ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін


- сызба. Педагогтің рефлексивтік іс-әрекетінің жҥйесі



Pdf көрінісі
бет43/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

2- сызба. Педагогтің рефлексивтік іс-әрекетінің жҥйесі 

 

ПМПК  білім  алушыға  жеке  бағдарлама  бойынша  немесе  жеке 

тәсілдемелермен  жалпы  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  оқытуды  ұсынған 

жағдайда  мектептегі  психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  қызметі 

бақылау  нәтижесінде  бағдарламаны  ӛзгерту  қажеттілігін  растайды,  сонда  ғана 

ұсыныстарға сүйене отырып жеке оқу бағдарламасы жасалады. 

Мұндай жағдайларда ЕБҚ бар білім алушы үшін пәндік бағдарламалардың 

мазмұнына оқушының  «күшті»  және  «әлсіз» жақтарына байланысты қысқарту 

немесе ӛзгерту жағына ӛзгерістер енгізуге болады. Білім алушылардың ерекше 

қажеттіліктері  мен  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып  әзірленген  жеке  оқу 

бағдарламалары  мектептің  педагогикалық  кеңесінде  бекітіледі.  Жеке  оқу 

бағдарламасын  жүзеге  асыру  кезінде  мұғалім  келесі  іс-әрекеттерді  жоспарлау 

үшін  әрбір  сабақты  талдай  отырып,  рефлексия  іс-әрекеттерін  үнемі  жүргізуі 

қажет. 


Жаңартылған  бағдарламаның  мазмұнында  педагогтар  сабақтардың 

кодталған оқу мақсаттарын таңдай отырып, сабақтарды жоспарлауға мүмкіндігі 

болады. Мақсаттардың ӛзінде оқу дағдыларын дамыту үшін бірізді іс-әрекеттер 

салынған.  Мұғалім  оқытудың  мақсатын  оқушының  рефлексиясымен 

байланыстырады  және  жұмыстың  тиімді  әдістерін  іздеу  үшін  осы  әмбебап 

тәсілдемелерді  қолданады.  Педагог  мақсаттар  мен  құндылықтардың  саны 

оқушылардың  бағдарламасымен  және  мүмкіндіктерімен  анықталатындығын 

түсінуі қажет. 

ЕБҚ  бар  бала  оқитын  сыныпта  мұғалімнің  оқыту  әдістерін  таңдау 

Жоспарлау 

Рефлексия 

Әрекет 


Бақылау 

 

381 


 

мүмкіндігі  бар,  үнемі  сұрақтарға  жауап  бере  отырып:  қандай  мақсатқа  қол 

жеткізуге  болады?

 

ЕБҚ  бар  баланың  қажеттіліктеріне  сүйене  отырып, 



мақсаттарды  қалай  ӛзгертуге  болады?

 

Сабақтың  қойылған  мақсаттарына  жету 



үшін қандай әдістер мен тәсілдерді қолдану керек? Оқушының жеке бағдарын 

жүзеге  асыру  кезінде  қойылған  мақсатқа  қол  жеткізгендігінің  дәлелі  қандай 

болып табылады ? (Бала қандай іс-әрекеттерді орындайды? Қалай орындайды? 

Оған не кӛмектесті? Сәтті ӛтті ме? Қандай кедергі болды?). 

Тоқсан  соңында  пән  мұғалімдеріне  ЕБҚ  бар  білім  алушының  оқу 

жетістіктерінің  қорытындысы  бойынша  қорытынды  жасау  және  қажет  болған 

жағдайда жеке оқу бағдарламасына түзетулер енгізу ұсынылады. 

Ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  балаларды  сүймелдеуге  арналған 

жеке бағдарламаларды мұғалім әзірлейді және инклюзивті білім беруді жүзеге 

асыратын мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. 

Оқу  жетістіктерін  бағалау  ерекше  білім  беру  қажеттіліктерін,  ЕБҚ  бар 

білім  алушының  жеке  мүмкіндіктерін  және  жетістіктерімен  салыстырғандағы 

прогрессті ескере отырып жүргізіледі. 

«Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдағы  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  ӛткізудің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  18 

наурыздағы  №  125  бұйрығына  ӛзгеріс  енгізу  туралы»»  бұйрыққа  сәйкес  14-8-

тармақта  «ерекше  оқу  қажеттіліктері  бар  білім  алушыларды  бағалау  кезінде 

педагог  сараланған  және/немесе  жеке  тапсырмаларды  қолданып,  сондай-ақ, 

оқушының  ерекшелігін  есепке  ала  отырып,  бағалау  критерийлеріне  ӛзгерістер 

енгізеді»,-деп кӛрсетіледі. 

Осыған 


байланысты, 

жаңартылған 

бағдарлама 

мазмұнының 

ерекшеліктеріне  сүйене  отырып,  ЕБҚ  бар  балаларға  арналған  БЖБ  және  ТЖБ 

тапсырмаларын 

әзірлеу 

кезінде 


оқу 

мақсаттарын, 

критерийлерін, 

дескрипторларды, тапсырмаларды саралау ұсынылады. 

Қорытынды  аттестаттау  мәселесі  бойынша  жоғарыда  кӛрсетілген 

бұйрықтың  57-тармағында  мыналар  кӛрсетіледі:  «ерекше  білім  беруге 

қажеттілігі  бар  білім  алушыларға  және  жеке  оқу  бағдарламасы  бойынша 

оқитын  білім  алушыларға  қорытынды  аттестаттау  ӛткізу  қажеттілігі  туралы 

мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес 

шешеді». 



 

 

 

 



 

382 


 

13  АРНАЙЫ  БІЛІМ  БЕРУ  ҦЙЫМДАРЫНДАҒЫ  ОҚЫТУДЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

Арнайы  мектептерде,  арнайы  сыныптарда  оқу-тәрбие  процесі  келесі 

нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі: 

-  «Тиісті  ҥлгідегі  білім  беру  ҧйымдары  қызметінің  ҥлгілік 

қағидаларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2018  жылғы  30  қазандағы  №  595 

бұйрығы; 



-  «Арнайы  білім  беру  ҧйымдары  тҥрлерінің  қызметінің  ҥлгілік 

қағидаларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2017  жылғы  14  ақпандағы  №  66 

бұйрығы; 

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 

білім берудің ҥлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 

8 қарашадағы № 500 бұйрығы; 

-  Ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  білім  алушыларға  арналған 

типтік  оқу  бағдарламалары  (ҚР  БҒМ  бұйрықтары  №  352,  27.07.2017  ж., 

№469, 20.09.2018 ж.). 

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  құрылатын  арнайы  сыныптар 

оқушылардың даму бұзушылықтарының түрлері бойынша сараланады: 

- есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар үшін; 

- кӛру қабілетінің бұзылыстары бар балалар үшін; 

- сӛйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар балалар үшін; 

- тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін; 

- психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ); 

-  ақыл-ой  кемістігі  бар  балалар  үшін  (жеңіл  және  орташа  ақыл-ой 

кемістігі). 

Аталған  сыныптар  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

Министрлігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығына сәйкес жинақталады. 

Бастауыш  білім  алу  ұзақтығы  0  сынып  есебінен  1  жылға,  білім 

алушылардың  танымдық  іс-әрекеттердің  ерекшеліктері,  оқу  қарқынының 

баяулауы,  жалпы  білім  беретін  пәндерге  оқу  бағдарламаларының  мазмұнын 

толыққанды 

меңгеруге 

мүмкіндік 

беретін 


пропедевтикалық 

және 


компенсаторлық-дамыту  бӛлімдерін  қосу  қажеттілігі  салдарынан  10  сынып 

есебінен 1 жылға ұлғайтылды. 

0 сыныптарда оқу  жылының ұзақтығы 32 оқу аптасын, 1 сыныптарда – 33 


 

383 


 

оқу аптасын, 2-12 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. 

Есту,  кӛру  қабілеті  бұзылған,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған,  сӛйлеу 

қабілеті ауыр бұзылған, психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған 

үлгілік  оқу  жоспарларының  инвариантты  бӛлігінің  жалпы  білім  беретін 

пәндерінің тізбесі және олардың негізгі мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті 

білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді (ҚР 

БҒМ 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы). 

Оқыту арнайы оқу бағдарламалары ретінде (бағдарламалар Ы. Алтынсарин 

атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  сайтында  орналастырылған  -  www.nao.kz

білім  алушылардың  психофизиологиялық  ерекшеліктері  мен  танымдық 

мүмкіндіктерін ескере отырып, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің 

оқу  бағдарламалары  негізінде,  сондай-ақ  жалпы  білім  берудің  оқу 

бағдарламалары да әзірленген. 

Оқу  үдерісінде  арнайы  ОӘК,  сондай-ақ  жалпы  білім  беретін  мектептерге 

арналған ОӘК қолданылады. 

Интеллектісі бұзылған білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарының 

бӛлімдері  мен  оқу  пәндерінің  тізбесі,  сондай-ақ  оқу  бағдарламалары  мен 

оқулықтардың мазмұны МЖМБС талаптарына бағдарланбаған оқу процесі жеңіл 

және  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушыларға  арналған  үлгілік  оқу 

жоспарларына  сәйкес,  арнайы  оқу  бағдарламалары  бойынша,  мектепте  барлық 

жыл бойы арнайы ОӘК-мен жүзеге асырылады. 

Арнайы  мектептердің  (сыныптардың)  педагогтары  сынып  құрамын  және 

білім  алушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып  дидактикалық, 

дамытушы материалдармен толықтырып таңдауға құқығы бар. 

Дамуында кемістігі бар білім алушыларды оқытатын білім беру ұйымдары 

білім беру мазмұнының ерекшеліктерін және білім алушылардың мүмкіндіктерін 

ескере  отырып,  білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау  мен  аралық 

аттестаттауды ӛткізудің түрлерін, тәртібі мен кезеңділігін дербес айқындайды. 

Үлгілік оқу жоспары негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін жұмыс 

оқу  жоспарын  білім  алушылар  құрамының  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктерін 

ескере  отырып  жасайды.  Педагогикалық  кеңестің  шешімі  бойынша  білім 

алушылардың  ерекше  білім  беру  қажеттіліктеріне  сәйкес  (үлгілік  оқу  жоспары 

сағаттарының жалпы санының шеңберінен шықпастан) үлгілік оқу жоспарының 

пәндері арасында сағаттарды қайта бӛлуге жол беріледі. 

Білім беру ұйымы үйде оқитын білім алушылардың ата-аналарымен (немесе 

оларды  алмастыратын  тұлғалармен)  бірлесіп,  оқытылатын  пәндердің  тізбесін 

айқындайды,  жеке  мүмкіндіктеріне  сәйкес  сыныптар  бойынша  үйде  жеке 

оқытудың  үлгілік  оқу  жоспарының  бӛлінген  сағаты  шегінде  пәндер  бойынша 

сағаттарды бӛледі. 

Арнайы  мектеп  пен  арнайы  сыныптардағы  оқу-тәрбие  үдерісі  мектеп 

штатында  бар  психологиялық-педагогикалық  қолдау  мамандары  (психолог, 

логопед),  арнайы  педагогтар  (тифлопедагог,  сурдопедагог,  олигофренопедагог, 

ЕДШ нұсқаушысы) жүргізетін білім алушының қажеттіліктерін психологиялық-

педагогикалық  бағалаудың  деректеріне  негізделген  сараланған  және  жеке 

тәсілдемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады. 



 

384 


 

Педагогтар  мен  психологиялық-педагогикалық  қолдау  мамандарының 

жұмысы командалық тәсілдемелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады, мектеп 

директоры бекіткен жергілікті нормативтік актілермен реттеледі. 

Арнайы  мектеп  пен  арнайы  сынып  білім  алушылары  үлгілік  оқу 

жоспарының  (түзету  компоненті)  тиісті  бӛлімінде  бӛлінген  сағат  шеңберінде 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  мамандары  ӛткізетін  фронтальды,  кіші 

топ  және  жеке  сабақтарда  арнайы  психологиялық-педагогикалық  кӛмек  алады. 

Түзету  сабақтары  арнайы  мектептер  мен  арнайы  сыныптардың  барлық 

түрлерінде  міндетті  болып  табылады.  Түзету  компоненті  пәндерін  оқу 

жоспарының  инвариантты  компоненті  пәндерімен  ауыстыруға,  сондай-ақ  осы 

сағаттардың санын қысқартуға жол берілмейді. 

Арнайы  мектептер  мен  арнайы  сыныптардың  жұмысы  ұзартылған  күн 

тәртібінде  0-4  сыныптарда,  ал  5-9,10  сыныптарда  –  мектеп  басшылығының 

қалауы  бойынша  ұйымдастырылады,  бұл  бұзылған  қызметтерді  еңсеру  және 

ӛтеу,  қажетті  денсаулық  сақтау  педагогикалық  режимді  қамтамасыз  ету, 

әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасайды. 

Ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  білім  алушыларды  еңбекке  оқыту 

жұмыс  кадрларына  қажеттілікке  бағдарланған  ӛңірлік,  жергілікті  жағдайларға 

сүйене  отырып  және  психофизикалық  дамудың  жеке  ерекшеліктерін, 

денсаулығын,  мүмкіндіктерін,  сондай-ақ  еңбек  бейінін  таңдау  негізінде 

тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе ӛзге де заңды ӛкілдерінің 

мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері 

бар  білім  алушылар  үшін  еңбекке  оқыту  бейіндері  бойынша  үлгілік  оқу 

бағдарламалары  не  оқушылардың  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктерін  ескере 

отырып  мұғалімдер  жасаған  және  мектептің  педагогикалық  кеңесі  бекіткен 

бағдарламалар пайдаланылады. 

Кәсіптік-еңбекке  оқыту  бойынша  сабақтар  үшін  сыныптар  5-ден  бастап, 

ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушыларға  арналған  сыныптар  4-ден  бастап  екі 

топқа  бӛлінеді.  Еңбек  түрлері  бойынша  топтарды  топтастыру  дәрігердің 

ұсынымдары  негізінде  оқушылардың  психофизикалық  жағдайы  мен 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып  жүзеге  асырылады.  Білім  алушылардың 

параллельді және аралас сыныптардан кіші топтарға бірігуі мүмкін. Әлеуметтік - 

тұрмыстық бағдарлау сабақтарын ӛткізу кезінде сынып да екі топқа бӛлінеді. 

Есту,  кӛру,  сӛйлеу  қабілеті  бұзылған,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған, 

психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп түлектері алған 

білім  деңгейін  растайтын  мемлекеттік  үлгідегі  аттестат  алады.  Жеңіл  және 

орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  түлектер  арнайы  білім  беру  ұйымының  осы  түрі 

үшін  белгіленген  үлгідегі  аттестат  алады  («Білім  туралы  мемлекеттік  үлгідегі 

құжаттардың  түрлері  мен  нысандарын  және  оларды  беру  қағидаларын  бекіту 

туралы ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы»). 

1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) білім алушыларға арналған арнайы 

мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері. 

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бӛлінеді: 

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар; 

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар. 



 

385 


 

Мектепке  дейінгі  алдын  ала  дайындықтан  толық  кӛлемде  ӛтпеген  балалар 

дайындық  (0)  сыныбына  түседі.  Оқыту  арнайы  әдістемелік  және  дидактикалық 

материалдарды  қолдана  отырып,  арнайы  оқу  бағдарламалары  бойынша 

жүргізіледі.  Оқу  үрдісінде  жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқулықтары 

қолданылады. 

Типтік оқу жоспарында міндетті түзету пәндері ұсынылған: 

-  жоғары  психикалық  қызметтерді  қалыптастыру,  жалпы  білім  беретін 

пәндер бойынша білімді меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық ұғымдарды 

меңгеру үшін тілді меңгеру; 

-  электракустикалық  аппаратураны  қолдану  арқылы  есту  қабылдауының 

қарқынды дамуы жағдайында қозғалыстар мен сӛйлеуді дамыту; 

-  білім  алушының  коммуникативтік  іс-әрекетін  қамтамасыз  ету,  ауызекі 

сӛйлеу  сӛздігін  дамыту.  Республика  мектептерінде  естімейтіндерді  оқыту 

процесі  есту-кӛру  негізінде  жүзеге  асырылады,  оқыту  процесінде  ымдау  тілі 

бағдарламалық  материалды  тереңірек  түсіну  үшін  кӛмекші  құрал  ретінде 

пайдаланылады; 

-  ауызекі  сӛйлеуді  қалыптастыру  және  қалған  сӛйлеуде  есту  қабілетін 

дамыту. 

Түзету  циклінің  сабақтары  топпен,  кіші  топтармен  және  жеке,  күннің 

бірінші және екінші жартысында ӛткізіледі. 

Негізгі  мектеп  курсы  үшін  жалпы  білім  беру  бағдарламаларын  табысты 

меңгерген білім алушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында 

кәсіптік колледждерде, кешкі мектепте одан әрі білім алуы мүмкін. 



2. Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кеш еститін) білім алушыларға 

арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері. 

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бӛлінеді: 

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар; 

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар. 

Мектепке  дейінгі  алдын  ала  дайындықтан  толық  кӛлемде  ӛтпеген  балалар 

дайындық  (0)  сыныбына  түседі.  Оқыту  арнайы  әдістемелік  және  дидактикалық 

материалдарды  пайдалана  отырып,  арнайы  оқу  бағдарламалары  бойынша 

жүргізіледі.  Оқу  үдерісінде  жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқулықтары 

қолданылады. 

Есту  қабылдауын  дамытуға,  айтылу  жұмыстарына,  еріннен  оқуға  арнайы 

кӛңіл  бӛлінеді,  бұл  оқушылардың  ауызша  сӛйлеуін  қалыптастыру  мен 

жетілдірудің есту-кӛру негізін құруға ықпал етеді. 

Негізгі  мектеп  курсы  үшін  жалпы  білім  беру  бағдарламаларын  табысты 

меңгерген білім алушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында 

кәсіптік колледждерде, кешкі мектепте одан әрі білім алуы мүмкін. 

3. Кӛру қабілеті бұзылған (кӛзі кӛрмейтін, нашар кӛретін, кеш кӛретіндер) 

білім алушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері. 

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бӛлінеді: 

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар; 

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар; 

– жалпы орта білім – 11-12 сыныптар. 


 

386 


 

Орта  білім  алу  ұзақтығы  кӛзі  кӛрмейтін  және  нашар  кӛретін  білім 

алушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  ерекшеліктері  салдарынан  ұлғайтылды; 

оқыту  қарқынының  баяулауы  және  жалпы  білім  беретін  пәндерге 

пропедевтикалық  бӛлімдерді  қосу  қажеттілігі,  білім  алушылардың  қоршаған 

орта туралы түсініктері мен білімдеріндегі олқылықтарды толтыруға мүмкіндік 

беретін;  кӛзі  кӛрмейтіндерге  ақпарат  алудың  сукцессивті  тәсілін  қолдану 

(түйсікті пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға, бедерлі суреттер 

мен  сызбаларды  оқуға  оқыту  ерекшеліктері;  бақылау,  практикалық  және 

зертханалық  жұмыстарды  жүргізу  кезінде  кеңістікте  бағдарлануға  арналған 

тифлоприборлар мен ыңғайлы бұйымдарды пайдалану қажеттілігі. 

Мектепке дейінгі дайындықтан ӛтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық 

(0)  сыныбы  ұйымдастырылады.  1-4  сыныптарда  білім  алушылардың 

функционалдық  сауаттылығының  негізі  қаланады,  қарым-қатынас  пен  оқу 

еңбегінің  негізгі  біліктері  мен  дағдылары  қалыптасады,  кейіннен  негізгі  жалпы 

білім беру бағдарламасын меңгеру үшін база құрылады. 

11-12  сыныптарда  бейіндік  оқыту  екі  бағыт  бойынша  жүзеге  асырылады: 

қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық. 

Бір  немесе  екі  бағытты  таңдауды  мектеп  білім  алушыларының 

қажеттіліктерін  және  ата-аналардың  сұраныстарын  ескере  отырып  жүзеге 

асыралады. 

Нашар  кӛретіндерде  қалдықты  кӛру  және  кӛру  қабылдауын  дамыту; 

әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  (ӘТБ),  кеңістіктік  бағдарлау;  мимика  мен 

пантомимиканы дамыту; сӛйлеу және қозғалыс дамуының кемшіліктерін түзету 

бойынша  жұмыстар  жүргізілетін  білім  беру  процесінің  түзету  бағыты  жалпы 

білім  беретін  пәндер  бойынша  сабақтарда,  арнайы  түзету  сабақтарында 

қамтамасыз етіледі. 

Факультативтік сабақтар мен элективті курстар сағаттары жалпы білім беру 

циклінің пәндерін оқу, жаңа пәндерді жүргізу, қосымша білім беру модульдерін, 

арнайы  курстар  мен  практикумдар,  жеке  және  топтық  сабақтарды  ӛткізу  үшін, 

жеке  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруда  қолданылуы  мүмкін.  Кӛзі 

кӛрмейтін  балаларды  оқыту  жалпы  білім  беретін  мектептерге  арналған  Брайль 

шрифтімен басып шығарылған оқулықтар бойынша, ал нашар кӛретіндер үшін– 

ірі баспалы шрифтпен жүзеге асырылады. 



4.  Тірек-қимыл  аппараты  бұзылған  балаларға  арналған  арнайы  мектепте 

(сыныпта) оқыту ерекшеліктері. 

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бӛлінеді: 

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар; 

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар; 

– жалпы орта білім – 11-12 сыныптар. 

Мектепке дейінгі дайындықтан ӛтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық 

(0) сыныбы ұйымдастырылады. 

1-4  сыныптарда  жалпы  тапсырмалар  мен  арнайы  дамыту  тапсырмалары 

(білім алушылардың қозғалыс аймағын, олардың танымдық іс-әрекетін, сӛйлеуін 

қалыптастыру)  шешіледі.  Бірінші  сыныпта  жазу  дағдыларын  қалыптастыруға 

арнайы уақыт бӛлінеді. 


 

387 


 

Ана  тілін  меңгеруде  оқытудың  бастапқы  кезеңдерінің  практикалық 

бағытталуымен қамтамасыз етіледі.Математиканы оқу кезінде ойлау дамуының 

ерекшеліктері, кеңістіктік кӛріністердің жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі. 

Бейімделген  дене  шынықтыру  сабақтарында  бағалау  нормативтері 

ӛңделмейді. 

5-10  сыныптарда  балалардың  әлеуметтік  еңбекке  бейімделуін  қамтамасыз 

ететін  қозғалыс,  ойлау,  сӛйлеу  дағдылары  мен  іскерліктерін  дамыту  бойынша 

қалпына келтіру жұмыстары жалғасасды. 

11-12  сыныптарда  екі  бағыт  жүзеге  асырылады:  қоғамдық-гуманитарлық 

және жаратылыстану-математикалық. 

Мектеп  бір  немесе  екі  бағытты  таңдауда  білім  алушылардың 

қажеттіліктерін  және  ата-аналардың  сұраныстарын  ескере  отырып  жүзеге 

асырады. 

Тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылар кіші және жеке сабақтарда 

арнайы педагогикалық қолдау алады: 

1) емдік дене шынықтыру (ЕДШ); сабақтар 2-4 адам тобымен немесе жеке 

ӛткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Сабақтар күннің бірінші және екінші 

жартысында ӛткізілуі мүмкін; 

2)  сӛйлеуді  дамытудағы  кемшіліктерді  түзету  бойынша  тіл  мүкістігі  бар 

білім  алушылар  логопедпен  жеке  немесе  топпен  аптасына  2-3  рет  жүргізіледі. 

Сабақтар күннің бірінші немесе екінші жартысында ӛткізілуі мүмкін; 

Факультативтік сабақтар мен элективті курстар мазмұнын  анықтау кезінде 

білім  алушылардың  әлеуметтенуіне,  даму  кемшіліктерін  жеңуге,  оқушылардың 

шығармашылық  қабілеттерін  жетілдіруге  ықпал  ететін  сабақтарға  артықшылық 

беру керек. 



5.  Сӛйлеу  қабілеті  бұзылған  білім  алушылар  арнайы  мектепте  (сыныпта) 

оқу ерекшеліктері. 

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бӛлінеді: 

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар; 

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар. 

Алдын  ала  арнайы  мектепке  дейінгі  дайындықтан  ӛтпеген  балалар 

дайындық (0) сыныбына түседі. 

Мектепте оқушыларға арналған бӛлімшелер құрылуы мүмкін: 

-  сӛйлеу  тілінің  ауыр  дәрежедегі  жалпы  дамымауы  (алалия,  дизартрия, 

ринолалия,  афазия),  сондай-ақ  сӛйлеудің  жалпы  дамымауы  бар,  кекештенумен 

қатар жүретін балалар; 

- сӛйлеу тілінің қалыпты дамуында қиын түрі бар. 

Кохлеарлы  имплантацияға  дейін  кемінде  6  ай  есту  аппараттарын  үнемі 

киюмен  1  жастан  4  жасқа  дейін  белгіленген  кохлеарлы  импланты  бар  балалар 

қабылданады. Негізгі орта мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуға, 

әсіресе  сӛйлеу  дамуының  күрделі  бұзылыстары  бар  сыныптар  үшін  сағаттарды 

бӛлуде вариативтілікке жол беріледі. 

Логопедиялық және арнайы педагогикалық қолдау барлық сабақтарда және 

сабақтан  тыс  уақытта  сӛйлеу  режимін  сақтай  отырып  кӛрсетіледі.  Түзету 

сабақтары  сӛйлеу  қабілетінің  ауыр  бұзылыстары  бар  білім  алушылардың 


 

388 


 

моторлы  және  сӛйлеу  моторлы,  сӛйлеу  қызметінің  дамуында  ауытқуларды 

жеңуге бағытталған. 

Логопедиялық  сабақтар  сыныптағы  жұмыстың  мазмұны  мен  түрлерін 

қайталамауы  тиіс;  олар  күннің  екінші  жартысында  ӛткізіледі.  Білім  алушылар 

жеке, кіші және фронтальды сабақтарда логопедтік кӛмек алады. 

Жеке  сабақтар  сӛйлеу  тілінің  жүйелі  бұзылуы  және  артикуляциялық 

аппараттың  (ринолалия,  дизартрия)  құрылысы  мен  қозғалысы  бұзылған 

оқушылармен  жүргізіледі. Жеке сабақтар аптасына 2 реттен кем емес ӛткізіледі. 

Ұзақтығы  20-25  минутты  құрайды.  Кіші  топтарға  сӛйлеу  бұзылуының  біртекті 

құрылымы  бар  балалар  біріктіріледі.  5-10  сынып  білім  алушыларымен 

логопедиялық  сабақтарды  ұйымдастырудың  кіші  тобы  жетекші  болады. 

Сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды. 

Алдыңғы  сабақтың  ұзақтығы  (0,  1-4  сынып)  дайындық  сыныбында  және 

бірінші  сыныптың  бірінші  жарты  жылдығында  35  минутты,  келесі  сыныптарда 

40 минутты құрайды. Негізгі мектеп оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін 

қосымша  оқыту  үшін  факультативтер  мен  элективті  курстар  ұйымдастыруға 

рұқсат етіледі. 



6.  Психикалық  дамуы  тежелген  (ПДТ)  білім  алушыларға  арналған  арнайы 

мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері. 

Білім беру процесі білім беру деңгейіне сәйкес қамтамасыз етіледі: 

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар, 

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар. 

Арнайы  мектептерге  (сыныптарға)  кӛбінесе  церебральды-органикалық 

шығу тегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Дамуында айқын 

ауытқулары  бар  (ақыл-ой  кемістігі,  сӛйлеу,  кӛру,  есту  қабілетінің  ӛрескел 

бұзылуы) балалар арнайы сыныптарға қабылдауға жатпайды. 

Жалпы  білім  беретін  мектепте  арнайы  сыныптарды  жинақтап  оқытудың 

бастапқы  сатысында  –  0,  1-сыныптар  және  2-сынып  ерекшелік  ретінде  жүзеге 

асырылады.  Оқытудың  кез  келген  кезеңінде  жалпы  білім  беретін  мектептің 

қарапайым сыныптарына оқушыларды біріктіру, сондай-ақ психикалық дамудың 

айқын  түрде  кідіруі  кезінде  екінші  сатыда  арнайы  сынып  жағдайында  білім 

беруді жалғастыру мүмкіндігі кӛзделеді. 

Оқу  күнінің  тәртібі  білім  алушылардың  шаршағандығын  ескере  отырып 

белгіленеді: ұзартылған күн тәртібінде бірінші ауысымда оқыту. 

Екінші  (қазақ  немесе  орыс)  және  үшінші  (ағылшын)  тілдерді  оқыту  білім 

алушылардың  тілдік  даму  деңгейін  ескере  отырып  жүзеге  асырылады,  оқыту 

әдістерін бейімдеу кӛзделеді. 

Арнайы  оқу  бағдарламалары  мен  арнайы  әдістемелік  және  дидактикалық 

материалдарды пайдалану кӛзделеді. Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық 

бағыты  жалпы  білім  беру  циклы  пәндері,  түзету  пәндері,  сондай-ақ,  қосымша 

білім беру жүйесінде іске асырылады. 

Түзету  сабақтарындағы  жұмыс  мазмұны  білім  алушылардың  қоршаған 

болмысы  туралы  білімі  мен  түсініктерін  байытуды,  жалпы  моториканың 

дамуындағы  ауытқуларды  жеңуді  және  қимылдарды  үйлестіруді  қамтамасыз 

етуге бағытталған. 


 

389 


 

Сабақта  оқу  бағдарламасын  меңгеруде  қиындықтарға  тап  болған  білім 

алушылар үшін білімдегі кемшіліктерді толықтыру бойынша жеке және топтық 

түзету  сабақтары  ұйымдастырылады.  Сабақтар  жеке  немесе  кіші  топтарда  (2-4 

оқушы)  жүргізіледі.  Бастауыш  сынып  білім  алушылармен  жеке-топтық  түзету 

сабақтарын негізгі сынып мұғалімі жүргізеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут. 

Түзету  сыныптық-пәндік  түрлерін,  сабақтардың  мазмұнын  қайталамауы  тиіс. 

Олар  пәндік-практикалық  және  ойын  іс-әрекетін  қоса  алғанда  білім 

алушылардың  түрлі  іс-әрекет  түрлері  мен  формаларын  пайдалана  отырып 

ӛткізіледі. 

6-10  сыныптарда  білімдегі  олқылықтардың  орнын  толтыру  бойынша  жеке-

топтық  сабақтарға  бӛлінген  сағаттар  пән  мұғалімдері  арасында  бӛлінеді.  Білім 

алушының  белгілі  бір  топта  болу  ұзақтығы  ерекше  қиындықтарды  жеңу 

дәрежесімен  және  сыныппен  бірге  тапсырмаларды  орындауға  дайындығымен 

анықталады.  Топтардың  құрамы  қозғалмалы  болуы  тиіс:  бір  балаларды 

сыныппен жұмыс істеу үшін шығару керек, ал басқаларын қарқынды жеке кӛмек 

кӛрсету  топтарының  құрамына  қосу  керек.  Бір  оқушы  бір  жыл  ішінде  әр  түрлі 

топтардың құрамына кіре алады. 

Сӛйлеу  қабілеті  бұзылған  білім  алушылармен  логопедпен  жеке-топтық 

сабақтар жүргізіледі. 

Факультативтер 

мен 


элективті 

курстар 


сағаттарын 

балалардың 

әлеуметтенуіне  ықпал  ететін  (Сӛйлеу  және  қарым-қатынас  мәдениеті.  Ӛмір 

тіршілігінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету.  Экономикаға  кіріспе)  немесе  даму 

кемшіліктерін жеңуге бағытталған (бейнелеу қызметі. Қолданбалы ӛнер. (Жүзу, 

ЕДШ) немесе еңбек дайындығы бойынша қосымша сабақтарға жіберу. 



Есту,  кӛру,  сӛйлеу,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған,  психикалық  дамуы 

тежелген білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау. 

Оқушыларды  оқыту  нәтижелерін  бағалауда  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 

критериалды  жүйесі  қолданылады.  Ерекше  қажеттіліктері  бар  білім 

алушылардың  нәтижелерін  бағалау  кезінде  арнайы  оқу  бағдарламаларында 

немесе  оқушының  жеке  оқу  бағдарламаларында  немесе  оқушының  жеке  оқу 

бағдарламаларында  ұсынылған  оқу  мақсаттарына  бағдарлану  қажет,  мұғалім 

сараланған  және/немесе  жеке  тапсырмаларды  пайдаланады,  сондай-ақ,  білім 

алушының  ерекшеліктерін  ескере  отырып  бағалау  критерийлеріне  ӛзгерістер 

енгізеді. 

Формативті  бағалау  барысында  мұғалім  білім  алушылардың  оқу 

материалын  меңгерудегі  қиындықтарын  анықтайды  және  оларды  жеңу 

жолдарын белгілейді. 

Ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  білім  алушыларды  және  жеке  оқу 

бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ӛткізу 

қажеттілігі  туралы  мәселені  білім  алушылардың  жеке  ерекшеліктеріне  сәйкес 

педагогикалық кеңес шешеді. 

Арнайы білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептердегі 

арнайы  сыныптарда  білім  алушылардың  ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар 

балаларды  қорытынды  аттестаттаудың  емтихан  материалдарын  аудандық, 

қалалық білім бӛлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. 



 

390 


 

Түзету компоненті пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды. 



7. Арнайы мектепте (сыныпта) интеллектісі (жеңіл және орташа ақыл-

ой кемістігі) бұзылған білім алушылар үшін оқыту ерекшеліктері. 

Оқушылардың ақыл-ойының бұзылуымен оқыту мақсаты - танымдық және 

эмоциялық-тұлғалық сфераның дамуындағы ауытқуларды ӛтеу, білім беру және 

еңбек  дайындығы  құралдарымен  дамыту,  бітірушілерді  қоғамға  біріктіру  үшін 

әлеуметтік-психологиялық оңалту. 

Дайындық  сыныбына  оқуға  дайындығының  деңгейі  жеткіліксіз  балалар, 

сондай-ақ  білім  беру  және  тәрбие  жұмысы  процесінде  баланың  диагнозын 

анықтау,  оны  оқыту  мен  тәрбиелеуді  ұйымдастыру  түрлерінің  барабарлығын 

анықтау мақсатында қабылданады. 

Оқыту екі сатыда ұйымдастырылады: 

– бірінші саты – дайындық (0),1-4 сыныптар; 

– екінші саты – 5-9 сыныптар. 

Тиісті  материалдық-техникалық,  бағдарламалық-әдістемелік  және  кадрлық 

жағдайлар  болған  жағдайда  білім  беру  ұйымдарында  тереңдетілген  кәсіптік-

еңбек даярлығы бар 10-шы ӛндірістік сынып ұйымдастырылады. 

Бірінші  сатыда  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушының  тұлғасын  жан-жақты 

психологиялық-педагогикалық  зерттеу,  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың 

формалары  мен  әдістерін  әзірлеу  мақсатында  оның  мүмкіндіктері  мен  жеке 

ерекшеліктерін анықтау жүзеге асырылады. 

Екінші  сатыда  білім  алушылар  жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша 

практикалық бағыты бар білім алады. Әлеуметтік бейімделуге және кәсіби-еңбек 

дайындығына кӛңіл бӛлінеді. 

5-9  сыныптарда  1  сағат  математика  сабақтарынан  геометрия  элементтерін 

зерттеуге бӛлінеді. 

Түзету  компонентінің  сабақтары  күннің  бірінші  және  екінші  жартысында 

ӛткізілуі мүмкін. Жеке және шағын топтық түзету сабақтарының ұзақтығы – 20-

25  минут.  Кіші  топтар  сӛйлеу  және  психофизикалық  бұзылыстардың 

біртектілігін  ескере  отырып  жинақталады.  Емдік  дене  шынықтырумен 

айналысуға  арналған  топтар  дәрігердің  ұсынымдарын  ескере  отырып 

жинақталады.  Түзету  ырғағы  бойынша  сабақтар  топтарға  бӛлінбестен, 

фронтальды түрде жүргізіледі. 

4-6 сыныптар аралығында «Жалпы еңбек дайындығы»пәні оқытылады.  

7-9  (10)  сыныптар  кәсіптік  бағытта  еңбекке  баулу  жүзеге  асырылады. 

Еңбекке  оқыту  бейіндерін  мектеп  әкімшілігі  аймақтың  ерекшеліктерін  және 

түлектерді  жұмысқа  орналастыру  мүмкіндіктерін  ескере  отырып  анықтайды. 

Оқыту  үлгілік  оқу  бағдарламалары  бойынша  жүзеге  асырылады  (ҚР  БҒМ 

20.09.2018  ж.  №  469  Бұйрығы,  90-қосымша).  Мектепте  оқу  еңбекке  баулу 

бойынша  емтиханмен  аяқталады.  Білім  алушылар  белгіленген  тәртіппен  бітіру 

емтихандарынан  босатылуы  мүмкін.  Факультативтік  сабақтарға  және  элективті 

курстарға  бӛлінген  сағаттар  еңбекке  оқыту  бейіні,  түзету  бағыты  және  т.б. 

бойынша сабақтарға пайдаланылуы мүмкін. 

Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда 

мектепте осы оқушылар үшін арнайы сыныптары бар екінші бӛлім ашылады. 


 

391 


 

Ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушыларды  оқыту  осы  санаттағы  оқушылар 

үшін Үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

Оқыту  жеке  оқу  бағдарламалары  бойынша  жүзеге  асырылады.  Олар  оқушыны 

кешенді  психологиялық-педагогикалық  зерттеу  негізінде  сынып  педагогы  және 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  мамандары  жарты  жылдан  аспайтын 

мерзімге  құрылады.  Оқытудың  жеке  бағдарламасын  жүзеге  асыру  уақыты 

аяқталғаннан кейін әрбір оқушының жетістіктерін талдау жүргізіледі және келесі 

жартыжылдыққа арналған жеке оқу бағдарламасы жасалады. 

Педагог  әрбір  оқушының  жеке  мүмкіндіктерін  және  білім  беру  мен  жеке 

жетістіктерінің  мониторингі  нәтижелерін  ескере  отырып,  оқытудың  мазмұнын, 

әдістерін, формаларын, дидактикалық құралдарын дербес таңдайды. 

Екінші  бӛлім  сыныптарындағы  оқыту  мазмұны:  ӛзі  туралы  түсініктерді; 

ӛзіне-ӛзі  қызмет  кӛрсету  және  ӛмір  тіршілігін  қамтамасыз  ету  дағдыларын; 

қоршаған  орта  туралы  түсінікті  және  ортадағы  бағдарлауды;  коммуникативтік 

шеберлікті  қалыптастыруға  бағытталған;  жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша 

практикалық  бағыты  бар  және  тәрбиеленушілердің  психофизикалық 

мүмкіндіктеріне сәйкес келетін қолжетімді білім. 

Бірінші  сатыда  ақыл-ой  кемістігі  орташа  білім  алушыларға  арналған 

сыныптардағы  оқу  үдерісі  бақылаусыз  оқыту  негізінде  ұйымдастырылады: 

барлық  сабақтар  біріктірілген  сипатқа  ие  және  білім  алушылардың  жалпы 

дамуына  (коммуникативтік,  қимыл-қозғалыс,  сӛйлеу,  сенсорлық)  бағытталған. 

Оқушылардың жеке дамуына қарай пәндік оқуға кӛшу жүзеге асырылады. Білім 

алушылардың  психофизикалық  дамуының  ерекшеліктерін  және  мектеп 

ресурстарын  ескере  отырып,  қарапайым  еңбек  (қолӛнерге)  түрлеріне  оқыту 

ұйымдастырылады.  Еңбекке  баулу  бейіні  оқушының  психофизикалық 

ерекшеліктерін,  дәрігердің  ұсынымдарын  және  мектеп  мүмкіндіктерін  ескере 

отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқыту бейіні ӛзгеруі 

мүмкін. Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың еңбек даярлығы пәндері бойынша 

бітіру емтиханын тапсырмайды. 



Жеңіл  және  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың  оқу 

жетістіктерін бағалау. 

Оқу  үдерісі  білім  алушыларға  сараланған  және  жеке  тәсілдемені  қолдана 

отырып жүзеге асырылады. Сараланған тәсілдеме негізінде ақыл-ой кемістігі бар 

білім алушылардың педагогикалық жіктелуі жатыр (В. В. Воронкова бойынша). 

Жетістіктерді бағалау кезінде түрлі типологиялық топтарда білім алушылардың 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  деңгейлік  мақсат  қою  негізінде  критериалды 

бағалау  жүйесі  қолданылады.  Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың 

жетістіктері  бес  балдық  шкала  бойынша  бағаланады.  Дайындық  және  1-

сыныптарда  баллдық  бағалар  қойылмайды.  Оқытудағы  алға  жылжу  нәтижесі 

білім  алушылардың  нәтижелі  іс-әрекетін  талдау,  сӛйлеу,  жазба  жұмыстары, 

суреттер,  қолӛнер  және  сабақтардағы  іс-әрекетті  бақылау  деңгейін  талдау 

негізінде анықталады және түсіндірмелік сипаттамасы бар. 

Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде 

жеке  оқу  бағдарламасының  мазмұны  негізінде  сипаттамалық  критериалды 

бағалау қолданылады. (Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды критериалды бағалау 


 

392 


 

бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы. Алтынсарин ат. ҰБА сайтынан қараңыз 



www.nao.kz

). 


Түзету  циклінің  пәндері  бойынша  жетістіктерді  бағалау  баллмен 

қойылмайды, сипаттау сипатында болады.  

Пән  бойынша  бағалау:  дене  мәдениетіне  бейімделу,  музыка  және  ән  айту, 

бейнелеу 

іс-әрекеті, 

мінез-құлық 

мәдениеті 

баллмен 


қойылмайды 

(есептелінген/есептелмеген). 

Ақыл-ойы  бұзылған  балаларға  арналған  арнайы  мектеп  (сынып)  білім 

алушылары екінші жылға қалдырылмайды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет