ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



бет6/29
Дата08.09.2017
өлшемі10,81 Mb.
#30920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Үш тілде оқыту туралы
Заманауи жағдайда үш тілде білім берудің әдіснамасы алдымен, тарихи және әлеуметтік-педагогикалық алғышарттармен, сондай-ақ лингводидактикалық тұжырымдамалармен анықталады. Алғашқылары:

1) кеңестік Қазақстандағы тілдік жағдай орыс-қазақ (қазақ-орыс емес) қостілділігін тарихи қалыптастырды, сондықтан орыс тілін ана тілі және ана тілінен өзге тіл ретінде оқытудың ғылыми-әдістемелік базасы өте жоғары деңгейде әзірленген;

2) Тәуелсіздікке дейін Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер басым болған және ол мектептерде қазақ тілі оқытылмаған, бұл оның функционалдық белсенділігін дамытудың тежеуші факторына айналды және қазақ тілін (сонымен қатар ана тілінен өзге тіл ретінде) оқыту мәселесіндегі педагогикалық тәжірибенің жетіспеушілігіне апарды;

3) қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы және оның іс жүзіндегі қолданыс деңгейі Типтік оқу жоспарында оқу сағаттарының мөлшерін көбейтуге мүмкіндік берді, дегенмен қазақ тілінің лингводидактикалық аспектілерін теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер бүгінгі күнге дейін жеткіліксіз;

4) Әлемдік экономикаға бірігуге қажетті көлемде оқытуды талап ететін ағылшын тілінің қазақстандық қауымдастықтың лингвокоммуникативтік кеңістігіне белсенді еніп келе жатқаны да, қазіргі кездегі тілдік жағдайды күрделендіре түсті.

Барлық көрсетілген ұстанымдар Қазақстанда тілдердің үштұғырлылығы идеясын енгізудің алғышарты болып, келесі формуламен айқындалды: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Бұл ретте қазақ тілі Қазақстан халқының бірігуінің жетекші факторы болып табылады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бірлік жолында азаматтық бірізділікті қалыптастыру үшін маңызды. Қазақ тілін білу – қазіргі әр қазақстандықтың өзіндік ерекшелігінің кепілі.

Дәл осы идея қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерін іздеу қажеттілігін туғызды.

Үш тілде білім берудің негізгі стратегиялық мақсаты –халықаралық стандартқа сәйкес қазақстандықтар бір уақытта үш тілді меңгеруіне қажетті жағдай жасау, нақты айтқанда:

- қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білу, ол азаматтардың үйлесімді бірлесуіне ықпал етеді;

- орыс тілі, қазақ тілімен қатар қолданылатын ресми тіл ретінде;

- ағылшын тілін әлемдік экономикаға бірігу құралы ретінде үйрену.

Білім процесінде барлық үш тіл (екінші және үшінші тілдер, яғни, қазақ тілі (Т2), орыс тілі (Т2), ағылшын тілі (Т3) бәсекелестікте емес, бірлікте дамуы тиіс. Осыған орай, үш мақсатты тілге оқытудың негізгі тәсілдемесі белгіленді.

Ең біріншісі – мақсатты тілдерді деңгейлеп оқыту. Бұл – мақсатты үш тілде оқыту CEFR («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» - «Шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері: меңгеру, оқыту, бағалау») деңгейлік оқыту моделіне сәйкес жүргізілетінін және білім жүйесінің барлық деңгейлерінде бірлік, сабақтастық және үздіксіздік қамтамасыз етілетінін білдіреді. Үш тілде білім берудің қазақстандық моделі CEFR-дің аналогі емес, бірақ бұл құжат негізге алынып және оның идеялары мен негізгі ережелері ұлттық білім беру жүйесінің нақты жағдайларына бейімделеді.



Осыған сәйкес мақсатты үш тілде оқытудың деңгейлері төменгідей белгіленген:
5-кесте – CEFR сәйкес үш тілде оқытудың салыстырмалы деңгейлері (Common European Framework of Reference – Шет тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері)


CEFR деңгейлері

Сынып-тар

Ағылшын тілі (Т3)

Сыныптар

Қазақ тілі (Т2)

Орыс тілі (Т2)


Базалық

А1

Қарапайым деңгейі

1-сынып

А1 бағытындағы жұмыс

А1

1-сынып

А1 бастапқы

2-сынып

А1 төмен

2-сынып

А1 орта

3-сынып

А1 орта

3-сынып

А1 ілгері

4-сынып

А1 жоғары

А2

4-сынып

А2 бастапқы-орта

А2

Негізгі деңгей

5-сынып

А2 төмен-орта

5-сынып

А2 орта-ілгері

6-сынып

А2 орта-жоғары

6-сынып

В1 бастапқы

7-сынып

В1 төмен

В1

7-сынып

В1 орта

Орта

В1

Орта деңгей

8-сынып

В1 орта

8-сынып

В1 ілгері

9-сынып

В1 жоғары

9-сынып

В2 бастапқы

10-сынып

В2 төмен

В2

10-сынып

В2 орта

В2

Ортадан жоғары деңгей

11-сынып

В2 орта

11-сынып

В2 ілгері

Ағылшын тілі бір қадамға артта екеніне назар аудару қажет, өйткені қазақ тілі мен орыс тілі табиғи лингвистикалық ортада оқытылады.

Заманауи Қазақстанның тілдік жағдайына орыс-қазақ және қазақ-орыс қостілділігі тән және соңғысының қолданыс аясы кеңейтілуде. Оған қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы себеп болды. Сонымен қатар, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде бір миллионнан астам этностық қазақтар тарихи отанына қайта оралды.

Деңгейлік оқытуда сөйлеу қызметінің төрт дағдысын дамытуға көңіл бөлінеді: тыңдалым (ауызекі тілді тыңдап отырып түсіну), айтылым, оқылым және жазылым.

Үш тілде оқытудың келесі әдісі – коммуникативтік тәсіл. Ол мыналарды білдіреді:

біріншіден, мақсатты тілдерді оқыту оқытылатын тілдің ауызекі сөйлеу нормасын меңгеруге бағытталған, сондықтан бірінші сыныпта, ең алдымен, тыңдалым мен айтылым дағдыларына көңіл бөлінеді; оқылым мен жазылым дағдыларын ана тілінде немесе оқу тілінде (мектептің оқу тілі) дамыту арқылы жүзеге асырылады;

екіншіден, тілді оқыту грамматикалық ережелермен шектелмейді, яғни өзге тілді алғаш үйренушілерге «бастауыш», «баяндауыш», «морфология», «синтаксис» т.б. білу маңызды емес. Бала грамматикалық құрылымдарды білмей тұрып, оқу мен жазуды білмесе де сөйлей бастайды, тіпті сөйлемдерді де дұрыс құрайды. Ол жай ғана сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсінеді, айналасындағы адамдармен тілдесе бастайды. Уақыт өте келе оның сөздік қоры молаяды, қоршаған адамдардың басым бөлігі оны түсінетіндей деңгейде сөйлесе алады. Содан кейін ғана бала оқу мен жазуды үйренеді. Мектепте ана тілінен өзге тілді үйренудің негізі осында жатыр.

Ана тілінен өзге тілдерді оқытқанда ана тілін (немесе бірінші тілді) қолдану орынды, бұл коммуникативтік тәсілдеменің ережелерін бұзбайды: егер ана тілінде 5 минут ішінде ережені түсіндіруге болатын болса, онда шет тілінде оны түсіндіруге сабақтың барлық уақытын зая жіберудің қажеті жоқ.

Мұндай оқытудың негізгі мақсаты грамматикалық құзыреттілікті қалыптастыру емес (сөз тіркестері мен сөйлемдерді сауатты құру, мезгіл шақтарын дұрыс қолдану, әртүрлі сөйлемдерді құру түрлерін білу), коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Сөзсіз, грамматикалық құзыреттілік маңызды, бірақ коммуникативтік тәсілдемеде грамматикалық ережелерді іс жүзіндегі қарым-қатынаста қолдануға негізделген.

Коммуникативтік құзыреттілік тілді әртүрлі мақсат пен функцияда қолдануды, түрлі сипаттағы және типтегі мәтіндерді құру, оқу және түсіну, шектеулі лексикалық және грамматикалық базасы болғанның өзінде әңгімеге араласуды қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік тәсілде, ең біріншіден, тілдік құрылымдардың дұрыстығына емес, диалогті әрі қарай өрбіту нұсқасын ұғыну, жалпы коммуникативтік мақсатқа жету, өзгертіп айту дағдысын дамыту параметрлеріне назар аударылады.

Коммуникативтік оқытуда білім алушы тек қана тіл туралы білімді меңгермейді, сонымен қатар, мәдени-әлеуметтік компонентті де меңгереді: қоғамдағы тәртіп үлгісі, сол елдің мәдениеті мен мәдениет нормалары туралы білімі, осылардың бәрі шынайы қарым-қатынастың жағдаяттарында сөйлеушімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

Мақсатты үш тілді оқытуда қолданылатын келесі әдістемелік тәсіл – мәдениетаралық-коммуникативтік тәсіл. Бұл тәсілде тілдерді оқытуда тұлғаның мәдениетаралық қарым-қатынасқа қажетті қасиеттерін дамытуға көңіл бөлінеді. Мұндай тәсіл бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:


  • туған жері, оның ерекшелігі, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы түсінік қалыптастыру. Бұл білім алушының когнитивті тәжірибесін кеңейтуге және құндылық жүйесінің бағдарын, оның ішінде өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілік, ұлттық мәдениетке, тілге құрметпен қарауын қалыптастыру үшін қажет;

  • өз жерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы алынған ақпаратты тарату үшін жағдай жасау;

  • мәдени-білім кеңістігінде тұлғаның өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ету.

Осы тәсілдердің негізінде үш тілде оқыту келесі қағидаттардан құрылады:

  1. тіл мен мәдениетті бірге оқыту қағидаты, бұл – тілді мәдениет аралық қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік құндылық, мәдени-ұлттық мұраның бейнесі, қоршаған ақиқатты тану құралы ретінде оқыту;

  2. білім беру мазмұнындағы қазақ тілі (мемлекеттік) және орыс тілінің теңгерілімділік қағидаты, біріншіден, нақты аймақтың әлеуметтік лингвистикалық жағдайының ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін білдіреді. Көп жағдайда, Қазақстанның әр аймағындағы тілдердің қолданыс белсенділігі бірдей емес. Өйткені еліміздің оңтүстік аймағында орыс тілінің белсенділігі төмендеу, керісінше, солтүстік аймақтарда қолдану аясы кеңірек;

  3. «білімге екі жақты ену» қағидаты – біріншіден, тіл білім беру үрдерісінде әрі оқыту құралы, әрі оқу пәні ретінде қолданылатынын біліреді:

3.1. тіл оқу бағдарламалары аясында оқу пәні ретінде қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» (1-4-сыныптарда), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11-сыныптарда); оқыту орыс тілді емес мектептерде «Орыс тілі» (1-4-сыныптарда), «Орыс тілі мен әдебиеті» (5-11-сыныптарда); оқыту тіліне қарамастан барлық мектептерде «Ағылшын тілі» (1-11-сыныптарда) оқытылады;

3.2. тіл оқыту құралы ретінде тілдік пәндердің басқа пәндермен кірігу механизмі болып қолданысқа енеді, сондықтан негізгі мектепте оқыту тіліне қарамастан «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндері қазақ тілінде, «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері орыс тілінде, жоғары сыныптарда «Жаратылыстану», «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері ағылшын тілінде оқыту жоспарланған.


Мектептердің үш тілде оқытуы бойынша дайындығын анықтау үшін 2018 жылы мониторинг өткізу жоспарлануда. Осыған дайын мектептер 2019 жылдан бастап белгіленген пәндерді ағылшын тілінде беруге құқығы бар.

Сонымен бірге, білім алушылар мен ата-аналар өздерінің қалауларын білдірген жағдайд, ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады. Мұны қаламаған білім алушылар бұл пәндерді оқыту тілінде оқиды.

Аталған пәндерді мектепте ағылшын тілінде оқытуға дайындық барысында және оқуға тілек білдірушілер болған жағдайда 2017 және 2018 оқу жылында іске асырылуы мүмкін.
«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы
Қазіргі уақытта «Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесін Қазақстанның 4000-нан аса мектептері қолданады. Жоба 14 облыс, сонымен қатар Астана және Алматы қалалары аумағында жұмыс істейді.

«Kүнделік» жүйесіне елдегі кез келген қалалық, ауылдық мектептердің тегін қосылуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар, осы мектептердің барлық білім алушылары, ата-аналары бағаларын, үй тапсырмасын, сабақ кестесін, мектеп жаңалықтарын және басқа да пайдалы ақпараттарды тегін алу мүмкіндігіне ие болады.

Портал «Күнделік» Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 536 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарымен жұмыс істейді.

«Күнделік» журналын қолдану бойынша бірқатар сұрақтар туындауда, сондықтан Әдістемелік нұсқау хат аясында ең қажетті ақпараттар ұсынылған.

«Kүнделік» журналы тегін болып табылады. Kundelik.kz сайтын қолдануға абоненттік төлем алынбайды. Ата-аналарға әрқашан Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен үй тапсырмалары туралы білуге тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты пайдаланғаны үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды.

Алдыңғы барлық жобалардан ерекшелігі Kundelik.kz жобасы бюджеттен қаржыландырылмайды. Сонымен, Kundelik.kz жүйесін әзірлеу, қолдау және дамытуға Қазақстан салық төлеушілері мен азаматтарының қаражаты жұмсалмайды.

Ешқандай жоба қаржыландырусыз мүмкін болмайды, сондықтан, болашақта ақылы қосымша міндетті емес қызметтер пайда болады деп болжануда. Бұл мысалы, білім беру қосымшалары және контент болуы мүмкін. «Білім алушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады. Әр ата-ана оған өз қалауымен қосылуға құқылы, ол ата-анаға нақты пән бойынша өз баласының үлгерім деңгейін сыныптың басқа да білім алушыларының үлгерімімен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл опцияның баланың бағасын электронды күнделік түрінде әрқашан тегін кез-келген уақытта қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ.

Тұтынушы деректерін қорғауға қатысты. Kundelik.kz сайты және тұтынушылардың барлық мәліметтері «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ бекітілген және «Ұлттық ақпараттақ технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйесі операторына тиесілі ақпараттық-есептеу ресурстарында, яғни Қазақстан Республикасы территориясында жабық қорғалған мерзімі орталықта орналастырылады. Тұтынушылар деректері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей қарауында болады. Kundelik.kz жүйесіне кіру ешқандай деректер қолжетімді емес жабық болып табылады.

Kүнделік. kz ішінде әлеуметтік желі бар. Бұл байланыстың заманауи құралы, соның арқасында тұтынушылар жүйе ішінде бір бірімен қарым-қатынас жасай алады. Осы әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты анонимді тұлғалар өз бетімен тіркеле алмайды. Әр тұтынушыны мектеп тіркейді. Сондықтан, Күнделік желісіне балаларға қауіп төндіретін анонимді тұлғалар шыға алмайды, бұндай тұтынушы бірден анықталып, бұғатталады және оған Қазақстан Республикасы Заңнамасы қолданылады.

Сонымен қатар, әр тұтынушы өз профилін өзінің деректері ешкімге көрінбейтіндей күйге келтіруді таңдай алады. Бұл Kundelik.kz-ті жасөспірімдер қарым-қатынасы үшін біршама қауіпсіз білім беру ортасына айналдырады.


Тіркеу барысында ЖИН қолдануға байланысты бірқатар мәселелер туындады. Тұтынушының ЖИН-і тіркеу үшін негізгі алаң болып табылмайды. Ата-аналарға тіркелу үшін атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын тегін хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап етілмейді. Ата-аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, үлгерім туралы ақпаратпен қатар, ата-ана мұғалімдер және мектеп әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады. Сөйтіп, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн қарым-қатынас орнайды. Сонымен қатар, болашақта ата-аналарға арналған, мысалы, Ата-аналар Кеңесі және т.б. ақпараттық бөлімдер пайда болады.

Электронды журналмен қатар қағаз нұсқада есеп беруді қолдануға қатысты.

Мектеп әкімшілігінің мұғалімдерден электронды және қағаз журналды қатар жүргізуін талап етуге сәйкес қандай да бір нормативтік құжаттар жоқ.



Мұғалімдердің қалауымен бір электронды журналды немесе электронды және қағаз журналдарды қатар жүргізуге рұқсат беріледі.





Назар аударыңыз!


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» бұйрығына 2016 жылғы 29 тамыздағы № 531 бұйрығымен өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалім жүйелі түрде әр сабақта 1-4, 5-11(12) - сынып оқушыларының сабаққа қатысын белгілеп отырады. Мұғалім ашық журналдың сол жақ бетіне сабақты өткізген күнін жазады, сабаққа қатыспаған білім алушыларды «ж» әрпімен белгілейді. Мұғалім ашық журналдың оң жақ бетіне білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан, тоқсан бойынша алған бағалар есебінің нәтижесі бойынша жиынтық бағалаудың максималды алған балын қояды, өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазады . «Мұғалімнің ескертпесі» бағаны жекелеген білім алушылардың тәртібі, оқудағы жетістігі немесе артта қалушылығы туралы мұғалімнің ескертулерін жазуға арналған. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан, тоқсан бойынша алған жиынтық бағалау балы аталған жұмыстарды орындаған соң екі күнтізбелік күннің ішінде журнал бағанына қойылады.


Түсіндіру жұмысы мақсатында ата-аналар мен білім алушылар тарапынан жиі кездесетін сұрақтар сараланды.



  • Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады?

Білім алушылар және ата-аналарға тіркелуге арналған логин және құпия сөз алу үшін мектептегі мәліметтерді Жүйеге енгізуге жауапты тұлға, яғни әкімгер болып табылатын қызметкерге өтінішпен баруы қажет. Егер әкімгер туралы ақпарат болмаған жағдайда мәліметтерді алу үшін сынып жетекшісіне өтінішпен барады.

Жүйеге тіркелу бойынша нұсқау тұтынушыларға қолдау көрсету порталында: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/217862948 қолжетімді орналасқан.




  • Не үшін профилді теңшеуде өз Т.А.Ә өзгертуге болмайды және қажет болғанда оларды қалай өзгертуге болады?

Тұтынушылардың Т.А.Ә, туған күнін, және жынысын редакциялау құқығының болмауы, жоғары тұрған инстанцияға ұсыну үшін «Kundelik.kz» ААЖ көмегімен білім алушы, ата-аналар және қызметкерлер туралы мәліметтерді жинау автоматты түрде іске асуымен шартталған. Білім беру саласындағы электронды құжат айналымының мәні осында.

Берілген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға тек келесі құқықтары бар мектеп қызметкерлері:



  • әкімгер;

  • сынып жетекшісі ғана құқылы.




  • Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көруге болады?

Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы навигациялық жолақтан «Білім беру»- «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет

Ата-аналар үшін сол навигациялық жолақта «Балалар» бөлімі бар. Берілген сілтемені басқанда ол барлық мәліметтер жиналған бетке түседі.

«Күнделік» сілтемесі бойынша:


  • күнделікті (ағымдағы аптаның әдепкі қалпы бойынша сабақ, баға және үй тапсырмасы жөніндегі ақпараттар);

  • статистиканы (осы есеп беру кезеңіндегі оқыған пәндері бойынша сараланған бағалар («5», «4», «3», «2») саны және жақсы бағалар пайызы);

  • пән бойынша статистиканы (фильтрде таңдалған пәндер және есеп беру кезеңі бойынша барлық бағалар туралы жиынтық ақпарат);

  • семестр/тоқсан/ триместр бойынша статистиканы (берілген есептік кезеңде оқытылған пәндер бойынша барлық бағалар және қатыспағаны туралы жиынтық ақпарат);

  • қорытынды статистиканы (қазіргі уақытта қойылған барлық қорытынды бағаларының жиынтық тізімдемесі) көруге болады.

Үй тапсырмасы «Үй тапсырмасы» бөлімінде қолжетімді, ал қоңырау және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады.

Мұғалімдер тарапынан біршама жиі қойылатын сұрақтар.




  • Біз «Kundelik.kz» жүйесіне тіркелдік. Әрі қарай не істейміз?

Мектеп профилін қосу жөніндегі негізгі нұсқаулық «Әкімгер басшылығы» болып табылады, ол мектепті әкімгермен қосудың негізгі кезеңі туралы айтады.

Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы мақалада: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/218048528 мектеп профилін қосу сызбасы берілген және ақпаратты енгізу кезеңдері көрсетілген.



Жүйеге мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін қалай жаппай енгізуге болады?

Мектеп профилін толтыру кезінде қызметкер уақытын үнемдеу үшін жүйеде мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін импорттауға болады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы мақалада: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/218493437 қажетті үлгідегі тұлға импорты бойынша нұсқаулық бар.




  • Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?

Жоқ, Жүйеге кіру және жұмыс істеу қарапайым браузермен іске асады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы «Ұсынылатын браузерлер» мақаласында: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/218352647 Жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын браузерлер тізбесі бар. Мақала ақпараттары ай сайын жаңартылып отырады.

Kundelik.kz пайдалануға қатысты кез келген сұрақтар, қиындық туындаған жағдайда https://help.kundelik.kz/hc/ru адресіндегі Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласуға болады



Сонымен қатар www.kundelik.kz сайтында көрсетілген компания Call орталық да көмек көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет