Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы республикада қашықтан оқыту бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысын талдау мынаны көрсетті



бет27/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы республикада қашықтан оқыту бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысын талдау мынаны көрсетті.

1. Білім алушылардың қашықтықтан оқытудың әртүрлі құралдарын пайдалануы:



  • орыс тілінде оқытатын мектептердің мұғалімдері сандық оқу материалдарын көбірек пайдаланды;

  • Респонденттердің 22,2%-ы өз мұғалімінің сабағы арқылы видеобайланыс, телеабақтар режимінде қашықтан оқитындарын айтқан;

  • оқушылардың 49% - дан астамы қашықтан оқыту кезінде дербес оқуға төселді.

2. Зерттеу қорытындысы бойынша қашықтан оқыту түрінің артықшылықтары:

  • тұрғылықты жеріне қарамастан қол жетімді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға мүмкіндік береді;

  • жеке білім беру траекторияларын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, үлгерімі нашар оқушылар, педагогтердің пікірінше, оқу тапсырмаларын орындауға қызығушылықпен және жауапкершілікпен қарады;

  • білім алушыларды өзіндік жұмысқа ынталандырады;

  • елдің географиялық ерекшеліктерін және ауыл мектептері үшін қашықтан оқытудың қолжетімділігін ескере отырып, оқытудың осындай нысанын қолдану өзекті болып табылады.

2. Зерттеу қорытындысы бойынша қашықтан оқыту нысанының қиындықтары:

  • жаңартылған бағдарламалар бойынша педагогтердің пәндік білімдері мен жұмыс дағдыларының жеткіліксіздігі;

  • мұғалімдердің қашықтан жұмыс істеуге дайын болмауы. Білім беру платформаларында жұмыс тәжірибесінің, желіде жұмыс істеу дағдыларының болмауы;

  • жүйелі түрде интернет пен сандық платформалармен қиындықтар туындады.

Дәстүрлі емес жағдайларда оқытудың жаңа және өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологияларын белсенді меңгерген, өзінің кәсіби қызметі үшін жағдайларды түбегейлі өзгертуге дайын болған педагогтердің басым көпшілігінің жақсы бейімделу қабілеті қалыптасқаны байқалды.

Субъективті және объективті сипаттағы қиындықтар қашықтан оқыту технологиясына техникалық және әдістемелік қолдауды күшейту; қашықтан білім беру процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің жүйелі курстық дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігіне себепші болды.

Оқу бағдарламасы мазмұнының көлемін оңтайландыру, тақырыпты барынша ашу үшін тапсырмалар түрлерін таңдау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар контекстінде қолда бар электрондық цифрлық ресурстарды бағалау мен қолдануды ұйымдастыру мәселелері біліктілікті арттыру курстарының мазмұнында өз орнын табуы тиіс.

Қиындықтар мен проблемаларға қарамастан, қашықтан оқыту оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып және білім беру мазмұнының тұтастығын сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін жалғастыруға мүмкіндік берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет