2-тапсырма
Дескриптор:
Өзіңді тексер
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ұлттың болашағы – халықтың демографиялық өсімінде
Екінші сөйлем: Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... Демография – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Өйткені қай мемлекеттің де дамуына халық саны ықпал етеді.
Үшінші сөйлем : «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды. Әсіресе, Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық ахуалға айрықша көңіл бөлді.
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім. Қалай десек те, демографиялық көрсеткішті ұлғайтуға экономикалық, мемлекеттік шаралар ықпал ете алады. Мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар жүзеге асып, жүйелі жұмыс істеп отырса, ол елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына дем бере алады.
Отбасылық құндылықтар дегеніміз - бір - бірін сүйіп қосылған жандардың отбасын құрып, мықты шаңырақ болу мен бала тәрбиелеуде қолданатын ежелден келе жатқан ұстанымдар. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету, ауызбіршілік, сенім арта білу, қуанышпен бөлісу. Отбасы-жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Отбасында өмірдің мәнін оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым- қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін- өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы- адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жас ұрпақты отбасылық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі.
Мәтінмен жұмыс
Отбасы құндылықтарына не жатады деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |