Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтерінің негізгі дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруі
Педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.
Мектепалды даярлық сынып педагогі – балалармен, ата-аналармен және әріптестерімен шығармашылықпен бірлесіп жұмыс жасай білуі, даулы жағдайларды сауатты шеше білуі тиіс.
Педагогтің кәсіби құзыреттілігі мыналарды қамтиды:
- біліктілік санатын беру;
- ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік әрекетті жүзеге асыру, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу;
- инновациялық қызмет, жаңа педагогикалық технологияларды игеру;
- педагогикалық байқауларға, шеберлік сыныптарына белсенді қатысу;
- әдістемелік бірлестіктерге, шығармашылық топтарға қатысу;
- ақпараттық ағымда бағдарлай білу;
- педагогикалық тәжірибесін тарату;
- кәсіби қызметтегі табыстары үшін көтермелеу;
-тәрбиеленушілердің, ата-аналардың және әріптестерінің құрметі.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Достарыңызбен бөлісу: |