араб сөзі. Оның қазақша мағынасын Ахмет Байтұрсынов «асыл сөзі» деп айтуға болады деген. Ертегілер



Дата28.01.2018
өлшемі54,93 Kb.
#35300
Әдебиет –араб сөзі.

Оның қазақша мағынасын Ахмет Байтұрсынов «асыл сөзі» деп айтуға болады деген.

Ертегілер –ауыз әдебиетінің көне де мол мұрасы. Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмысы, әдет-ғұрпы, арманы бейнеленген.

Ертегілердің түрлері:



  1. Қиял-ғажайып ертегілері.

  2. Хайуанаттар туралы ертегілері.

  3. Тұрмыс- салт ертегілері.

Мақал-мәтелдер -ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал мәтелдерді ғасырлар шежіресі деуге болады. Мақал- мәтелдерде көбіне нақыл, ақыл айтылады. Олар ой тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы қиялының шамасын білдіреді.
Мұхтар Әуезов
Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Бұл заттар мен құбылыстарды олармен ұқсас нәрселермен салыстыра отырып тұспалдап айтатын фольклор жанры. Жұмбақтар баланы қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылауына, тапқыр, ізденімпаз болуына әсерін тигізген.

Аңыз дегеніміз- мифологиялық кейіпкерлер мен тарихи адамдар жайында айтылатын «әңгімелер».
«Қазақ эпосы және түркология»
Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі адамның бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, адамгершілік қасиеттері ел аузында аңызға айналған.

Түркі тілі дана сөздерді сақтаған,

Бабалардың сөздерін тыңдау керек ол үшін,

Бабалардың мақалдарын сақтау сенің борышың.


Жүсіп Баласағұн.

Ежелгі дәуір әдебиетінің басты- басты әдеби мұралары:

  1. Орхон-Енесей ескерткіштері: Күлтегін жыры.

  2. «Қорқыт ата кітабы»

  3. «Оғыз- нама»

  4. Әл- Фараби, М.Қашқари, Қ.А. Йасауй, Ж. Баласақұни

Сегізінші ғасырда Сырдария өзенінің бойы түркі халқының атақты ақыны, күйші Қорі өмір сүрген. Ол — қобыз деген музыкал аспапты алғаш жасаған, ел есінде сақтальш кал талай тамаша күйлерді шығарған күйші.



Қорқыт — әлемге әйгілі ақын. Оньщ жырлар халық ауыздан ауызға таратып, сақтап келі Сол жырлардың бір тобы Қорқыт ата кітабьи басылып шықты. Қорқыт жырларында ту халқының жауға қарсы күресі, ел корғаі батырлардың ерліктері мен істері суреттелінг "Қорқыт ата кітабы" қазіргі кезде Германиян Дрезден қаласының кітапханасында сақтаулы. неміс, орыс, қазақ, әзербайжан және тағы бас елдердің тілдеріне аударыяған.

Қорқыттың өз бейнесі түркі халықтарык. арасында аңызға айналған. Көптеген аңызда{ Қорқыт бабаның желмаясына мініп, ада^ааі бақытты өмір сүретін, ешқашан өлім болмайт жерлерді іздегені туралы айтылады.


Адам өзі өледі, оның өзінен кейін қалдырған рухани құндылықтары өлмейді.

Қорқыт.

ҚОРҚЫТ- VIII ғасырда Сыр маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші ретінде суреттеледі. Мәңгілік өмірді ол қобыздан әуенінен іздейді.

«Өзіңіздің европаша толық білімді бірінші қазақ екендігіңізді есіңізге түсіріңіз. Оған қоса тағдыр Сізге кең пейіл мен ақ жүрек беріп, Сізді тамаша адам етіп жаратты».



Ф.М. Достоевскийдің Ш. Уәлихановқа жазған хатынан

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ- қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклорымен этнографиясын зерттеуші, тұңғыш ағартушы ғалым.

Данышпандардың бәрі- ақын емес,

Ақындардың бәрі- данышпан емес,

Абай солардың екеуі де болады.

С.Мұқанов


Абай Құнанбаев- хх ғасырдағы қазақ әдебиетіне төңкеріс жасаған ұлы ақын, философ, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

Абай- үлкен өнерпаз, оның сазгерлік өнері де болған. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» тағы басқа әндері ақын өзі айтқандай, «құлақтан кіріп, бойды алар».

Ұлы ақын халықтың болашағы- жастар деп оларға арнап бір топ өлеңдер жазған.

Ахмет Байтұрсынов- хх ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының рухани көсемі.

Мұхтар Әуезов
"XX ғасырдың Гомері" атанған жыр дүлдүлі Жамбыл ата 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өзені бойындағы Жамбыл тауының баурайында туған. Жастайынан өленді қолма-қол суырып салып айтатын қабілеті болтан. Жасөспірім баланың өнеріне, таудай талабына суйсінген Жетісудың атақты ақьшы Сүйінбай оған ақ батасьш берген. Жамбылдың оны үстаз түтып, "Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай" дейтін себебі сондықтан. "Өлең сөздің даңғылы" атанған Жамбыл талай рет ақындар айтысына қатысқан, халықтың сөзін сөйлеген ол бірде бір рет жеңіліл көрмеген.

Ақынның заман шындығын жырлаған, туған өлкеге, Отанға, қазақ халқының бүрынғы өткен батырларына арнаған көптеген өлендері бар. Жамбыл балаларға да арнап өлең шығарған.

Ақын ата 1945 жылы жүз жасқа аяқ басқан шағында Алматы маңындағы өз ауылында қайтыс болды. Ақын бейітінің басына зәулім Мавзолей салынған.

Қазақстанда бір облыс, бірнеше аудан, көшелер Республикалық филармония ақын атымен аталады. Әсем қала Алматыда ақын атаға қойылған екі ескерткіш бар.


Сәкен Сейфуллин- қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, тамаша ақын, прозашы, драматург, сыншы.

Ілияс Жансүгіров- артына, халқының рухани өміріне өшпес асыл мұра қалдырған дарынды ақын, прозашы, драматург.

Оның «Күй», «Дала»,»Күйші», «Құлагер» поэмалары қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармаларына жатады.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты іздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

С. Торайғыров.

Меңінше, өз кезінде орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Орта Азия халықтарының рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов те сондай әсер етті.



Шыңғыс Айтматов.

Мұхтар Әуезов шығармалары әлемдік әдебиеттің айдынына бұлақ болып құйылып, бүкіл адамзатқа ортақ рухани қазына болды. Әлем әдебиетіне Мұхтар Әуезовтың есімі «Абай жолы» роман- эпопеясы жарияланғаннан кейін белгілі болды.
«Абай жолы»- қазақ әдебиетінің әлемдік мақтанышы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет