Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылардың бойында



бет59/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылардың бойында: еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; мансап; функционалдық сауаттылық; компьютерлік сауаттылық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі тәрізді құндылықтар қалыптастыруға көмектеседі.

Мектептегі еңбек тәрбиесі – бұл балаларды әртүрлі педагогикалық ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы жұмыс түрлеріне тарту процесі. Ол практикалық тәжірибе, еңбек дағдылары, шығармашылық ойлау және еңбексүйгіштік қабілеттерін дамыту мақсатында болады. Білім алушылардың еңбек тәрбиесіне түрлі іс-шараларды: қолөнер көрмесі, сыныпты тазалау, гуманитарлық көмек, көгалдандыру және мектепті абаттандыру, қолөнершілер турнирі, қайырымдылық істер апталығы, көңілді шеберлер қаласы, мектепті косметикалық жөндеу, еріктілер акциясы, шефтік көмек, қамқорлық алаңдары, еңбек десанты, мектептің жөндеу бригадасы.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмысы мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауға арналған тиімді шаралардың бірі болып табылады. Мектептерде бұл іс-шара білім алушылармен оқу-тәрбие процесінде, сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс үлкен өмірге қадам басқалы отырған адамға көмек беретін жүйелі іс-шараларды қамтиды, ғылыми негізге сүйеніп кәсіптік таңдау жасау немесе мамандыққа бағыттауға арналған тәрбие жұмыстарының жүйесін дамыту мақсатында, білім алушының өз бетінше мамандық таңдау кезеңінде көмек көрсетуге бағытталуы тиіс.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында:



- ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдамалар;

- орта мектептердегі 7-11 класс білім алушыларына кәсіби диагностика жүргізудің құралдарын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар;

- ЕБҚ бар балалардың мамандық таңдауында отбасы, мектеп және жұмыспен қамту мекемелерінің өзара іс-әрекеті бойынша әдістемелік ұсынымдарды пайдалануға болады. (https://www.nao.kz)

Мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі олардың жеке мүмкіндіктерін ашуға бағытталған, атап айтқанда: үнемшілдік, іскерлік, қоршаған ортаға құрмет «Көркем еңбек», география, математика, физика, биология және химия, «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» сияқты оқу пәндерін оқу арқылы жүзеге асырылады.

Экономикалық тәрбиенің арқасында мектеп оқушылары экономика туралы, экономикалық қатынастардың дамуы туралы, нарықтық жағдайда бағыт-бағдар таба білуге және өз қызметін экономикалық тұрғыдан жүзеге асыру қабілетіне ие болады. Сыныптан тыс сабақтарда экономикалық сананы көтерудің негізгі құралдары мен формаларына тақырыптық сынып сағаттары, экскурсиялар, пікірталастар, рөлдік ойындар және т.б. жатады. Мысалы бұған «Іскерлік қарым-қатынас этикасы», «Жарнама жасау өнері» сынып сағаттары, кәсіпорындарға экскурсиялар, «ХХІ ғасыр менеджері», «Жаңа басшы нені білуі және не істей алуы керек?» тақырыбындағы пікірталастар; «Кәсіпорындардағы даулы жағдайларды шешу» рөлдік ойыны және т.б. жатады.

Экономикалық тәрбие экономикалық ойлаудың дамуын, экономикалық қызметте қалыптасатын адамгершілік және іскерлік қасиеттердің қалыптасуын, яғни: қоғамдық белсенділік, шешімталдық, бастамашылдық; қоғам игілігіне қамқорлық, адалдық; технологиялық процестер мен жабдықтарды жаңарту, жоғары сапа, жеке табыс және әл-ауқатты қамтамасыз етуі керек.

Экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны құрметтеу кешенді тәрбие іс-шараларының жиынтығы арқылы жүзеге асырылуы керек. «Менің Эко-мектебім» жобасының аясында өсімдік түрлерінің әр түрлілігін және декоративті-өсетін өсімдіктерді (биоәртүрлілікті) көбейту; үйде және оқу орындарында энергияны тұтынудың құрылымы және оны азайту жолдары (энергияны үнемдеу); мектепте және үйде суды үнемдеп пайдалану мүмкіндіктері (суды үнемдеу); қоқыстардың пайда болу көздері, оны азайту жолдарын анықтау, қоқыстарды бөлшектеп жинауды енгізу (қалдықтармен жұмыс) әдістерін зерттеу ұсынылады.

Сыныптан тыс жұмыстарда келесі ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жандандыру маңызды, олар: іс-шаралар, көрмелер, мектеп пен айналаны көркейту, экологиялық бастамалар, жергілікті тұрғындарға экологиялық білім беру. Білім алушыларға экологиялық білім берудің ең тиімді нысаны – Эко-фестиваль өткізу: ғылыми жобалар, эко-ізденістер, көркемдік нысандарды қоқыстардан қорғау бойынша семинарлар, қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша ғылыми жобаларды қорғау, театрландырылған қойылымдар, эко-материалдардан, мүмкін қайта өңделген материалдарды қолдану арқылы өнімдер шығару.

Экологиялық тәрбие негізіне білім алушылармен білім беру ұйымдары, аудан, қала аумағындағы жасыл алаңдарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырудың; «Жасыл ел» қозғалысы аясында жас көшеттер отырғызу; табиғат аясын қоқыстан тазарту сияқты волонтерлік қозғалысқа қатысудың маңызы зор. Жалпы білім беру ұйымдарының іс-шараларына «Экочелендж», «Экоқалқан», «Эко-десант», «Гүлді калейдоскоп», «Ең жасыл кабинет», «Жасыл» алтын», Плоггинг «Экожүгіру» және т.б. осы тәрізді жобаларды ауқымды түрде енгізу ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет