2. Мәдениетаралық-коммуникативтік тәсіл. Тілдерді оқыту барысында тұлғаның мәдениетаралық қарым-қатынасқа қажетті қасиеттерін дамытуға көңіл бөлінеді. Бұл тәсіл бірнеше міндетті шешуге:
оқытылатын тіл елінің өзіндік ерекшелігі, мәдениеті, дәстүрлері туралы түсінік қалыптастыруға;
білім алушының когнитивті тәжірибесін кеңейтіп, құндылықтық бағдар жүйесін қалыптастыру үшін қажетті, өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті, ұлттық мәдениетке, тілге деген құрметті тірбиелеуге;
оқытылатын тілде өз өлкесінің мәдениеті, дәстүрі, тарихы туралы ақпаратты тарату үшін жағдай жасауға;
мәдени-білім беру кеңістігінде өзін-өзі тұлға ретінде көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Білім алушылардың коммуникативті дағдыларын тиімді қалыптастыру үшін педагогтерге төмендегідей ұсынымдар беріледі:
Интерактивті оқу ортасын қалыптастыру қажет. Әрбір мұғалім білім алушылармен, сондай-ақ білім алушылардың өзара қарым-қатынастарында олардың коммуникативтік қабілеттерін дпмыта түсу үшін өзінің педагогикалық құралдарын, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын қайта қарап шыққаны абзал.
Интенцияларды пайдалану.
Инте́нция (лат. intentio «ниет, ынта») – сананың бір затқа немесе ойға бағытталуы, сөйлеудің белгілі бір стилінде, монологтік немесе диалогтік формада сөйлеу құруға коммуникативті ниеті.
Оқытуды ұйымдастыру тұрғысынан бұл – инновациялық әдіс, яғни оқу процесінің технологиясын өзгерте алатын осындай әдістер мен дидактикалық құралдардың қолданылуы.
Мазмұны жағынан - бұл мағынадан формаға өту жолы.
Интенция – сөйлеудің бастапқы негізі: бір жағынан – пікірге алғышарт, екінші жағынан ол – пікір құрылатын база. Демек, оқытудың барлық кезеңдерінде интенция жетекші орын алады және үнемі мұғалімнің назарында болады.
Интенцияны пайдаланудың тиімді болу шарттары:
жұмыс басталмас бұрын мұғалім:
- сұрақ қою арқылы (Сен не мақсатпен сөйлейсің?) ;
- нұсқау беру арқылы (Сұхбаттасушыға оның уәдесі туралы есіне салу үшін әдепті түрде сұрақ қой);
- кеңес беру арқылы (Басқалардың іс-әрекеттерін жақсы бағала) коммуникативті ниетті анықтап алады, яғни, кез келген формада, бірақ міндетті түрде алдымен интенция, содан кейін сөйлеу іс-әрекеті тіртібі сақталуы тиіс.
белгілі бір ниетті (интенцияны) сөзбен жеткізе білу, яғни, білім алушылардың өз бетінше мәтінге де, иллюстрацияларға да, жағдайларға қатысты да сұрақтар қоюы.
Ниет (интенция) әртүрлі жағдайларда жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау барысында көркем мәтін немесе дайындалмаған бала диалогі болса да, әртүрлі сөйлеу тіртібі негізінде бір ынта жатқанына білім алушылардың назарын аударып отырыңыз.
Педагог бір ғана емес, бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарды қоюға тырысуы керек.
3. Грамматикалық модельдерді пайдалану, бұл өзінің коммуникативтік ниетін нақты сөйлеу әрекетіне ауыстыруға көмектеседі. Модельдің сөйлемдердің типтік мәндерін жеткізе алу қабілетіне ие болу мүмкіндігі – бұл қарым-қатынасты мағынадан формаға үйретудің ең қысқа жолы.
4. Мұғалімдердің скаффолдинг стратегиясын қолдануға тырысуы керек, яғни білім алушыны терең пәндік мазмұнмен, сондай-ақ ауызша және жазбаша сөйлеудің дамуына ықпал ететін мазмұнмен қамтамасыз ету керек. Академиялық тілді біртіндеп енгізіп, қосымша нұсқаулар мен тапсырмалар ұсынған жөн. Тапсырманы орындауды бастамас бұрын «ой қозғау» («миға шабуыл») тәсілін, «қабырғаға қарап оқу», тұжырымдамалық карталарды, сөздер жазылған кестелерді белсенді қолдануға болады. Ұсынылған жаңа білімді бұрын оқылған тақырыптармен және тілмен байланыстыру керек.
5. Білім алушылардың өзін-өзі бағалау құралы ретінде иллюстративті дескрипторларды пайдалану.
6. Пән мазмұны мен тілді оқыту үшін түпнұсқа мәтіндерді, артефактілер мен материалдарды, ал сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) дамыту үшін сөйлеудің әртүрлі жазбаша және цифрлық көздерін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |