Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет14/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

педагогтер үшін:

      1) Ұлттық біліктілік тестілеу;

      2) біліктілік санатын беру (растау) рәсімі;

      білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшін:

      1) біліктілік бағалау;

      2) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

      білім беру ұйымдарының басшылары үшін:

      1) Ұлттық біліктілік тестілеу;

      2) біліктілік бағалау;

      3) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.


1) басшы лауазымына конкурстық тағайындау өткізу тәртібі

2) басшы лауазымына конкурстық тағайындау тәртібі.


2-тарау. 4-тармақ. Педагогтерді аттестаттау бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын – «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.

2-тарау. 11-тармақ. Ұлттық біліктілік тестілеу келесі тест тапсырмаларынан тұрады:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:

      «Мектепке дейінгі педагогика және психология» - отыз тапсырма;

      «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;

      2) Жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

      «Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;

      «Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;

      Бастауыш білім беру педагогтері тестілеуді:

қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), әдеби оқу, математика пәндері бойынша тапсырады.

 Арнайы пәндер бойынша педагогтер:

      «Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;

      «Қызмет бағыты бойынша» - жетпіс тапсырма;

      Өндірістік оқыту шеберлері:

      «Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;

      «Қызмет бағыты бойынша» - отыз тапсырма;

4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

      «Психология негіздері» - отыз тапсырма;

      «Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;

      5) Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

      «Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;

      «Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма.

      6) Білім беру ұйымдарының басшылары үшін:

      «Заңнаманы білу» бағыты бойынша - 80 (сексен) сұрақ;

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі - 20 (жиырма) сұрақ;

      «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі - 20 (жиырма) сұрақ;

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 20 (жиырма) сұрақ;

      «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;

      «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;

      «Басқару құзыреті» бағыты бойынша - 20 (жиырма) сұрақ.

2-тарау. 26-т. 6-т-ша. Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін жұмысқа алғаш рет қабылданғанда:

      «Оқу пәнінің мазмұны»:

      «педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;

      «Педагогика, оқыту әдістемесі»:

      «педагог-модератор» біліктілік санаты - 30 % .

3-тарау. 63-т. Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын (бұдан әрі – аттестатталушы) аттестаттау портфолио негізінде біліктілік бағалауды және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылауды ғана қамтиды.

64-т. Аттестатталушы аттестаттау кезінде алғаш рет кез келген біліктілік санаттарына өтініш бере алады. Әрі қарай - бірізділікті сақтай отырып береді.

3-тарау. 89-т. Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;

      өтініш берілген санатты растаумен аттестатталды;

      өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.

 93-т. Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;

      өтініш берілген біліктілік санатына ротациямен аттестатталды;

      өтініш берілген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;

      өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;



      еңбек шартты бұзуымен өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет