты мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.
Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады:

  • түсініп оқуы;




  • зерттеп оқуы;

Бастауыш білім беру / «Тіл және әдебиет» білім саласы

  • шолып оқуы;




  • мәселені сын тұрғысынан бағалауы;




  • негізгі аргументті анықтап, дәлелдеуі.

Жазылым да айтылым сияқты қарым-қатынас құралы. Бұл екеуінің атқарар қызметтері ұқсас болғанымен, екеуі екі басқа психикалық процесс: «оның айырмашылығы – жазба сөздің ерекшелігінде, оның психологиялық құрылысында», – дейді академик Т.Тәжібаев.


Тағы бір ерекшелігі – жазбаша сөйлеу кезінде әңгімелесуші адам болмайды, сондықтан ойды жазып білдірудің мазмұны жүйелі, логикалық байланысы берік және ауызша сөйлескендегіден толығырақ болуы тиіс. Сондықтан жазылым дағдыларын қалыптастыруға алғашқы күннен бастап ерекше мән берілуі керек. «Жазылым» «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Жазылымның ерекшелігі – оқушыларды жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын, қолдың, саусақтың іс-әрекетін, көз бен бастың қозғалысын дұрыс үйретуді, т.б. ескеріп отыруды қажет етеді.
Жазылымда: сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазу; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу дағдыларының қалыптасуына мән беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет