ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында


Орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)



бет3/5
Дата10.11.2016
өлшемі4,62 Mb.
#1470
1   2   3   4   5
Орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)

Изучение русской литературы должно быть направлено на формирование духовно-нравственных качеств и патриотических чувств учащихся, формирование казахстанского патриотизма и стремления воплотить в жизнь общенациональную идею «Mәңгілік Ел», развитие толерантности и умения общаться в условиях межэтнической и межкультурной коммуникации.

Планируемые результаты обучения в предметно-деятельностной форме определены учебными программами в соответствии с требованиями образовательного стандарта по учебному предмету ”Русская литература“. Подготовка учащихся предполагает формирование:

- теоретико-литературных и историко-литературных знаний;

- читательских умений;

- системы эмоционально-ценностных отношений;

- опыта литературно-творческой деятельности.

Результаты учебной деятельности учащихся по русской литературе оцениваются по следующим параметрам:

- содержательность и глубина устного и письменного высказывания,

отражающая качество восприятия и понимания поэтического текста, сформированность аналитических и речевых умений, способность применять их на практике, самостоятельность оценок событий и характеров в художественных произведениях, их аргументированность;

- выразительность чтения наизусть произведений разных жанров;

- техника чтения незнакомого текста.

Поурочный контроль результатов учебной деятельности учащихся осуществляется в устной и письменной формах или в их сочетании посредством проведения индивидуального, группового и фронтального опроса с использованием вопросов и заданий, содержащихся в учебниках, учебных, учебно-методических пособиях, а также других способов контроля.

Работая над текстом художественного произведения по вопросам учебника, учитель исправляет смысловые, а также речевые и грамматические ошибки в ответах учеников. Аналитические вопросы учебника могут быть предложены учащимся для письменного ответа после обсуждения их в устной форме на предыдущих уроках. При оценке результатов учебной деятельности учащихся учитываются их возрастные особенности.

Тематический контроль результатов учебной деятельности учащихся осуществляется в устной и письменной формах или в их сочетании.

При оценке устных ответов и письменных работ учащихся (развёрнутый ответ на вопрос, пересказ, рассказ о герое и др.) учитываются:

- правильность и мотивированность отбора эпизодов, картин, деталей для решения поставленной учителем задачи;

- понимание взаимосвязи событий, поступков и характеров персонажей и важнейших средств их изображения (в соответствии с требованиями программы);

- композиционная стройность и логика построения ответа;

- речевая грамотность, культура произношения (соблюдение орфоэпических норм, правильное интонирование).

Поощряется самостоятельность мысли учащихся, аргументированность и убедительность доводов, оригинальность подхода к решению задачи, эмоциональность ответа, выразительность и образность языка.

Оценкой устных ответов и письменных работ по литературе необходимо поощрять глубокое, индивидуально-личностное восприятие литературы как искусства слова.

Согласно Национальному плану действий по развитию функциональной грамотности школьников на 2012-2016 годы при обучении предмета «Русская литература» необходимо усилить работу по развитию речи учащихся при изучении и анализе художественного произведения, написании сочинений, эссе и изложений.

Объем учебной нагрузки по учебному предмету составляет:

5 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение - 27 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 3 часа;

6 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа;

7 класс – 34 часа, из них на: чтение – 26 часов, развитие речи – 4 часа, внеклассное чтение – 4 часа;

8 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 27 часов, внеклассное чение – 3 часа, развитие речи – 4 часа;

9 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа.

Все литературные произведения, на которые отводятся часы, предназначены для обязательного изучения.

По литературе у учащихся 5-9 классов одна тетрадь в линию. В V–VIII классах письменные работы по русской литературе носят обучающий характер. Отметки за обучающие работы выставляются по усмотрению учителя только по литературе и должны носить стимулирующий характер.

Отметки за сочинение (выполняется в тетрадях по развитию речи) по русской литературе выставляются в предмет «Русская литература» через дробь в одну графу : первая – за содержание, вторая – за грамотность . Ошибки выносятся графически на поля и подсчитываются. При написании домашнего сочинения или других творческих работ отметка за работу выставляется в графу, соответствующую дате, когда давалось задание, или дате, когда проходила защита творческой работы.

Для написания сочинения по литературе (5-9 класс) можно использовать два урока литературы или один урок русского языка и один урок русской литературы.

На учебных занятиях по русской литературе для работы с текстами из списка для чтения и обсуждения следует использовать учебники и учебные пособия более ранних лет издания, издания серии «Школьная библиотека», а также интернет-ресурсы на сайтах.

Отметки за чтение наизусть выставляются на учебном занятии, следующем за учебным занятием, на котором было дано задание выучить наизусть, или на любом другом учебном занятии, тема которого включает изучение данного произведения.

Шет тілі

Шет тілі бойынша оқу бағдарламасының құрылымында «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі» пәндерінің базалық мазмұны маңызды аспекті болып табылады. Осы пәндердің біреуін таңдауды жалпы білім беретін мектептер оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге асырады.

Негізгі орта білім деңгейіне арналған шет тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2, А2+ деңгейлеріне сәйкестендірілген:

5-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1»);

6-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1.1»);

7-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1»);

8-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1.1»);

9-сынып – А2+ («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 2»).

Негізгі орта білім беру деңгейінде шет тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпы еуропалық (А1, А2+, В1) қалыптасу алдындағы деңгейге сәйкес мәдениетаралық коммуникативтік біліктерін қалыптастыру мен дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Бұл кезеңде алдыңғы кезеңдегідей танымдық процесс шоғырландыра ұйымдастырылады: берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу іс-әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктив әрекеттен репродуктив-нәтижелі әрекетке, кейіннен нәтижелі әрекетке қарай дамиды.

5-7-сыныптарда айтылым дағдыларын (диалогтік және монолог сөз) дамыту үшін репродуктивті және репродуктив-нәтижелі жаттығулары қолданылады: диалог түріндегі сөзге үлгі-диалогтарды дыбыстау, фразалар, клишелер, идиомалық сөз тіркестері, сөйлеу құрылымы (грамматика), лексикалық бірліктер (лексика) қолданылуы мүмкін. Жаттығулар шығармашылық сипатта болуы мүмкін. Монолог сөз дағдыларын дамыту тірек сөздер, жоспар, логикалық сызба, ассоциациядан тұратын нәтижелі, репродуктивті және репродуктив-нәтижелі деңгейде жүзеге асырылады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін жаттығуларды алдымен жазбаша, кейін ауызша түрде орындауға болады.

5-7-сынып оқушылары «Шет тілі» оқу пәнін игеруде белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді:

- шет тілін меңгерудің мотивациясын қалыптастыру және «Шет тілі» білім беру саласында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;

- шет тілі оқу құралдары арқылы өзін-өзі көрсету мүмкіндігін сезіну;

- тұтастай өзінің жеке сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;

- мәдениеаралық және этникааралық қарым-қатынаста коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.

8-9-сыныптарда (А2+ В1 оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-мәдениетаралық құзыреттерінің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл оқу деңгейінде өзіндік өмірлік тәжірибе мен оқушылар білімін ескере отырып, үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құру қабілетін қалыптастыру қажет.

Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады.

5-7-сыныптарда лексикалық вокобулярды қалыптастыру, тілдік емес пәндер бойынша бастапқы терминологиялық глосарийді әзірлеу ұсынылады.

8-9-сыныптарда лексикалық вокабуляр кеңейтіледі, тілдік емес пәндер бойынша терминологиялық гласарий көлемі ұлғаяды.

Шет тілі сабақтарында оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру болып табылады:

- оқушылар бойында шет тілінің қазіргі адам өмірінде және көпмәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру, шет тілін

қолдануда мәдениетаралық қарым-қатынаста басқа халықтар әлемі мен мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;

- азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениетті меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;

- коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігіндегі деңгейіне қарай ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді таратушымен қарым-қатынаста қабілеттілігі мен дайындығын, коммуникативтік шешімдер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес барынша кең көлемде сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды тепе-тең пайдалану;

- ағылшын тілді елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қатынасын қалыптастыру;

- ауызша және жазбаша қатынаста шет тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шет тілі пәні мұғалімдеріне:

- оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-, бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);

- сипаттау дағдысын қалыптастыру үшін ақпараттармен жұмыс жасау, шет тілінде сипаттама беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау;

- оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеуге үйрету ұсынылады.

Шет тілі бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:

5, 6, 7, 8, 9-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына әрбір сыныпта 68 сағатты құрайды.

Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлері.

Оқушыларда оқытуда барлық жұмыс түрлерін орындау үшін келесі дәптерлер саны болуы керек:

5-7-сыныптарда шет тілі бойынша сыныпта жұмыс істеуге арналған 2 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда 2 жұмыс дәптерін жүргізу қажет емес, өйткені жұмыс кітабы тақырыптар бойынша толық жаттығулар жиынтығын қамтыған, осыған орай 1 дәптерді жүргізу ұсынылады);

шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптер, бақылау және жазба жұмыстарына арналған 1 дәптер (кабинетте жыл бойына сақталады).

8-9-сыныптарда сыныптағы жұмысға арналған 1 жұмыс дәптері, шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптері;

бақылау және жазба жұмыстарға арналған 1 дәптер (жыл бойына кабинетте сақталады).

Оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар:

- дәптердің тысы оң жақтағы жоғарғы бұрышына қаланың, мектептің,

сыныптың, пәннің атауы мен оқушының тегі, аты шет тілінде жазылып толтырылады;

- дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі;

- ай аты мен күн реті жазбаша толық жазылады;

- міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі;

- мұғалім оқушының қателері мен түсініктемелерін көрсетіп, бағаны оң жаққа қояды;

- оқушылар дәптерлеріне жазуды көк немесе күлгін сиялы қаламмен жүргізеді;

- қара және жасыл сияларды, қарындашты астын сызуға немесе кесте құрғанда және т.б. қолдана алады;

- оқушыларға дәптерге қызыл сиямен жазуға тыйым салынады;

- сөздіккке сөздер реттік нөмірі бойынша жазылады.

Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар:

Мұғалім оқушылардың жұмыс дәптерлерін тексергенде келесі тәртіпті ұстанады:

- 5-9-сыныптар, маңызды деген жұмыстарды аптасына 1 рет;

- сөздіктер: 5-9-сыныптар – 4 аптада 1 рет;

- бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмалары барлық түрлері барлық оқушыларда тексеріледі.

Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді ұстану керек: барлық сыныптардың білім алушыларының барлық бақылау жазба жұмыстарын келесі сабаққа дейін тексеріледі; мұғалім тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді; оқушылардың бақылау жұмыс дәптерлерін жыл бойына сақтайды.

Мұғалім 5-9-сыныптарда шет тілі бойынша тексерген жұмыстарда оқушының жіберген барлық қателерін түзеуде келесі ережелерді басшылыққа алады:

- орфографиялық қатені сызып, үстіңгі жағына қажетті әріпті жазады;

- қажет емес пунктуациялық қате сызылады, қажеттісі қызыл сиямен жазылады;

- 5-9-сыныптарда эссе тексеру барысында орфографиялық және пунктуациялық қателермен қатар, грамматикалық және тілдік қателерді де белгілейді.

Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары

Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылына 7 бақылау жұмысын жүргізуді ұсынамыз.

1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектілерін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны - 5. Бұл жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл үшін қойылады. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген



қызығушылығы мен уәжін төмендетуі мүмкін.

2 бақылау жұмысы 1-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-ші тоқсанда меңгерген барлық материалдарды қамтиды. Лексика жәнеграмматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балға қойылады.

3 бақылау жұмысы – 2-тоқсанның қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 2-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым– 5 тапсырма. ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балға қойылады.

4 диагностикалық тест. Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанында алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны - 5. Бұл жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл үшін қойылады. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені бұл оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен уәжін төмендетуі мүмкін.

5 бақылау жұмысы – 3-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 3-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым– 5 тапсырма. ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл үшін қойылады.

6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 4-ші тоқсанда меңгерген барлық тақырыптық материалдарды қамтиды. Лексика және граматика бойынша - 15 тапсырма, тыңдалым-5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл үшін ұсынылады.



Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, 5-сынып оқушысына суреттегі адам туралы бірнеше сөйлем құрап жазуды ұсынуға болады, яғни оқушы бұл адамның аты-жөнін, мекенжайын ойлап табуы мүмкін. 9-сынып оқушысына бейнематериал көрсетіп осы бейнематериал бойынша өз пікірін білдіруді ұсынуға болады.Жұмыстың бұл түрін жұмыс дәптерлеріне рәсімдеп, жылына 4 рет ұйымдастыру ұсынылады.

Эссе жазуда келесі сөздер нормаларын ұсынамыз (барлық артикль сөздерді,есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып):

5-сыныпта - 20-30 сөз

6-сыныпта - 40-60 сөз,

7-сыныпта - 70- 80 сөз,

8-9-сыныпта - 100-130 сөз.

Бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау

Шет тілі бойынша оқушыларды қорытынды аттестаттаудың негізгі ережелері:

- шет тілін бесінші пән ретінде таңдаған 9-сынып түлектері қорытынды аттестаттауды емтихан түрінде өтеді;

- шет тілінде алған білімдердің, біліктері мен дағдыларын қорытынды бақылау ретінде қарастыратын емтихан.

Шет тілі бойынша емтихан үш кезеңнен тұрады: лексикалық-грамматикалық тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді мазмұндау.

Лексика-грамматикалық тест 25 сұрақтан тұрады, оның 11 меңгерілген лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан тілдің елі, тарихы туралы. Бұл тест ҰБТ жүйесі бойынша бағаланады, яғни «5» деген баға – 21-25 балл, «4» - 14-20 балл, «3» - 0-13 балға қойылады. Оқушының пәнге деген уәжін арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға қою ұсынылмайды. Лексикалық-грамматикалық тесті орындауға 25-30 минут беріледі.

«Айтылым» кезеңі. Бұл кезеңге тақырып оқып жатқан оқу бағдарламасынан алынады. Тақырыптар саны «шет тілін» таңдап алған оқушылар санына байланысты, яғни бір оқушы - бір тақырып. Емтихан тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал одан артық болса, 25 тақырыптан көп емес. Айтылым 5 балдық жүйемен бағаланады. «5» деген жоғары балды айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдері арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестерді, мақал-мәтелдер __________мен нақыл сөздерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере алатын, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы ала алады.

«4» деген бағаны тақырыпты толық көлемде аша алмаса, айтылымында кідіріс бар, тіл құрлымын орынсыз пайдаланған, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының қарапайым сұрақтарына жауап беретін емтихан тапсырушы алады.

Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса, тіл құрлымы дұрыс қолданбаса, сөздерді дұрыс айтқанмен, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға «3» деген баға қойылады.

«Мазмұндау» кезеңі. Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл бойынша оқу бағдарламасын толық қамтититын қосымша дереккөздерден алынады. Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған мәтін әдеби үзінді – әңгіме, тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б. Мазмұндауға дайындалуға 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген

бағалармен бағаланады.

Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге, цифрларға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді тек дайын үлгі бойынша ғана айтып бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге қосымша анықтама береді,сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап береді.

Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4» деген баға қойылады. Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап беретін оқушыларға қойылады.

Барлық үш кезеңнің қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады. Барлық үш кезеңнің бағалары хаттаманың қосымшасына қойылады. Қосымшасыз хаттама жарамсыз болып есептеледі. Оқушылардың тест жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.

Емтихан және қорытынды бағалары журналға қойылады.

Бұл ережелер қай шет тілін оқуына қарамастан міндетті болып саналады.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері

Кемінде 3 шет тілі мұғалімінен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі болып табылады. 2016-2017 оқу жылында әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:

- Мемлекеттік стандартты орындау;

- жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеу («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-шы қадамы, Балалар құқықтары туралы конвенция, «Еңбек туралы», «Білім туралы», ҚР Заңдары);

- 2016-2017 оқу жылына әдістемелік-нұсқау хатты зерделеу;

- мұғалім-кеңесшінің, көмекшінің негізгі міндеттерін атқаруда шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті жетілдіру;

- оқытудағы жаңа технологиялар;

- шет тілі мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру және өздігінен білім алуы;

- шет тіліндегі жаңа үрдістер мен өзгерістер;

- -оқушылардың білім сапасын арттыру үшін шет тілі бойынша оқытуда электронды білім беру ресурстарын пайдалану.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі оқу жылының басында әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарында көрсетілетін бірқатар міндеттер қояды. Әдістемелік бірлестіктің жоспары әдістемелік бірлестіктің барлық мүшелерімен келісіліп құрылады, міндеттер өзара тең бөлінеді. Жоспар оқу жылының әр айына құрылып, оқу мекемесінің басты міндеттерімен тығыз байланысады. Әдістемелік бірлестіктің жоспары мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесімен және әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен бекітіледі. Жоспарда әдістемелік бірлестік мұғалімдері жұмыстарының негізгі кезеңдері

қарастырылады. Оқу жылына әдістемелік бірлестіктің 6 отырысы өткізу ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әрбір отырысы ақпараттық-танымдық сипатта болу керек: баяндамалар, пікірталастар, презентациялар мен коучингтер түрінде болуы тиіс.

Жоспарға енгізу үшін ұсынылған ісшаралар:

1. Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық іс-шараларды (әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі.

2. Пән бойынша олимпиаданың мектепішіндегі езеңін ұйымдастыру және өткізу.

3. Дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс.

4. Жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс,егер бар болса.

5. Жас мамандармен жұмыс, аға тәлімгерді тағайындау; Жас маманмен жүргізілетін тәлімгердіңжұмыс жоспарын бекіту.

6. Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибиемен алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы), «Lessonstudy» өткізу.

7. Емтихандарға, байқауларға, олимпиадаларға, семинарларға дайындық.

8. Кіріс құжаттарымен жұмыс.

9. Мектепшілік бақылау.

10. Әкімшілік бақылау.

11. Біліктілік санатын жоғарылататын, немесе растайтын мұғалімдермен жұмыс.

12. Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі.

13. Бірлестік мұғалімдерінің рейтингісі.

14. Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жыл соңында).

15. Оқушылар білімдерін қорытынды аттестаттау бойынша есеп.

Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілуі және әдістемелік бірлестіктің отырысында көрініс табу қажет. Жыл соңында жан-жақты, толық есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).

2016-2017 оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклінің (математика, биология, химия, география) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Мұндай ісшараларды өткізу көп еңбектенуді талап етеді, бірақ кіріктірілген сабақтар пәнге деген қызығушылықты арттыратынын ұмытпайымыз қажет. Мұндай онкүндіктер үш кезеңде өткізіледі: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып оқушыларымен. Аталған ісшара пәннің аясында оқушылар мен мұғалімдерді жаңа жаңклықтарға ынтыландырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу мақсатында маңызды күндері мен мерейтойларына назар аудару ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін тақырыптық ісшараларда тікелей көрініс табуы тиіс.

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:

5-6-сыныптар - «Математика», «Информатика»;

7-9-сыныптар - «Алгебра», «Геометрия», «Информатика».

Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты, алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.

«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.

«Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да АКТ құралдарын қолдану) білу және түсіну; алгоритмдік және логикалық ойлауды игеру (алгоритмге сәйкес әрекет жасау және алгоритмді құрастыру) айрықша көңіл аудару керек.

Математика және информатика пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелілік оқыту педагогикалық тәсілдерін қолдану ұсынылады.

Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі оқушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты

іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерінін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.

2016-2017 оқу жылындағы 5-9-сыныптарында математика және информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі кестеде берілген.

Сыныптар

Пән атауы

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы сағат саны

Бақылау жұмысының нормасы

5

Математика

6

204

12-14

Информатика

1

34

5-6

6

Математика

6

204

14-16

Информатика

1

34

12-13

7

Алгебра

3

102

7-9

Геометрия

2

68

7-8

Информатика

1

34

6-8

8

Алгебра

3

102

7-9

Геометрия

2

68

7-8

Информатика

1

34

5-6

9

Алгебра

3

102

8-9

Геометрия

2

68

6-7

Информатика

1

34

3-4

Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.

Академия мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулеріне оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірледі. Жинақты Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Ғылыми жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие болады. Ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:

жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін түсінуді қалыптастыру;

оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, оқушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;

оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.



«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: жаратылыстану, география, физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері кіреді.

Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.

1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы оның негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Оқушылардың:

ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін;

дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;

зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.



География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктерді дамыту үшін:

«Проблеманы түсіну» – білім және білікті мәтін, диаграмма, формула немесе кесте түрінде берілген ақпаратты түсіну үшін қолдануға және олардан қажетті ақпаратты бөліп алуға, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты кіріктіруге;

«Проблеманы сипаттау» – проблемадағы ауыспалыларды және олардың арасындағы байланыстарды анықтауға, ауыспалылардың қайсысы проблемамен байланысты және қайсысы байланысты емес екенін шешуге, шартта берілген ақпаратты анықтауға, ұйымдастыруға және сыни бағалауға;

«Проблеманы таныстыру» – проблеманы шешу, ақпаратты ұсынудың бір түрінен екінші түріне өту үшін кесте, график, белгілердің көмегімен немесе сөз түрінде, немесе шартта көрсетілген үлгіні қолдану арқылы ақпаратты таныстырудың жолын әзірлеуге;

«Проблеманы шешу» – қойылған проблеманың шарттарына сәйкес шешімдер қабылдауға, ұсынылған жүйеге талдау жасауға және мақсатқа жету үшін проблемада көрсетілген жүйені жоспарлауға, оны шешудің тәсілдерін ұсынуға;

«Шешімді ойластыру» – алынған шешімді зерттеуге және қажет болған жағдайда оны дәлелдеу үшін қосымша ақпарат іздеуге, неғұрлым тиімді шешім іздеу үшін алынған шешімді түрлі көзқарас тұрғысынан бағалауға және түсіндіруге;

«Проблеманың шешімін хабарлау» – алынған нәтижені көрсетудің жолдарын таңдауға және оны басқа оқушылар үшін нақты түсіндіруге ерекше көңіл аударылады.

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті

өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс,

Қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуының нәтижелері ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының қалыптасу деңгейінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін көрсетеді. Осыған байланысты «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқыту барысында аталған компонентті қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік құралдар ұсынылған (www.nao.kz).

2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына, өз білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын есептер, тапсырмалар оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.

Оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтын келесі жағдайларды айқындауға болады:

«Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқыту барысында оқушылардың білім және білікті кешенді қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру (оқушылардың кешенді практикалық және зертханалық жұмыстар орындау, кешенді тақырып бойынша хабарламалар әзірлеу және т.б.);

мұғалімнің іс-әрекетін оқушылардың бойында «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша білім және біліктерін қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағыттау.

Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктерінің табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:

оқушыларды өздерінің білімдері мен біліктерін кешенді қолдануы бойынша өз беттерінше іс-әрекетке бағыттау;

пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;

репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктерді кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;

кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және білікті кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктерді кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.

Сабақ барысында зертханалық құралдарды дұрыс пайдалану, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, бақылаулар және өлшеу жұмыстарының нәтижелерін түрлі тәсілдермен (суреттер, кестелер, сызбалар, фотосуреттер,

кино түсірілім және бейнежазба) белгілеп отыру білігін дамыту қажет,

Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:

оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;

оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын;

пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;

оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін;

Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;

есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;

виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.



Сандық зертханалар ғылыми-жаратылыстану бағытындағы түрлі зерттеулер жүргізудің жаңа, заманауи электронды құралдары болып табылады. Олардың көмегімен пәннің оқу тақырыптары, сондай-ақ басқа тақырыптар бойынша да көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Зертхананы қолдану оқу жұмысының көрнекілік дидактикасын айтарлықтай жоғарылатады. Сандық зертханалардың құралдары жан-жақты, оның құрамына оқушылар мен мұғалімдердің уақытты үнемдеуіне, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге қажетті түрлі эксперименттік құрылғылар қосылуы мүмкін. Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, оқушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға мүмкіндік береді, оларды мысал ретінде қолдануға және оқушылардың өздері түсірген, оқу және өмірлік нақты жағдаяттарды зерттеуге мүмкіндік туады, сондай-ақ оқу және танымал бейнефильмдердің көріністерін қолдануға болады.

Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс. Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.

3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.

Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобалар орындауы маңызды болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:

теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);

эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);

жеке зерттеушілік жобалар.



Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.

Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық және практикалық жұмыстар орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және номерлермен белгіленген.

Мектеп оқушыларына оқыту процесі барысында экологиялық білім және тәрбие беру ең алдымен табиғаттың тұтастығы, ондағы құбылыстардың өзара қарым-қатынасы және олардың шарттарының себебі туралы көзқарас қалыптастырумен байланысты. Білім беру саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы

туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты көзқарас алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.

Бұл тәрбие жағынан қарағанда өте маңызды, себебі оқу пәндерін «экологияландыру» оқушыларды экология мәселелерімен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар оларды табиғатты жауапкершілікпен қорғауға тәрбиелейді. Табиғатты жауапкершілікпен қорғау көзқарасы табиғатты қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.

Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:

табиғат кешендерінің экологиясы;

мектеп ішіндегі жарықты өлшеу;

түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу;

мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін өлшеу;

сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері;

топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері;

ортаның абиотикалық факторлары;

урбандалған аумақтардың экологиясы;

гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау;



қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау.

Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.

Ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.

Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.

Сапалық және сандық есептерді шешуге бірдей деңгейде көңіл аудару керек, себебі құбылыстардың, процестердің мәнін түсіну және олардың шешімін табу дағдыларын қалыптастыру өте қажет.

Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды

болып табылады.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары сарайлары жанындағы іштей және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік қоғамы» қоғамдастығының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.

Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about

Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-house.ru/alternativnaya-energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады.

Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz

ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо;

http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017

4. «Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сыни ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды:

пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;

олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;

тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;



жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.

Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:

1) Ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың қорытындысына да қолданылуы мүмкін.

2) Дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді құрылымдайтын немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді немесе болжамдарды анықтаңыз.

3) Ақпараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу және ауызша дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.

4) Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз.

5) Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз.

6) Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы келетінін бағалаңыз.

7) Сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді қолданыңыз.

8) Тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеңіз.

5. Жаратылыстану, география, физика, химия және биология сабақтарындағы пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.

Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «өмір», «адам», «табиғат кешені», «экономика және экология», «зат», «дене», «энергия», «күш», «қозғалыс» және «даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын оқу барысында, басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы, жаратылыстану, география, биология курстарынан алынған білім).

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).

Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.

6. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму

стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.

«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады.

7. Оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Оны дұрыс ұйымдастыру арқылы, сабақ барысында алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға деген тұрақты қызығушылығын арттыруға мүмкіндік пайда болады. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:

үй тапсырмаларын оқулық параграфтарын жаттап алуға және тапсырмаларды орындауға ғана пайдалануға болмайды. Шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды көбірек қолдану қажет;

үй тапсырмаларына оқушылардың өз оқу әрекеттерінің нәтижелеріне өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу;

үй тапсырмасына мазмұны және орындалу түрі бойынша түрлілігімен ерекшеленетін тапсырмалар беру;



үй тапсырмасының көлемін анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

8. Білім беру саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының ұсынылатын тақырыптар. Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:

Биология: «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика», «Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздары арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Тері – денсаулық айнасы».

География: «Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері», «Қазақстан географиясын оқудағы жобалық технологиялар», «Туған өлкедегі әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу», «Қазақстанның энергетикалық әлеуетінің дамуы», «Еліміздің жасыл энергетикасы», «География, тарих, өнер: қиылыстары және өзара байланысы».

Физика: «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Физикадан ашылуларды қалай жасайды», «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және олардың адамға әсері», «Физика және компьютер», «Физикалық-техникалық модельдеу», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері», «Радиациядан қорғану».

Химия: «Экологиялық химия», «Күрделілігі жоғары химиялық есептерді

шығару», «Жай судың жұмбақтары», «

Химия және тамақтану», «Ұзақ өмір сүру (кіріктірілген курс)», «Бейметалдар химиясы және өмір», «Ойланып қалған химия», «Химия және қоғам», «Химияның тарихы», «Химия, ғылыми фантастика шығармаларының негізі ретінде», «Химик-зертханашы мамандығымен танысу», «Химия және шаштараз өнері», «Химия және СЖҚ», «Тамақтық қоспалар: плюстері мен минустері», «Косметика: кеше, бүгін, ертең», «Ас үйдегі химия», «Күнделікті өмірдегі заттар және материалдар», «Химиялық есептерді шығару әдісі», «Химиядан эксперименттік есептерді шығары әдісі».

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында пайдалануға ұсынылатын ресурстар:

1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/

2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі: http://energo.gov.kz/

3. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы http://gharysh.kz/news/

4. «Эврика» – білім беру мекемелерінде авторлық эксперименталдық бағдарламаларды жүзеге асыратын, 650-ден астам мектеп ұжымдарын біріктіретін эксперименттік алаңдардың инновациялық білім беру желісі: http://www.eurekanet.ru

5. Bookz.ru – электрондық кітаптар, журналдар және сөздіктер. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа шығармалардың алфавиттік каталогы да қолжетімді, яғни кітаптарды алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru.

6. EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен берілген көптеген энциклопедияларға қарағанда EOLSS білімінің ауқымы тақырыптармен ұйымдастырылған. Пәндердің ішінде: математика, физика, энергетика, табиғатты қорғау – Жер және атмосфера туралы ғылым; экология, азық-түлік тағамдары және ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар, адамзат ресурстары туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.

7. Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.

8. Britannica School – мазмұны және ақпараттары кең ауқымы, онда мыңдаған мақалалар, бейнелер, видео, түпдеректер, электронды кітаптар, ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында оқушылар оқиды, жазады, зерттеулер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары саласындағы өздерінің сөздік қорларын байытады. Кіріктірілген «Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары» аталған онлайн ресурстың артықшылығы болып табылады, бұл жерде мұғалім өз «Жоспарын» жасауға немесе басқа мұғалімдер құрастырған «Жоспарды» қолдануына болады. Аталған ресурсты сынып режимінде де, сонымен қатар үй тапсырмасын орындау барысында және олимпиадаларға қатысу үшін қажетті ғылыми жоба орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).

9. «Сандардағы және картадағы дүниежүзі елдері». Интерактивті анықтамалықтарда дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерін сипаттайтын

статистикалық ақпарат және негізгі көрсеткіштер берілген:

http://www.sci.aha.ru.

10. Рубрикон. Ірі энциклопедиялық портал. Неғұрлым белгілі энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар, суреттер және карталар берілген: http://www.rubricon.com.

11. Оқушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады (24-кесте).

www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org

www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Қазақстан тарихы

«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдерін оқытып, көшпелілер өркениеті мен Қазақстан мемлекеттілігі тарихын қарастыру. Қазақстан тарихы ата-бабалар мәдениетінің бірегейлігі, тарихи процестердің біртұтастығы мен сабақтастығын түсінуге мүмкіндік береді. Көшпелілердің әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, адамзат өркениетіне қосқан үлесін жаңа өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Сондай-ақ, пәннің оқушыларда өткенді саралау, бүгінгі күнді сипаттау және болашақты бағдарлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.

«Қазақстан тарихы» пәнінің мазмұнында өскелең ұрпақтың бойына қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің материалдары болуы тиіс: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, ұлттық сана сезімі жетілген, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеу.

«Қазақстан тарихы» пәнін оқыту кезінде білім алушылардың тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы, мемлекеттердің сыртқы саясаттары бойынша ақпарат беретін тарихи деректердің салыстырмалы талдауының негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды қажет ететін дағдыларын дамыту қажет. Оған қоса мұғалім оқушыларға тарихи картада оқиғаларды, олардың динамикасы мен даму жағдайын белгілеуге тапсырма

бере алады, бұл өз кезегінде оқушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында «тарихи тұрғыдан ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, жоба әдісі, концептуалды оқыту) қолдану қажет. «Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен анықталған.

Қазақстан тарихы:

5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

Пәнді оқытуға арналған әдістемелік ұсынымдар.

Тарихты оқыту – күрделі процес, ол өзара байланысты, оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету және меңгеруге басшылық ету сияқты және т.б. құрамдас бөлімдерден құралады.

Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады.

5-9-сынып оқушыларының жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді формаларының бірі топтық жұмыс болып табылады, топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі функцияларын анық түсіндіру қажет. Сонымен бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды.

Оқушылардың бойында тарихи түсінікті дамытуға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – рөлдік ойын болып табылады.

Рөлдік ойынның тиімділігінің үш міндетті элементі:

1) Тарихи деректерді талдау: оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделене береді.

2) Оқушыларға тарихи деректерден үзінді беруді жүйелі түрде жүргізу керек. Тарих сабақтарында сұрақтарды қою маңызды орын алуда, дұрыс әрі нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады.

3) Сондықтан да мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын

сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.

Оқушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.

Түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту үшін жаңа стратегиялар мен техникалар ұсынылады. Деңгейлеп оқыту, сыни ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және т.б.

Жазу дағдыларын дамыту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану ұсынылады.

РАФТ стратегиясының (Р – роль, А – аудитория, Ф – форма, Т – тақырып) басты мақсаты оқушыда, белгілі бір образға (рөлге) ену арқылы, өзінің ойын жазбаша түрде түсінікті әрі нақты жеткізе алу дағдысын қалыптастыру. Бұл стратегия қолдану арқылы оқушылар түрлі тақырыптарға әртүрлі аудиторияға арнап ақпарат (мәлімет, мәлімдеме, т.б.) жазуды үйренеді.

Нәтижелі деңгейде картамен жұмысты күшейту қажет. Бұл үшін тарихи карталардың мазмұнын басқа да дереккөздермен тарта отырып талдауға бағытталған, тапсырмаларды пайдалану керек.

Оқушылардың жазбаша жұмыстарды орындауына ерекше назар аудару ұсынылады: эссе, мақала, баяндама, хат, қысқаша ақпарат және т.б.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасау тапсырмаларын беру керек.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру, белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту және т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану үшін оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану қажет. Отандық және жалпы тарихтың кейбір тақырыптарын кіріктіру мүмкін болады. Халықаралық қатынастар тарихы мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады.

Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін анағұрлым ұлғайтады. Мәселен, әдебиет курстарын оқыту барысында оқушыларға рухани шығармашылық процесінің тарихи контекстін неғұрлым жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http:// www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Үй жұмысы сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың бірі болып табылады.

Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін:

- ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық, т.б.);

- қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.);

- тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, балама тест, көпжауапты тест);

- шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);

- өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

Оқушыларға жобалық және шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар т.б.) тапсырмалар тақырыптарын алдын ала беру әдістемелік тұрғыдан дұрыс болады. Сонымен қатар мұғалім осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы керек. Оқушы хабарлама даярлаған кезде тек білімін ғана көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын батырға қатынасын, өз сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.

Құзыреттілікке бағытталған үй тапсырмаларының 4 түрі қолданылады: ақпараттық, коммуникативті, мәселе қою білу және рөлдік.

Шығармашылық үй тапсырмаларына қойылатын өлшемшарттар немесе талаптар:

- терминология мен ақпараттың күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;

- әдебиет пен дереккөздерінің тізімін беру қажет;

- ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б. ескеру керек.

«Тарих» пәні бойынша міндетті бітіру емтиханын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

Кешенді емтихан бағдарламалары принципімен айқындалатын тарихты зерделеудің оқиғалық-хронологиялық және проблемалық-теориялық деңгейімен үйлесетін болады. Білім алушылардың дайындық деңгейінің көрсеткіштері тарихи білімдерін теориялық, фактологиялық, хронологиялық, картографиялық және бағалау компоненттерін игеру мен оқу-танымдық әрекеттер тәсілдеріне сәйкес меңгеру болып табылады.

Емтихан тапсырмаларын құрастыру кезінде әртүрлі оқулықтар мен ОӘК-терді (ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен) қолдануға болады. Тапсырмаларды дайындау кезінде мұғалімдер толық сипатталмаған оқиғалар берілген ақпарат көздерін іріктеу ұсынылады. Осындай ақпарат көздері деректі материалдар (хрестоматиядан үзінділер, куәлік және естеліктер, тарихи оқиғалар туралы), статистикалық материалдар (кестелерде немесе мәтіндерде деректер әлеуметтік-экономикалық даму ұсынылған) болуы мүмкін. Білім алушыларды міндетті түрде мектеп бітіру емтиханына дайындау кезінде оқу бағдарламасы бойынша дайындалған оқулықтарды пайдалану керек.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1) Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);

2) Қазақ батыры, әскербасы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының 440 жылдығы (1576-1656);

3) Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);

4) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);

5) Қазақтың батыры, талантты қолбасшы Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325 жылдығы (1692–1770);

6) Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлының 275 жылдығы (1753—1802);

7) Бөкей Ордасындағы халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлының 225 жылдығы (1791-1838);

8) Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ұлттық мектебінің негізін қалаушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы (1841—1889);

9) Бөкей Ордасында қазақтың тұңғыш мектебі ашылғанына 175 жыл (1841-2016);

10) ХХ ғасырдың басындағы Ұлт көшбасшысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937);

11) Қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы, білімді заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-1914);

12) Қазақтың тұңғыш бейресми Конституциясы «Қазақ елінің Уставына» 105 жыл (1912-2017);

13) «Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне 105 жыл (1911-2016);

14) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы (1916–2016);

15) Алаш Орда үкіметі құрылғаны 100 жыл (1917-2017);

16) Қазақтың қаһарман батыры, ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтың 100 жылдығы (1916–1944);

17) 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016);

18) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

-базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

-таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

-оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

-кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және

оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Дүниежүзі тарихы

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы оқушыларға әлем тарихы бойынша жеткілікті білім алуға және тарихи процестердің мәні мен тарихи фактілердің маңызын түсінуге, проблемаларды шешуге, жағдаятты сыни бағалау және шешім қабылдау, сондай-ақ түрлі тиімді коммуникацияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мектепте «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі мақсаты ғылыми гуманистік көзқарасы бар, әлеуметтік белсенді, жан-жақты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Пәнді оқыту кезінде барлық сынып оқушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.

Тарих сабағын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқытудың тәрбиелік компоненттеріне ерекше назар аударған жөн.

«Дүниежүзі» пәнінің мазмұнынын оқыту «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға және тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілік, тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуге ықпал етеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру олардың тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлерімен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарлау; тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу; тарихи танымның әдiс-тәсiлдерiн меңгеру, әртүрлi дерек көздерiмен өз бетімен жұмыс iстеу; сыни ойлау дағдыларын дамыту; білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру; қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық проблемаларды талдай білу; негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи дамудың процестерінің мәні туралы түсіну қабілеттерімен анықталады.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің төмендегі көлемі белгіленген:

6-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

7-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

8-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Ежелгі дүние тарихы қалыптылығы, тұтастығы және логикалық түрде аяқталуымен сипатталып, жүйелі түрде оқу пәні ретінде 6-сыныптан басталады. Тарихты оқыту оқушылардың тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыру үшін

адамзат жүріп өткен тарихи жолдары,оқиға-хронологиялық деңгейде қолайлы шарттар арқылы жүзеге асырылады

Келесі сыныптарда күрделі материалдарды, негізгі ұғымдарды, іскерліктер және қажетті дағдыларды қабылдау неғұрлым алтыншы сынып оқушыларында қалыптастыру өте маңызды.

Орта ғасырлар тарихы пәнін оқыту осы кезеңдегі қоғам дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктері болып табылады.Бұл адамзаттың әлеуметтік, мәдени, мемлекеттердің дамуы және Еуропадағы саяси феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Орта ғасырлар тарихын оқыту қазіргі заманғы адам үшін өте маңызды болып табылады, өйткені бұл кезеңде көптеген ұлттық мәдениеттер мен құндылықтардың пайда болуына байланысты. Мұғалім сол уақыт кезеңінің ерекшелігі туралы түсінік беруі; білім беру процесінде оқу пәнінің орнын анықтауы; курс құрылымының анықтамалық және оқулықтың әдістемелік аппаратымен, міндеттерімен таныстыруы; жаңа оқу пәніне қызығушылығын арттыруы тиіс.

Орта ғасырлар тарихын оқыту 7- сынып оқушыларын тарихи оқиғалар мен ұғымдарды талдау және салыстыру дағдыларын дамытады, осы тарихи дәуір қоғамының бөлігі ретінде қарапайым адамның өмірі бақылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы өркениет құрған жаңа заман немесе дәуірді оқыту 8-сыныпта басталады.

Пәннің бұл кезеңдегі материалдары оқушыларды аграрлық дамудан біртіндеп индустриялы дамуға арналған тақырыптармен таныстырады. Жаңа тарихты оқытудың нәтижесінде, мұрағат материалдарын анықтау, сондай-ақ шын мәнінде тарихи оқиғалар мен жаңа процестерді талдау және салыстыру өткен дәуірден және қазіргі заманғы оқиғалар ережелері оқушылардың іздеу және пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

9-сыныпта оқытылатын "Қазіргі заман тарихы" курсы оқушыларға ХХ ғ.басы мен ХХІ ғ. ең маңызды процестерге, құбылыстарға, ұғымдарға баса назар аударылып, адамзат дамуының жалпы бейнесі туралы түсінік қалыптастырады (Еуропа және Америка, Азия және Африка саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуынан бастап, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс және ең алдымен қазіргі заманғы құрылғылардың пайда болуын түсіну және түсіндірумен ерекшеленеді.

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту - өткен тарих туралы, адамзаттың өзара әрекетімен туындаған тарихи оқиғаларды оқу мен талқылау оқу кезінде оқушылардың әлеуметтік тәжірибелерін байыта отырып, жүйелендірілген білім қалыптастыруға ықпал етеді. Әртүрлі дүниетанымдық, құндылық-мотивациялық, әлеуметтік жүйелерден туындаған, тарихи қоғамдық процестердің логикалық ерекшелігін түсіну қабілеттерін дамыту түйінді рөл атқарады.

Сабақтарда оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес тарихи тұрғыдан ойлаудың (белсенді және проблемалық оқыту, жобалау, тұжырымдамалық оқыту) әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдану қажет.

Білім беру процесінде компьютерлік технологияларды және жобалық әдістемелерді пайдалануға ерекше назар аударуды талап етеді. Оқушылардың білім алу мүмкіндіктері мен алған білімдерінің қолдану аясын түсініп, бұл технологияларды әдеттегі әдістермен шебер қолдана білу мұғалім үшін маңызды.

Әдістемелік жағынан жоба тақырыптары және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, жобалар, коллаж және т.б.) оқушыларға алдын-ала беру керек. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларды аталған шығармашылық жұмыс түріне қарай, оның орындау талаптары таныстыру қажет. Тапсырмаларды дайындау кезінде оқушылар тек қана білім алып қоймай, сол оқиғаны түсіну, оқиғаның басты кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасы туралы өзіндік ойы болып, сезінуі қажет.

Топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады: шағын-конференция, пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жобаларды қорғау және т. б. Бұл ретте жобаларды жеке немесе ұжыммен, педагогиканың ынтымақтастық принциптерін қолдана отырып мұғалім мен оқушы бірге орындауы да мүмкін.

Өткен заманның кез-келген құбылысын осы заманның контекстінде, бұрын болған оқиғаларды және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады.

Оқыту төмендегідей тарихи түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:

- өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);

- себеп және салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси процестерге әсер етті);

- дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

- ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, оқытылу кезеңінде мемлекеттің саяси құрылысының айырмашылығы мен ұқсатығы неде);

- түсіндіру (мысалы, әртүрлі зерттеушілер сол немесе басқа тарихи оқиғаларды қалай сипаттайды).

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқу кезінде пәннің мазмұнына сәйкес тарихи зерттеулерді (болжамды ұсыну, зерттеу үшін сұрақтарды құрастыру, дереккөздерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, қорытыныдылар мен нәтижелерді тұжырымдау, өзіндік ұстанымын анықтау) өткізудің дағдыларын қалыптастрыу мен дамыту ұсынылады.

Мұғалімнің сабаққа арнайы дайындайтын тапсырмалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы тиіс:

- тапсырманы орындау мақсаты мен қолжетімділігі;

- дифференциацияны көздеу;

- сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

- проблемалық оқыту;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

- ақпараттың және терминологияның күрделілік деңгейі;

- әдебиеттер тізімі;

- ақпараттың тартымдылығы мен дәйектілігі;

- бағалау үшін мүмкіндіктерінің бар болуы.

Сыныптағы практикалық жұмыс, өздік жұмысы, үй тапсырмасын орындау оку процесінің құрамдас бөлігі.Практикалық сабақ тарихи дереккөздерімен және әртүрлі көзқарастарды салыстыра білуді жетілдіру, қоғамдық-тарихи даму мәселелері бойынша өзіндік ұстанымын білдіру сяиқты жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты. Практикалық тапсырмаларды орындау пәнішілік және пәнаралық байланыстарды орнатуды, ақпараттарды өңдеудің әмбебап тәсілдерін меңгеруді көздейді.Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен қызығушылығына байланысты сабақтар мамандандырылған (белгіленген тақырып бойынша) немесе кіріктірілген болуы мүмкін.

Жұмыстың келесі аспектісінде –оқушылардың білім мен білік дағдыларын бағдар уақыт пен кеңістігінде тарихи карталарды пайдалану ықпал етеді, картада тарихи оқиғалардың жай-күйін және олардың даму динамикасын көрсететін тапсырма болуы мүмкін.

Үй жұмысының мақсаты – қосымша материалдар арқылы сабақта меңгерген тақырыпты тереңдету, қайталау, бекіту және ой елегінен өткізу, оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін. Үй жұмысын берудің маңызы – оқушыны өз бетімен білім алуға итермелейді және оқу үрдісінің танымдық-шығармашылық іс-әрекеттерінің біріне жатады.

Сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін:

- ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық және т.б.);

- қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма және т.б.);

- тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, балама тест, көпжауапты тест);

- шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);

- өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

«Дүниежүзі тарихы» бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1) Каталаун даласы шайқасының 1565 жылдығы (451-2016);

2) Батыс Рим империясының құлауының 1540 жылдығы (476-2016);

3) 567 жылы Түрік қағанаты мен Византия арасында сауда келісімі мен әскери шарт жасалды (1450 жыл).

2016-2017 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:

- тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;

- мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын зерделеу;

- тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу тиімді білім беру тәжірибесін тарату болып табылады.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Адам. Қоғам. Құқық

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 9-сыныпта оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі процестері, адам өміріне әлеуметтік факторлардың әсері жөніндегі ғылыми білімді меңгеруге бағытталған. Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын, кіріктірілген сипатқа тән пәнді оқыту оқушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға негізделген.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқытуда «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін, құқықтық сауттылығы, мен азаматтық жауапкершілігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға, ұлттық сана-сезім мен толеранттылықты дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және терроризм мен экстремизм идеологияларын саналы түрде қабылдамауын қалыптастыруға, Қазақстанның көпэтникалық жағдайында қарым-қатынас жасай білуіне бағытталады.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

9-сыныпта аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты құрайды.

Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мазмұнын игеру кезінде түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді және өнімді әрекеттердегі адамның қабілетін қамтамасыз ететін оқушылардың тұлғалық және пәндік нәтижелеріне көңіл бөлу ұсынылады.

Пәнді оқытуда оқыту процесінің әдісі мен ұйымдастырылуын анықтайтын ұйымдастырушылық-әдіснамалық принциптер: білімнің зерделілігін, толықтығын, тұтастығын, сабақтастығын, өзара байланыстылығы мен білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігін ескерген дұрыс.

Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары

ұсынылады:

- - мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

- оқушылардың білім алуы «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;

- оқушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

- оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

- оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

- оқушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.

Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және басқа пәндерден алған білімдеріне сүйену, оқу материалдарын тарихи фактілермен, әдеби образдармен, физикалық процестермен, т.б. нақтылау ұсынылады.

Пәнді оқытуда мынадай педагогикалық әдіс-тәсілдерді:

- оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ой-пікірлерін айту, гипотеза ұсыну, жоспарлау, зерттеу жүргізу, дәлелдеу қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;

- белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «жобалау» т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсынуы, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);

- сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын қоғамдық және құқықтық проблемаларды талқылау;

- ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды тиімді пайдалану, презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстар жасау, сандық білім беру ресурстары материалдарын қолдану ұсынылады.

Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі сабақ барысында маңызды заңнамалық актілермен, заң түсіндірмелерімен (Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек құқықтарының негізгі түсініктері) жұмыстар ұйымдастыру болып табылады.

Оқытудың әдіс-тәсілдері көптүрлілігіне (пікірсайыс, кейс әдісі, дебат, рөлдік ойындар, жағдаяттармен жұмыс, жобалық және оқу-зерттеулік қызмет т.б.) басымдық беру ұсынылады.

Ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:

пән бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын оқытуға ұсынылатын тапсырмалар:

1) «Зайырлы қоғам және мемлекеттілік жоғары рухтандырушылық (эссе);

2) «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» (негіздеу);

3) Ұлы мақсаттарға жетелейтін идея – Мәңгілік Ел идеясы (эссе);

4) Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты (жоба) және т.б..

2) пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:

1) «Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»;

2) «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»;

3) «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»;

4) «Мен және менің құқығым»;

5) «Өз құқығыңды білесің бе?»;

6) «Бала және оның құқығы»;

7) «Ұлы дала заңдары»;

8) «Заң және заман»;

9) «Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б.

Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсат-мүдделері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Жаратылыстану» пәні бойынша нақтыланған оқушының тұлғалық рухани-адамгершілікті дамытуды ынталандыру, жалпыадами құндылықтарды және құнлықтар туралы білімдерді жетілдіруге, оқушының жеке әлеуетін дамытуға, өзіндік қабілеттерін, әлеуметтік маңызды тұлғалық қабілеттерді және өмірлік дағдыны қалыптастыруға жағдай жасау, адамды өмірге дайындауды табысты іс жүзіне асыру.

Оқыт пәнінің негізгі міндеттері:

- өзін-өзі тануға және үнемі жетілуіне бағыттау;

- оқушыларда қарым-қатынас жасау негіздерін қалыптастыру;

- қоғамда және ұжымда өз орнын білуге көмектесу;

- өзі, адамдар және қоршаған орта бір-бірімен қарым-қатынаста екенін сезінуді ынталандыру;

- өмірлік және әр түрлі оқу жағдаяттарында адамгершілік және әлеуметтік тәртіп тәжірибесін қалыптастыру;

- не үшін өзінің өмірсүретінің және өмірлік мақсатқа жету үшін тұлғалық қасиеттерін дамыту.

«Өзін-өзі тану» бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы маңызды жағдай болып «Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық» сияқты әдістемелік тәсілдер сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесі арнайы жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу процесіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі.

9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғамдағы тарихи, мәдени мен рухани құндылықтықтарды анықтайтын бастаулары ретінде, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін ғылыми-дәйектелген негіздерін қалыптастыруды құраушы элемент ретінде қабылданған болып табылады. Курс орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:

- оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- зайырлылықты рухани-адамгершілік құндылықтар, мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдау, дінді мәдениет ретінде қабылдауға үйрету, білім жүйесіне және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;

- оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.

Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:

1) оқушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру;

2) зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру;

3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;

4) діннің дүниетанымдық, мәдени танымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру;

5) оқушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;

6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық ұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;

7) Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау

8) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымдарына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;

9) оқушылардың бойында діни әдебиеттер, электрондық ресурстар және

бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;

10) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, осы тұрғыдағы білімін арттыруға, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бағдарламаларының материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «Өнер» сияқты пәндерімен және «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы», «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз мәнділігі бар білім алмайды. Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар,жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.

Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.

Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлі екендігін оқушылардың ұғынуына айрықша назар аударылған .

«Қазақстан-дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан Республикасының діни заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты басты жолы болуы тиіс.

Курстың мазмұнында оқушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.

Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады. Осылайша, жүйелі түрде игерілген білім оқушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және

ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.

Оқушылар бойында өз халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімі қалыптасуы тиісті, олар гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарды білуі тиіс.

Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу процестерін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жиналыс, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын, пікірталас және т.б. формаларын қолдану тиімді.

Жобаларды жеке және ұжыммен ынтымақтаса педагогика принциптерін қолдана отырып орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:

- дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;

- діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;

- дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;

- БАҚ ақпараттарына сүйене отырып елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;

- Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;

- толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;

Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:

- мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;

- пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;

- жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;

- ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтау;

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстар жасауға болады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» бойынша әзірленген электронды оқулық, Қазақстанда дін жүйесінің таралуы мен ықпалы туралы мәдени-танымдық сипаттағы барлық діндер бойынша қысқаша бейнематериалдар т.б. (міндетті түрде Дін істері комитетінің сараптама комиссиясы мақұлдаған) сабақ барысында пайдалану ұсынылады.

Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:

- ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;

- зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;

- мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін;

- діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін;

- қазақ-мұсылмандығының танымдық ойларын;

- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;

- республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын;

- экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.

сонымен бірге:

- зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,

- экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитеті;

- діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;

- өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.

«ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Музыка

5-6-сыныптарда «Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде қолдана білуге негізделген. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелейді.

Пәнді оқытудың міндеттері:

дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;

оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып, музыкалық шығармаларды бағалай білу;

музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу;

музыкалық өнер арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;

музыка өнерінің әртүрлі әрекеттерінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.



Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс және батыс классикалық музыкасының, әлем музыкасының ең озық, қазақстандық заманауи өнер туындыларын қамтиды және оқушылардың мәдени, құндылықты, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

«Музыка» пәні бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқытуды көздейді, бұл өнер түрлерінің өзара байланысы туралы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық білдіре алады. Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады.

Оқушылардың «Музыка» пәні бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы (мәтінмен жұмыс, ән салуға жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, музыка мен ән салуға қызығушылықты қалыптастыруға және оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді,

«Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.

Бейнелеу өнерi

Оқыту мақсаттары:

- эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;

- қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;

- өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;

- халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;

- оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ, орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.

Оқыту міндеттері:

- өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;

- сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру, жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;

- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;

- көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);

- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);

- балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді: зейін, есте сақтау, қиял, елестетуді дамыту;

- оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;

- өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.

«Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын қолданып көркем бейне жасауына бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері», «Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».

Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.

Сабақтардың маңызды нәтижелері:

- мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, суретте немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен бағыттарын айыра білуі;

- өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығармашылығымен танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған. Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады.

Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі. Олар оқушының мәдени, құндылықты, тұлғалық және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін: «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары», «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» бөлімдерімен ұсынылған.

Осылайша бөлімдерге бөлу ерекшелігі мынада, бірінші бөлім оқу материалының мазмұнын ашады, екінші бөлім оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші, олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат;

6-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.

«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Технология

«Технология» пәнін оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар,

технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.

Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (8-кесте).

8-кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары

Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.

3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

6. Электротехника және электроника негіздері.

7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.

8. Шығармашылық жобалау саласы.

9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Электротехника және электроника негіздері.

6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.

7. Шығармашылық жобалау саласы.

8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.

Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.

Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының нұсқаларын қосуға құқығы бар.

«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып) жаңа бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы мәселелер қарастырылады.

Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларды орындау барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Электр қауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих және өнермен байланыстырылады.

Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан бөліну бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (9-кесте).

9-кесте. 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары

Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-

1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше,

3. Маталармен танысу

. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-дау және,

шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.

4. Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы.

9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы.

10. Жоба.

11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.

көркем әшекейлеу (белдемше шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жоба.

9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.

Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сол себепті оқушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.

«Технология» пәнінен 5-9-сыныптардың апталық оқу жүктемесі 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.

Сызу

«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады. Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып, білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгі түпнұсқа болып табылады.

Пәнді оқыту мақсаттары:

- логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;

- геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;

- еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;

- функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;

- шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту міндеттері:

- бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

- әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін

орындауды және оқуды үйрету;

- нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;

- оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;

- кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;

- графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.

Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.

Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.

Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе болып табылады.

Оқу уақытының көбі практикалық жұмыс орындауға бөлінуі қажет. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады

Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады. Түрлі оқу құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).

Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).

Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:

1) орындалуының түрлілігімен ерекшеленетін шығармашылық,
эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану;

2) оқушыларды өздерінің оқу әрекеті нәтижелеріне талдау жасауға бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу;

3) үй тапсырмасын анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру.

«Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Дене шынықтыру

«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды

Оқыту мақсаты:

- өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

- салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

- денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

- дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

- дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

- өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;

- тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.

Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу,

спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

- мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (оқушыларға қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асыру барысында) құқылы;

- «Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;

- мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

- оқушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

- оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

- дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері).

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

Оқу жылы ішінде 4 реттен кем емес жалпы мектептік «Денсаулық күні» өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

Оқушылардың дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға (қозғалыстарды қайталау, гимнастика жасау және т.б.) мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері

бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz).

«ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі:

5-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

6-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

7-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

8-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

9-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.

5 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Арнайы оқытуды талап ететін қағидалар мен ережелер – білім алушылардың тілге саналы көзқарасы мен жауапкершілігін қалыптастырады. Келешекте тілдің иесі болатын жастардың тілдік сезімін күшейту, әсіресе, қазіргідей жаһандану өріс алған қоғамда өткірлене түсуде.

Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:

1) қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;

2) тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

3) тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;

4) тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.

Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға басымдылық беру. Тілдік білімді оқушының сөйлеу тілінің базасы ретінде меңгерту және тәжірибелік машықтарды қалыптастыру бағытында жетілдіру.

Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру жолы – «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын қазақ тіл білімінің дамуына сәйкестендіру арқылы тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту, тілді оқытуды Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негіздеу.

Қазақ тілі – мектепте оқытылатын барлық пәндердің, ғылымның кілті. Ғаламды танытып отырған барлық ғылым табыстары қазақ тілі пәнінде жаттығу мәтіні ретінде берілуі тиіс.

10-11-сыныптарда оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады;

- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады.

Пән бойынша оқу жүктемесі:

- қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

- жаратылыстану-математикалық бағыт:

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда граматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білгенін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.

Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар

27-кесте. 10-11- сыныптарда ұсынылатын жазба жұмыстарының саны

Сыныптар

Жазба жұмыстар

түрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

І

ІІІ

ІҮ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10

Диктант

2

2

2

8

11

Диктант

2

2

2

8

Жаратылыстану-математикалық бағыт

10

Диктант

1

1

1

4

11

Диктант

1

1

1

4

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1);

- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0);

- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8);

- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9).

Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің

түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті қателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.

Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:

1) сөзді тасымалдауда;

2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;

3) әлі меңгерілмеген ережелер;

4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.

Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.

Жеңіл қатеге:

- ережеге бағынбайтын сөздер;

- автор сөзін берудегі тыныс белгілер жатады.

Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады.

Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:

- «5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;

- «4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;

- «3» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда ;

- «2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.

Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.

Емлелік қателерді түзету әдістері. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.

Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі ескеретін жағдайлар:

- мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;

- орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;

- түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;

- емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен

түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;

- сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс.

«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс.

10-11-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен арнайы дәптерлер болуы тиіс және дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет (28-кесте).

28-кесте. Оқушы дәптерлерінің саны

Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Барлығы

Қазақ тілі

1

1

2

«Қазақ тілі» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстары келесі тәртіппен орындау ұсынылады:

- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;

- дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.

- «Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері.

Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:

- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;

- үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

- жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);

- сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

- мәтін азат жолдан басталады;

- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

- талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;

- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады;

- баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады;

- талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау);

- төл дыбыстарды дұрыс жазбаса жиек жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс;

- дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;

- дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.

Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға көрсетілуі керек:

- орфографиялық қате - /.

- тыныс белгілер қатесі – ۷

Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру бойынша (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының мәселелерін қарау ұсынылады:

1. «Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша заманауи сабақтардың контенті: іріктеу, құрылымдау, бейімдеу»;

1. «Оқыту мен білім берудегі инновациялық тәсілдер»

2. 10, 11-сыныптарда қазақ тілі мен әдебиет пәнін жоғары деңгейде меңгерту бойынша білім беру процесін ұйымдастыру;

3. Білім мазмұнын жаңарту және құзыретті тәсіл – жетістікті мектепке қадамдар (оқыту үлгілерінің кейбір сипаттамалары);

4. «Критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік аспектілері»

5. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру»;

6. «Блум таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері мен тапсырмалары».

Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

2012 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бұл құжатта ел келешегінің кемелділігіне тұғыр болар аса маңызды идея көтерілді. Ол – «Мәңгілік ел болу» идеясы. Дәл осы құжатта бұл идеяны жүзеге асырудың тегеурінді тетігі негізделді. Ол – мемлекетшілдік рух қалыптастыру туралы тұжырым. Осы тетіктің қозғаушы күші де анықталды. Ол – мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің шарты көрсетілді. Ұлт болашағына қызмет етудің бірден-бір көрсеткіші де, Қазақ мемлекетінің іргетасын бекітуге мүдделілігінің берік дәлелі де бүгінгі жас ұрпақтың мемлекеттік тілге қатынасы екендігі тайға таңба басқандай айқын айтылды.

«Әдебиет – халық өмірінің айнасы». Қазақ әдебиеті бүгінгі ақын-жыраулардың шығармалары ғана емес, оның сандаған ғасырлық тарихы бар. Қазақ әдебиетінде халық басынан кешірген әр кезеңнің бет-бедері, жетістігі мен ауыртпашылығы, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесі жатыр. Адамзат құдіретімен жасалған тарихи ескерткіштер мен мәдени, әдеби мұралар –даналықтың көзі, ұлттың шежіресі, халықтың өмір тәжірибесі. Осы мұралар арқылы қалыптасатын тарихи сана жастарды «ойлай алатын адам» дәрежесіне көтереді. Өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері қандай ұстанымдарға сүйеніп жүзеге асырылды; қашан, қайда, қалай құрды деген сауалдарға жауап іздеу арқылы қоғамдық ортаны тануға; адамзаттың тілі арқылы қандай ұлы шығармалар жазылды деген ойларға жетелеп, өздігінен талдау-қорытынды жасауға үйретеді.

10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393

бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген):

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады;

- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы.

Пән бойынша оқу жүктемесі:

- қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.

- жаратылыстану-математика бағыты бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.

Жазба жұмыстарына (шығарма) қойылатын талаптар (29-кесте).

29-кесте – 10-11-сыныптарға ұсынылатын жазба жұмыстарының саны

Сыныптар

Жазба жұмыстар түрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10

Шығарма

2

2

2

2

8

Сыныптан тыс оқу

1

1

1

1

4

Барлығы:

3

3

3

3

12

11

Шығарма

2

2

2

2

8

Сыныптан тыс оқу

1

1

1

1

4

Барлығы:

3

3

3

3

12

Жаратылыстану-математикалық бағыт

10

Шығарма

2

2

2

2

8

Сыныптан тыс оқу

1

1

2

Барлығы:

3

3

2

2

10

11

Шығарма

2

2

2

2

8

Сыныптан тыс оқу

1

1

2

Барлығы:

3

3

2

2

10

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады.

Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар:

1) тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы және жазып отырған тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты аша білуі;

2) артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу;

3) шығармадағы болған жайды баяндауға аз сөзге көп мағына сыйғызу;

4) шығарманың барлық бөліктері тақырып және негізгі ой арқылы бір-бірімен байланысты болу;

5) шығарманның кіріспе және қорытынды бөлімін қоса алғанда тұтас жұмыстың 4/1 бөлігіндей болу шарт;

6) міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы шарт;

7) барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау;

8) шығармада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қателіктер жіберілмеуі керек;

9) оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай бағаланады.

Оқушы шығармасының көлемі түрлі жағдайларға: стилі мен жанрына, тақырыптың мазмұны мен сипатына, олардың жалпы дамуына байланысты болғандықтан кестеде берілген шығарма көлеміне мұғалім үлгі ретінде қарауы қажет (30-кесте).

30-кесте. Шығарма көлемі мен уақыты

Сынып

Көлемі (оқушы дәптерінің беті)

Уақыты

10

6-8 бет

90 минут

11

6-8 бет

90 минут

Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі.

Эссе жазуға қойылатын талаптар.

Эссе - пәнді жете баяндау немесе анықтау бола алмайтын және бір мәселенің немесе оның нақты себептері бойынша өзіндік түсінік-пікірі мен жеке әсерін білдіретін шағын көлемді еркін құрылған прозалық шығарма. Эсседе мәселеге кең көлемде талдау жасалмайды. Ол бір нәрсе туралы жаңаша, субъективті сөзбен айшықтап ұсынылады, шығарма философиялық, тарихи-биографиялық,, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе таза беллетристикалық сипатта болуы мүмкін.

Эссенің мақсаты шығармашылық ойлауды және өзінің жеке ойын өз бетінше дамыту сияқты дағдылардан тұрады, өйткені эссе мазмұнында біріші кезекте, автордың жеке басы, оның дуниетанымы, сезімі бағаланады. Эссе жазу оқушыларға ойларын нақты және сауатты тұжырымдауға, ақпаратты құрылымдауға, негізгі ұғымдарды пайдалануға, байланыстың себеп-салдарларын анқытауға, тиісті мысалдармен тәжірибені суреттеуге, өзінің қорытындысын жасауға мүмкіндік береді.

Эссе құрылымы оған қойылатын талаптармен анықталады:

- проблема бойынша эссе авторының пікірі қысқаша тезис ретінде баяндалады;

- пікір дәлелдемелермен бекітілуі тиіс, сондықтан тезистен кейін аргумент келеді.

Аргумент – қоғамдық өмірдің фактілері, құбылыстары, оқиғалары, өмірлік жағдаяттар мен өмірлік тәжірибелер, ғалымдардың пікіріне сілтеме және т.б. Әрбір тезиске екі аргументтен келтірген дұрыс: бір аргумент сендірмейтін аргумент сияқты, ықшамдылық пен бейнелілікке бағдарланған, жанрда орындалған, баяндалған үш аргумент «ауырлау» болуы мүмкін.

Сол себепті, эссе айналмалы құрылымнан тұрады (тезистер мен аргументтердің саны тақырыпқа, таңдаған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты).

- кіріспе

- тезистер, аргументтер

- тезистер, аргументтер

- тезистер, аргументтер

- қорытынды

Кіріспе мен қорытынды проблемаларға назар аудартуы тиіс (кіріспеде ол айтылады, қорытындыда автордың пікірі түйінделеді). Оқушылардың әссеге сезімдіктің, айқындылықтың, кқркемдіктің тән екенін түсінгендері маңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгтерді, шаблон фразаларды, сөздерді қысқартуды, тым жеңіл ойларды қолданбағандары дұрыс. Эссе тілі түсінікті болуы тиіс.

Эссе жазудың формалды ережелерінің ішінен, тақырыптың болуын атап көрсетуге болады. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының кіші формасы болып табылады, соңында қорытындыны міндетті түрде қайталау талап етілмейді, ол негізгі мәтінге немесе тақырыпқа енгізілуі мүмкін. Дәлелдеме мәселелердің тұжырымдалуын жүйелейді, Мәселелерді тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін.

Оқушылар эссе жазу кезінде неғұрлым типтік қателерін білуі тиіс.

Жалықтыратын алғысөз. Жеткіліксіз бөліктер. Қызықты эссе қорытындысын мысалдарсыз санамалау арқылы берсе ұтылып қалады.Ұзақ сөйлемдер. Ұзақ сөйлемдер автордың дұрыстығын көрсетпейді. Қысқа сөйлемдер үнемі жақсы әсер қалдырады. Ең жақсысы, ұзақ сөйлемдерді қысқа сөйлемдермен алмастырып отыру. Ғылыми терминдерді, энциклопедиядан сөздерді пайдалану оқырманның назарын аударады, эссенің мән- мағынасын кемітеді.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

4 қыркүйек - жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің туғанына 75 жыл (1942 ж.);

5 қыркүйек – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл (1872 -1937жж);

17 қыркүйек - ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 95 жыл (1922-1993жж) ;

28 қыркүйек - Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл (1932 ж) ;

15 қазан - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сайын Мұратбековтің туғанына 80 жыл (1936-2007);

2 қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889 жж);

26 қараша - қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (1902-1958жж);

12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеуші,ғалым, филология ғылымының докторы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (1942- 2009 жж);

12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл (1927-2006 жж);

22 наурыз - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл (1902 -1985 жж);

15 сәуір - жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (1922 -2007 жж );

көрнекті ақын, жырау Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802- 1874жж);

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл (1847 -1920жж)

1867 жылы - қазақтың суырыпсалма ақыны Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл (1867- 1922 жж);

9 шілде - ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 195 жыл (1882-1939жж);

Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

1. http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;

2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;

3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;

4. http://abai.kz-ақпараттық –танымдық сайт;

5. http://u-s.kz- ұстаздар сайты;

6. http://ustaz.kz -ашық сабақтар сайты;

7. http://sabak-сайт творческих учителей Казахстана;

8. http://ojarovaroza.ucoz.kz-қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің портфолиосы

9. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;

10. http://bilimsite.kz/ustaz -білімділер сайты;

11. http://u-s.kz/publ/ -ұстаздар сайты;

12. http://sabaq.kz -ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;

13. http://ped.kz -ұстаздардың әлеуметтік порталы;

14. http://oqu-zaman.kz-ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді сайт;

15. http://tarbie.org- ұстаздар сайты;

16. http://kazbilim-edu.kz-оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;

17. http://bilimtime.kz -Ұстаздарға арналған сайт.

«Абайтану» курсы

«Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.

Курс жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет