Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет61/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

7) Зияткерлік тәрбие білімнің құндылығын; зияткерлік позицияның құндылығын; әр тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығы құндылығын; ал ақпараттылық мәдениеті - кибермәдениетті және кибергигиенаны қалыптастырады.

Зияткерлік тәрбие лингвистикалық, музыкалық, логикалық-математикалық, кеңістіктік, дене-кинестетикалық, тұлғааралық, ішкі жан-дүние интеллектісін дамытуға бағытталуы керек.

Сонымен қатар, зияткерлік тәрбие түйіні білім алушының эмоциялық зияткерлігін қалыптастырушы болуы қажет. «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және де суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында әзірленген мұғалімдерге арналған әдістемелік құралы әдістемелік ұсыным ретінде ұсынылады (3 модуль. Эмоциональды интеллект және тұлғааралық қарым-қатынас) «Bilim Foundation», 2017.

Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін, әр тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын, сонымен қатар ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру мектепте тәрбие жұмысының маңызды компоненті болып табылады.

«Ұшқыр ой алаңы» атты дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру білім алушыларды ой толғауға, талдауға және сыни тұрғыдан ойлауға, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға, қарама-қарсы пікірге құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретеді. Пікірсайыс жоғары сыныптарда интеллектуалды сайыс ретінде сабақ және сабақтан тыс шараларды өткізуге өте қолайлы. Қазіргі әлемде пікірталастар саясат, бизнес, қоғамдық қызмет, білім, психология және т.б. әр түрлі салаларда танымал бола түсуде және табылуда.

Білім алушыларға интернет кеңістігіндегі мінез-құлық мәдениетін; қарым-қатынас мәдениетін, өз ойларын білдіру, сұхбаттасушының пікірін құрметтеу және этикалық нормаларды сақтауды дарыту маңызды. Оқушылардың өзін-өзі басқару аясында балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі мінез-құлықы және қарым-қатынасын қарастыруды тәжірибе жүзінде қолдану маңызды. Отбасы мен мектептің өзара әрекеті «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 02 шілде 2018 жылғы №169-VI Заңы аясында балалардың зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын кейбір Интернет-сайттарға кіруін бақылауды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.



Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарларына кибермәдениет пен кибергигиена бойынша іс-шаралар, оның ішінде киберқауіпсіздік және білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы іс-шараларды енгізу қажет.

Мектеп партасынан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, балаларды киберқауіпсіздікке оқыту керек, мұнда олар хакерлердің желілік шабуылдарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дағдыларды үйренеді. Білім алушыларға киберқауіпсіздік, кибер гигиена және кибермәдениет бойынша оқу семинарларын ұйымдастыруға арналған материалдарды келесі сайттардан табуға болады:

1. https://cybersecuritymonth.eu/press-campaign-toolbox/ecsm-material/ cybersecurity-spaces-workshops-on-cybersecurity-for-high-school-students

(осы сайттың «Ресурстар» бөлімінде пайдалы болатын құжаттар бар);

2. https://www.mcafee.com/blogs/consumer/importance-cybersecurity-lessons-schools/;

3. https://eu-acerforeducation.acer.com/education-trends/cybersecurity-how-to-teach-students-to-use-internet-responsibly/;

4. https://www.youtube.com/watch?v=ULGILG-ZhO0 (ағылшын тіліндегі бейнебаяндар барлық негізгі қағидаларды түсіндіреді);

5. https://www.edb.gov.hk/en/edu-system/primary-secondary/ applicable-to-primary-secondary/it-in-edu/information-security.html (Киберқауіпсіздік бойынша Гонгонте әзірленген мектеп оқушыларға арналған PDF файлдар бар).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет