Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


«Шетел тілі» оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау



бет99/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

«Шетел тілі» оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау
Қорытынды аттестаттау білім беру стандарты мен оқу бағдарламасында белгіленген талаптар шегінде білім алушылардың оқылатын шетел тілін практикалық меңгеру деңгейін бағалауға арналған. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау объектісі коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру болып табылады. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты білім алушылардың негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес пән бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру дәрежесін анықтау болып табылады.
Қорытынды аттестаттау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына, сонымен қатар қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес өткізіледі.
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша 9-сынып білім алушыларына қорытынды аттестаттау жазбаша емтихан түрінде өткізіледі. 9-сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық мектептердің 9-сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дайындайды. Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау ерекшеліктеріне сәйкес емтихан жұмысының құрылымы 270-320 сөзден тұратын мәтінмен жұмыс жасауды көздейді. Ең жоғары балл саны – 20. Оқылған мәтіннен кейін білім алушылар келесі тапсырмалар түрлерін орындайды:
- лексикалық іріктеуге арналған 5 тапсырма (тапсырма 5 сұрақтан тұрады, білім алушылар мәнмәтіндегі белгілі бір сөздердің / фразалардың мағынасын және олардың қолданылуын түсінуі тиіс);
- сөйлемнің мағынасын сақтап, құрылымын ғана өзгертуге (перефраз) 10 тапсырма (тапсырма 10 сұрақтан тұрады, білім алушылар берілген сөздерді / фразаларды пайдалана отырып, сөйлемдерді қайта құруы тиіс);
- қысқа және толық жауаптарды талап ететін 3 тапсырма (тапсырма 3 сұрақтан тұрады, олардың біреуі жабық, ал екеуі ашық жауапты қажет етеді, онда білім алушылар оқылғанды түсінгендігін көрсетуі тиіс).
Тапсырмалардың ерекшеліктері мен үлгілері ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған (http://www.testcenter.kz/ru/).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет