Психологиялық дамуы тежелген балалардың СӨйлеу тілін ертегі арқылы дамыту



Дата05.06.2017
өлшемі48,15 Kb.
#17719
Баяндама»

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ЕРТЕГІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Мақсаты:

Психологиялық дамуы тежелген балалардың ертегілер және театрландырылған қойылымдар арқылы тілін дамыту.

Міндеті:

Психологиялық дамуы тежелген балалардың сөйлеуін ертегі және театрлық қойылымдар арқылы дамыту;

Психофизиологиялық дамуы тежелген ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуы;

5 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың тіліндегі дыбыстарды айтылу ерекшеліктері;

6-7 жастағы балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту.

Мысалы:Мен де психологиялық дамуы тежелген балалармен жұмыс жасаймын,жас ерекшелектері де әр түрлі.Олардың зейіні де тұрақсыз,тез қабылдап,тез ұмытады.Берілген тапсырманы соңына дейін аяқтамайды.Оларға көбінесе ойын түрінде сабақ жүргізу қолайлы сияқты.Сондықтан да осы ертегілер арқылы өткізу тиімді сияқты.

Психикалық дамуы тежелген балалардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі ертегілер ең негізгісі болып табылады.

Халықтың шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін Істері ұшан теңіз екені еш күмән туғызбайды.

Ертегі және театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту

Мұхтар Әуезов: «Ертегілер жас баланың ой санасын оятып,қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді», – деп көрсетілген.

Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін көркем шығармалар. Ертегінің бай фантастикасы психикалық дамуы тежелген балалардың ойына қозғау салып,өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана-сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі. Ертегіні психикалық дамуы тежелген балалардың сүйсіне тындайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, халықтың даналы, тапқырлық ой пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Ертегі оқиғасы басталатын жерден-ақ қызықты,ұшқыр қиялды болып келеді де,психикалық дамуы тежелген балаларды бірден қызықтырып,еліктіріп әкетеді.

Халық ертегілерінің ішінде көп тарағаны: хайуанаттар жайындағы ертегілер.

Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы,қарым-қатынастар жасаудағы айла-тәсілдері психикалық дамуы тежелген балаларға ой салады. Бұл ертегілер психикалық дамуы тежелген балалардың анасын оятып, мақсат мұрасына жетуге үретеді.Ертегі жөнінде хайуанаттар жайында ертегілердің бәрін алып қарасақ та,баланың ұғымына сай,түсінуіне жеңіл,күлкілі,қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар.Олар:Ертегінің барлық кейіпкерлерінің мінез өзгешеліктерін,сырт көріністерін, күнкөрісін байқайды. Есту,тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады.Екіншіден, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып,адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың мінез-құлқын салыстыра отырып, байқайды. Ондай ертегілердің қатарына «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен бөдене», «Күшік пен мысық», «Түлкі мен тауық» т.б жатады.

Ертегілерді психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін қолдануда көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Солардың негізгілерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады:

ертегілерді рөлдерге бІліп оқыттыру;

ертегі желісімен суреттер салғызу,

сол сурет негізінде ертегі мазмұнын сұрау;

ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бІліп сахналау;

оқылған ертегі бойынша сөздік жұмыстарын жүргізу және ертегіні психикалық дамуы тежелген балаға түсінікті болуы үшін қысқартып немесе артық сөздерін алып тастап қолдану.

Ертегі – халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі – ауыз әдебиеті. Ертегі «Бұрынғы өткен заманда,ерте – ерте,ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен,ғасырлар ізі жатыр.Оларда еңбекші халықтың тұрмыс – тіршілігі,әдет – ғұрпы, елдік тарихы, қилы – қилы асулары, арман – мұраты бейнеленген.

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу – сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарылған күрделі шығармасының бір түрі – ертегілер. Ертегілер көбінесе,қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.

Ертегіні мазмұнына қарай,әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады.

жануарлар жайында ертегілер

– Қиял-ғажайып ертегілер

– шыншыл ертегілер

Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.

1. әңгімелеу,әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы,сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).

2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу.

– Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін) сұрап, түр – түсін,атын,пішінін,қайда,не үшін жасалатынын айтқызу.

Қазіргі таңда балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау,қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап жинақталмағандығы.Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы.Балаларға ертегілерді өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рөлімен ойнар еді,тіл байлықтары да тез толығады.

– театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

– сөздік қорларын байыту;

– ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

– кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;

– байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып,шығарма барысын,мазмұнын ұғынуға,рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;

Әдіс-тәсілдер:

балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау және ертегі кейіпкерлерінің суретін салу

Жұмыстың нәтижесі:

Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:

балалар тілі дамиды;

сөздік қорлары толығады;

байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;



дұрыс дыбыстау,мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет