Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет51/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат
Криминология, Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20-1, Қазақ тіілі БЖБ мен ТЖБ, Физика пәнінен олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары
Әлеуметтік - коммуникативтік: кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады

Дескрипторлар дербестік пен жауапкершілікті және педагогтің атқаратын еңбек қызметінің күрделілігін ескереді:

1) «іскерлік пен дағдылар» көрсеткішінде дербестік дәрежесі көрсетілген;

2) «тұлғалық және кәсіби құзыреттілік» көрсеткішінде жауапкершілік дәрежесі көрсетілген;

3) «білім» көрсеткішінде педагог мамандығының күрделілік дәрежесі көрсетілген

Тұлғалық және кәсіби құзыреттілік:

- білім алушының тұлғасына құрмет білдіреді және білім алушының білім жетістігіне өзінің оң үлесін қосады;

- оқыту үдерісінде әріптестерімен тілектестік қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді;

- мектептің педагогикалық қоғамдастық жағдайында жұмыс жасай алады;

- өз тәжірибесі бойынша кері байланыс жасай алады және өзгерістер енгізе алады;

- сындарлы пікірге және ұсынымдарға сай әрекет етеді;

- өзінің кәсіптік даму аспектілері бойынша түсінігі және үнемі жетілуге ұмтылысы бар;

- мектеп тәжірибесін зерттейді және бағалайды, өз және әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру үшін зерттеу нәтижелерін және басқа да дәлелдік дереккөздерді қолданады;

- педагогикалық зерттеудің әдіснамасын біледі;

- өз тәжірибесін талдай алады;

- тиімді мектеп тәжірибесіне жету мақсатында жоспарлау үдерісінің жауапкершілігін сезінеді;

- кәсіптік даму мақсатында әріптестерімен бірге қызмет жасайды;

- командада жұмыс жасауға қабілетті, тұлғалық және мәдениет айырмашылықтарын толеранттілікпен қабылдайды;

- мемлекеттік және де басқа да тілдерде табысты және оң іскерлік қарым-қатынас жасауға қабілет танытады.


Біліктілік санаттарына қойылатын талаптар
Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (14.05.2020 ж. №202 өзгерістермен және толықтырулармен).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу Қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №202 бұйрығының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет