2.3. Орта білім беру ұйымына кәсіптік қызметке алғаш рет кіріскен педагогке (бұдан әрі – педагог) бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог (бұдан әрі – тәлімгер) бекітіледі.
2.12. Тәлімгерге тәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы төленеді.
2.13.Тәлімгерлер резервін педагогикалық кеңес осы Қағидалардың 14, 15-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес, орта білім беру ұйымының басшысы мен басшының орынбасарларын қоспағанда, барлық жұмыс істейтін педагогтер қатарынан әдістемелік бірлестіктердің ұсынысы бойынша қалыптастырады.
3.14. Шағын жинақты мектептегі тәлімгерден басқа, тәлімгер мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
1) «педагог-зерттеуші» не «педагог-шебер» біліктілік санаты;
педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары мен нормаларын сақтауы;
соңғы үш жыл ішінде оқытатын пән бойынша білім алушылардың білім сапасы кемінде 60% - 70% .
3.15. Шағын жинақты мектептегі тәлімгер мынадай талаптарға сай болуы қажет:
1) «педагог-зерттеуші» не «педагог-шебер» біліктілік санаты;
2) педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары мен нормаларын сақтауы;
3) соңғы үш жыл ішінде оқытатын пән бойынша білім сапасы кемінде 50% - 60%.
|