ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



бет2/12
Дата10.11.2016
өлшемі7,1 Mb.
#1451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуді дамытуды, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.

«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейту, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттері, мазмұны мен шарттары айқындалып көрсетіледі.

«Шығармашылық» білім беру саласында бала бойында әлемге және оның ұлттық, классикалық және қазіргі көркем құралдары арқылы көркем дамуына деген эстетикалық қатынасын, балалар шығармашылығы арқылы көркемдік қабілеттерін, балалардың көркемдік әрекеттерінің әртүрлі түрлерінің интеграциясын бірге қалыптастыру қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың қалыптасады. Балалар шығармашылығы – бұл өзін, өзінің мүмкіндіктерін, қоршаған әлемді танитын және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше әлем.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласында әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарай отырып, еңбек және білім, білік, дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы кіріктірілген сипатта ие және төрт білім беру саласының мазмұнын жүзеге асыру мен балалар әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын, қарапайым өзін-өзі бақылау және реттеу қабілеттерін қалыптастырады.

Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын кіріктіру және заманауи білім беру технологияларын таңдауда шығармашылықпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетін жоспарлауға жаңаша тәсілдер ұсынады.

Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың базалық білім, білік, дағдыларын меңгеру деңгейі бойынша күтілетін нәтижелер анықталған.

Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.

2 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
Бастауыш білім беру оқушыларды оқу, жазу, санау, оқу іс-әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін меңгеруін, сонымен қатар оқу әрекеттерін өзін-өзі бақылаудың қарапайым дағдыларымен, тәрбие және сөйлеу мәдениетімен, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерімен қамтамасыз етеді.

Демек, бастауыш білім берудің мақсатыоқу, жазу, санау, есептеу дағдылары қалыптасқан, ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас сияқты әрекет түрлерін меңгерген, тұлғалық, құндылық қасиеттерді бойына сіңірген, өзін-өзі бақылай және бағалай алатын, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерін, ұлттық менталитетті ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетпен таныстыру, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Бастауыш білім беру деңгейінде 1-4-сынып оқушыларын оқытудың негізгі міндеттері:

– оқу іс-әрекетінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;

– оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

– оқушылардың жеке басын, олардың шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;



адамгершілік қасиет пен эстетикалық талғамға, эмоционалдық құндылыққа, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

салауатты өмір салтын, денсаулық пен жеке бас гигиенасын және өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетіне баулу болып белгіленген.

Қазіргі таңда ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (ҚР БҒМ 2014 жылғыңғ 13 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген) біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұн жаңарту міндеті белгіленіп отыр. Бұл, біріншіден, білім беруді заман талабына сай жаңа мазмұнда ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланысты.

Екіншіден, білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық TIMSS, PIRLS бағдарламаларына сәйкес функционалдық сауаттылық үш сала – оқудағы және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бағаланады. Сондықтан бастауыш білім беру деңгейіндегі тіл және әдебиет, математика және жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытуда мұғалімдер жаттығулар, тапсырмалар орындатқанда, есептер шығартқанда және түрлі мәтіндер оқытқанда, оларды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың оқудағы және жазудағы, математика мен жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтарын қалыптастыруға баса көңіл бөлгені жөн.



Үшіншіден, білім беруді жаңарту Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Сондықтан ұстаздарымыз күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн.

Төртіншіден, білім беруді жаңарту оқу-тәрбие процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды мұғалімдердің тиімді пайдалана білуіне байланысты екені сөзсіз. Сондықтан ұстаздар қауымы үнемі ізденісте болып, жаңалықты үйреніп, «өмір бойы білім алу» ұстанымымен жұмыс жасауы тиіс. бұл ретте мұғалімдерге толық еркіндік беріліп отыр.



Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы) 7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.

Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде, негізінен, тіл мен әдебиеттік оқу сабақтары барысында қалыптасады. Олай болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушыны тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның, ең алдымен, өз ана тілінде ауызекі және жазба тілде сауатты сөйлеу, ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай білу, айтылғанды ыждаһатпен тыңдап, түсіну, өз пікірін жеткізе білу, дұрыс оқу және сауатты жазу, т.б. дағдыларын, соның нәтижесінде өздігінен білім алу, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттерін, өмірдегі мәселелерді шешуге арналған білік-дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі ең қиын да жауапты кезең – бірінші сыныптағы оқыту үдерісін ұйымдастыру. Себебі 1-сыныптағы оқытудың мақсаты – 6-7 жастағы сәбилерге әріптерді танытып, олардың басын қосып оқуға, одан әрі түсінгенін мәнерлеп баяндауға, жатқа айтып беруге, т.б. әрекеттерге баулу, қолына қалам ұстатып, бірте-бірте жазуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйретіп, тілін дамыту. Сондықтан 1-сынып оқушыларының оқуға оң ынта-ықыласын қалыптастырып, қызығушылығын ояту мақсатында оқыту үдерісін қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға біртіндеп өту тұрғысынан ұйымдастырудың маңызы зор. Ол үшін, біріншіден, оқу жылының бірінші жартыжылдығында баға қоймай, ынталандыру, мадақтау, т.б. тәсілдер қолданылады. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта үй тапсырмасы берілмейді.

Білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.

1-сыныпта балалардың оқу үдерісіне бейімделуін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесін бірте-бірте ұлғайтып отырған жөн, яғни сабақтар ұзақтығының «сатылы» тәртібі қолданылуы тиіс: қыркүйек айында ұзақтығы 35 минут үш сабақ екiншi тоқсаннан бастап әрқайсысы 35 минут төрт сабақ жоспарланады; екiншi жарты жылдықтан бастап сабақтар 45 минут болады.

Сонымен қоса, 1-сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі, осыған байланысты оқу жылы 33 аптаны құрайды.

1-сыныпта сабақ кестесіне қосарланған сабақтар («Еңбекке баулу» пәнін қоспағанда) қойылмауы қажет.

Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы, оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті болуы қажет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 қаулысы).

Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».


2.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
«Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндердiң негiзгi ерекшелiгi  оқушының алдағы уақытта оқу әрекетін меңгеруіне негіз болатын коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыру. Олар:

  1. тыңдалым;

  2. айтылым;

  3. жазылым;

  4. оқылым дағдылары.

Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым және айтылым дағдылары болып табылады. Тыңдалым дағдысының адамның ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Оқушы айтылған немесе техникалық құралдарға жазылған сөздерді, сөйлемдерді, аудиомәтіндерді тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.

Сондықтан сауат ашу кезеңінде, ең алдымен, тыңдалым дағдысына ерекше көңіл бөлген жөн. Яғни оқушы ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінің немесе мұғалімнің сөзін аяғына дейін зейін қоя тыңдай білуі, ақпаратты дұрыс қабылдауы, негізгі ойды түсінуі, жауап беруге дағдылануы қажет.

Айтылым дағдысының дұрыс қалыптасуының да адам үшін маңызы өте зор. Өйткені оқушы сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйренуі керек. Оның мектепте оқытылатын барлық пәндерден жақсы нәтижеге қол жеткізуі осы айтылым дағдысына , яғни белгілі бір мәселеге (тақырыпқа) байланысты өз ойын, пікірін немесе қандай да бір ақпаратты түсінікті, толық, жүйелі жеткізе білуіне байланысты.

1-сыныпқа келген оқушы тыңдауға үйреніп қана қоймай, сөйлеуге, яғни өз ой-пікірін айтуға, қойылған сұрақтарға жауап беруге, сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, мағынасын түсініп, орынды қолдануға, тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білуге, сөйлеу мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыланады.



Баланың мектеп табалдырығын аттауымен байланысты жаңа әрекет – «жетекші әрекет» (А.Н. Леонтьев), яғни оқу әрекеті пайда болады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – бала ауызекі сөйлеу тілімен қатар, осы кезеңде пайда болатын «жаңа түзілімдер» (Л.С. Выготский) оқуды және жазуды меңгереді.

Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор.

Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.

Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады:


  • түсініп оқуы;

  • зерттеп оқуы;

  • шолып оқуы;

  • мәселені сын тұрғысынан бағалауы;

  • негізгі аргументті анықтап, дәлелдеуі.

Жазылым да айтылым сияқты қарым-қатынас құралы. Бұл екеуінің атқарар қызметтері ұқсас болғанымен, екеуі екі басқа психикалық процесс: «оның айырмашылығы – жазба сөздің ерекшелігінде, оның психологиялық құрылысында», – дейді академик Т. Тәжібаев.

Тағы бір ерекшелігі – жазбаша сөйлеу кезінде әңгімелесуші адам болмайды, сондықтан ойды жазып білдірудің мазмұны жүйелі, логикалық байланысы берік және ауызша сөйлескендегіден толығырақ болуы тиіс. Оған қоса, «ол өте қиын, саналы, әдейі, бір мақсатпен жұмсалады». Сондықтан жазылым дағдыларын қалыптастыруға алғашқы күннен бастап ерекше мән берілуі керек. «Жазылым» «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Жазылымның ерекшелігі – оқушыларды жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын, қолдың, саусақтың іс-әрекеті, көз бен бастың қозғалысы дұрыс игеруді үйретуді, т.б. ескеріп отыруды қажет етеді.

Жазылымда: сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазу; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу дағдыларының қалыптасуына мән беріледі.


Сауат ашу (оқу, жазу)

Пәннің басты мақсаты – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.

«Сауат ашу» (оқу, жазу) пәнін оқытудың мiндеттерi:

әлiппеге дейiнгi кезең:

- тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру, лексикалық тақырыптар, сюжетті суреттер бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту, сөздiк қорын байыту;



- сөйлем құрауға үйрету, сөйлемнен сөзді, сөзден бөліп алуға, сөзді буынға бөлуге, буынды дыбысқа ажыратуға машықтандыру; дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретiн табу) жасауға, дыбыстық сызба құруға дайындау, оны «оқу»; жазуға даярлау: жазу жолын сақтай отырып, әрiп элементтерiн (әртүрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар) жазуға үйрету.

әлiппе кезеңi: жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; сөздiк қорын байыту; мәтiндi дұрыс, саналы, түсініп оқуға дағдыландыру; сауатты, көркем жазуға үйрету.

Әлiппеден кейiнгi кезең: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіру, оқушының тiлін дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтер беру.

«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәні бойынша жазба жұмыстары

1 жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-5 сөз), екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді тыңдау арқылы жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.

2 жартыжылдықтың соңында: 1) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді, құрмында л – р, н– ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстары кездесетін сөздерді тыңдау арқылы жазу (барлығы 8-10 сөз); 2) үш-төрт сөзден тұратын сөйлемдерді, шағын мәтіндерді (10-15 сөзден аспайтын) тыңдау арқылы жазу; 3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мазмұндама жазу (15-20 сөз көлемінде); белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрап жазу (2-4 сөйлем мөлшерінде)
(2-кестені қараңыз) жұмыстарын орындай алуы керек.

Ескерту: 1-сыныпта шығарма жазылмайды.
2-кесте - Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі

Тоқсан /жұмыс түрлері

диктант

мазмұндама

шығарма

І

-

-

-

ІІ

-

-

-

ІІІ

1

1

-

IV

1

1

-

Жылдық

1

-

-

Барлығы

3

2

-

«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәніне оқу жылы бойында аптасына


7 сағат берілген, барлығы 231 сағатты құрайды, оның ішінде: әлiппеге дейiнгi кезең – 14 сағат; әлiппе кезеңi – 98 сағат; әлiппеден кейiнгi кезең – 119 сағат.

Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні  бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.



Пәнді оқыту мақсаты: тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау; ауызша және жазбаша сөйлеу білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;

  • тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;

  • ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;

  • тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;

  • алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сын тұрғысынан ойлауын жетілдіру.

Пәнді оқыту ерекшелігі – грамматикалық материалдар жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, кешендi сипатта берілді. Пән мазмұны «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары» бөлімдерінен тұрады. Тілдік саладағы барлық тоғыз сөз табы мен олардың белгілері таныстырылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде №8424 тіркелген «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес биылғы жылы 3-сыныптың оқулығы қайта өңделді. Аталмыш оқулықтың құрылымы мен мазмұны тiлдi оқытудың коммуникативтiк iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыру арқылы тiлдiк бiлiмнiң сапалы меңгертілуін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес оқулыққа енгізілген өзгерістер мынадай:

1) оқулық «Фонетика әлеміне саяхат», «Синтаксис әлеміне саяхат», «Морфология әлеміне саяхат», «Еліктеу сөздер», «Сөйлеу мәдениеті» тақырыптарымен толықтырылған;

2) жаттығулар мен тапсырмалар Блум таксономиясы бойынша оқу деңгейлеріне (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) сәйкес берілген;

3) оқулық мазмұны оқушының өз біліміне сын көзбен қарап, қатесін анықтап, өзіне баға беруге үйрететін рефлексиялық жаттығулармен (проблемалық жағдаят) толықтырылған;

4) кейбір 1 сағаттық материалдардың соңында міндетті бөліктерден басқа міндетті емес бөліктер берілген;

5) үлкен тақырыптардан, тараулардан соң оқушылардың өз білімдерін өздері тексеруін мүмкін ететін 1 сағаттық «Өзіңді өзің тексер» материалдары берілді,

6) «Жыл бойы өткенді қайталау» тарауының соңғы 1 сағаттық материалы оқушылардың «Жазғы қызықтар» жобасымен жұмыс істеуіне арналады.

4-сыныпта дыбыс және әріп тарауында фонетика термині енгізіліп, фонетикалық талдау үйретіледі; сөйлем тарауында синтаксис ұғымы енгізіліп, синтаксистік талдау жасау үйретіледі; сөз таптары тарауында морфология термині енгізіліп, морфологиялық талдау үйретіледі.

Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі кестеге (3-кесте) түсіріліп, әр сыныпқа тоқсан сайын диктант – 3 сағат, мазмұндама – 1 сағат, шығарма – 1 сағат, барлығы – 20 сағат жазба жұмысына берілген.


3-кесте – Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі


Сыныптар

Жазба жұмыстар

түрлері


Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

2

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4

Барлығы:

5

5

5

5

20

3

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4

Барлығы:

5

5

5

5

20

4

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4

Барлығы:

5

5

5

5

20




Жалпы саны:

15

15

15

15

20

Сауаттылықты тексеру қазақ тілі пәнінің міндеті болғандықтан, шығарманың әдебиеттік оқу пәнінде де жазылатыны ескеріліп, шығармаға берілген сағат саны қысқартылып, диктанқа бөлінді.



Ескерту: Әр сыныпқа мазмұндама мен шығармаға берілген жылдық сағат саны – 8 (4 мазмұндама, 4 шығарма жұмысы), ал диктантқа (сауаттылықты тексеру және бақылау диктанты) – 12 сағат беріледі.

«Қазақ тілі» пәні 2-4-сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 (116 + 20) сағатты құрайды.



Әдебиеттік оқу

Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Пәннің міндеттері:



    • оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

    • ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

    • ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындауға үйрету;

    • талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтауға машықтандыру;

    • әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

    • адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

    • оқылған шығарма сюжеті желісімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу, т.б.) орындауға машықтандыру;

    • әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

    • тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

    • кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту ерекшелігі – пән мазмұны балалар әдебиеті (ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-танымдық шығармаларды оқытып үйретеді, мақала, естелік, өмірбаян туралы түсінік қалыптастырады, әдеби-теориялық білімдерді игертеді, монолог, диалог құруға дағдыландырады.

Пән баланың көркем сөзді түсінуінде «сезімдік» саналарын пайдалану, яғни «сезімге әсер еткен шығарма ғана түсінікті болады» идеясы басшылыққа алынып, мәтінді түсінуде музыка, көркемөнер, сурет туындыларының мүмкіндіктерін пайдалану алдыңғы орынға қойылды.

2-сыныптағы оқытудың басты міндеті - баланы оқуға төселдіру үшін оның жанына жақын, танымына сай ұлттық құндылықтардарды үйрету.

Қазіргі кезде барлық ақпарат құралдарында адамгершілік құндылықтар азайып, қатігездік белең алып отырғаны жаппай жазылып та, айтылып жатқаны белгілі. Әсіресе, сондай жат қылықтардың бірегейі - қазақ отбасындағы балалардың ата-анасына деген мейірімділігі азайып, қарттар үйіндегі қазақ аталары мен апаларының санының артуы - дұрыс шешімін табуы тиісті әлеуметтік маңызды мәселе. Осындай күрделі істе оқулықтың, соның ішінде көркем сөздің құдіретін пайдалануға мүмкіндік беретін «Әдебиеттік оқу» пәніндегі көркем шығармалардың мәні өте күшті тәрбие құралы екендігін ескерілген. Жастайынан балалардың бойына ата-анасына, үлкендерге мейірімділік, қамқорлық көрсету мақсатында «Адам болам десеңіз» жалпы бөлімінен басқа арнайы «Қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым» атты бөлім қосылды.

2-3-сыныпта маусымдық-тақырыптық ұстаным басшылыққа алынатыны себепті маусымдық материалдардың дер кезінде оқылуы, мәтіндегі оқиғалардың оқушының көз алдында өтіп жатуы тиістігі ескеріліп, оқу күз айында басталатынына орай «Білім керек бәріне», қыс мезгілінің материалдары «Қыста талай қызық бар», көктем, жаз айлары келбеттері «Туған өлке табиғатын қастерлейік» деген атаулармен берілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде №8424 тіркелген «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес биылғы жылы 3-сыныптың оқулығы қайта өңделді.

3-сыныпта көрнекті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру үшін авторлар тарапынан «суреттер топтамасы» деген айдармен әдістемелік тәсіл қолданылған. Мұнда жазушының өміріне қатысты мағлұматтардың суреттік бейнесі ұтымды пайдаланылған: портреті, белгілі туындылары мұқабаларының суреті, нақыл-ақыл сөздері, т.б. Материалдардың осындай қысқа да нұсқа түрде орналастыруы Л.С. Выготскийдің «сызбалар түрінде оқыту баланы ойлауға жетелейді» деген ұстанымына негізделген.

Мәтіндердегі сөздердің мағынасын білім алушылардың жеңіл қабылдауын қамтамасыз ету үшін әлемдік тіл ғылымындағы сөздердің түсін анықтау теориялары (А. Вежбицкая, Сепир Уорф, т.б.) әдістемелік қолданыс тапқан. Оқулықтың бірінші бетінен бастап «Білімсіздік», «Білім» күндерінің түсіне зер салғызып, оның сәулелеріне атау табу тапсырмасы берілген. «Білімсіздік» күнінің түсі қандай қара болса, оның сәулелеріне қатысты оқи алмау, жаза алмау, т.б. сөздердің де түп мағынасы осы қараға жақын қараңғы, күңгірт дегенге саяды. Әрі қарай мәтіндерде де кейіпкер өмірінің ерекше сәттері сипатталған сөздердің түрлі-түсті, келеңсіз жайттары қүңгірт бояулармен ерекшеленуі оқушының мәтінді дұрыс түсінуіне, әңгімелеуіне септігін тигізеді.

«Әдебиеттік оқу» пәні 4-сыныпта оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл материалдарды оқытуда 4-сыныпта жанрлық-хронологиялық ұстаным басшылыққа алынып, қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

Әр тоқсан бойынша екі үлкен тараудан топтастырылған материалдарды оқыту көзделген. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.

Бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейіне келесі талаптар қойылады:

– 2-сыныпта көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 2-3 өлеңді жатқа айту, 25-30 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;

– 3-сыныпта көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айту; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 30-35 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;

– 4-сыныпта көркем шығармадан алған әсерін 8-10 сөйлеммен жазбаша түрде орындау; 40-45 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын, нақты айтқанда, оқу сауаттылығын қалыптастыруда мүмкіншілігі мол. PISA халықаралық зерттеуi бойынша оқу сауаттылығы ұғымы оқушылардың жазба мәтіндерді түсініп, саналы оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасауы, олардың мазмұнын өмірмен байланыстыра алуы, бiлiмдері мен дағдыларын өз мақсатына қол жеткізу үшін қолдана білуі дегенді білдіреді. Сондықтан оқу сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылықтарын тексеру олардың оқу техникасын немесе мәтiннің мазмұнын айтып беруін бағалаудан гөрі, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға мән берген жөн. Өйткені PISA халықаралық зерттеуiнде мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгеру деңгейлері бағаланады, олар: мәлiметтi табу, мәтiнді түсіндіріп беру, мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия жасау және оларды бағалау.

Мәтіннен мәлімет таба білуді бағалау үшін мәтінді қарап шығып, оның негізгі элементтерін анықтау және сұрақтан гөрі қажетті (синонимдiк) форманы бейнелеген мәліметті іздестіруге бағытталған тапсырмалар қолданған дұрыс.

Оқушылардың мәтінді түсіндіріп беру қабілетін бағалау барысында мәтінде берілген әр түрлі мәліметтерді салыстыру, автордың сипаттаған ойларынан қорытынды жасау немесе мәтiннiң мәнiн түсіну біліктіліктерін қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындатқан жөн.

Рефлексия жасауы мен баға беру қабілетін бағалау үшін мәтіннің мазмұны немесе формасына, тапсырманы орындау барысында мәтіндегі мәліметті басқа жерден алған білімдерімен байланыстыра білуіне, мәтінде берілген пікірлерді өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлген абзал.

«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы көлемінде әр сыныпта 136 сағатты құрайды.
«Русский язык» для школ с нерусским языком обучения

Роль русского языка в школьной системе образования определяется в целом его основной функцией как языка межнационального общения в многонациональном государстве.

Цели обучения русского языка: формирование и развитие элементарной русской речи на ограниченном лексико-грамматическом материале; взаимосвязанное обучение видам речевой деятельности (аудированию, говорению, чтению, письму); практическое усвоение элементов уровней русского языка (фонетики, графики, орфоэпии, лексики, грамматики, словообразования, орфографии, пунктуации); воспитание средствами русского языка коммуникативной, нравственной и эстетической культуры.

Задачи учебного предмета:


  • научить учащихся строить простейшие типовые предложения, широко употребляемые в живой русской речи, обогатить словарный запас учащихся (в пределах лексико-грамматического минимума);

  • научить распространять простейшие типовые предложения за счёт ранее усвоенных слов и словосочетаний по законам синтаксического строя русского языка;

  • сформировать у учащихся элементарные навыки активного пользования синтаксическими конструкциями для выражения собственных мыслей, чувств и наблюдений в рамках тематики для чтения и развития речи;

  • совершенствовать навыки чтения и письма, полученные на уроках родного языка; дифференцировать звуки и буквы в системе гласных и согласных с учётом различий в фонетических системах родного и русского языков.

Содержание предмета состоит из трех блоков: речевой деятельности, языкового материала и текстов для чтения и развития речи, охватывающих сферы общения: учебную, социально-бытовую, социально-культурную, игровую. Так как текст выступает как единица обучения и развития речи, для отбора рекомендуются адаптированные тексты из произведений детских писателей прозаического характера, стихотворения, а также произведения малого жанра (пословицы, поговорки, загадки), сказки.

При отборе содержания обучения русскому языку как второму следует учитывать сферу речевой деятельности младших школьников, уровневые минимумы (лексический, грамматический, тематико-ситуативный, фонетико-орфоэпический и др.) для начального этапа обучения, явления транспозиции и интерференции.

Ведущими компонентами при отборе языкового материала являются словарь (список слов для активного усвоения) и тематика для чтения и развития речи.

На начальном этапе обучения русскому языку как второму учащиеся должны усвоить 1000 лексических единиц (в каждом классе примерно


450-500 слов).

Особенности предмета русского языка. Содержание предмета состоит из трех блоков: речевой деятельности, языкового материала и текстов для чтения и развития речи, охватывающих учебную, социально-бытовую, социально-культурную, игровую сферы общения. Так как текст выступает как единица обучения и развития речи, для отбора рекомендуются адаптированные тексты из произведений детских писателей прозаического характера, стихотворения, а также произведения малого жанра (пословицы, поговорки, загадки, сказки).

При отборе содержания обучения русскому языку следует учитывать сферу речевой деятельности младших школьников, уровневые минимумы (лексический, грамматический, тематико-ситуативный, фонетико-орфоэпический и др.) для начального этапа обучения, явления транспозиции и интерференции.

Ведущими компонентами при отборе языкового материала являются словарь (список слов для активного усвоения) и тематика для чтения и развития речи.

На начальном этапе обучения русскому языку учащиеся должны усвоить 1000 лексических единиц (в каждом классе примерно 450-500 слов).

В содержание предмета внесены следующие коррективы:

- дается подробное пояснение к структуре речевых моделей (синтаксических конструкций на основе единого грамматического минимума).

- внесены дополнительные лексические единицы, список слов для активного усвоения на основе учёта как речевой деятельности, так и единого лексического минимума по русскому языку для начального этапа обучения русскому языку как второму.

В тематику для чтения и развития речи учащихся внесены новые темы – это «День за днём», «Ключ к счастью – в труде » и другие.

Материал фонетики дан с учётом дифференцации звуков и букв, представляющих трудность для младших школьников казахской школы.

В соответствии с действующим базисным учебным планом общее количество часов распределено конкретно по разделам.

Русский язык вводится с 3- го класса, то для итогового контроля после 4-го класса разработаны требования к владению речевыми умениями и навыками (аудирование, говорение, чтение, письмо), а также к усвоению языковых знаний (элементарные сведения по фонетике, грамматике, лексике и синтаксису).

На основе текстового материала выявляются знания о символике РК и этнокультуроведческие материалы.

Учащиеся 3-го класса должны понимать прослушенное сообщение, речь учителя, звукозапись продолжительностью звучания 1-2 минуты; составлять высказывание из 2-4 предложений; сознательно, плавно читать вслух небольшие тексты, соблюдая паузы, словесные ударения; учить наизусть небольшие стихотворения; задавать друг другу вопросы, отвечать на поставленные вопросы; пересказывать прочитанный текст; писать по образцу и под диктовку слова и предложения, написание которых не расходятся с произношением.

Учащиеся 4-го класса должны уметь выделять основную мысль и структурные элементы текста, пересказывать прочитанное; составлять связное монологическое высказывание из 3-4-х предложений, составлять рассказ-описание, рассказ-повествование; писать под диктовку небольшие тексты из 30-40 слов и изложение из 5-6 предложений; зрительные, зрительно-слуховые, словарные, картинные диктанты; строить диалог; выразительно читать текст; знать наизусть не менее трёх стихотворений в четверти.

Русский язык в школах с нерусским языком обучения в 3-4 классах, изучается по 2 часа в неделю, общее количество часов в году составляет 68 ч.


Сауат ашу (оқу, жазу) (оқыту ұйғыр тілінде)

Умумий билим беридиған мәктәпниң «Сават ечиш» пәни бойичә оқутуш Қазақстан Жумһурийити Һөкүмитиниң 2012-жилниң 23-августтики № 1080 қарари билән бәкитилгән оттура билим беришниң (башланғуч, асасий оттура, умумий оттура билим бериш) Дөләтлик умумға мәжбурий билим бериш стандартиниң асасида әмәлгә ашурулиду.

Сават ечишниң асасий мәхсити:


  • оқуш адәтлиригә асаслинип, фонетикилиқ аңлаш қабилийитини тәрәққий әттүрүш.

  • тавушларни аҗритишни билиш.

  • һәрипниң язма түрини йезиш.

  • һәрипләрни тонуш, саватлиқ йезиш адәтлирини қелиплаштуруш.

  • өз алдиға оқушқа, йезишқа адәтләндүрүш.

  • боғумға бөлүп, андин сөзни туташ, җүмлини, мәтинни оқушни билиш.

  • китап оқушқа болған қизиқишини ашуруш.

  • оқуш һәм саватлиқ йезишни билиш.

  • сөзниң тавушлуқ тәркивини билиш.

  • еғизчә сөзләшни үгитиш арқилиқ әмәлгә ашуруш.

Сават ечишта төвәндики вәзипиләр әмәлгә ашурулиду:

  • балиларниң яш алаһидилигигә көңүл бөлүш.

  • оқутуш принциплирини башчилиққа елиш.

  • сөзләш нутқиниң тавушлуқ алаһидиликлирини өзләштүрүш, йеңи сөздики тавушларни дурус тәләппуз қилишқа үгитиш.

  • боғумлап оқуш усули арқилиқ сөзни туташ оқушқа интилдүрүш.

  • тавушларни һәрипләр билән дурус бәлгүләшкә, йезишқа, сөз ичидики бағлиниш усуллирини сақлап, сөзләрни туташ йезишқа үгитиш.

  • йезиш тәләплирини орунлитиш.

  • балиларниң сөзләш нутқини, бағлаштуруп сөзлишини риваҗландуруш.

«Сават ечиш» пәни бойичә оқуш жүклимиси башланғуч билим беришниң базислиқ оқуш плани асасида оқутуш уйғур тилида жүргүзилидиған типлиқ оқуш планида өз әксини тапқан. «Сават ечиш» пәни билим беридиған асасий программида асасида әмәлгә ашурулиду.

Базислиқ оқуш планида 1-синип үчүн һәптисигә 7 сааттин, жилиға 231 саат берилгән.

«Сават ечиш» пәнини оқутуш үч дәвир бойичә елип берилиду:

елипбәгичә болған дәвир – 28 саат.

елипбә дәври – 98 саат.

елипбәдин кейинки дәвир – 105 саат.


Сауат ашу (оқу, жазу) (оқыту өзбек тілінде)

Қозоғистон Республикаси Ҳукуматининг 23 август 2012 йилги №1080 қарорига биноан тасдиқланган Давлат умуммажбурий таълим стандартига асосан, программа ижодий имкониятларни ривожлантириш ва тарбияли билим бериш,системалилик,дарс принциплари асосида тузилган.

Бошланғич таълим давлат қонунини ҳаётга тадбиқ этишда муҳим босқич ҳисобланади. Шундай экан,ҳар бир авлод олдида инсон яратган жамики бойликларни, билимларни ўрганиш, ўзлаштириш ва ривожлантириш вазифаси туради.

Бу вазифани амалга оширишнинг бирдан-бир йўли таълим тизимини тинмай такомиллаштириб бориш орқали ёш авлодни илм-фан асослари билан чуқур қуроллантиришдир. Зеро, илм олиш йўлидаги изланиш инсоннинг эътиқоди ва дунёқарашини шакллантиради, маънавий-ахлоқий камолот сари етаклайди.Шу билан бир қаторда оғзаки ва ёзма нутқ малакаларини шакллантиради, ўқувчиларда она тилига муҳаббат, тўғри гапиришга ўрганиш истагини тарбиялайди ва мустаҳкамлайди. Шу сабабли ҳам, фан дастури мазмунига алоҳида қаралиб,ўқув жараёнида қўлланиладиган турли усул ва воситалар мазкур мақсадга қаратилган тақдирдагина ўз ечимини топиши мумкин:



  • ҳар бир ўқувчининг ўзига хосхусусияти билан имкониятига қараб мустақил билим олишини ривожлантириш ва таққослашга ўргатиш.

  • ўқувчи олдига қўйган мақсадини тушуниб етиши, уни бажариш йўлларини аниқлаш, ўз-ўзини назорат қилиш каби малакаларни шакллантириш.

  • ўқувчининг шахсий сифати билан и жодийлигинириво жлантириш.

  • тайёр материал асосида эмас,балки ўз ишларинитекшириш, камчилик ва ютуқларини ҳисобга олган ҳолда ўз-ўзини баҳолаш.

  • табақалаштирилган (дифференциал) топшириқлар орқали ўқувчининг билим савиясини ошириш.

  • ўқув жараёнини ташкил қилишда ўқувчиларнинг қобилияти, индивидуал ва психологик хусусиятларига ёндашиш: кўриш, эшитиш, ҳис этиш, таққослаш, фикр юритиш, якун чиқариш, таққослаш, фанга нисбатан қизиқувчанлик билан муносабатда бўлиш, инсонийлик, ватанпарварлик, меҳрибонлик, дўстлик, гуруҳ билан ҳамкорликда ишлаш, дўстлари билан ижобий муносабатда бўлиш.

Бу борада ўқувчиларнинг саводини замон талабига мос ҳолда ривожлантириш “Тил ва адабиёт” бўлими, “Савод ўргатиш” даври орқали амалга оширилиб, “Алифбе“, “Савод таълими” дарсликлари асосида интеграллашган мазмунда ташкил қилинади.

“Савод ўргатиш” даврининг асосий мақсад ва вазифалари. Бу даврда ўқувчиларнинг ҳарф, товуш, бўғин,сўзва гап ҳақидаги тушунчаларини шакллантириш, хат-савод ўргатишда дастлаб, ҳар боланинг товушни тўғри талаффуз этишини, уларни бир-биридан фарқлаши, ўрганишини таъминлаши зарур.

Дастур мазмуни фақат ўқувчининг билимига эмас, балки “Савод ўргатиш” таълимининг фаолият компонентига, амалий, ижодий ва мустақил фаолият усулларига таянган ҳолда фанга нисбатан қизиқувчанлигини уйғотиш ва ошириш (мотивация) амалга оширилади.

“Савод ўргатиш” фани таълимий дастурида 1-синф ўқув-тарбия жараёни олдига қўйилган ижтимоий талабларга асосланган ҳолда ўқувчилар эгаллашлари лозим бўлган билимлар, кўникмалар, малакаларга қўйиладиган талабларни белгилаб беради. Маълумки, 1-синфга келган болаларга хат-савод ўргатишда дастлаб, ҳар боланинг товушни тўғри талаффуз этишини, уларни бир-биридан фарқлашга ўрганишини таъминлаши зарур.

“Савод ўргатиш” фани мазмуни 3 босқичли жараён орқали амалга оширилади: алифбегача бўлган давр, алифбе даври, алифбедан кейинги давр:


  • алифбегача бўлган даврнинг вазифалари: болалар камолотининг ҳал қилувчи босқичи, яъни саводхонлик даражаси амалга оширилади, ўқиш ва ёзишга ўргатиш, мантиқий тафаккур этишга, маънавий-маърифий ҳамда маданий хулқ-атвор малакаларини шакллантириш, луғат бойлигини кенгайтириш.

  • алифбе даври вазифалари: ўзбек алифбосидаги ҳарфлар (босма ва ёзма шакллари, бош ва кичик ҳарфлар) билан таништириш, ҳарфдан бўғин, бўғиндан сўз, сўздан гап тузиб ўқиш ва ёзишга тайёрлаш, оғзаки боғланишли нутқини ўстириш, нутқ маданияти устида ишлаш, сўз бойлигини ошириш ва нутқини ривожлантириш, ўқиш малакаси билан тўғри ёзиш кўникмасини шакллантириш.

  • алифбедан кейинги давр вазифалари: ўқиш (сўз ва гапни ифодали, тўғри, тушуниб) ва ёзиш (хатосиз, саводли, тоза, каллиграфия қоидаларига амал қилиш) малакаларини шакллантириш, тил бирликлари ҳақида тушунча ҳосил қилиш, матнларни таҳлил қилиш, луғат бойлиги ва боғланишли нутқ устида ишлай олиши, мулоқот жараёнида эркин она тилидан фойдаланган ҳолда ўз фикрини билдириши.

Ўқув-тарбия жараёнини ташкил қилиш борасида қуйидаги тамойилларга амал қилинади:

1) ёш хусусиятларини ҳисобга олиш.

2) оддийдан мураккабга қараб бориш.

3) кетма-кетлиликка амал қилиш.

4) фанлараро боғланиш.

5) шахсий йуналтирилганлик.

Фани ҳафтасига 7 соатдан, жами 231 соатни ташкил қилиб, 3 босқичли жараён орқали амалга оширилади:

алифбегача бўлган давр – 21 соат.

алифбе даври – 91 соат.

алифбедан кейинги давр – 119 соат.


Сауат ашу (оқу, жазу) (оқыту тәжік тілінде)

Мувофиқи стандарти умумитаълимии давлатӣ, ки бо қарори тасдиқшудаи Ҷумҳурии Қазоқистон аз 23 августи соли 2012 №1080, барномаи музкур дар асоси принсипҳои инкишоф ва таълиму тарбия, давомоти муттасилӣ сохта шудааст.

Алифбо (саводомӯзӣ) дар таълими ибтидои заминаи муҳимтарини ташаккули шахсият ва таҳкурсии устувори минбаъдаи омўзиш буда, ҳамчун баёнгари самти дастовардҳои мактабиёни хурдсол дар фаолияти ояндаи онҳо нақши муҳим мебозад. Хурдсолон дар ин давра на танҳо хондан, навиштан балки бо ҳодисаҳои муҳиту атроф шинос мешаванд ва шавқу ҳаваси онҳо ба мактаб, таълим, муаллим ва китоб ҳамчун яке аз сарчашмаи маърифат меафзояд.

Мақсад: дар давраи таълими алифбо хурдсолон бо овозҳои нутқ, таҳлили овозии калима; овозҳои садонок ва ҳамсадо. таълими дурусти талаффузи овозҳо. Нақшаи; калима ҳиҷо ва ҷумлаҳо шинос мешаванд.

Ба қоидаҳои дуруст нишастан ва дуруст навиштан риоя карданро меомўзанд. Хондану навиштанро ёд мегиранд. Дар давраи тайёрӣ – ташкил кардани ҷамоаи синф, дар онҳо мустаҳкам кардани муносибати дўстӣ. Худдорӣ дар синф ва мактаб. Риоя намудан ба одобу ахлоқ. Тайёрӣ ба давраи навиштан: хонандагон ба навиштан руҳан тайёр кардан, шиносоӣ бо ашёҳои хониш, омўзиши навиштан дар ҳаво, тарбияи психологӣ ба монанди дидан, тахмин кардан, муқоиса кардан, нигоҳ доштан дар хотир, диққат ва ирода, кашидани хатҳои рост, каҷ ва мавҷнок:

Вазифаҳоиасосии омўзиши Алифбо: ба бачагон хондан ва навиштанро ёд додан, барои бо муваффақият аз худ кунонидани имло шароити заруриро ба, вуҷуд овардан, дар просесси мушоҳидаҳо ва экскурсияҳо кўшиш кардан лозим, ки, бачаҳо аз муҳити воқеӣ ҳар чӣ бештар маълумот гиранд, чунки боиси, бой гардонидани захираҳои луғавии онҳо мегардад, хониш бо тарзи таҳлилу таркибӣ овозӣ ёд дода мешавад, дар маркази диққати омўзгорон бояд инҳо бошанд, инкишоф додани нутқи овозӣ ва талаффузи адабӣ дар кўдакон, омўзондани тарзи дуруст ва бошуурона хондани калимаҳо, ҳиҷо ба ҳиҷо хондани калимаҳо, тасаввуроти шогирдонро оид ба табиати ватани худ, оид ба зиндагӣ ва, меҳнати мардуми ватани худ аниқтар ва васеътар гардонидан, инкишофи нутқи даҳонии хонандагон, дуруст талаффуз кардани овоз, дар вақти сайру гашт бой гардондани, захираи луғавии онҳо.

Фанни – 231 соат, дар як ҳафта 7 соат омўзонда мешавад:

давраи тайёрӣ –14 соат.

давраи «Алифбо» – 98 соат.

давраи баъди «Алифбо» –119 соат.



Шетел (ағылшын) тілі

Бастауыш білім деңгейіне арналған шетел тілін оқыту курсы қарапайым меңгеруге бағытталған және А1 - (ауызекі қолданыс деңгейі - Breakthrough) тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту кезінде оқытудың мақсатын, тақырыбын, мазмұны мен түрін анықтауды баланың өмірлік әлемімен, іс-әрекетімен байланыстыру қажет.

Шетел (ағылшын) тілі пәні оқушы бойында өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтары, ұлттық ұқсастықтар, азаматтылық, моральдық нормалар мен сөйлесу әдебі туралы ой қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сыныптарда шетел тілін оқытудың мақсаты төменгі сынып оқушыларында қарапайым коммуникативтік құзыреттіліктердің сөйлеу әрекеттері: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын қажетті деңгейде қалыптастыру болып табылады.

Қарапайым қоммуникативтік құзыреттілік деп төменгі сынып оқушысының күнделікті жағдайдағы шектеулі ортада және қарым-қатынас саласында сол меңгерілетін шетел тілін иеленушілермен ауызша және жазбаша түрде тұлғаралық және мәдениаралық қарым-қатынасын іске асырудағы төменгі сынып оқушысына тән қабілеті мен дайындығы түсіндіріледі.

Бастауыш мектептерде шет тілін меңгеру: ағылшын тілін қарым-қатынас ретінде және оны меңгерудің маңыздылығын тануды қалыптастыруға, басқа халықтар мәдениетімен салыстырғанда ана тілі мен мәдениетінің рөлін сезінуге, қарапайым деңгейде сөйлесу мүмкіндіктерін ескеріп шетел тілінде әңгімелесу дағдысы мен төменгі сынып оқушыларының ауызша (тыңдалым және айтылым) және жазбаша (оқу және жазу) түрдегі қажеттілігін қалыптастыруға; ағылшын тілін әрі қарай игеру уәждемесін дамытуға; игеретін тіл елінің мәдениеті,тарихы мен дәстүрлері, қолжетімді үлгіде көркем әдебиеті туралы танымын қалыптастыруға; алға қарай психологиялық тосқауылдарды жеңу үшін шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда балаларды жаңа тілдік әлемге психологиялық жақтан бейімделуін қамтамасыз етуге; оқу-әдістемелік кешендердің әртүрлі компоненттерімен (оқулықпен, жұмыс дәптерімен, аудиоережемен, мультимедиялық ережемен, т.б.), жұпта және топта жұмыс істей білу жұмыстарын үйлестіру дағдысын игеруге бағытталуы тиіс.

Шетел тілін оқыту үдерісінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру шеңберінде оқушыны отбасылық қағидасына, туыстық сүйіспеншілік сезімге, кішіге қамқор болуға ұмтылуға,сондай-ақ басқа да халықтар өкілдеріне достық қарым-қатынаста рухани- адамгершілікке тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аудару қажет.

Шынайы қарым-қатынас жағдайына ағылшын тілін меңгеру үдерісін жақындату мақсатында шынайы тілдік орта болмаған кезде оқу материалын азайту, коммуникативтік және функциональдық, кешендік, тәрбиелік оқу, белсенділік, көрнекілік, оқиғалық-тақырыптық ұсынылуы, жүйелілік және дәйектілік, игеру беріктігі, қолжетімділік және даралану принциптері сияқты дидактикалық оқу принциптерін жетекшілікке алған маңызды.

Коммуникативтік принципі арнайы мақсат етілген тілдік құралдар – белсенді лексика және белсенді грамматикалық материал арқылы коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдайдағы рөлдік ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, төменгі сынып оқушыларының жаңа әлеуметтік тәжірибеге араласу шетел тілінде әртүрлі ойын жағдайында, отбасыға тән, тұрмыстық, оқу қатынасы есебінен жүргізіледі.

Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық принципке ерекше назар аудару қажет. Тілдік жүйе ағылшын тілінің әртүрлі деңгейлік құралдары – лексикалық және синтаксистік (фонетикалық, сөзжасаушы, морфологиялық шеңберде де) құралдары жиынтығының нақты тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады.

Кешендік принципі ағылшын тілі бойынша тілдік емес (экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалдарының өзара байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметінің түрлерін өзара байланысқан аспектіде оқытуда: 1-сыныпта – аудиолау және сөйлету (ауызша алға озу принципі бойынша; ағылшын әліпбиімен танысу 2- жартыжылдықтан басталады), аудиолау,сөйлету, оқу және жазу– 2-4-сыныптан бастап жүзеге асырылады.

Саралаушылық принципі оқушының бастапқы кезеңдегі сөздік қорын байыту үшін шағын мәтіндер бойынша бөлінген бір мәтіндегі жаңа сөздердің функционалдық-семантикалық берілу тәсілдерін, көрнекілік құралдарына арналған тіректерді, оқушылардың сөйлеуіндегі жаңа сөздерді белсендіруді (белгілі бір тақырыптық кеңістік аясындағы олардың белсенді түрі) ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу және коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру кезінде ағылшын грамматикасы баланың әр ойын қамтамасыз ететін жүйе ретінде бекітілуі тиіс. Сөйлеудің грамматикалық қатарын дамыту қарапайым ой айтудың белсенді түрлерін оқиғаны пайдалану тәсілдерімен, сөйлемдер негізін нақтыландырғыш құрамдас бөліктермен тарату (екінші деңгейлі мүшелермен), екі қарапайым сөйлемді бір күрделіге біріктіру тәсілдерімен сипатталады.

Бастапқы кезеңде бала дамуының деңгейіне сәйкес басты назарда үйрену пәні ретінде ауызша сөйлеу (дауыстап айтылатын және естіліп қабылданатын) орын алады. Оқу және жазуды 2-сыныптан бастап оқыту қажет, себебі дыбыс арқылы қабылданады, сөйлеу арқылы түсініледі, сөйлеу арқылы жазылады.

Тілдік білімді спираль түріндегі алға жылжу түрінде беру қажет.

Аудиолауға үйрету төменгі сынып оқушыларының білім деңгейі, қызығушылықтары мен қажеттіліктері есебінде, мысалы қысқа ертегілер, шағын әңгімелер, жануарларды сипаттау, атаулы оқиғалар және т.с.с. жүзеге асырылуы тиіс. Мәтіннің дыбысталу ұзақтығы 1 минутқа дейін, қайталау саны – 2-3 рет.

Өз ойын айтуға үйрету диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін дамытуды көздейді: этикеттік сипатта диалог, сұрақ-диалог, оқиғаға араласу диалогы, пікір алмасу диалогтарын жүргізу қабілетін арттыру.

Білім берудің осы деңгейінде монологтық сөйлеуді дамыту нақты тақырыптық жағдайлар шеңберінде қарапайым ой айту қабілетін қалыптастыруға бағытталған: өзі туралы, отбасы мүшелері, достары туралы, өз елінің жануарлары мен өсімдіктер әлемі туралы (жұмыс күні, жұмыс түрі, мектептегі сабақ және т.с.с.) ақпарат беру.

Оқуға үйрету кезінде балалардың қалауына иек арту арқылы таныс сөздерді, өз атын, ағылшын досына хат жазу; өз киіміндегі, шоколад және конфет сыртындағы т.с.с. ағылшын жазуларын оқу.

Оқуға және жазуға үйрету бір уақытта орындалады, алайда жазу түсінігіне карточкадан сөздер құрастыру, магниттік тақтада немесе жинау жолағында сөз құрастыруды қосатын болсақ, жазу негізгі қызмет болып табылады.

«Шетел тілі» пәні қызметтік сипатқа ие, сондықтан ол әлемді тұтастай, эмоционалды және белсенді қабылдайтын төменгі сынып оқушысының табиғатына сәйкес келеді. Бұл осы жастағы балаларға тән басқа да қызмет түрлеріне (ойындық, танымдық, көркем, эстетикалық және т.с.с.) өзге тілдік сөйлеу қызметін қосуға және бастауыш мектепте оқытылатын пәндермен әртүрлі байланыс орнатуға және кіріктірілген болып табылатын жалпы оқу қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Шетел тілі» пәні бойынша 1-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатты, жылдық – 33 сағатты құрайды. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. 2-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатты, жылдық – 34 сағатты құрайды.

2.2 «Математика» білім саласы
Тұлғаның білім, білік және дағдылары негізінде әлеуметтік қатынастар жүйесінде ойдағыдай іс-әрекет ету, нақты мәдени ортада барынша тез бейімделу қабілеті ретінде анықталатын функционалдық сауаттылығы, сондай-ақ оқушылардың математикалық сауаттылығы білім беру нәтижелерін көрсету деңгейлерінің бірі болып табылады.

Білім алушылардың білім және білік сапасының білімділік деңгейі білім беру жүйесі дамуының нәтижесі ретінде соңғы кездері мемлекеттен тәуелсіз халықаралық мониторингтік зерттеулерді анықтайды. Солардың бірі TIMSS халықаралық мониторингтік зерттеуі.

Оған қоса, 1995 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан халықаралық TIMSS зерттеуінің келесі кезеңі 2015 жылы өткізілетіні белгілі. Сол себепті бұл пәнді оқыту барысында оқушылардың математиканың өмірдегі орнын түсіну, білу; әр түрлі формада берілген сандық ақпаратты оқу, талдау; есептерді шығарудың ыңғайлы тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; математикалық білімін өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану дағдыларын қалыптастыру басты мақсат болып табылады.

Халықаралық TIMSS зерттеуі бойынша оқу жетістіктері бойынша алда келе жатқан кейбір елдердің 4-сынып оқушылары (мысалы, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Қытай) математикадан өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты – математика оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілі – сауалнамалар жүргізу және тестілер алу. Оған бастауыш мектепті, яғни 4-сыныпты бітірген оқушылар қатысады.

Халықаралық зерттеулермен оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі білу (еске түсіру), қолдану (байланыстарды орнату), ойлау (пайымдау) деңгейлерiмен анықталады.



Білу деңгейі бойынша оқушылардың терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациалау, математикалық объектілерді танып білу қабілеттері бағаланады.

Қолдану деңгейі бойынша нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланады.

Ойлау деңгейі бойынша объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланады.

TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысатын Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығының нәтижесін жақсарту және білім сапасын арттыру мақсатында математика сабағында меңгерген білім, біліктілігін тәжірибеде және күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Бұл тапсырмаларды әзiрлеу және қолдану кезінде TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулердiң тапсырмаларының жүйесіне негіздеу керек. Осы тұрғыда мұғалімдерге көмек ретінде «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамыту» әдістемелік құралы әзірленді және ол Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Бұл әдістемелік құралда TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуде қолданылған тапсырмалардың үлгілері көрсетілген.
Математика

Оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау деп белгіленген.


Оқытудың міндеттері:

  • тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функционалдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;

  • бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;

  • оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын ала мақсатты дайындықты жүргізу;

  • оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;

  • стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;

  • баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;

  • қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.

Математиканы оқыту ерекшелігі.

1-сыныпта 0 санынан 10 санына дейінгі сандармен, 10-ға дейінгі сандармен қосу мен азайту арифметикалық амалдарымен, толық ондықтармен таныстыру басталады; «10-нан 20-ға дейінгі сандар» жаңа материалы енгізілген; 2-сыныпта қарастырылатын 100-ге дейінгі сандарды игеруге дайындық жүргізіледі.

«10-нан 20-ға дейінгі сандар» жаңа тақырыбына 6 сағат бөлінген. 4-тоқсанның қалған сағаттары игерілген материалды пысықтау мен қайталауға арналған. Сондықтан математика сабағындағы жұмыстар жаңа тақырыптарды енгізе отырып, қолданыстағы оқулықтар бойынша жүргізіледі.

2-сыныптағы математика пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен оқулық мазмұнына бейімделе жазылған.

2-сыныптың алғашқы сабақтарындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған білімдерін пысықтауға бағытталған. Осы сыныпта 100-ге дейінгі сандар игеріледі; 10-нан 20-ға дейінгі сандарын игеру тарауының сағат саны арттырылған; көбейту және бөлу арифметикалық амалдарымен таныстыру басталады. «Көбейту мен бөлу амалдары» тақырыбын игертуге 20 сағат бөлінген.

3-сыныптағы математика пәні бойынша оқу бағдарламасының өзгеруіне және көбейту мен бөлудің 2-сыныпта қарастырылуына байланысты 3-сыныпта қайталауға берілген сағаттар саны 4 сағаттан 14 сағатқа дейін көбейтілді. Осыған қатысты 3-сыныптағы алғашқы 14 сабақтың мазмұнын толығымен өзгертуге әкелді.

Жаңа бағдарламаға сәйкес 3-сыныптың оқулығына жаңа тақырыптар кірістірілді:


  • ұзындық бірлігі – миллиметр (1 мм). 1 см = 10 мм қатынасы қарастырылады;

  • геометриялық фигуралардың аудандарын «көзбен» және беттестіру арқылы салыстыру;

  • аудан бірліктері – 1 м2, 1 дм2, ар (1 а). Аудан бірліктері арасындағы қатынастар: 1 м2 = 100 дм2, 1 дм2 = 100 см2, 1см2 = 100 мм2, 1 а = 100 м2;

  • қозғалыс жылдамдығы. Жылдамдық бірліктері: 1 км / сағ, 1 м / мин, 1 см / с және т.б.;

  • теңдеулерде a, b, c, d латын әріптерінің (бұл әріптер математикада тұрақты шамаларды белгілеу үшін қолданылады) орнына x, y, z әріптері қолданылған;

  • х + 4 × 2 = 24 түрдегі күрделі теңдеулер. Оларды шешу арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелеріне негізделген;

  • екі әрпі бар әріпті өрнектер: а + 3 + b. Әріптердің берілген мәндерінде осындай әріпті өрнектің мәнін табу;

  • тарихи мағлұматтар, математикалық фактілер.

Оқушыларды отандық және әлемдік жетістіктерге тарту, оқушыларда математиканы мәдениеттің бір бөлігі ретінде түсінік қалыптастыру мақсатында оқулыққа қысқаша тарихи мағлұматтар және математикалық тапсырмалар (оларды игеру бақылауды қажет етпейді) кірістірілген. Мысалы, арифметикалық амалдардың белгілерін, жақшаны, санның орнына әріпті, теңдеуде белгісізді енгізген ғалым-математиктермен таныстыру. Қазақ халқының сыйымдылыққа қатысты ежелгі өлшемдерімен таныстыру.

Оқушылардың логикалық ойлауы мен математика тілінде сөйлеуін дамыту және олардың математиканы игеруге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында күрделі есептер (барлық оқушыларға міндетті емес) ретінде келесі тапсырмалар енгізілген:



  • кестемен берілген логикалық есептер;

  • сөзжұмбақтар (олар ең алдымен математикалық терминологияны меңгеруге, математика тілінде сөйлеуге, ғалым-математиктермен таныстыруға бағытталған);

  • «сиқырлы» шаршылар;

  • математикалық ребустар, оларды шешу нәтижесінде оқушылар ғалым-математиктер (Пифагор, Рекорд, Лейбниц, Виет, Евклид) жайлы біледі;

  • мазмұны экономикаға қатысты есептер;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған есептер.

4-сыныпта 1 000 000 дейінгі сандар, миллион көлемінде осы сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар, жылдамдық, текше, тікбұрышты параллелепипед оқытылады.

Бастауыш білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен бағаланады.

Бақылау нысандары тест тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ғылыми жобаларды қорғау, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде өткізу ұсынылады.

1-4-сыныптардағы «Математика» пәнінен ағымдық бақылау нысандары жазбаша, ауызша түрде ұйымдастырылады. Ағымдық бақылау жұмыстары аптасына 1 реттен артық өткізілмейді.

Тақырыптық бақылау жұмыстарын жазбаша түрде ұйымдастыру ұсынылады. Математика пәнінен ұйымдастырылатын қорытынды бақылау бақылау жұмыстары мен кешенді тестік тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады.

1-4-сыныптарға арналған «Математика» пәнінен бақылау жұмыстарының тоқсандар бойынша саны (4-кесте) ұсынылады.


4-кесте - 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен бақылау жұмыстарының түрлері мен сандары







1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 - сынып

Бақылау жұмысы

2

2

3

3

Өздік жұмысы

2

2

3

3

Барлығы:

4

4

6

6

2 - сынып

Бақылау жұмысы

2

2

3

3

Өздік жұмысы

2

2

3

3

Барлығы:

4

4

6

6

3 - сынып

Бақылау жұмысы

2

2

3

3

Өздік жұмысы

2

2

3

3

Барлығы:

4

4

6

6

4 - сынып

Бақылау жұмысы

3

2

3

4

Өздік жұмысы

2

2

3

3

Тестік тапсырмалар

-

1

-

1

Барлығы:

5

5

6

8


Математика пәні бойынша 1-4-сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта: аптасына 4 сағат, жылына жалпы сағат саны 132 сағат;

2-сыныпта: аптасына 4 сағат, жылына жалпы сағат саны 136 сағат;

3-сыныпта: аптасына 5 сағат, жылына жалпы сағат саны 170 сағат;

4-сыныпта: аптасына 5 сағат, жылына жалпы сағат саны 170 сағат.

2.3 «Жаратылыстану» білім саласы
Дүниетану

Пәннің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.



Негізгі міндеттері:

  • туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

  • оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;

  • күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;

  • «адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;

  • танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;

  • картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;

  • тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;

  • танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;

  • бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;

  • адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;

  • жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

2014-2015 оқу жылында «Шетел тілі» пәнінің 2-сыныпқа енгізілуіне байланысты «Дүниетану» пәнінің апталық оқу жүктемесі: 1-2 сыныптарда аптасына 1 сағатпен оқытылады; 3-4-сыныптарда аптасына 2 сағатпен оқуды жалғастырады.

2.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Өзін-өзі тану

Пән әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.



Пәннің мақсаты: оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу; өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту; өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу; қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Пәннің міндеттері:

  • оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

  • өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

  • өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;

  • адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;

  • әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көпқырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;

  • белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;

  • күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Пәнді оқыту ерекшелігі: оқушының өзіндік бейімін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде ретінде дамыту. «Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:

  1. Өзін-өзі тану бақыты;

  2. Адами қарым-қатынасқа үйренейік;

  3. Адам болам десеңіз ...;

  4. Әсемдік әлемінде.

Оқыту үдерісі оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыруға, өз- өзіне, қоғамға қызмет етуге бағытталған.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағаттан: 1-сыныпта 33 сағатты, 2-4-сыныптарда 34 сағатты құрайды.



2.5 «Өнер» білім саласы
Музыка

Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді.

«Музыка» оқу пәнінің мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана білуіне негізделген.

«Музыка» оқу пәнінің басты міндеті:



  • оқушылардың музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып,

музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;

  • музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын іске асыру: музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасау, суырып салу;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері және республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасы болып табылады. Бағдарлама музыкалық өнер дамуының заңдылықтарына негізделіп, оның өмірмен байланысына бағытталған.

Музыка пәнінің мазмұны тақырыптық топтардан құралып, бастауыш сыныптардың бірізді және жүйелі түрде дамуын көрсетеді. Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық құбылыстардың ауқымы кеңейеді.

Оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға негізделген. 1-2-сыныптардағы сахналық ойындар оқушылардың білімін толықтыра түсіп, коммуникативтік қызмет атқарады. «Мұғалім - оқушы» технологиясы шынайы шығармашылық қарым қатынас қалыптастырады. «Жетістік» технологиясы окушылардың шағармашылық биігіне көтерілуіне көмектеседі. Бастауыш сыныптарда саяхат-сабақ, концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы, репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану ұсынылады.

«Музыка» пәнiн оқыту барысында Қазақстан Республикасы халқының құрамы көпұлтты екені ескеріледі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде музыкалық материалдың бөлігін міндетті түрде дәстүрлі қазақтың және заманауи әуендерге арнауы және еркін бөлігін мұғалім сыныптың нақты ұлттық құрамына сәйкес музыкалық материалды түрлендіруге болатыны ұсынылады.

«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны: 1-сыныпта аптасына 1 сағат, жылына барлығы 33 сағат; 2-4-сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына барлығы әрбір сыныпта 34 сағат.

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері курсы өскелең жеке тұлғаның рухани қызметінің қалыптасу шарты болып табылатын эмоциялық-бейнелі, көркем ойлау түрін қалыптастыруға бағытталған.



Оқыту мақсаттары:

- эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;

- қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;

- халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.

Оқыту міндеттері:

- өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;

- сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;

- жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;

- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;

- көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);

- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);

- балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;

- оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.

Оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:


  • ықпалдастырылған модельде пластикалық өнердің алуан түрлері (кескіндеме, графика, мүсін өнері, көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер) қолданылған;

  • Қазақстан және әлем халықтары өнерінің ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау өзектілендірілген;

  • қазіргі заман өнерінің және өткен заман туындыларының бейнелі ерекшелігіндегі сабақтастық байланыстар айқындалады, мәдениетаралық қарым-қатынасқа және төзімділікке дайындық қалыптасады;

  • аймақтық компонентті қосу, бейнелеу өнерін оқытудың шығармашылық тәсіл мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылған.

Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-шығармашылық қызмет мазмұны».

Осылайша блоктарға бөлу ерекшелігі мынада, бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады, екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша: 1-сыныпта аптасына 1 сағат, жылына барлығы 33 сағат; 2-4-сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат.

2.6 «Технология» білім саласы
Еңбекке баулу

Пәннің мақсаты: бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу.

Пәннің міндеттері:


  • алғашқы жалпы еңбек және арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық мәдени негізін қалыптастыру;

  • ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану;

  • жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;

  • өздігінен қажетті материалдардан түрлі бұйымдар құрастыру;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін, көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту;

  • ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыру.

Пәнді оқытудың ерекшелігі – адам және қоршаған әлем арасындағы өзара байланысы, қоғам дамуындағы адам қызметінің рөлі туралы түсініктерін, алғашқы технологиялық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Еңбек оқушы дамуының (адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық) ең бір басты факторы болып табылады. Осы сатыда қалыптасатын дағды оқушының одан әрі дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім және білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады.
4-сынып оқулығында «Сым темірмен жұмыс», «Фольгамен әшекей бұйымдар жасау», «Қошқар мүйіз оюының орындалу реті» тақырыптары қарастырылмауына орай, мұғалім пәнді оқытуды жоспарлауда өзге тақырыптармен оқу бағдарламасына сәйкес алмастыра алады.

Еңбекке баулу пәні бойынша: 1-сыныпта аптасына, 2 сағат, жылына 66 сағат; 2-4-сыныптарда аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат қарастырылған.



2.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру

«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған.

Оқыту мақсаты: қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;

- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;

- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;

- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;

- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;

- жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».

Бастауыш мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі: дене шынықтыру сабақтары; оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары; спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар; спорттық үйірмелерде шұғылдану; дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары).
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:

- жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;

- әрекет ету тәсілі бала қозғалыстары арқылы дамитындығын қарастырады;

- денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.

Вариативті компонент мектептің материалдық базасы мен орналасқан жерін, оқытушының мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын білім беру ұйымдары ұсынады, жергілікті орындарда дене шынықтыру пәні мұғалімі әзірлейді.

Дене шынықтыру мұғалімі бағдарлама талаптарына сүйенеді және әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың (қорытынды тапсырмалар) өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады.

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

Дене дамуында жетіспеушілігі бар балаларды сауықтыруға бағытталған дене шынықтыру қосымша сабақтары немесе оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары және қызығушылықтары ескерілген спорт түріндегі сабақтар оқу жоспарының вариативті жүктемесі арқылы орындалады.

«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылды (www.nnpcfk.kz).

Үлгілік оқу жоспарына (ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығына) сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы 99 сағат;

2-4-сыныптарда – әр сыныпта аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет