Әдетте барлығының назарында болады, маңайында басқа бала жоқ болса, өзін ата-анасымен салыстырады; басқа балаларға қарағанда өзін сенімсіздеу ұстауы мүмкін. Өте жауапкершіл; өз дегеніндей болмаса, бірлесіп істеуден бас тартады.
Басқа балалармен байланысқа түсуіне мүмкіндік беру /бала бақша, достарының балалары, мектептегі жолдастары/; қонаққа жиі бару; достардың ортасында қызықты кештерді өткізу; Тәрбиелеуге басқа туыстарды шақыру, бала күтушінің көмегін пайдалану.
Туу ретінің сипаттамасы
Жақсы ата-ана не істей алады?
Кенже бала
Үнемі ата-аналарымен немесе үлкен балаларымен еркелетіп жіберілген. Оларды жиі қақтығыстардан қорғайды. Өздеріне жиі аяушылық танытады. Жиі өздігінен әрекет ете алмайды.
Өзіне деген сенімін ынталандыру. Көшбасшы болуына мүмкіндік беру. Сәби деп санамау.
Теледидарды электронды бала күтуші ретінде пайдаланбауға тырысыңыз.Баланы конструктор, құрастыру, сурет салу сияқты өзі таңдаған ойын түрлерімен ойнауына мүмкіндік беріңіз, қолдау көрсетіңіз.
Баламен қарым-қатынаста болыңыз, себебі, жер бетіндегі ең құнды нәрсе-адамдардың қарым-қатынасы. Оны балаға сезіндіріңіз.Тіпті ол уақытының көбін теледидар алдында өткізгісі келсе де сіз де өзіңізбен қызықтыруға мүмкіндігіңіз бар.
Кітаптар оқыңыз. Оқуға деген махаббатты ата-аналар ғана үйрете алады. Қызықты әдебиетті таңдап алыңыз, баламен бірге кітап оқыңыз. Теледидар кейіпкерлерінен гөрі, кітап кейіпкерлерімен кездесу маңызды болсын. Сезініңіз, ол негізінде ол болатын нәрсе! Бастысы кітаптарды таңдап, үй кітапханасын құру керек.
Интернетке тәуелділіктің белгілері.: Бала интернетте отырғанда уақыттан тыс қалады.Бала торапта отырған уақыты жайлы ата-аналары мен достарына жалған айтады. Ол мектептегі қосымша сабақтар мен үйірмелерге баруды қояды.
Интернет үшін бала қарым-қатынастарды, жетістіктерді қабылдамайды. Бала “онлайнда” тапқан адамдармен жаңа қарым-қатынас қалыптастырады. Компьютер алдында тамақтанады.
Интернетке тыйым салмаңыз, бірақ отбасында интернетті пайдаланудың ережесін тағайындаңыз. Жалпы қарым-қатынас пен отбасында эмоционалдық қарым-қатынас болсын. Ата-ана немесе жақын туыстары балаға уақыт бөліп, оның жан әлемінде не болып жатқандығына назар аударғаны жөн. Оның сезімдері мен ойлары туралы сұрастырып, баланы не қынжылтып,қобалжытып жүргенін біліп жүрсеңіз компьютерлік және интернетке тәуелділіктен құтқара аласыз. Ең басты және ең маңызды ереже- баланың өміріне деген риясыз қызығушылық. Егер ата-аналар баланың жақсы достары ретінде танылса компьютер, интернет, теледидар келесі орындарға ауысары сөзсіз.
Мінсіз ата- ана қандай болу керек?
Адамның кез келген әрекетін бағалауда кейбір идеалдар мен нормаларға сүйенеді.
Тәрбиелік жүйеде мұндай абсолюттік норма жоқ сияқты. Біз ата-ана болып үйренеміз, кез келген істе шеберліктің құпиясын ашып табамыз.
Роберт Рождественскийдің сөзімен айтқанда, әрбір адам есте сақтау керек: