Бақылау нысандары
|
Нормалар
|
1
|
Сабаққа қатысу, бақылау және талдау
|
- айына (директор орынбасарлары үшін) 10-15 сабақтан кем емес
- айына (білім беру ұйымының директоры үшін) 8-10 сабақтан кем емес;
- мақсатқа байланысты сабаққа қатысу 15-тен 40 минутқа дейін созылуы мүмкін
|
2
|
Қысқа мерзімді жоспарлар мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды тексеру
|
қажет болған жағдайда
|
3
|
Сынып журналдарын тексеру
|
қажет болған жағдайда
|
4
|
БЖБ және ТЖБ-ның орындалуын тексеру
|
тоқсанына 1 рет
|
5
|
Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен СБР қолдануы
|
тоқсанына 1 рет
|
Қажет болған жағдайда білім алушылардың біліміне бақылау кесінділерін жүргізуге жол беріледі.
Сабаққа қатысу, бақылау және талдау жөніндегі басшылық
Сабақты бақылау – білім алушылардың жұмысын, олардың жетістіктерін, білім алушылардың эмоционалдық және психологиялық көңіл-күйін, оқыту әдістемесін, білім беру үдерісін ұйымдастыруды бақылауға мүмкіндік беретін рәсім. Бақылау нәтижесіндегі жазбаларда мұғалімдер туралы ойлар немесе пікірлер болмауы тиіс. Бұл деректер жинау әдісі сабақта білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.
Сабақты бақылау парақтары сабаққа қатысу мақсатына байланысты жасалады және төмендегілер қамтылады:
1) жалпы мәліметтер;
2) сандық көрсеткіштер (бағалау шкаласы таңдап алынады);
3) қорытындылар мен ұсынымдар.
Сабаққа қатысу мақсаты мониторинг болуы мүмкін:
- сабақта мұғалімнің формативті бағалау өткізуі;
- педагогтың білім алушыларды оқыту процесіне тартуы, сабақта білім алушылармен жеке жұмыс тәсілдерін жүзеге асыруы;
- сабақта сандық білім беру ресурстарын, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігі;
- педагогтың кері байланысты жүзеге асыруы;
- оқыту процесінде белсенді әдістер мен технологияларды қолдануы және т. б.
Барлық сабақтардан кейін қатысқан сабақтарға бірлесіп талқылау жүргізу ұсынылады. Бақылаушы сабақта өткізетін уақыт аралығы әртүрлі болуы мүмкін – сабақ бойы, сабақтың жартысы немесе сабақтың аз бөлігі ғана.
Ең бастысы, сабақты таңдап алған уақыт аралығында оқу бағдарламасы шеңберінде оқу мақсатын іске асыру бойынша нақты қорытынды жасауға мүмкіндік болуы тиіс.
Сабаққа барған кезде сыпайылықпен, қолайлы және жайлы орта қалыптастыра білу керек. Егер сабақтың бірінші жартысын бақылау жоспарланған болсаңыз, онда уақытында келіп, сіздің келуіңіздің негізгі мақсатын түсіндіру маңызды. Мұғалім жұмыс жүргізетін қысқа мерзімді сабақ жоспарымен танысуға болады.
Егер сабақтың екінші жартысын бақылау жоспарланған болса, онда сынып бөлмесіне кірген кезде сабақ барысына кедергі келтірмеуге тырысыңыз. Сабақ кезінде сынып бөлмесі мүмкіндік берсе және егер бұл оқу процесіне кедергі келтірмесе, онда сыныпта жүруге болады.
Байқаудың мақсаты сабақтың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер және негіздеме жинау болып табылатынын есте сақтау қажет.
Бақылау фокусы мұғалімнің қызметіне де, білім алушылардың қызметіне де бағытталған,өйткені білім алушылардың оқу бағдарламасы мен ресурстарын қабылдауы оны табысты енгізудің маңызды индикаторларының бірі болып табылады.
Сабақта педагогикалық тәсілдерді, білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындауын, мұғалімнің оқу материалын ұсыну форматын және мұғалім тарапынан білім алушыларға эмоциялық қолдау көрсетуді қажет. Сабақты талдау кезінде мұғалімнің кәсібилігі мен біліктілігінің деңгейін атап өту маңызды.
Сабақты қарау аяқталғаннан кейін сабақты бақылау қорытындысын бірден белгілеу ұсынылады. Сабақты көру мүмкіндігі үшін мұғалімдерге алғыс айту керек. 3-қосымшада бақылау парағының үлгісі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |