Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет95/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
6-сыныпта«Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.
7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 43-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны көрсетілген:

43-кесте. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны





Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет