ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



бет4/8
Дата22.08.2017
өлшемі4,46 Mb.
#24451
1   2   3   4   5   6   7   8

Информатика

5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылады.

«Информатика» пәнін оқытуда абстракция, модельдеу және программалау жолдары арқылы ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалана отырып оқу үдерісінде практикалық дағдыларын дамытуға көп уақыт беруді көздейді.

«Информатика» оқу пәнін меңгеруде жүзеге асатын маңызды міндеттер:



  • информатика, алгоритмдеу, программалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық модельдеу салаларында теориялық білімді және практикалық білік пен дағдыны қалыптастыру;

  • алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларды сақтауда жауапкершілікпен қарауға, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

  • өзіндік ізденіс пен түрлі ақпарат түрлерін терең талдау машығын игеру болып табылады.

Бұл қойылған міндеттер негізінде пәннің оқу бағдарламасында информатиканы оқытудың дидактикалық міндеттері айқын көрсетілген.

Әрбір сыныпта информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты практикалық тапсырмаларды орындау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.

Информатика пәнінің әдістемелік ерекшелігі қарқынды дамып келе жатқан әлем шартында оқушылардың АКТ құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. Пәнді оқыту ақпараттық сауаттылық деңгейді көтеруге,  АКТ квалификациясы негіздерін білу және түсінуге, алгоритмдік және логикалық ойлау қабілеттеріне меңгеруге бағытталу керек.

Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық іс-әрекеттер ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды. Жобалық іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім өз қалауы бойынша өткен тараулардан алуына болады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперименттер жүргізу, өз жобаларын қорғаулары тиіс.



«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

6-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

7-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

8-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.



4.3 «Жаратылыстану» білім саласы
Ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсаты тиімді экономика, мықты мемлекет негізінде экологиялық қауіп-қатер болдырмайтын және өз аумағының табиғатын сақтау мәселелерін шеше алатын салауатты азаматтық қоғам құру болып табылады. Ел Президенті анықтаған ғаламдық он сын-қатерінің бесеуі «Адам-қоғам-табиғат» арасындағы тепе-теңдікті сақтауға қатысты.

Ғылыми-жаратылыстану білім беру саласы оқушылардың бойында табиғат құбылыстары және заңдылықтары жайлы ұғым қалыптастырады; табиғатты танып-білудің ғылыми әдістерімен таныстырады. Ол адамға табиғаттың бір бөлігі ретінде тек табиғат әлемін түсінуге ғана емес, сонымен қатар бұл құбылмалы әлемде дүниетанымдық, мәдени және білікті тұлғаның қалыптасуына, жүйелі-құнды жеке тұлғалық тәрбие беруге бағытталған.

«Жаратылыстану» білім саласының пәндерін оқытудағы басты компоненттерінің бірі ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы, яғни тұлғаның функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Халықаралық зерттеулердің нәтижелері бойынша қазақстандық мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы деңгейінің төмендігі анықталды. Осыған байланысты «Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқыту барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жұмысын күшейту қажет.

«Жаратылыстану» білім саласының мазмұны кіріктірілген, оның құрамына енгізілген пәндер: жаратылыстану, география, биология, химия, физика.

Негізгі орта білім деңгейінде географиялық білім қалыптастыру төмендегі пәндер бойынша жүзеге асырылады:


  • 5-сыныпта – «Жаратылыстану» пәні;

  • 6-9 сыныптарда – «География» пәні.


Жаратылыстану

«Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұны табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың әдістерін ашады; Ғалам, Күн жүйесі, Жер ғаламшары, оның қозғалысы, пішіні, беткі қабаты, магниттік қасиеттері жайлы, атмосфера, гидросфера, литосфера және Жер ғаламшарындағы адам туралы түсінік береді; денелер мен заттар, олардың қасиеттері; Жердің тірі қабаты туралы; қоршаған орта және адамның ондағы орны туралы білім қалыптастырады.

Жаратылыстану курсын оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады.

Оқытудың міндеттері: курс бастауыш мектепте алған білім, біліктілік және дағдынының сабақтастығын әрі қарай жалғастырады, сонымен қатар Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, көптілділік және жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігін тәрбиелеуді жалғастырумен ұштастырылады; экологиялық білімді, денсаулыққа зиянсыз іс-әрекетті, табиғат құбылыстарын жоғары деңгейде түсіндіре білу және өз іс-әрекетінің қорытындыларын алдын-ала болжауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру, табиғат ресурстарын қалпына келтіру, өзгерту, зерттеу барысында қолданылатын жаратылыстану ғылымдары әдістерімен оқушыларды таныстыру жалғастырылады; қоршаған ортаны танудың ғылыми жаратылыстану тәсілдерін пайдалану дағдылары (бақылау, өлшеулер, тәжірибелер, зерттеу жұмыстарының жоспарын жасау, нәтижелерді талдау және қорытындыларды тұжырымдау) дамытылады.

5-сыныптағы жаратылыстанымдық білім мазмұны келесі принциптер бойынша құрылған: оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келу; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болу; оқу пәні мазмұнының «Дүниетану» курсы мазмұнымен сабақтастығы; ғылыми-жаратылыстанымдық білім берудің практикалық-қолданбалы бағытын, функционалдық сауаттылықты және өлкетану аспектілерін жүзеге асыру.

Жаратылыстануды оқыту жалпы қажетті құралдар және арнайы аспаптармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа құралдарымен, аудио және бейне материалдармен, басқа да техникалық оқыту құралдарымен арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде жүзеге асырылады.

Қарастырылатын сұрақтардың алуан түрлілігіне және оқушылардың бойында табиғат, табиғи үдерістердің біртұтастығы жайлы көзқарасты қалыптастыру себебіне байланысты географиялық циклдің құрамына кіреді, өзінің мағынасы мен мазмұнына қарай кіріктірілген курс болып табылады.

Бақылаулар және практикалық жұмыстар мектептің оқу-тәжірибелік үлескісінде өткізіледі. Міндетті түрде бағаланатын (екі) практикалық жұмыс нөмірмен белгіленген.

5-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша сағат саны аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
География

Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, патриоттық сезімдер мен ұлттық сана, жалпы және географиялық мәдениет, қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынас қалыптастыруда, функционалды сауатты, шығармашыл тұлға тәрбиелеуде, Жер бетiндегі тiршiлiктi сақтауда, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiкті сезiнуде, қазіргі әлемде Қазақстанның орнын түсінуде және ел әлеуетін көтерудегі өз үлесін ұғынуда география пәнi үлкен рөл атқарады.

Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында ғылыми жаратылыстану білімін, саналы бірлестігі бар ғажайып ғаламшар ретіндегі Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы туралы; қазіргі география ғылымы, оның жетістіктері мен адамзат алдында тұрған маңызды проблемаларды шешудегі рөлі туралы түсінік қалыптастыру; географиялық ойын қалыптастыру; Қазақстандағы және дүниежүзіндегі табиғи, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық үдерістердің географиялық аспектілерін анықтау үшін қажет табиғат дамуының заңдылықтары, халықтың және шаруашылықтың орналасуы, географиялық кеңістікте болып жатқан үдерістердің динамикасы мен аумақтық ерекшеліктері туралы кешенді әлеуметтік-бағдарлы географиялық білім жүйесін қалыптастыру.

Оқыту мақсаттарына сәйкес «География» пәнін оқытудың келесі міндеттері анықталды: география ғылымы және Жер туралы серіктес ғылымдардың негізін меңгерту; планета табиғатының дамуы туралы ғылымикөзқарас дамыту; табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгерту; оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдауды дамыту; географиялық, саяси, экономикалық, басқа да ғылыми және әдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын дамыту; өз өмірі және әрекеті барысында географиялық білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгерту; жоғары отансүйгіштік сезімге, Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйлауға тәрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас қалыптастыру.

География курсының құрылымы мен мазмұнын іріктеу барысында оқу материалын оқудағы бірізділік принципі және пәнаралық байланысты жалғастыру тәсілі негізге алынған, 6–9-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілген, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлану тәсілі қарастырылған.

6-7-сыныптардағы «География» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың бойында Жер туралы жалпы түсінік қалыптастыруға; жергілікті жерде, план, карта бойынша бағдарлау тәсілдерін; Жер қабықтары; жалпы географиялық заңдылықтар; материктер және мұхиттар табиғат кешендерінің қалыптасу тарихы мен географиялық ерекшеліктері туралы түсінік беруге бағытталған.

8-9-сыныптардағы «География» оқу пәні оқушыларды Қазақстанның физикалық және экономикалық-географиялық жағдайымен, елдің табиғи және шаруашылық ерекшеліктерімен, оның табиғи және экономикалық аймақтары, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстары және Қазақстанның дүниежүзілік экономикадағы орны туралы білім қалыптастырады. «Ел шаруашылығы», «Тұрақты даму», «Даму стратегиясы», «Жасыл экономика» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, сонымен қатар олардың аймақтық және жергілікті мәнін түсіну, Қазақстан Республикасы жаһандық геоэкономикалық кеңістікте ұлттық «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру аясында тұрақты дамып келе жатқан ел туралы ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады.

Пәнді оқытуда сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық жұмыстар ұйымдастыру, қолданбалы курстар өткізу және сабақ барысында өлкетану аспектісі қамтылуы қажет. Оқушылар картографиялық жұмыстар, далалық зерттеулер мен практикалық жұмыстар орындау, түрлі диаграммалар мен кестелер құрастыру, экономикалық, тарихи-географиялық нысандар мен оқиғаларды суреттеу, табиғи және экономикалық құбылыстар мен үдерістерді бақылау барысында алған білімдерін дамытады.

Сабақ барысында орындалатын практикалық жұмыстар, географиялық құбылыстарды бағалауға, болжауға, түсіндіруге, сипаттауға, анықтауға, сонымен қатар картамен, оның өлшеуіш ресурстарымен жұмыс істеуге бағытталған. Міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру аясында сабақтарда практикалық бағытта ойлауды, география пәнінен алған білімді сабақта, сабақтан тыс және өмірлік түрлі жағдайларда қолдану біліктілігін қалыптастыратын тапсырмалар қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің үлгі тапсырмалар жүйесіне сүйену қажет.



Бақылау түрлері: бақылау, өздік жұмыстары, тест тапсырмалары, ауызша сұрақ-жауап.

Ағымдық бақылау жұмыстарын жазбаша және ауызша түрде жүзеге асыруға болады. Ағымдық жазбаша бақылау жұмыстарын өздік жұмыс немесе тест тапсырмалары арқылы өткізуге болады.



Тақырыптық бақылау бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарының негізгі сұрақтарын таңдау арқылы жазбаша түрде өткізуге болады.

Қорытынды бақылау жұмысын аралас сипаттағы жұмыстар немесе кешенді тестілеу арқылы өткізуге болады.

Оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамытуда мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы:

1) «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту» әдістемелік құралын әзірледі. Әдістемелік құралда PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар және оқушылардың білім жетістігін халықаралық зерттеуде қолданылған тапсырмаларының үлгілері қамтылған.

2) халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар: халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындау бойынша практикум. Практикумда халықаралық зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері көрсетілген, тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар, сонымен қатар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалардың нұсқалары берілген.

3) «PISA-2015 халықаралық зерттеулерге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» әдістемелік жинағы. Жинақта PISA зерттеулері тапсырмаларының негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырма үлгілері берілген.

Аталған құралдар Академияның сайтында (www.nao.kz) орналастырылған.

«География» пәнінің сағат саны:

6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;

7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;

8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;

9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Биология

Ғылыми-жаратылыстану жүйесінде «Биология» әлемнің ғылыми-жаратылыстану сипатын қалыптастыруда, оның қоршаған ортадағы орнын адамның танып-білуінде, оның тұлғалық қасиеттері мен азаматтық көзқарасын қалыптастыруда түйінді рөл атқарады.

Биология пәнін оқытудың мақсаты – табиғат заңдылықтары мен адамның табиғатпен тиімді қарым-қатынасы туралы білім негіздерін қалыптастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын және шығармалық қабілеттерін дамыту.

Осы мақсатқа қол жеткізу келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:



  • оқушылардың органикалық табиғатты оқып білуге деген танымдық қызығушылығын дамыту; органикалық әлемнің біртұтас бейнесі туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың тірі табиғат пен өмірлік құбылыстардың, себеп-салдар байланыстарының заңдылықтары туралы білімін жүйелі меңгеруі; оқушылардың биология аясындағы танымдық тәсілдерді меңгеруі;

  • оқушылардың ғылыми-жаратылыстану жүйесіндегі басқа пәндердің мазмұнымен кіріктіру арқылы білімдерін қалыптастыру;

  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын, табиғатты үнемді пайдалану және қорғау, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология аумағында еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;

  • зерттеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыни тұрғысынан ойлау, өздігінен іздену және ақпаратты терең талдау дағдыларын қалыптастыру;

  • биологияның гуманистік рөлін, оның тұрақты дамудағы, жасыл экономиканы жүзеге асырудағы маңыздылығын, адамзаттың экологиялық, ауыл-шаруашылықтық, өндірістік, энергетикалық проблемаларын шешудегі рөлін ашып көрсету;

  • тұлғаны табиғатты сүюге тәрбиелеу, олардың патриоттық сезімдері мен азаматтық көзқарастарын қалыптастыру.

6-9-сыныптарда «Биология» пәнін оқыту орта мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген) жүргізілуі тиіс. Практикалық және лабораториялық жұмыстарға, функционалдық сауаттылық пен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында, әсіресе, ғылыми жобаларға ерекше көңіл бөлу қажет.

6-сыныпта биологияны оқудың ерекшелігі «Өсімдіктер» бөлімін оқып білу болып табылады. Оқу материалы «Өсімдіктер» дүниесінің маңызы және Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінің көптүрлілігі, өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, олардың жасушалық құрылысы туралы түсініктер қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар ауылшаруашылығы өсімдіктерінің көптүрлілігімен, олардың экологияға әсерімен, сонымен қатар өсімдіктердің жүйелеуімен және жер бетіндегі органикалық дүниенің көптүрлілігімен – вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналармен танысады. Оқу материалын игеру барысында өсімдіктерді зерттеу бойынша бақылау және практикалық, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Биологиялық танымдылықтың теориясын, заңдары мен заңдылықтарын, түсініктерін, ғылыми және логикалық әдістерін меңгерген, салауатты өмір салты, экожүйелер мен түрлердің көптүрлілігін қорғау, сақтау туралы білімдерін тиімді пайдалана білетін жеке тұлғаны дайындау және тәрбиелеуді жетілдіру көзделеді.

7-сыныпта биологияны оқудың ерекшелігі жануарлар дүниесін, жануарлардың көптүрлілігі, олардың Жер бетінде таралуы; жануарлардың құрылысы және жүйеленуі; табиғаттағы және адам өміріндегі жануарлардың маңызы оқылатын «Жануарлар» бөлімін оқып білу болып табылады. Оқушылар жабайы және үй жануарларын, олардың табиғаттағы өзара байланысын, жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлін оқып біледі. Жануарлар тіршілігінің адамға тәуелділігін анықтайды. Жануарларға жағымсыз және жағымды қамқорлық жасаумен, жануарлар әлемін қорғаумен танысады. Қазақстан табиғатының ерекшеліктеріне сәйкес нақты жануар түрлеріне байланысты ақпарат қарастырылады. Оқушылар сонымен қатар өздерінің теориялық білімдерін практикада және зертханалық жұмыстар орындауда пайдалана алады.

8-сыныпта биологияны оқудың ерекшелігі «Адам және оның денсаулығы» бөлімін оқып білу болып табылады. Алдымен ұлпа жасушасының, мүшелер және мүшелер жүйесінің, тұтас организмнің құрылысы туралы білімдерді қамтитын жалпы мәселелер қарастырылады, одан кейін организм қызметінің жүйкелік және гуморальдық реттелуі оқылады. Адамның биологиясын барлық қырынан қарап зерттеу анатомия, морфология, физиология, адам гигиенасы, салыстырмалы цитология және гистология арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылар қоршаған ортада және адамның тіршілігінде жүріп жатқан заңдылықтар мен процесстер (зат және энергия алмасу, онтогенез) туралы білімді меңгеру, күрделі емес тәжірибе-эксперименттік мәселелер шешу; салауатты өмір салты түсінігін меңгеру, оқыған материалына талдау жасап, жіктеп, кесте құрып, сызбанұсқалар құрастырып үйрену; ақпаратпен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін оқып үйрену, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін игеру және адамның жасушасы, мүшелер және мүшелер жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.

9-сыныпта биологияны оқудың ерекшелігі «Жалпы биология негіздері» бөлімін оқып білу болып табылады. Биологияны оқытудың негізі – тірі организмдердің жалпы құрылымдық ұстанымдарын меңгеру, «Жердегі тіршіліктің пайда болуы» туралы түсінік қалыптастыру; «эволюция ілімі, генетика және селекция негіздері, организмдер мен ортаның арақатынасы» туралы білім беру, сонымен қатар тірі организмдердің негізгі құрам бөліктері және қасиеттері туралы біліктіліктерін қалыптастыру, тірі организмдер жасушасының құрылысы мен қызметі, реттелуі және гомеостаз, көбейуі мен дамуы ұғымдары бойынша Жалпы биология білімдерін оқушылар меңгереді.

Биология пәнін оқыту арнайы кабинетте, оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрсетілімдік және зертханалық аспаптар, ғаламтор, техникалық оқыту құралдармен жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Білім берудің негізгі орта деңгейінде оқушылардың жеке дамуы жалғасады, игерген білімдерін табиғатты тиімді пайдалануға және табиғатты қорғауға медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология салаларында пайдалануы іске асырылады. Оқушылар тәжірибе жүзінде салауатты өмір салты және адам гигиенасы бойынша білімдерін пайдаланады; тіршіліктің мәнін ең жоғарғы құндылық ретінде түсінгенін көрсетеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында келесі бағыттағы жұмыстарды орындау ұсынылады:



  • оқытуды оқу материалын дидактикалық материалдар мен мультимедиялық ресурстарды пайдаланып игеруге бағыттап ұйымдастыру;

  • түрлі ақпарат көздерімен: қосымша оқу және анықтамалық әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық базасымен өздігінен жұмыс істеп үйренуді дамыту;

  • диаграммалар, сызбанұсқалар, талдап жинақталған қорытынды кестелер құрастырып, оқу материалын суреттеп, сипаттап, салыстырып, талдап үйренуді қалыптастыру;

  • оқытуды өмірмен, биологиялық процестермен, экологиялық аспектілермен байланыстыру және салауатты өмір салтын сақтау;

  • зертханалық тәжірибелерді, практикалық жұмыстарды және зерттеу жобаларын, шығармашылық тапсырмаларды өздігінен орындауды ұйымдастыру;

  • оқыту процесінде аймақтық құрамдас бөліктерді пайдалану, жергілікті флора мен фаунаны сақтау;

  • оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын байыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізу, қажетті дәлелдемелер жүргізу, қорытынды және жалпылама қорытынды жасау.

Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту аясында биологиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқу және оқудан тыс әртүрлі жағдаяттарда қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмаларды сабақта пайдалану ұсынылады. Бұл тапсырмаларды әзірлеу және сабақта пайдалану барысында PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің тапсырмаларына сүйену қажет.

Осы тұрғыда мұғалімдерге көмекші ретінде «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту», «Халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулар: халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша практикум», «PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» әдістемелік құралы әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Әдістемелік құралда PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуде қолданылған тапсырмалардың және олардың нұсқаларының үлгілері көрсетілген.



Ескерту. 6-9-сыныптарда зертханалық жұмыстар оқылатын тақырыппен бірге жұмыс дәптеріне орындалады. Оқушылардың зертханалық жұмысты орындауын бағалау мұғалімнің шешімі бойынша бағаланады және сынып журналына қойылады.

6-сыныптың оқу материалын оқып-үйрену үшін 2015 жылы басылып шыққан 6-сыныпқа арналған оқулықты пайдалану қажет.

7-сыныптың оқу материалын оқып-үйрену үшін бірінші жартыжылдықта 6-сыныпқа арналған 2011 жылғы оқулықтың «Жануарлар» бөлімін, екінші жартыжылдықта 7-сыныпқа арналған 2012 жылғы оқулықтың «Жануарлар» бөлімін пайдалану қажет.

Бұл биологиялық заңдылықтарды зерттеудің бұзылған бірізділігін, түсініктілігін түзетуге, бағдарламалық материалдың бірізді жоспарлануын ескере отырып қарапайым биологиялық ақиқаттылықтан күрделіге ауысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар заманауи қоғамның ақпараттандырылған жағдайында пән мұғалімі қосымша материалдарды (қосымша эвристикалық әдебиеттерді, электрондық ресурстарды, арнайы әдебиеттерді, анықтамаларды және өзінің шығармашылығын) пайдалануы және оқушылардың пән бойынша ақпараттарды табу, өңдеу біліктерін қалыптастыруы қажет.

«Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

6-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат;

7-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат;

8-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат;

9-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат.
Физика

«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытудың мақсаты – функционалдық сауаттылықты дамыту негiзінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру.



Осы мақсатқа жету келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледi:

  • қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;

  • физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысын тәрбиелеу.

«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасындағы талаптардың ерекшелiктеріне, яғни оқушылардың өздік жұмыстары практикалық және жобалық жұмыстардың орындалуына назар аударылады. Функционалдық сауаттылықты жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы қалыптастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды орындау үшiн оқушының зерттеу қызметiн ұйымдастыруға арналған (7-8-сынып) жұмыс дәптерiн (С.В. Ударцева, М. Ударцев дайындаған) пайдалану керек. Мұғалiм өзі дайындап қарапайым физикалық құралдарды жасауға негізделген практикалық жұмыстарды қолдануына болады. Сонымен бірге теориялық мәліметтерді және білім алушылардың практикалық дағдысын қалыптастыруға уақытты тиімді бөлу маңызды.

7-9-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің базалық оқу материалының мазмұны оқушылардың негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағыттап және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге негізделеді.

7- сыныптар үшін ұсынылатын жобалық жұмыстардың тақырыбы: «Қазіргі әлемдегі нанотехнология»; «Су құбыры»; «Су көлiгi»; «Ауада ұшу»; «Ең қуатты машиналар»; «Тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс».

8-сыныптың оқу бағдарламасына енген жаңа тақырыптар: «Электр тогының жылулық әсері», «Электр тогының химиялық әсерi», «Электр тогының магниттік әсері» В.М. Ударцева және С.В. Ударцевтың авторлығымен шыққан «Физика және астрономия» жұмыс дәптерін қолданып тереңірек қарастыруды ұсынамыз.

8-сыныптар үшін ұсынылатын жобалық жұмыстың тақырыбы: «Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу»; «Жылу берудегі конвекцияның орны»; «Жылу құбылысының тірі организмдегі рөлі»; «Суық кездегі адам»; «Жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлi»; «Жылу қозғалтқыштары және оның адам өміріндегі маңызы»; «Жылу машиналары және табиғатты қорғау»; «Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер»; «Айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар»; «Көз – оптикалық жүйе»; «Көздiң көру кемістігі және олардың түзету әдiстері»; «Оптикалық аспаптар».

9-сыныптар үшін жобалық жұмыстың тақырыбы: «К.Э. Циолковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы»; «Зымырандар»; «Ғарыш саласының қазіргі жетістіг»і; «Күн мен жұлдыздардың энергиясы»; «Радиактивтi изотоптар»; «Радиактивтi изотоптарды қолдану»; «адиактивті сәулелерден қорғану».

7-9-сыныпта мұғалiм физика кабинетіндегі оқу жабдықтары, құрылғылар және электрондық оқу құралдарының мүмкіндігіне қарай өзі практикалық және зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға құқығы бар. Лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикум жұмыстарын (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерлерде) өткізу барысында сыныптың барлық оқушыларын бағалау міндетті болып табылады. Практикалық жұмыстар өткізу барысында (жұмыс дәптерлерінде) сыныптың барлық оқушыларын бағалау міндетті емес.

TIMSS, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысатын Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығының нәтижесін жақсарту және физика пәнінен білім сапасын арттыру мақсатында физика сабағында меңгерген білім, біліктілігін тәжірибеде және күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Бұл тапсырмаларды әзiрлеу және қолдану кезінде PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулердiң тапсырмаларының жүйесіне негіздеу керек. Осы тұрғыда мұғалімдерге көмек ретінде «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту», «PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» әдістемелік құралы әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Бұл әдістемелік құралда PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуде қолданылған тапсырмалардың үлгілері көрсетілген.

«Физика» пәнінен үй жұмысы – оқу үдерісінің қажетті элементтердің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ол сабақ кезінде алынған білімді бекітуге және тереңдетуге ықпал етеді.

Үй жұмысын ұйымдастыруда төмендегілер ескерілуі қажет:


  1. «Физика» пәнінен үй жұмысын тек оқулық параграфтарын жаттау мен есептерді орындау арқылы шектеуге болмайды. Шығармашылық, эксперименттік сипаттағы және проблемалық элементтері бар тапсырмаларды көбірек қолдану қажет;

  2. үй жұмысына оқушыларды өз іс-әрекетінің нәтижелерін өздері талдауға бағыттайтын элементтерді қосу қажет;

  3. мазмұны мен орындау формасы бойынша көптүрлілігімен ерекшеленетін үй жұмыстарын қолдану қажет;

  4. үй жұмысының мазмұны мен көлемін анықтауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет.

«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

7-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

8-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

9-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.



Химия

«Химия» оқу пәні ретінде оқушыларды күнделікті өмірге, өндірістік іс-әрекеттерге, білім алуды жалғастыруға, қоршаған ортада мінез-құлық ережелері тәртібін ұстауына қажетті химиялық білімдермен қаруландыруға міндетті.

Химиялық білім беруді жүзеге асыруда келесі қағидаларды пайдалану ескерілген:


  • химиялық білім беруді ізгілендіру, экоцентрлік білім беруді, оның тәрбиелік және әлеуметтендіргіш әлеуетін күшейту;

  • химиялық білім беру мазмұнының жаратылыстану ғылымының басқа пәндерімен мазмұндық тұтастығы және сабақтастығы;

  • оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, мультимедиалық және сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылығын және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту;

  • білім беруді саралау және даралау, бағдарлы оқыту жүйесінде оқушылардың өзіндік білім алу траекторияларын қалыптастыру;

  • химиялық білім беру мазмұнының практикалық және қолданбалы бағыттылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

  • іргелі білімдердің ғылымилық, көрнекілік, қолжетімділік, жүйелілік дидактикалық қағидаларының практикалық-бейімделген және қолданбалы аспектісімен тиімді арақатынасын сақтау.

8-9-сыныптарда химияны оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім және ғылыми-жаратылыстану түсініктерінің біртұтас жүйесін қалыптастыру, химиялық технология саласында жүйелі-шығармашылықпен ойлауға және практикалық қабілетті, сондай-ақ қоршаған жанды және жансыз табиғатқа экологиялық-гуманистік көзқарасы бар функционалдық сауатты және шығармашыл тұлғаны дамыту болып табылады.

Оқыту міндеттері:



  • әлемнің химиялық ғылыми-жаратылыстану сипатының түсініктері, заңдары туралы білімді меңгеру және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжамдық) қолдану;

  • заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері және қолданылуы арасындағы себеп-салдар байланыстарын оқушылардың түсінуі;

  • химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты пайдалануды қалыптастыру;

  • заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

  • заттардың сандық және сапалық құрамын және қасиеттерін оқып-үйрену бойынша химиялық тәжірибелер жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, әмбебап дағдылары мен зерттеушілік біліктерін дамыту;

  • адамзаттың экологиялық, азық-түліктік, өндірістік, энергетикалық мәселелерін шешуде химияның гуманистік рөлі мен өскелең мәнін ашып көрсету;

  • өмірлік және экологиялық мәселелерді шешу кезінде білім мен дағдыны қолдану арқылы функционалдық қабілеттіліктерін дамыту;

  • мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдануда коммуникативті-ақпараттық білік пен дағдыларын дамыту;

  • бұдан былайғы оқу бағдарын жауаптылықпен таңдауында негізгі мектеп түлегінің оқу уәжі мен дайындығын қалыптастыру;

«Химия» пәні бойынша дамушы білім беру процесі оқушылардың қоршаған әлем туралы базалық ғылыми-жаратылыстану білімінің дамуын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруындағы химиялық ғылым мен технологияның рөлін түсінуін және оқу мен практикалық іс-әрекетте химиялық білімді қолдану бойынша функционалдық сауаттылығын дамытуды, біртұтас экологиялық-гуманистік дүниетанымға тәрбиелеуді қамтамасыз етуге негізделген.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, олардың өздігінен оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға, оқудағы және өмірдегі әр-түрлі жағдайларда алған білімдері мен меңгерген іс-әрекет тәсілдерін пайдалана білу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты зертханалық және практикалық жұмыстарды, химиялық эксперименттерді жүргізу, ғылыми жобаларды орындау оқушылардың жаңа білім алуларына, танымдық мәселелерді шешуде және практикалық дағдыларға ие болуда, химияны оқыту уәжін дамытуда кеңінен қолданылуы тиіс. Оқушылардың дербестігін, белсенділігін, ой өрісін және практикалық дағдыларын, олардың химияға қызығушылықтарын дамытатын оқытудың проблемалық-ізденушілік, интерактивтік, коммуникативтік, ойын әдістерін, жобалау әдістерін қолдану ұсынылады. Өздігінен орындалған оқушылардың жобаларын таныстыру, оқу жетістіктерін әрбір тоқсан аяғында бағалау түрі ретінде өткізіп тұру ұсынылады.

Химия пәнінен білім беру үрдісін ұйымдастыруда төмендегі әдістемелік амалдарды қолданған тиімді:


  • оқытудың жүйелі-іс-әрекеттік, практикалық-бейімделген амалдары;

  • химиялық эксперименттің, жобалау-зерттеушілік іс-әрекеттің рөлі мен алатын орнын күшейту;

  • қазақстандық және аймақтық компоненттерді ұлғайту;

  • оқыту-іс-әрекетінің репродуктивті формаларынан өзіндік, ізденушілік-зерттеушілік жұмыс түрлеріне, талдаушылық іс-әрекеттерге басымдықты аударуға, осыған байланысты оқушылардың бойында талдаушылық қабілеттерді, түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу;

  • оқытудың интерактивті түрлерін, заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану.

Оқу үдерісі қышқылдар, сілтілер, органикалық заттар, жылыту құралдары, шыны, сонымен қатар химиялық реактивтер (сақтау топтары бойынша), зертханалық және тәжірибелік құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар, электрондық оқулықтар және басқа да оқыту құралдарымен жұмыс істеуге арналған нұсқаулық үлестірмелердің, «Кабинет паспортының», «Қауіпсіздік техникасының ережелерінің», «Қауіпсіздік техникасының журналының» болуымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады. «Прекурсорлар тізбесіне» (калий перманганаты, күкірт және тұз қышқылдары және т.б.) енген заттарды қолдануға тыйым салу қажет.

Химия бойынша үйрету мақсатындағы жазбаша орындалатын жұмыс түрлеріне тапсырмалар, тестер, есептер, презентациялар, конспект- жоспарлар, тірек сызбалар, талдау және қорытындылау кестелері, зертханалық тәжірибелер, практикалық және бақылау жұмыстары жатады.

Оқытатын жұмыстардың түрлерін, мазмұнын және көлемін, сонымен қатар оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының тапсырмаларын оқу бағдарламасының негізінде және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын есепке ала отырып мұғалім анықтайды.

Оқушыларда 3 дәптер болуы тиіс (сынып, үй жұмыстары және зертханалық тәжірибелерге арналған дәптер; практикалық жұмысқа арналған дәптер; бақылау жұмыстарына арналған дәптер).

Сынып журналына барлық демонстрациялар мен зертханалық тәжірибелер оқылатын тақырыппен бірге жазылады (Оттекті алу, №3 демонст., №4 зерт.т.) және мұғалім таңдауы бойынша оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалайды. Практикалық жұмыстар (№_ пр. ж. «Тақырып») және бақылау жұмыстары (№_ бақылау жұмысы) барлық оқушылардың жұмыстарын толық бағалау арқылы журналға жазылады.

Практикалық және бақылау жұмыстарына арналған дәптерлер оқу жылы бойы сақталады және тиісті жұмыстарды орындау үшін оқушыларға беріліп отырады.

Бақылау жұмыстарын талдауды оқушылар бақылау жұмысынан кейін (сынып журналына жазылмайды) сабақта орындайды, сонымен қатар практикалық жұмыстарды талдау мұғалімнің қалауы бойынша және қажет болған жағдайда тиісті дәптерде оқыту жұмыстарынан кейін орындалады.

Білім алушылардың зерттеушілік мәдениеті мен танымдық-ойлау белсенділігін дамыту мақсатында белгілі бір бөлімді оқып-үйренуді аяқтағаннан кейін, шағын жобаларды қорғау, шығармашылық жұмыс байқауларын өткізу формасында дәстүрлі емес қорытынды сабақтарды іске асыру ұсынылады.

Зертханалық тәжірибелер мен демонстрацияларды орындау кезінде білімді қолданудың практикалық дағдыларын дамыту үшін видео- тәжірибелермен қоса мультимедиалық құралдарды қолдану ұсынылады.

8, 9-сыныптардағы алғашқы химия сабағында сынып журналында тіркей отырып, «Техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша кіріспе нұсқау беру» сабағы өткізіледі.

Типтік оқу жоспарының вариативтік компоненті арқылы қолданбалы курстар,факультатив сабақтары өткізу ұсынылады.

Сабақтан тыс жұмыстарды келесідей формалар арқылы ұсынуға болады:



  • зерттеу жобаларын дайындау және қорғау;

  • олимпиадалар, байқаулар, тақырыптық кештерді өткізу;

  • он-лайн және қашықтықтан оқыту сабақтарын, олимпиадаларын, және байқауларын ұйымдастыру және қатысу;

  • химиялық ғылым мен өндіріс нысандарына таным-жорықтар ұйымдастыру.

Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту аясында химиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқуда және оқудан тыс әртүрлі жағдайларда қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмаларды сабақта пайдалану ұсынылады. Бұл тапсырмаларды әзірлеу және сабақта пайдалану барысында PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің тапсырмаларына сүйену қажет.

Осы тұрғыда мұғалімдерге көмекші ретінде «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту», « Халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулар: халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша практикум», «PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми- әдістемелік қамтамасыз ету» әдістемелік құралы әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Әдістемелік құралда PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген және оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуде қолданылған тапсырмалардың және олардың нұсқаларының үлгілері көрсетілген.



«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат;

9-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат.

4.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Қазақстан тарихы

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.

Оқу пәнін оқытудың міндеттері, базалық мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында анықталған.

Пәнді оқытуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы


23 шілдедегі №961 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай
20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 27-тармағын басшылыққа алу керек.

«Қазақстан – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сратегиясының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы


11 қарашадағы Жолдауын іске асыру және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық тарихты дамытудағы және тарихи сананы жаңғыртудағы рөлін айқындау және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан тарихы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарын жетілдіру туралы» 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №554 бұйрығы мен «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №554 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген 5-9-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Оқу пәнінің базалық білім мазмұнына Елбасының 2014 жылғы


15 желтоқсандағы «Тәуелсіздік толғауы» атты сөйлеген сөзі, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай материалдар қосылды.

Осыған орай, пәнді оқыту барысында «Ұлы Отан соғысы қаһармандарының естеліктеріндегі отты жылдар жаңғырығы», «Ата заң – болашақ кепілі», «Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыптарына ерекше назар аудару керек.



«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.



5-сынып. «Қазақстан тарихынан әңгімелер»

Пәнді оқытуда бастапқы кезең пропедевтикалық, яғни кіріспе курс маңызды рөл атқарады. Тарихқа кіріспе ретінде берілетін бұл курстың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық деңгейіне сәйкес болу керек.

Пропедевтикалық курстың негізгі міндеттері:


  • оқушы бойында тарих туралы қарапайым ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру;

  • Отан тарихына деген қызығушылықты ояту, отандық және әлемдік тарихтың маңызды оқиғаларымен және құбылыстарымен таныстыру;

  • танымдық қызметтің қарапайым тәсілдерін игеру, тарихтың жүйелі курсын қабылдау мен игеруге оқушыларды дайындау.

Бұл кіріспе курста барлық материалды жүйелі түрде сипаттау талабы қойылмайды, алайда уақыттық және логикалық бірізділік сақталуға тиісті.

Тарихтың пропедевтикалық курсын оқыту процесінде оқиғалардың хронологиясын жасау, кезеңдестіру, тарихи оқиғалардың сабақтастығы мен ұзақтығын анықтау, әңгімеде қосымша материалдарды қолдану, салыстыру және ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау біліктері қалыптасады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
26 қаңтардағы №32 бұйрығын орындау мақсатында 5-9-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының «Оқу пәнінің
5-сынып базалық білім мазмұны» бөліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

6-сынып. «Ежелгі Қазақстан тарихы»

Негізгі орта білім деңгейінде тарихтың жүйелі курсы тарихи білім беру құрылымы мен мазмұнына сәйкес 6-сыныптан бастап оқытылады.

Ежелгі Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдардың қоршаған ортасы, қола және ерте темір дәуіріндегі шаруашылықта, қоғамдық-мәдени өміріндегі өзгерістер, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы, ежелгі адамдардың антропологиялық бейнесі туралы түсініктер беріледі. Оқушылар бұл сыныпта тарихи таным негіздері, негізгі ұғымдар, категориялар, тарихи үдерістің заңдары туралы түсініктерімен танысады. Оқыту барысында тарихи мәтіннің қысқаша жоспарларын жасауы, басты мәселені анықтау және тарихи картадан ертедегі адамдар мекендеген аймақтарды, олардың қоныстанған орындарын көрсете білу дағдылары қалыптасады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы


26 қаңтардағы №32 бұйрығын орындау мақсатында 5-9-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының «Оқу пәнінің
6-сынып базалық білім мазмұны» бөліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

7-сыныпта «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» бойынша орта ғасыр кезеңдерінің ерекшеліктері, түркі кезеңі, қазақ жері арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының қалалық мәдениеттің дамуына әсері мен ортағасырлық Шығыстың ұлы ғұламалар тарихы, моңғол, жоңғар шапқыншылықтарының зардаптары, біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы мен оның дербес саяси бірлестікке, орталықтанған мемлекетке айналуы туралы білім алады. Мемлекеттердің құрылуы, олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері туралы тақырыптарды қарастыруда ұқсас тарихи оқиғаларды салыстырып, айырмашылығын таба білу, орта ғасырлардағы қалалар мен сәулет өнері ескерткіштеріне сипаттама бере білу, көрнекті қайраткерлердің мемлекет қалыптастырудағы тарихтағы рөлін ашып көрсету біліктері мен дағдылары тереңдетіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы


26 қаңтардағы №32 бұйрығын орындау мақсатында 5-9-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының «Оқу пәнінің
7-сынып базалық білім мазмұны» бөліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

8-сыныпта «Қазақстан тарихы» бойынша XVIII ғасырдағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақ-жоңғар соғыстары, Қазақстанның Ресейге қосылуы және тәуелсіздік үшін күрес, отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, ХІХ ғасырдағы әкімшілік реформалар, патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі, жұмысшылар қозғалысының басталуы, қоғамдық және саяси қайраткерлер қызметі, ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмір туралы білім алады.

8-сыныпта оқушыларың саяси тарихтағы өзгерістерді талдауына, тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтауына, хронологиялық, синхронды кестелер жасауына, тұлғалар мен тарихи оқиғаларға өздігінен сипаттама бере алуына ерекше назар аударылады.



9-сыныптағы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқушылар бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917 жылғы ақпан, қазан төңкерістерінің қоғамдық өмірге әкелген өзгерістері, саяси партиялардың құрылуы, Ұлттық Алашорда үкіметінің қызметі, Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы, азамат соғысының негізгі оқиғалары, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, ағарту ісі мен ғылымның дамуы, «қайта құру» мен тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан туралы жүйелі білім беріледі.

Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында 9-сынып оқу бағдарламасы мазмұнында келесідей тақырыптарды оқыту жүзеге асырылады. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі; Қазақстан Республикасын халықаралық аренада тануы; Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы негізгі басым бағыттары; саясаттағы көп векторлық және стратегиялық одақтастық; Қазақстан және халықаралық ұйымдар және т.б.

Мәтін мазмұны қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарына- «Mәңгілік Ел» патриоттық актіге бағытталуы керек.

Осы сыныпта оқушыларда тарихи ақпараттарды жүйелеп іздеу, зерттеушілік, тарихи деректердің түрлерімен кешенді жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Тарих сабағында оқушыларды ойландыратын және өздігінен жұмыс жүргізуге ынталандыратын оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушылардың өзара мағлұмат алмасу белсенділігін арттыруға, зерттеліп отырған тақырыпқа ғылыми дұрыс бағыт ұстануына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған интерактивті әдістер, жаңа педагогикалық технологиялармен қатар, тарихи анықтамалық, тапсырмалар жинағы, ғаламтор материалдары, мультимедиялық құралдар, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.

Тарихи білімді зерделеу кезінде оқушылар шығармашылық жұмыстарды жазуға үйренеді (жобалар, рефераттар, эссе). Пәннің негізгі мазмұнына: тапсырмалар мен қызмет түрлерін таңдау; пән міндеттерін шешу стратегиясын жасауға ықпал ету; оқушылардың зерттеулері мен зерттеу тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуды қолдау; оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау қосылатын болады.
Дүниежүзі тарихы

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың мақсаты: оқушыларды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.

Оқу пәнін оқытудың міндеттері, базалық мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында анықталған.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

6-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

7-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

8-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Деректер мен материалдарды таңдау кезінде, оқиғаларды, тарихи үрдістерді сипаттауда, ғылыми ұғымдарды қолдануда жас ерекшеліктері мен оқушылардың дайындық деңгейі ескеріледі. 6-9 – сыныптарда тарих білімінің мазмұнын құрайтын адамзат қоғамының даму тарихы бойынша білімді толық игеруге мүмкіндік береді. «Дүниежүзі тарихы» пәні пәнаралық байланыстар (математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылыми сауаттылығы) оқушыларға ақпаратты зерттеу мен талдауға, сабақ материалдарын игеру үшін мұғалімнің сол және басқа да міндеттерді өздігінен шешімін іздеуіне мүмкіндік береді. Алған білімін оқушылар өз бетінше және шығармашылықпен практикада қолдана алады (эссе жазу, шығармашылық жұмыс, рефераттар, жобалар және т.б.).



6-сынып. «Ежелгі дүние тарихы»

Мектепте тарихтың жүйелі курсы тарихи білім беру құрылымы мен мазмұнына сәйкес 6-сыныптағы «Ежелгі дүние тарихы» курсынан басталады. Ежелгі мемлекеттердің тарихымен танысу барысында оқушылар табиғаттың адам өміріне ықпалы, оттың маңызы, мемлекеттердің пайда болу алғышарттары, алғашқы діни түсініктер туралы білім алу арқылы ұқсас тарихи оқиғаларды салыстыру, сипаттама бере білу, тарихи картаны оқи білу дағдылары қалыптасады.



7-сыныптағы «Орта ғасырлар тарихы» бойынша орта ғасырлық кезеңдердің ерекшеліктері, ерте ортағасырлық мемлекеттердің пайда болуы, феодалдық құрылыстың белгілері, орталықтанған мемлекеттер, Еуропада білім мен ғылымның дамуы туралы оқытқанда тарихи білім аясын кеңейту қарастырылады. Бұл сыныпта ортағасырлық тарихи ұғымдар мен оқиғаларды талдауға ерекше назар аударылады.

8-сыныптағы «Дүниежүзі тарихы» бойынша оқушылар аграрлық өркениеттен индустриалдық өркениетке өту кезеңдерімен, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың дамуымен, буржуазиялық революциялар тарихымен танысады. Бұл оқушылардың жаңа замандағы тарихи оқиғалар мен үдерістердің мәнін анықтауына, халықтың өткені мен бүгінін салыстырып, ой елегінен өткізе алуына және тарихи мұраларды пайдалана алуына көмектеседі.

9-сыныпта «Қазіргі дүниежүзі тарихын» оқыту барысында Еуропа және Америка, Азия және Африка елдерінің 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап бүгінгі күнге дейінгі саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени даму жолдары туралы нақты білім беріледі. Бұл сыныпта осы кезең тарихындағы маңызды оқиғалардағы жеке жетекшілердің, көрнекті тұлғалардың және халық бұқарасының мақсаты мен орнын айқындау оқушылардың өздігінен ақпарат іздеу дағдыларын жетілдіреді.

Мектепте тарихты оқыту әдістемелік тәсілдердің көп түрлілігі негізінде іске асырылады. Педагогтің басты міндеті - оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік жұмысы ұжымдық жұмыс түрінде, брэйнсторлинг, рөлдік ойындар, дебат, жоба қорғау, портфолио, коллоквиум, сөздік пинг-понгтар, жазба жұмыстар (эссе, шығармалар, реферат және т.б.) ұйымдастырылады. Тапсырмалар жиынтығы оқушылардың қажетті білім деңгейін, білік пен дағдыларды игеруге мүмкіншілік береді. Мысалы, хронологиялық тапсырмалар – оқушылардың оқиғалар сабақтастығы мен уақыт шеңберін анықтау, уақыттың әртүрлі категорияларын ажырату қабілеттерін, «тарихи география» тапсырма- карталарды қолдана білу, тарихи кеңістік туралы түсініктерінің қалыптасуын тексереді, «Тарихи тұлғалар» тапсырмалары Отан тарихындағы тұлғалар туралы білімін анықтайды. Пәнді оқытуда оқушының тарихи танымын, шығармашылық ойлауын дамытуға оң ықпал ететін оқыту әдіс-тәсілдері таңдап алынуы қажет.

Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Алғашқы діни түсініктер», «Жазудың пайда болуы», «Әлемнің ежелгі дүниедегі жеті кереметі», «Саяхатшылар естелігінен» және т.б. тақырыптағы таңдау бойынша курстарын оқыту ұсынылады.
Адам. Қоғам. Құқық.

Пәнді оқытудың мақсаты – қоршаған ортада болып жатқан үдерістер мен құбылыстардың, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысы, адам мен қоғам дамуы үдерісі туралы ғылыми білімді жүйелендіру. Азаматтық позицияны, жоғары адамгершілік қасиеттер мен отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқытудың міндеттері, базалық мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында анықталған.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі №961 қаулысымен бекітілген Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарындағы 28-тармағын басшылыққа алу қажет.

Білім алушылардың қазақстандық құқық жүйесі туралы тұтастай түсінігін қалыптастыру, құқықтық білімін өмірлік жағдаяттарда және болашақ кәсіби қызметтерінде тиімді қолдануды күшейту керек. Аталған пәнді оқыту кезінде оқушылар тез өзгеретін әлем жағдайында барлық нақты жағдаяттар проблемасын шешу дағдыларын игеретін болады, онда қызметтің жаңа салалары мен жаңа жағдаяттар пайда болады. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу, қарым-қатынас жасау мен IT-технологияларды қолдану дағдылары дамитын болады. Мәтін мазмұны коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алып, топта диалог жүргізуге бағытталу керек.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мазмұнын іріктеу іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы және құзыреттілік тәсілдерге негізделген. «Адам. Қоғам. Құқық.» пәнінің мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтарға, демократизм принциптеріне, гуманизм мен ғылымилыққа негізделген. Бұл пәнді оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, оқыту үдерісінің әдістемесі мен ұйымдастырылуын анықтайтын әдіснамалық принциптерге сүйену қажет.

Оқу пәнінің негізгі ерекшелігі – аталған пәннің алдыңғы сыныптарда оқытылған басқа да қоғамдық – гуманитарлық пәндермен тығыз байланысы болып табылады. «Адам. Қоғам. Құқық» пәні шеңберінде бұрын алынған білімге жүйелеу мен жалпылау жасалады.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің типтік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Оқу пәнінің базалық мазмұны» бөліміне жан жақты ашуды қажет ететін келесі ұғымдар енгізілді:



  • сатылмайтындық;

  • жемқорлыққа қарсы заңнама;

  • жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік;

  • жемқорлық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік.

Өзгертулер енгізілгеніне байланысты оқушылар оқуды аяқтағанда білуі және меңгеруі тиіс:

  • кәсіби этика ұстанымдарын;

  • жемқорлыққа қарсы нормаларды;

  • жемқорлыққа қарсы құбылыстарға қарсы тұру тәсілдерін.

Осыған орай, пәнді оқыту барысында тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.


Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсат-мүдделері:



  • адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

  • оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

  • қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Оқытудың міндеттері:

  • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

  • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

  • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  • адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

  • өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  • жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

  • өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

  • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

«Өзін-өзі тану» бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудағы маңызды мәселе «Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық» сияқты әдістемелік тәсілдер арқылы сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісі арнайы жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;

6-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;

7-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;

8-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;

9-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.


«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы

«Жалпы білім беретін ұйымдар үшін жалпы білім берудің, таңдау курстары мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы


3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу үдерісіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын жаңа оқу курсын енгізуге дайындау мақсатында және «Негізгі орта білім деңгейіндегі 9-сыныпқа арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқулықтарын сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі №448 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы


1 қыркүйектен бастап республиканың 4 облысындағы (Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары) 8 мектепте «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу бағдарламасы мен оқулықтарын сынақтан өткізу басталады. Оқу бағдарламасы мен оқулықтарды сынақтан өткізу жөніндегі мектептердің тізімі қоса берілген (4-қосымша).

9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғамдағы қажеттілігімен және тұрақтылықтың тұғырнамасы ретіндегі өзектілігімен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтық бастауларына әсерімен анықталады. Курс орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:

- оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;

- оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.



Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:

1) оқушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру;

2) зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру;

3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;

4) діннің дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру;

5) оқушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;

6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық ұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;

7) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымдарына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;

8) оқушылардың бойында діни әдебиеттер, электрондық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;

9) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, осы тұрғыдағы білімін арттыруға, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.

Бағдарламада ұсынылған материалды игеру барысында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «География» сияқты пәндермен және «Абайтану» курсымен пәнаралық байланыс пен сабақтастықты орнату қарастырылған.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз мәнділігі бар білім алмайды.

Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар,жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.

Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.

Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың белгілерін танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлі екендігін оқушылардың ұғынуына айрықша назар аудару керек.

«Қазақстан-дінаралық бейбітшілік пен келісім елі», «Зайырлылық- мемлекеттік жүйе мен ұлттық қауіпсіздіктің іргетасы» тақырыптары курстың басты желілерінің бірі болуы тиіс.

Курстың мазмұнында оқушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады.

Осылайша, жүйелі түрде игерілген білім оқушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.

Оқушылар бойында өз халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімі қалыптасуы тиісті, олар гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарды білуі тиіс.

Курстың құрамы мен мазмұны оның бағдарламасына орай оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде сақталатын төмендегідей дидактикалық ұстанымдарға сәйкес келуі тиіс:



  • ғылыми негізділік және қолжетімділік;

  • жүйелілік және сабақтастық;

  • көрнекілік және абстарктілік;

  • саналы танымдық белсенділік;

  • білімнің тиянақтылығы;

  • пәнаралық және пәнішілік байланыс;

  • табиғи сәйкестік;

  • проблемалық;

  • саралау және даралау;

  • тапсырмалардың әр деңгейлігі.

Оқу үдерісін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу үдерістерін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жиналыс, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау және т.б. формаларын қолдану тиімді.

Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:


  • дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау;

  • діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;

  • дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;

  • елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;

  • толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;

Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:

  • мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;

  • пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;

  • жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтау;

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстар жасау ыңғайлы.

Осыған сәйкес бағдарламада көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыруға уақыт бөлінген. Жобаларды орындау барысында оқушылардың белсенділіктерін қалыптастыру және әртүрлі бағыттарда оларға танымдық ізденістерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген.



Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:

  • ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;

  • зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;

  • мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін;

  • әлемдік және дәстүрлі діндер тарихын;

  • Қазақстан Республикасы Ата Заңының ар-ождан еркіндігі туралы ережелерін және Қазақстан Республикасының «Дін туралы» Заңын;

  • әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;

  • республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;

  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын;

  • экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.

сонымен бірге:

  • зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,

  • ақпаратты сыни тұрғыда талдау, оны оқу барысында және әртүрлі қоғамдық құбылыстарды түсінуде, жобалар орындауда, зерттеу жұмыстарында қолдана білу;

  • экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитеті;

  • білімді басқа пәндермен үйлестіре отырып қолдана білу;

  • заманауи ақпаратттық-коммуникациялық құралдарды қолдана білу;

  • діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;

  • өз бетімен зайырлық және діни шығармаларды тауып, сараптай отырып қолдана білу,

  • ақпаратты сыни тұрғыда талдау жасайды.



4.5 «Өнер» білім саласы
Музыка

5-6 сыныптарда «Музыка» оқу пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде қолдана білуге негізделген. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасы – Отанын сүюге тәрбиелейді.



Пәнді оқытудың міндеттері:

– дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;



  • оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып, музыкалық шығармаларды бағалай білу;

– музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу;

– музыкалық өнер арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;

–музыка өнерінің әртүрлі әрекеттерінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Бағдарлама мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс және батыс классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері болып табылады.

«Музыка» пәні бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқытуды көздейді.

Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен орта сынып арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық білдіре алады. Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады.

«Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағаттан құрайды.
Бейнелеу өнерi

Оқыту мақсаттары:


  • эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;

  • қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;

  • өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;

  • халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  • аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;

  • оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ, орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.

Оқыту міндеттері: өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету; бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру); шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.

«Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларын пластикалық өнердің әртүрлі материалдар мен техникаларды қолданып көркем бейне жасауға бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері», «Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».

Білім беру тәжірибесінде «бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.

Мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, картинада немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен бағыттарын айыра білуі; өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығармашылығымен танысуы; әйгілі шығармаларды білуі - сабақтың маңызды нәтижесі болып табылады. Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған. Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады. Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі.

Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары», «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары».

Осылайша блоктарға бөлу ерекшелігі мынада, бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады, екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші, олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.



«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат;

6-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.

4.6 «Технология» білім саласы
Технология

«Технология» пәнін оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.

Оқыту міндеттері:


  • техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

  • құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

  • технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

  • оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

  • еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

  • оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.

Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады. Осыған байланысты 5-9 сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (5-кесте).


5-кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары


Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.

3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдардыөңдеу технологиясы.

6. Электротехника және электроника негіздері.

7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.

8. Шығармашылық жобалау саласы.

9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.


1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Электротехника және электроника негіздері.

6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.

7. Шығармашылық жобалау саласы.

8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.


Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.

Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының варианттарын қосуға құқысы бар.

«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып) жаңа бөлім техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы мәселелер қарастырылады.

Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларын орындау барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Электр қауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих пен өнермен байланыстырылады.

Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан бөлінуі жүзеге асырылады.

Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (6-кесте).

Қолөнермен шұғылданушылық әрбір халықтың мәдениетінің материалдық қолданушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың білімі мен еңбек дағдыларын қалыптастыру мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынамыз.

«Технология» пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылы ішінде 34 сағатты құрайды.

6-кесте. 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары




Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы.

9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы.

10. Жоба.

11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.


1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-дау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жоба.

9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет