Назар аударыңыз!
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні әр түрлі мамандық дипломы бар мұғалімдер бере алатындай жасалған, бірақ берілген пәнді оқыту үшін «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ұйымдастырған арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қатысты сертификаты бар болуы тиіс.
Берілген пәнді оқытуға аптасына 2 сағат берілгендіктен, осы пәнді беретін мұғалімдердің сағат жоғалту қорқынышы негізсіз.
«Графика және жобалау» оқу пәні
«Графика және жобалау» оқу пәні жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандартты деңгейдегі пәндерге жатады және білім алушылардың графикалық және жобалық қызметін қалыптастыруға, олардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
«Графика және жобалау» оқу пәнінің жалпы білім беру және дамыту функциялары материалдық, жазықтықтағы (қағаздағы) көрінетін объектілер, ал графикалық визуализацияға зияткерлік қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуда, өз қызметінің ұсынылатын (қиялданатын) нәтижелерінің кеңістіктік көрінісі.
Бұл айырмашылық оқушылардың өзіндік құрал, ойлау, таным, іздеу құралы ретінде графикалық бейнелерді құрастырудың әртүрлі тәсілдерін еркін меңгеруі болып табылады, содан кейін ғана ойды (ақпаратты) бекіту және беру құралы ретінде әрекет етеді.
Жобалау қызметінде кестені пайдалану жалпы графикалық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Жобалық және графикалық қызметте шығармашылық ойлаудың көптеген негізгі компоненттері қалыптасады: мәселені визуализациялау қабілеті, эвристикалық іздеу тәсілдерін меңгеру, геометриялық-графикалық модельдеу, әртүрлі салалардағы графикалық бейнені түрлендіру.
Білім алушылардың графикалық және жобалық мәдениеті – бұл өз жобалау-зерттеу қызметінде қол (аспаптық) және компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін пайдалану білімі, біліктілігі және дайындығы.
«Графика және жобалау» оқу пәнін оқытудың білім беру мақсаттары жаңа білім беру стандартында күтілетін нәтижелер жүйесі түрінде берілген.
Олар «Графика және жобалау» оқу пәнін оқытудың негізгі мақсаттарында жалпыланған - графикалық кескіндер теориясының негіздерін оқу және геометриялық-графикалық модельдеу әдістерін меңгеру, білім алушылардың жобалау шығармашылық қызметін, олардың графикалық мәдениетін қалыптастыру және дамыту.
Олар сондай-ақ «Графика және жобалау» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу негізіне алынды.
Оқу бағдарламасын құрастыру кезінде оқу үдерісін ұйымдастырудың логикасын анықтайтын графикалық іс-әрекеттің негізгі тәсілдері көрсетілген. Олар:
- бейнелерді репродукциялау (сурет масштабын өзгерту);
- бейнелерді қайта құру (ішінара бейнелер бойынша объектінің бейнесін қалпына келтіру);
- суреттерді түрлендіру (проекциялау әдістерін өзгертумен);
- бейнелердің түрі мен құрамын өзгерту (бейнелерді ауыстыру);
- заттарды бейнелер бойынша түрлендіру (пішіні мен кеңістіктік орналасуын өзгерту);
- графикалық модельдеу (графикалық құрастыру, жобалау).
Графикалық іс-әрекеттің белгіленген негізгі (өзекті) тәсілдері оқу барысында оларға бірнеше рет қолдануға және оқу бағдарламасын спираль тәрізді құру принципін қолдануға мүмкіндік береді.
Графикалық білім мазмұнын жаңартумен қатар білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін күтілетін оқу нәтижелерімен салыстыру мақсатында «Графика және жобалау» пәні бойынша білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін осындай бағалауда әртүрлі бейнелерді қолдану және түрлендіру бойынша графикалық қызметтің барлық түрлерінің нәтижелілігі, сондай-ақ олардың жеке қасиеттері мен тұлғалық ерекшеліктерінің көрінісі ескерілуі керек.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін формативті бағалау әртүрлі жағдайларда бейнелерді түрлендіру бойынша графикалық іс-әрекеттің негізгі тәсілдерін меңгеру деңгейін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Мұғалім оқу қызметінің негізгі нәтижелерін ескере отырып, білім алушыға қолдау көрсету үшін бағалау критерийлері мен оқу тапсырмаларын дербес әзірлей алады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу құзыреттілікті қалыптастыру үшін арнайы әзірленген тапсырмалар жүйесінің (жобалық қызмет элементтері бар шығармашылық графикалық есептер) көмегімен жүзеге асырылуы тиіс.
«Графика және жобалау» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «Графика және жобалау» пәні бойынша «есептелді» («есептелінген жоқ») қойылады.
«Графика және жобалау» оқу пәнінің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша негізгі әдістемелік талаптар:
- білім алушылардың қолданбалы, шығармашылық графикалық есептерді шешу үшін суреттер теориясы бойынша білімді меңгеру беріктігі;
- бейнелік (кеңістіктік), логикалық, абстрактілі және шығармашылық ойлауды дамыту үшін графикалық есептердің әртүрлі жоспарлы жүйелерін қолдану;
білім алушылардың зияткерлік қызметін белсендіру үшін әртүрлі графикалық іс-әрекет түрлерін кезектестіру (қабылдау, салыстыру, қайта құру және бейнелерді түрлендіру);
- білім алушылардың кеңістіктік ойлауын дамытудың белсенді құралы ретінде графикалық модельдеу, ойша эксперименттеу әдісін сабақта үнемі қолдану;
білім алушылардың жобалау-зерттеу қызметінде графикалық бағдарламалық құралдарды кеңінен қолдану.
10-11-сыныптарда «Графика және жобалау» жаңа оқу пәнінің енгізілуімен білім алушылардың жалпы графикалық дайындық деңгейіне және білімділігіне ғана емес, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға жоғары талаптар қойылады.
«Графика және жобалау» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Графика және жобалау» пәні бойынша жарты жылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Графика және жобалау» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Графика және жобалау» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |