1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы
|
Бастауыш мектеп деңгейінде:
10-1. Оқытуы қазақ тіліндегі оқушылар үшін «Сауат ашу» пәні бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері «Әліппе» оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден кейінгі кезең міндеттері «Ана тілі» оқулығымен 2-жартыжылдықта; оқытуы орыс тіліндегі оқушылар үшін «Букварь»/«Обучение грамоте» пәні бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері «Букварь» оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден кейінгі кезең міндеттері «Обучение грамоте» оқулығымен 2-жартыжылдықта жүзеге асырылады.
48, 64, 95. Сыныпта ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар болған жағдайда сынып толымдылығы осындай әр балаға барлық білім алушылар санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
51.1.Сыныптарды топтарға бөлу 51-тармақта көрсетілген пәндерден басқа инвариантты компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.
|
2. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы
|
Биылғы жылы балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілді.
Барлық осы процестер толығымен автоматтандырылады және «Электрондық үкімет» арқылы қол жетімді болады. 1-сыныпқа қабылдау үшін портал арқылы ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін өз үйінде бола отырып өтініш беруге болады. Оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру жаңа форматта жүргізіледі, ол да автоматтандырылады. Ата-аналар бір мектептен екіншісіне барып, құжаттарды қағаз форматта тапсырудың қажеті жоқ, ескі мектепте шығу үшін түбіртектерді, содан кейін келу түбіршегін ресімдеудің қажеті жоқ.
Мамандандырылған ұйымдардан, гимназиялардан және лицейлерден басқа, білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына балаларды қабылдау кезінде түсу емтихандарын, тестілеуді, сынақтарды, конкурстарды өткізуге жол берілмейді.
|