Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


БЖБ және ТЖБ есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі



бет235/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

8. БЖБ және ТЖБ есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі.

9. Қорытынды баға 25%, 25% және 50% арақатынаста қалыптастырушы бағалау үшін орташа баллды ескере отырып шығарылады.
Критериалды бағалау сұрақтары бойынша келесі дереккөздерді пайдалануға болады:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі);

білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

- Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал; «НЗМ» ДББҰ, 2016;

4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Жүйелік-әдістемелік кешені http://smk.edu.kz;

5. «Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді» білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар ҰБА.Ы. Алтынсарин https://www.nao.kz сайтынан алуға болады.

6. «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» онлайн курсы https://academia.kz/ru/course/1;

Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесі

Оқушыларды оқыту нәтижелерін бағалауда оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Формативті бағалау барысында мұғалім білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңу жолдарын белгілейді. Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына бағдарлануы қажет. Мұғалім дифференциалды және / немесе жеке бақылау тапсырмаларын қолдана алады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізе алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. Арнайы білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды.

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқушыларға сараланған және жеке тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылады. Сараланған тәсіл негізінде ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың педагогикалық жіктелуі жатыр (В.В.Воронкова бойынша). Жетістіктерді бағалау кезінде түрлі типологиялық топтарда оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Дайындық және 1-сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы алға жылжу нәтижесі оқушылардың өнімді қызметін талдау, сөйлеу, жазу жұмыстары, суреттер, қолөнер және сабақтардағы қызметті бақылау негізінде анықталады және сипаттама сипатында болады. Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламасының мазмұны негізінде сипаттамалық критериалды бағалау қолданылады. (Ақыл-есі кеміс диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды білім беру ұйымдарының сайтында табуға болады. Ы.Алтынсарин (www.nao.kz). Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп/сынып оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет