5 –бөлім Синтаксис. Отбасы және демографиялық өзгеріс Сабақтың тақырыбы: Ұлттың болашағы - халықтың демографиялық өсімінде Қазақ тілі 9-сынып
Т/А 9.1.4.1 Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;
ӘТН 9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.
(Түсіндірмелі салалас)
Оқу мақсаттары:
Білім алушылар мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтайды;
Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі,түрлендіріп қолдана алады.
Сабақ мақсаты:
- тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді;
- ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды;
- cалалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратады.
Бағалау критерийлері
Ой қозғау
1. Демография ұғымы нені білдіреді?
2. Халық саны мемлекеттің дамуына әсер ете ме?
3. Қазақстандағы халық саны қанша?
4. Оның ішінде қазақ халқының үлес салмағы қанша?
Дескриптор:
- Демография ұғымы туралы білгендерін айтады.
- Халық санына шолу жасайды. Оның маңыздылығын болжайды.
Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары зерттейді. Осылардың ішінде демография ерекше орын алады. Демография гректің «demos» - халық, «grapho» - жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан. Халық кең мағынасында адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда өмір сүреді, іс-әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы т.б. жақтары негізге алынады, (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске әсерін т.б.) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты. Ғылыми саяси - экономия теориясына сәйкес әрбір тарихи өндірістік тәсілдің өзіне тән халықтың өсіп - өну заңы болады. Халықтың жұмыссыздығы, оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның экономикалық даму заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың өсуі қоғамның материалдық жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайды. Сонымен, демография халықтың алуан түрлі ерекшелік сипаттамаларын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі - нақтылы адам.
Бірінші сөйлем: « Біздің ойымызша, ... »
Екінші сөйлем: «Себебі , біз оны былай түсіндіреміз ... »
Үшінші сөйлем : «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз ... »
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты біз мынадай қорытындыға келдік... »
Достарыңызбен бөлісу: |