Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру процесі



бет66/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру процесі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының («Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы. ) (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес іске асырылады және «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру салалары бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығы) сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі мектепалды даярлық тобының (сынып) балалары үшін 5 күндік жүктеме - 20 сағат және негізгі ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы – 25 - 30 мин.

Қазіргі уақытта апталық жүктемені өзгертпей Үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілуде:

«Қатынас» білім беру саласы:

- «Драма» алынып тасталды: «Драма» ҰОҚ-нің міндеттері «Көркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді, нәтижесінде «Көркем әдебиет» бойынша апталық жүктеме -1сағатты құрайды.

«Әлеумет» білім беру саласы:

- «Экология негіздері» алынып тасталды: «Экология негіздері» ҰОҚ-нің міндеттері «Жаратылыстану» ҰОҚ-не енгізілді. 0,25-сағат апталық жүктемесі «Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ-не енгізіліп, нәтижесінде апталық жүктеме - 0,5 сағатты құрайды.

- «Шетел тілі» ҰОҚ (1 сағат) алынып тасталды және осының есебінен «Сауат ашу негіздері» 2 сағатты құрайды (шетел тілі вариативтік компонентінде қарастырылады, ата-аналардың қалауы бойынша)

Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар – оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі мен ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығын қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік компонент қарастырылады. Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және білім беру ұйымы қызметінің бағыты және т.б. ескеріледі.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепалды даярлық сыныптарының балалары үшін вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің көлемі - 2 сағатты, ал оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектепалды даярлық сыныптарының балалары үшін – 3 сағатты құрайды. Мектепалды даярлық балалары үшін апталық жүктеменің жалпы көлемі – 20 сағатты құрайды.

Тәрбиелеу-оқыту әрекеті бірыңғай Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы) негізінде жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлық үшін тәрбиелеу-оқыту әрекеті 1 қыркүйек пен 25 мамыр аралығында жүзеге асырылады (Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы).

Жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды даярлықта каникулдар Орта білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.



Балаларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу («Рухани жаңғыру» Бағдарламасы)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру, тәрбие процесіне ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және оған белсенді тарту жұмыстарын жалғастыру.

Балаларды құрдастарымен қайырымды, мейірімді қарым-қатынас жасауға үйрету, адамдарға деген құрмет сезімін, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу, игі істер жасауға ынталандыруға ерекше назар аударылатын болады.

Балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде, оның ішінде инклюзивті білім беруде педагогтер мен ата-аналарды қолдау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес инклюзивті топтарды жасақтау   ара қатынасы үш тәрбиеленушіге бір ерекше білім беру қажеттіліктері бар баладан іске асырылады.

Мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балалар үшін жазғы кезеңде жалпы білім беретін мектептер жанынан «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді (1-2 ай) курстарын ұйымдастыру қажет.

Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бастауыш мектепте оқуға балалардың мотивациялық, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайына табысты бейімделуді қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.

Курс аяқталғаннан кейін балада:

- қоршаған орта туралы қарапайым білім (әлеумет, табиғат);

- коммуникативтік дағдылар (сөздік қоры артады, сөйлеуі дамиды, сұхбаттасын тыңдай алады,, сұрақтар қояды және сұрақтарға жай сөйлемдермен жауап береді);

- дыбыстар туралы бастапқы білімдер және сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдылары;

-қарапайым математикалық ұғымдар (санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті, уақытты бағдарлау және т.б.);

-бейнелеу әрекетінің дағдылары (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру) қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет