Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет62/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салты, дене тәрбиесі мен спорт, физикалық жетілдіру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығы қалыптастырады.

Жалпы білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде (футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ күресі) мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту және спорт түрлері бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар және спорттық секциялар ашу маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт лигаларын дамыту қажет, мектеп оқушыларының қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша спартакиадасын және мектеп оқушыларын жаппай спорт түрлерімен қамтуды арттыру.

Дене тәрбиесінің бірден бір міндеті республикалық көпдеңгейлі балалар мен жасөспірімдер турнирлеріне және халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы дүниежүзілік Гимназия) қатысуға білім алушыларды кеңірек тарту қажет.

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлық, алкоголизм, темекі шегудің алдын-алу және негізінен салауатты өмір салты бойынша семинар-тренингтер өткізу тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.



Келесі материалдар жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуге арналған әдістемелік база болып табылады:

1) Білім аулшылардың репродуктивті денсаулығы мен отбасылық тәрбие құндылықтарын оқу процесіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

2) Әдіскерлер мен мұғалімдерге арналған, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері жөніндегі әдістемелік құралдар орналастырылған: «Қауіпсіз білім беру ортасының компоненттерін оқыту және тәрбиелеу процессіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар», «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету бойынша әдіскерлерге арналған нұсқаулық», қауіпсіз білім беру ортасының келесі компоненттері кіріктірілген бастауыш, негізгі орта буын оқу пәндерінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілері: «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Табиғи апаттардың қаупін азайту», «Киберқауіпсіздік», «Балалардың жарақат алуының алдын алу», «Экологиялық қауіпсіздік».

Тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде мегапроект ретінде, өзекті жоспарлау формасын пайдалану ұсынылады. Оның ішінде ортақ мақсат біріктірілген және оларды орындау уақыты бір-бірімен байланысты жобалар енгізілген. Жобалар шеңберіндегі іс-әрекеттің сәттілік шарттарының бірі – сынып жетекшісінің жүргізіліп жатқан барлық қайта құрудың маңыздылығын түсінуі, олардың оқу-тәрбие үрдісіндегі қызметіне өзіндік талдау жасай алуы.

Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде үш деңгей ескерілуі тиіс. Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білімге ие болуы және әлеуметтік шындық пен күнделікті өмір туралы алғашқы түсінік қалыптастыруы. Екінші деңгей – бұл қоғамның негізгі құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, бейбітшілік, білім, жұмыс, мәдениет) және жалпы алғанда әлеуметтік шындыққа құнды көзқараспен қарау және тәжірибе жинақтауы. Үшінші деңгей – білім алушының әлеуметтік әрекеттерді өз бетінше тәжірибе жинақтауы. Мына әдістемелік ұсынымда критериилері көрсетілген: «Тәрбиелік іс-шара»: алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің өлшеу критерийлері (бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы») әдістемелік ұсыным Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 120 б.

Білім беру мен тәрбиелеудің құндылықтарға негізделген тәсілі мектептің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мектептің климатында, мәдениетінде, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында көрініс табатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет