ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет44/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

 

 

393 


 

14 

БІЛІМ 

БЕРУ 

ҦЙЫМЫНАН 

ТЫС 

 

ОҚЫТУДЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

 

 



 

    


Назар аударыңыз! 

 

2018  жылы  білім  беру  ҧйымдарынан  тыс  уақытша  білім  алушылар 



ҥшін  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  берудің  жеке 

сабақтарының  Ҥлгілік  оқу  жоспарлары  (жаңартылған  мазмҧндағы)  және 

білім  беру  ҧйымдарынан  тыс  уақытша  білім  алушылар  ҥшін  бастауыш, 

негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  берудің  Ҥлгілік  оқу  жоспарлары 

(жаңартылған  мазмҧндағы)  әзірленді,

 

«Қазақстан  Республикасындағы 



бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу  жоспарларын 

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2012 

жылғы  8  қарашадағы  №  500  бұйрығына  04.09.2018  №  441  бұйрығымен 

толықтырулар енгізілді (57-72 қосымшалар)  

Осы  бұйрыққа  сәйкес  1-4-сыныптардағы  қазақ  және  орыс  тілдерінде 

білім  беру  ұйымдарынан  тыс  уақытша  білім  алушылар  үшін  ең  жоғары  оқу 

жүктемесінің  кӛлемі:  1-сынып  -  17  сағат;  2-сынып  -  19  сағат;  3-сынып  -  19 

сағат; 4-сынып - 19 сағат. 

Сонымен  қатар  білім  беру  ұйымдарынан  тыс  жеке  сабақтарға  арналған 

жеке үлгілік оқу жоспарлары әзірленді, оған сәйкес бастауыш сыныптардағы ең 

жоғары  оқу  жүктемесі:  1-сынып  –  5,5  сағат;  2-сынып  -  5,5  сағат;  3-сынып  -  7 

сағат; 4-сынып - 7 сағатты құрайды. 

Білім  беру  ұйымдарынан  тыс  оқыту  қазақ  және  орыс  тілдерінде 

жүргізілетін  5-9-сыныптардың  уақытша  білім  алушылары  үшін  сыныптарға 

сәйкес: 5-сынып - 19 сағат; 6-сынып – 19 сағат; 7-сынып - 24 сағат; 8-сынып - 

24 сағат; 9-сынып - 25 сағат.

 

Білім беру ұйымдарынан тыс 5-9-сыныптарда жеке 



сабақтар  үшін  ең  жоғарғы  оқу  жүктемесі:  5-сынып  –  7,5  сағат;  6-сынып  –  7,5 

сағат; 7-сынып – 8,5 сағат; 8-сынып – 9 сағат; 9-сынып – 9,25 сағатты құрайды. 

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін білім беру ұйымдарынан 

тыс  10-11-сынып  уақытша  білім  алушылары  үшін  ЖМБ/ҚГБ  бойынша  10-



 

394 


 

сынып - 23 сағат және 11-сынып - 23 сағат. 

10-11-сыныптардағы  білім  беру  ұйымдарынан  тыс  жеке  сабақтар  үшін 

макималдық оқу жүктемесі 9 сағаттан. 



Осы  ҮОЖ-ға  сәйкес  оқу  қорытындысы  бойынша  ұйымнан  тыс  білім 

алатын бітіруші колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге құқылы. 

Білім  беру  ұйымынан  тыс  оқытуды  тиімді  және  сапалы  ұйымдастыру 

үшін:  

 

1. мектептің ішкі актілерімен оқу процесін сүйемелдеу: 



− жеке жұмыс оқу жоспары; 

− жеке жұмыс оқу бағдарламалары; 

− ұйымнан тыс сабақ кестесі; 

− топтық/жеке оқу үлгерімі журналы. 

  2.  мектеп  директоры  орынбасарының  қатысуымен  айына  1  рет  білім 

алушылардың  оқу  жетістіктерін  тыңдау  және  қол  жеткізілген  нәтижелер  мен 

жіберілген  олқылықтарын  ескере  отырып,  олардың  топтық/жеке  оқыту 

бағдарламасын түзету. 

    3.  білім  алушылардың  ұйымнан  тыс  білім  беру  ресурстарына  қол 

жеткізуін қамтамасыз ету: мерзімді басылымдар, оқу жабдықтары, ЦБР. 

    4.  қазіргі  заманғы  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 

(бұдан әрі – АКТ) мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылады. 

 

1.  Оқу  және  түзету  сабақтары  денсаулық  сақтау  мекемелерінде  емдеу 



курсынан ӛтіп жатқан және білім беру ұйымдарынан тыс білім алушылар үшін 

жалпы  білім  беретін,  арнайы  мектепке  дейінгі  және  мектеп  білім  беру 

ұйымдарының бағдарламалары кӛлемінде екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде 

ұйымдастырылады. 

2.  Сабақтар 1-11-сынып білім алушыларымен ӛткізіледі, оларға емдеуші 

дәрігердің  қорытындысына  сәйкес  осы  медициналық  ұйымда  15  күннен  астам 

емдеуден/оңалтудан ӛтуі тиіс. 

3.  Оқу  сабақтары  балалар  стационарға  түскен  сәттен  бастап  және 

баланың денсаулық жағдайына байланысты басталады. 

4.  Барлық тәрбиеленушілер үшін сабақтың ұзақтығы - 35 минут, бірінші 

сыныпта  -  25  минут  (бірінші  жартыжылдықта).  Аурудың  ауырлығына  қарай 

ауру  балалар  болатын  медициналық  режимдердің  әрқайсысына  олармен 

жұмысты жоспарлау кезінде белгілі педагогикалық бағыттылық сәйкес келеді. 

5.  Сабақтың  басталуы  мен  науқас  балаларды  оқытуды  ұйымдастыру 

нысанын  медициналық  ұйымның  бӛлімше  меңгерушісі  баланың  денсаулық 

жағдайына  байланысты  емдеуші  дәрігермен  бірлесіп  анықтайды,  ол  туралы 

стацианарлық науқастың медициналық картасына тиісті жазба жасайды. 

6.  Педагогикалық 

ұжым  оқу-тәрбие  жұмысын  кесте  бойынша, 

балалардың  денсаулық  жағдайы  туралы  мәліметтерді  ескере  отырып  және 

мекеме  басшысының  келісімі  бойынша  ұйымдастырады.  Бір  оқушыға 

күнделікті оқу жүктемесі 3-4,5 оқу сағатынан аспауы тиіс. 

7.  Оқушылармен  оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  топтық  немесе  жеке 

түрі белгіленеді. 



 

395 


 

8.  Сыныптардың жиынтықтылығы бір сыныпта 4 және одан да кӛп бала 

санынан  басталады.  Бір  сыныпта  3-ке  дейінгі  балалар  болған  жағдайда:  1-2-

сыныптар,  3-4-сыныптар,  5-6-7-сыныптар,  8-9-сыныптар  және  10-11-сыныптар 

бірігуі мүмкін. 

9.  Медициналық 

ұйымның  психо-неврологиялық  бӛлімшелерінде 

бастапқы  және  қайталама  бұзылуларды  жеңуге,  психикалық  функцияларды 

дамытуға,  балалар  мен  жасӛспірімдердің  қоғамға  бейімделуіне,  әлеуметтік-

еңбекке бейімделуіне және кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды 

қалыптастыруға  бағытталған  түзету-дамыту  оқытуы  жүзеге  асырылады.  Егер 

әлеуметтік  ортаға  кірігу  үшін  бӛлімшелерде  жеке  түзету-дамыту  сабақтары 

жүргізілсе, кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін. 

10. Оқу  жоспарларында  бастауыш,  негізгі  және  орта  мектептің  жалпы 

білім  берудің  базалық  компонентін  80%-ын  сақтау,  сондай-ақ  қаржыландыру 

шеңберінен  шықпай,  емдеу  мекемесінің  ерекшелігін  ескере  отырып,  оқу 

жоспарын 20% сағатқа дейін қайта бӛлу кӛзделуге тиіс. 

11. Үлгілік  оқу  бағдарламаларында  кӛзделген  сағаттар  саны  сараланған 

тәсілді ескере отырып алынуы және инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес 

келуі тиіс. Пәндер арасында сағаттарды қайта бӛлуге және мектепте жекелеген 

сабақтарға баруға жол беріледі. 

12. Бӛлімшелерде  емдік  дене  шынықтыру  (емдік  дене  шынықтыру)  және 

музыкатотерапия сабақтары ӛткізілетін жағдайларда, мектепте музыка мен дене 

шынықтыру сабақтары жүргізілмейді. 

13. Еңбекке  және  кәсіптік  оқыту  білім  алушылардың  денсаулық 

жағдайына  қарай  айқындалады  және  мынадай  профильдердің:  ағаш,  тігін 

бағыты, шаштараз ӛнері, сәндік-қолданбалы ӛнер негізінде жүзеге асырылады. 

14. Информатика  және  кӛркем  еңбек,  технология  бойынша  сағат  саны 

артады. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта кәсіптік бағдар 

беру  мақсатында  ақпараттық  технологиялар  мен  еңбек  дағдыларын  игеруге 

ерекше  мұқтаж  балалардың  қажеттілігімен  байланысты.  Бейнелеу  ӛнері  пәні 

кеңірек,  пластикалық  массалармен,  басқа  да  кӛркем  жұмыстар  түрлерімен 

жүргізіледі, ӛйткені бұл іс-әрекет қолдың ұсақ моторикасын дамытады, назарын 

бекітеді, балаларды шығармашылыққа үйретеді. 

15. Қажет 

болған  жағдайда  психологиялық-педагогикалық  түзету 

кабинетінде  (оңалту  орталығының)  белгіленген  тәртіппен  кӛмек  кӛрсетіледі. 

Қазақ  және  орыс  тілдері  мен  әдебиеті  үшін  бӛлінген  сағаттар  1  сағатқа 

қысқарып,  басқа  оқу  пән  сағаттарын  жүргізу  үшін  қайта  бӛлінуі  мүмкін  және 

сол  бӛлімдерде  тіл  мүкістігін  түзетумен  айналысатын  клиникалық  логопедия 

сабақтарымен толықтырылады.  

  

  



  

 

396 


 

 

Назар аударыңыз! 

Қазақ және орыс тілдерінде үйде оқыту үшін бастауыш, негізгі орта және 

жалпы  орта  білім  берудің  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  жоспарлары 

әзірленді және «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 

білім  берудің  үлгілік  оқу  жоспарларын  бекіту  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына ҚР Білім және ғылым 

министрінің 2018 ж. 04.09-дағы № 441 бұйрығымен толықтырулар енгізілді (73-

80-қосымшалар).  

Осы  бұйрыққа  сәйкес  үйде  оқитын  1-4-сынып  білім  алушыларына 

арналған ең жоғары шекті оқу жүктемесінің кӛлемі: 1-сыныпта - 12,5 сағат; 2-

сыныпта - 14 сағат; 3-сыныпта - 14 сағат; 4-сыныпта - 14 сағат. 

Оқыту  қазақ  тіліндегі  5-9-сыныптардың  үйде  оқитын  білім  алушылары 

үшін тиісінше сыныптар бойынша: 5-сыныпта - 15 сағат; 6-сыныпта – 15 сағат; 

7-сыныпта  -  18  сағат;  8-сыныпта  -  18  сағат;  9-сыныпта  -  19  сағат  және  оқыту 

орыс  тіліндегі  5-9-сыныптың  білім  алушылары  үшін:  5-сыныпта  -  16  сағат;  6-

сыныпта - 16 сағат; 7-сыныпта - 19 сағат; 8-сыныпта - 19 сағат; 9-сыныпта - 20 

сағат. 

ЖМБ/ҚГБ  бағыттар  бойынша  оқыту  қазақ  тіліндегі  10-11-сыныптың 



білім  алушылары  үшін:  10-сыныпта  және  11-сыныпта  -  19  сағат,  ЖМБ/ҚГБ 

бағыттар  бойынша  оқыту  орыс  тіліндегі  10-11-сынып  оқушылары  үшін  20 

сағат.   

Оқу  нәтижелері  бойынша  осы  ҮОЖ-ға  сәйкес,  үйде  оқып  жатқан 

түлектер колледждер мен университеттерге түсуге құқылы. 

Үйде оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін мыналар:  

1.  үйде оқыту процесін ұйымдастырудың нормативтік құжаттары: 

- үйде жеке оқытуды ұйымдастыру туралы ереже;  

- үйде оқытудың жеке жұмыс оқу жоспары;  

- жеке жұмыс оқу бағдарламалары;  

- жеке оқыту кестесі;  

- жеке оқыту үлгерімі журналы ұсынылады; 

2.  мұғалімнің,  психологтың,  мектеп  директоры  орынбасарының 

функцияларын нақты белгілеу; 

3.  айына  бір  рет  мектеп  директоры  орынбасарының  қатысуымен  үйде 

білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  тыңдап,  қол  жеткізілген  нәтижелер  мен 

олқылықтарды  ескере  отырып,  олардың  жеке  білім  беру  бағдарламаларын 

түзету. 


4.  үйде  білім  алушылардың  мектептің  білім  беру  ресурстарына: 

кітапханаларға,  мерзімді  басылымдарға,  оқу  жабдықтарына,  ЦБР-ға  қол 

жетімділігін қамтамасыз ету. 

Үйде  оқитын  баланы  мектептен  тыс  жұмыстарға,  үйірме  жұмыстарына 

және мектептегі басқа да тәрбиелік іс-шараларға тарту маңызды, ӛйткені, үйде 

оқитын  білім  алушы  ӛзін  сынып  пен  мектеп  ұжымының  бір  бӛлігі  екендігін 

сезінуі керек. 

Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша қосымша ақпаратты "Жалпы білім 



 

397 


 

беретін  мектептің  оқу  бағдарламалары  бойынша  балаларды  үйде  оқыту 

жӛніндегі  әдістемелік  ұсынымдардан"  табуға  болады  (Акадекмия  сайты: 

www.nao.kz).

 

 

 

 

 

 



 

398 


 

15 

ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ЖАЛПЫ 

ОРТА 

МЕКТЕПТЕРІНДЕ 

БАЛАЛАРҒА 

ҚОСЫМША 

БІЛІМ 

БЕРУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

 



Қосымша  білім  беру  –  білім  алушылардың,  тәрбиеленушілер  мен 

мамандардың  жан-жақты  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жүзеге 

асырылатын  тәрбиелеу,  оқыту  процесі  («Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Заңының 1-бабының 39-тармағы). 

Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы 

уәкілетті  орган  айқындайтын  білім  беру  ұйымдарында  және  мектептен  тыс 

ұйымдарда жүзеге асырылады.   

Қосымша  білімнің  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  білім  беру 

қызметтерін  білім  алушыларға  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта 

білімнің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру 

ұйымдары  кӛрсетеді  және  шарттық  негізде  ұсынады  («Білім  туралы» 

Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағы). 

Қосымша  бiлiм  беретiн  мектептен  тыс  ұйым  –  бiлiм  алушылар  мен 

тәрбиеленушiлерге  қосымша  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  iске 

асыратын  оқу-тәрбие  ұйымы  («Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Заңының 1-бабының (38-3 тармағы). 



Жалпы  білім  беретін  мектеп  –  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта 

білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар 



мен  тәрбиеленушілерге  қосымша  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  іске 

асыратын оқу орны («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 

21-тармағы). 

Облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың,  ауданның 

(облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті  атқарушы  органы  балаларға 

қосымша  білім  беруді  қамтамасыз  етеді  («Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Заңының 6-бабы).  

Қосымша  білімнің  білім  беру  бағдарламалары  білім  алушылардың  ӛзін-

ӛзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам 

ӛміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты ӛмір 

салтын  қалыптастыру,  бос  уақытын  мазмұнды  ұйымдастыру  үшін  жағдайлар 



 

399 


 

жасауды  кӛздейді  («Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  14-бабы 

4-тармағы). 

Қосымша  білім  беретін  білім  беру  бағдарламалары  оқыту  нәтижелеріне 

және  ұлттық  біліктілік  шеңберіне  және  салалық  біліктілік  шеңберлеріне 

сәйкестікке  бағдарлана  отырып,  білім  алушылардың,  тәрбиеленушілер  мен 

мамандардың  жан-жақты  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталған 

(«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағы). 

Білім  алушылардың  жалпы  қажеттіліктері  балаларға  қосымша  білім 

берудің  әлеуметтік-педагогикалық,  ғылыми-техникалық,  туристік-ӛлкетану, 

экологиялық-биологиялық, 

кӛркемдік-эстетикалық, 

музыкалық, 

әскери-


патриоттық,  спорттық-сауықтыру,  жобалық  зерттеулер  және  басқа  бағыттары 

бойынша қамтамасыз етіледі. 

Балалардың  музыкалық  мектептерінің,  балалардың  кӛркемсурет 

мектептерінің  және  балалардың  ӛнер  мектептерінің  білім  беру  саласындағы 

уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік 

білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған қосымша білімнің білім 

беру  бағдарламаларын  оларға  қатысты  мемлекеттік  басқару  органының 

функцияларын  атқаратын  органдар  бекітеді.  («Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағы). 

Республикадағы балаларға қосымша білім берудің тиімділігін қамтамасыз 

ету  үшін  келесі  заңнамалық  және  нормативтік  құқықтық  актілер  жүзеге 

асырылады: 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 

«Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңы;  

«Кәмелетке  толмағандардың  арасындағы  құқық  бұзушылықтың  алдын 

алу  және  бала  қараусыздық  пен  панасыздылықтың  алдын  алу  туралы» 

Қазақстан Республикасының Заңы; 

«Білім  беру  ұйымдарының  тиісті  түрлерінің  типтік  ережелерін  бекіту 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2018 

жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы; 

«Балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  типтері  бойынша  үлгі 

ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы; 

«Балалар  музыкалық  мектептерінің,  балалар  ӛнер  мектептерінің  және 

балалар  шығармашылық  мектептерінің  типтік  оқу  жоспарлары  мен  оқу 

бағдарламаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы.  

«Қазақстан  Республикасында  балалардың  қосымша  білімін  дамытудың 

тұжырымдамалық  тәсілдерін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 81 бұйрығы. 

«Балаларға  қосымша  білім  беру  және  «Орта  білім  беретін  үздік  ұйым» 

грантын  тағайындау  конкурсын  ӛткізу  саласындағы  жергілікті  атқарушы 

органдар кӛрсететін мемлекеттік кӛрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту 



 

400 


 

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 

сәуірдегі № 170 бұйрығы. 

2019-2020 

оқу  жылында  республиканың  жалпы  білім  беретін 

мектептерінде  балаларға  қосымша  білім  берудің  ерекшеліктері  жалпы  орта 

және қосымша білім беруді тығыз біріктіру қажеттілігімен айқындалады. 

Заманауи  мектептегі  мазмұнның  және  технологиялардың  ӛзгеруінің 

инновациялық сипаты іс-әрекетті таңдау еркіндігін, білім алушылардың жоғары 

уәждемесін,  яғни,  адамның  шынайы  шығармашылық  ӛзін-ӛзі  кӛрсете  білуін 

қарастыратын қосымша білім беру арқылы күшейе түседі.  

Бүгінгі  күні  Қазақстанда  STEAM  білімінің  белсенді  дамуы  басталды. 

Жаңа  білім  саясатын  іске  асыру  үшін  жаңа  технологияларды,  ғылыми 

жаңалықтарды  және  математикалық  модельдеуді  дамытуға  бағытталған 

STEAM элементтері білім беру бағдарламаларына енгізілуде. 

STEAM аббревиатурасы: S – science, T – technology, E – engineering, A – 

art,  M  –  mathematics,  немесе  жаратылыстану  ғылымдары,  технология, 

инженерия,  ӛнер,  математика  болып  анықталады.  Қысқаша  айтқанда,  қазіргі 

заманғы  әлемде  ең  жоғары  сұранысқа  ие  болуда.  Бүгінгі  таңдағы  STEAM-нің 

дамуы  әлемдік  білім  берудегі  негізгі  трендтердің  бірі  болып  табылатыны 

таңқаларлық емес. 

STEAM  пәнаралық  және  қолданбалы  тәсілдерді  қолданып    оқушыларды 

оқыту  идеясына  негізделген.  Бес  пәннің  әрқайсысын  бӛлек  оқытудың  орнына 

STEAM оларды бірыңғай оқыту схемасына біріктіреді. 

Сондықтан  STEAM-білім  беру  немесе  NTTM  (жастардың  ғылыми-

техникалық  шығармашылығы)  қазіргі  әлемде  басым  бағыт.  Ғылыми  және 

инженерлік  мамандарға  деген  қажеттілікті  технологиялық  прогреске  және 

инновациялық  экономиканың  ӛсуіне  бағдарланған  мемлекет,    сондай-ақ 

«мамандардың жетіспеушілігі» бар IT-компаниялар екенін мойындайды. 

Қазіргі  заманғы  кәсіпорындарға  заманауи  бәсекеге  қабілетті,  нарықта 

кәсіпкерлік  артықшылығын  кӛрсету  үшін  прогрессивті,  жан-жақты  дамыған, 

тақырыпқа  бейімделген  түпнұсқа  ойшылар,  сенімді  және  ӛздігінен  уәжделген 

«білімді  жұмыскерлерді»  талап  етеді.  Конвейерде  немесе  басқару 

құрылғысында  жұмыс  жасау  үшін  жеткілікті  болатын  сауаттылықтың  іргелі 

дағдылары  және  «имитациялық  оқыту»  инновациялық  қоғамның  талаптарын 

қанағаттандыру үшін сӛзсіз жеткіліксіз. Қазір пәнаралық және тәуелсіз ойлауды 

қажет  ететін  алдыңғы  қатарлы  зияткерлік  және  шығармашылық  дағдылар 

қажет. 


STEAM білімі келесі себептер бойынша басымдылық болып отыр: 

-  жақын  болашақта  әлемде  және  Қазақстанда  IT  мамандары, 

бағдарламашылар, 

инженерлер, 

жоғары 

технологиялық 



ӛндірістердің 

мамандары және т.б. жетіспейтін болады; 

-  алдағы  болашақта  қазір  елестету  мүмкін  емес  мамандықтар  пайда 

болады,  олар  жаратылыстану  ғылымдарымен  байланысты  технологиялармен 

және жоғары технологиялық ӛндіріспен тығыз байланыста болады. Әсіресе Био 

және нанотехнология мамандары сұранысқа ие болады; 



 

401 


 

-  болашақ  мамандары  жаратылыстану  ғылымдары,  инженерия  және 

технологиялар  саласындағы  әртүрлі  білім  беру  салаларынан  жан-жақты 

оқытуды және білім алуды талап етеді. 

STEAM-білім  берудің  ғылымға  және  математикалық  білімге  дәстүрлі 

оқытудан  айырмашылығы  бар?  Ол  аралас  оқыту  ортасын  қарастырады  және 

білім алушыларға күнделікті ӛмірде ғылыми әдісті қалай қолдануға болатынын 

кӛрсетеді.  STEAM  –  мектепте  және  мектептен  тыс  жобалық  және  оқу-зерттеу 

жұмыстарын іске асыру бағыттарының бірі.  

Қазіргі  таңда  бүкіл  әлемнің  оқушыларын  робототехника,  құрастыру, 

бағдарламалау,  модельдеу,  3D-жобалау  және  тағы  басқа  қызықтырады.  Осы 

мүдделерді іске асыру үшін күрделі дағдылар мен құзыреттер қажет. Бұл ретте 

біліп  және  жасап  қана  қоймай,  оны  зерттеп  және  ойлап  табу  маңызды.  Бір 

мезгілде  ғылым,  математика,  технология  және  инженерия  сияқты  негізгі 

академиялық  бағыттарда  дами  білу  қажет,  оларды  STEAM  деген  бір  сӛзбен 

біріктіруге болады. 

STEAM-білім  беру  пәнаралық  және  қолданбалы  тәсілдерді  қолдану, 

сондай-ақ бес пәнді бірыңғай оқыту схемасына біріктіруге және робототехника, 

3D-принтинг  және  бағдарламалау  үйірмелер  желісін  кеңейтуге  негізделген. 

STEAM-білім  беру  бойынша  мектеп  оқушылары  арасында  жыл  сайын 

мектепішілік,  аудандық,  қалалық,  облыстық,  республикалық  жарыстар  ӛткізіп 

отыру қажет. 

Оқушылар  арасында  «ProffStart  –  BOLASHAQ  MAMANDYǴҮ»  ғылыми 

зерттеу  жобалары  байқауы;  «NanoBioTech»  –  ғылыми,  техникалық  және 

экология-биологиялық  бағыттағы  байқау;  «ÓNER-Tehnology»  -  ӛнердегі 

STEAM-технологияларды 

қолдану 

бойынша 


шығармашылық 

байқау, 


«ECOglobal»  экологиялық  жобалар  байқауын,  «JUNIORSKILLSKazakhstan» 

оқушылар арасында чемпионат ӛткізу ұсынылады.  

Оқушыларға зерттеу және ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға, сыни, 

инновациялық 

және 

шығармашылық 



ойлау 

дағдыларын 

дамытуға, 

проблемаларды шешуге, коммуникация мен командалық жұмыстарды дамытуға 

мүмкіндік беретін пәнаралық және жобалық кӛзқарас енгізіледі. 

Заманауи  әлемде  креативті  тұлға

  тәрбиелегің  келсе,  оған  жақсы  кӛркем 

білім  беріңіз!  Кӛркем  білім  беру  бүгінгі  жастарға  XXI  ғасырдың  дағдыларын 

жан-жақты  дамытуға  мүмкіндік  береді,  ал  кӛркем  шығармашылық  іс-шаралар 

инновациялық оқытудың үлгісі болып табылады.  

Заманауи әлемде  креативті тұлға тәрбиелегің  келсе,  оған  жақсы 

кӛркем 


білім  бер!

  Дәл  осы  кӛркем  білім  бүгінгі  күні  жастарға  21  ғасырдың 

дағдыларын  жан-жақты  дамытуға  нақты  мүмкіндік  береді,  ал  кӛркем  іс-

шаралар  инновациялық  оқыту  үшін  үлгі  бола  алады. 

Креативтілік  экономика 

мен  қоғам  дамуындағы  басты  факторға  айналды,  бұл  барлық  процестердің 

қозғаушы  күші.  Креативтілік  бәсекелестік  артықшылықты  шешуші  факторға 

айналды.  Іс  жүзінде  барлық  салаларда  автомобиль  ӛнеркәсібінен  сән 

индустриясына  дейін,  тамақ  ӛнеркәсібінен  ақпараттық  технологияларға  дейін 

ұзақ  мерзімді  болашақта  шығармашылықпен  айналысатын  адам  ғана  жеңіске 

жетеді.

 


 

402 


 

Әлемдік қоғамдастықта орын алған ӛзгерістер экономиканың тиімділігін 

арттыру  және  жаңғыртуға,  кәсіпкерлікті  дамытуға,  бизнес  бастамаларына, 

үнемдеуге,  жас  ұрпақтың  экономикалық  және  қаржылық  сауаттылығын 

қалыптастыру қажеттілігін ӛзектендіреді.  

Экономикалық  тәрбиенің  негізгі  базалық  технологиялары  ретінде  ойын 

технологиялары (іскерлік, рӛлдік ойындар, имитациялық,  ұйымдастырушылық 

қызмет,  тренингтер,  коммуникациялық  ойындар),  жобалау  технологиясы, 

проблемалық  оқыту  технологиясы  (экономикалық  жағдайды  талдау)  және 

дамыта оқыту технологиясы нәтижелі болып табылады.  

Экономикалық  тәрбие  беру  мазмұнын  іске  асырудың  ең  тиімді 

формалары  жастар  кәсіпкерлігі,  оқыту  фирмаларын,  компанияларды, 

технопарктерді,  бизнес-инкубаторларды,  стартап-орталықтарды,  бастауыш 

мектептерді  және  т.б.  құру  жұмыс  істеу  аясында  әлеуметтік  маңызды  іс-

шаралар болып табылады.  

Жаңа  оқу  жылында  кәсіпкерлікті  насихаттау  бойынша  «Жастар 

кәсіпкерлігі»,  «Бизнес  идеялар»,  «Менің  бизнесімдегі  басқа  мамандықтардың 

рӛлі»,  «Ӛз  бизнесіңді  құру  үшін  ынталандыру»  тренингтері,  техникалық 

шығармашылық  кӛрмелер,  ӛндірістік  нысандарға  экскурсиялар  және  т.б.  іс-

шараларды ӛткізу ұсынылады. 

Экологиялық  мәдениетті  қалыптастыру  мақсатында  экология,  қоршаған 

орта  мәселелерімен  айналысуға  болады.  Бұл  жағдайда  сабақтар  жобалық 

технологиялар негізінде әртүрлі жастағы бірлестіктерде ӛткізілуі керек.  

Білім беру ұйымдарында экологиялық қонақжайлар, эковидео салондары, 

«Экомектептер»,  табиғатта  серуендеу,  кӛгалдандыру  бойынша  экологиялық 

десант және т.б. жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады.  

Ересектермен  бірлескен  іс-әрекеттер,  ӛздерінің  туған  жерін  тану  мен 

сақталуына қатысы барын білу  білім алушылардың экологиялық сана-сезімін, 

сонымен бірге моральдық құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.  

Білім  алушылардың  жанына  жақын  объектілерін  зерттеуді  таңдау 

оқушылардың  жобалық  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  кӛп  кӛңіл  бӛлуді 

қажет етеді. Осы мақсатта: 

«Тұрмыстық қатты қалдықтардан табиғи аумақтарды тазарту», 

«Энергия марафоны»,  

«Тұрақты даму мүддесінде энергия тиімділігі»,  

«Экологиялық аудит»,  

«Қаланың экологиясы және тұрғындардың денсаулығына әсері»,  

«Сенің болашағын»,  

«Экология және балалар» жобаларына қатысу ұсынылады.  

Жаңа  оқу  жылында  білім  алушылардың  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын 

ұйымдастыру,  мұражай  қорларын  толықтыру,  мұражайларда  тақырыптық 

кӛрмелер,  экскурсиялар  және  басқа  да  іс-шаралар  ӛткізу  бағыттары  бойынша 

мектеп мұражайларының қызметін жаңғырту қажет.  

Жалпы  алғанда,  интеграция  үрдісі  кешенді  бағдарламалар  мен 

жобалардың  санын  кӛбейту  болып  табылады:  тарихи  ойындар,  музыкалық 

театр,  балалар  филармониясы,  іздеу-жұмыс  клубы,  ән-күй,  ғылым  мен 



 

403 


 

техниканың мектеп академиясы және т.б. 

Осылайша,  негізгі  білім  мен  балаларға  қосымша  білім  беру  тең,  ӛзара 

бірін  бірі  толықтыратын  компоненттерге  айналады  және  әрбір  баланың 

толыққанды дамуына қажетті бірыңғай білім беру кеңістігі құрылады. 

Қосымша  мектептен  тыс  іс-шараларды,  үйірмелер  мен  секцияларды 

ұйымдастырудың  басты  мақсаты  –  баланың  дарындылығын  ерте  анықтау, 

шығармашылық қабілеттерін дамыту, оның жан-жақты  қызығушылықтарының 

шеңберін қалыптастыру, кәсіби ӛзін-ӛзі анықтауға жәрдемдесу. 

Білім  алушылардың  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  шығармашылық 

шеберханаларды,  үйірмелерді,  әдеби  сабақтарды,  жергілікті  тарих  курстарын, 

робототехника 

үйірмелерін, 

қызықты 


химия, 

физика, 


математика, 

электротехника және тағы басқаларды ұйымдастыруға болады.  

Қосымша  білім  берудің  білім  беру  бағдарламалары  (одан  әрі  – 

бағдарлама) 

кӛркем-эстетикалық, 

ғылыми-техникалық, 

жаратылыстану, 

экологиялық  және  биологиялық,  дене  шынықтыру  және  спорт,  әскери-

патриоттық немесе мәдениеттану бағыттарында педагогтер ӛздері әзірлейді. 

Бағдарламаға қойылатын талаптар. Білім беру бағдарламасы – – оқытудың 

мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және 

оларды  іске  асыру  тәсілдері  мен  әдістерін,  оқыту  нәтижелерін  бағалау 

ӛлшемшарттарын  қамтитын  білім  берудің  негізгі  сипаттамаларының  біртұтас 

кешені  («Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  1-бабының  9-2)-

тармақшасы). 

Қосымша білім беру бағдарламасы ӛзекті, ұтымды, шынайы, бақыланатын 

болуы  керек. Білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға  баса  назар 

аудару қажет. Ең құнды практикалық қызметтің тәжірибесін алудың міндеттері 

мен  нұсқаларын  анықтау  қажет.  Бағдарламаның  білім  алушылардың 

жетістіктерін бақылайтын мүмкіндігі болу керек.  

Мектептегі  қосымша  білім  келесі  кезендерді  іске  асыра  отырып, 

ұйымдастырылады.  

1. Білім алушылардың қажеттіліктері мен бейімділіктерін зерделеу. Білім 

алушылар  мен  ата-аналарды  жазбаша  тестілеу,  ауызша  сауалнама  жүргізу 

арқылы мәліметтер жинауға болады.  

2. Білім алушыларды қызығушылық топтары арқылы біріктіріп, секциялар 

мен топтар құру. Мектептегі қосымша білім беру жүйесі мен бағдарламасының 

үлгісін  сауалнама  нәтижелері  бойынша  қалыптастыруға  болады.  Осы  кезеңде 

мектептен тыс оқытудың негізгі бағыттарын белгілеу қажет.  

Іс-шараларға  қатысушылар  санының  және  белгілі  бір  тақырып  бойынша 

білімге мұқтаж қатысушылар негізінде жасалады.  

3.  Оқу  саласын  анықтауда  оқытушылар  мен  білім  алушыларға  кӛмек 

кӛрсету.  Білім  алушылар қосымша білім беру  бағдарламаларын  еркін  таңдауға 

мүмкіндік  алады.  Балалардың  қабілеттерін  және  оларды  одан  әрі  дамытудың 

траекториясын  анықтау  үшін,  білім  алушылармен  сабақ  басталғанға  дейін 

кіріспе  тестілеу  жүргізуге  болады,  оның  нәтижелері  басшылыққа  алынуы 

мүмкін, бірақ олар негізгі болып есептелмейді. 

Қосымша  білім  беруде  сабақ  түрлері  маңызды  рӛл  атқарады.  Соңғы 



 

404 


 

нәтиже  таңдалған  әдістемеге  байланысты.  Жыл  сайын  оқытудың  жаңа 

технологиялары  пайда  болуда.  Сондықтан  әрбір  педагогтің  психологиялық-

педагогикалық  білімі  болуы,  ӛзінің  оқыту  әдісін  үнемі  жетілдіріп,  жаңа 

педагогикалық технологияларды меңгеруі тиіс. 

Қосымша  білім  беру  сабақтарының  формалары  келесі  талаптарға  сәйкес 

болуы тиіс: 

- дамыту сипатына ие болу, дәлірек айтқанда, білім алушылардың табиғи 

бейімділігі мен мүдделерін дамытуға бағытталған; 

- мазмұны мен сипаты бойынша әр түрлі; 

- әртүрлі қосымша әдістерге негізделуі. 

Ағымдағы бақылау мен тұрақты түзету жұмыстарын жүргізу қажет. Есепті 

кезеңді  анықтап,  оның  соңында  білім  алушылар,  үйірмелер  мен  секцияларға 

қатысу,  оқушылардың  үлгерімі  туралы  мәліметтер  жинау  қажет.  Барлық 

жиналған  деректер  талданады  және  жүйеленеді.  Осы  ақпарат  бойынша  қажет 

болған жағдайда түзету іс-шаралары әзірленеді. 

Қызметті  талдау  және  жұмыс  перспективаларын  анықтау  үшін  тұрақты 

мониторинг  жүргізу  маңызды.  Бұл  білім  алушыларды  қызықтыратын бағыттар 

бойынша қосымша оқыту жүйесін енгізудің нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік 

береді.  Сонымен  қатар,  мектепте  қосымша  білім  беру  жүйесін  дамыту 

перспективасын анықтауға болады. 

Қосымша  білім  беру  жүйесі,  яғни  үйірмелер,  секциялар  және  басқа  да 

сыныптан  тыс  шаралар  нақты  білім  беру  ұйымының  материалдық  базасында 

қалыптасады. 

Қолданыстағы 

бар 


кабинеттер, 

мүкәммал, 

әдебиет 

пайдаланылады. Барлық мектептер сыныптан тыс сабақтар мен пәндерді терең 

оқытып,  ұйымдастыру  үшін  қажетті  және  жеткілікті  ресурстарға  ие  емес. 

Сондықтан,  мектеп  ӛз  бюджетімен  қосымша  білімді  қамтамасыз  ете  алмаса, 

ақылы секциялар мен үйірмелер енгізіледі. 

Сондай-ақ,  мектептен  тыс  ұйымдардың  ресурстарын    -  сарайлар,  

орталықтар,  кешендер,  балалар  мен  жасӛспірімдер  шығармашылығының 

студиялары,  жас  техниктердің,  туристердің,  натуралистердің  станциялары  мен 

базалары,  балалардың  музыкалық,  кӛркемӛнер  мектептері,  ӛнер  мектептері, 

қызығушылықтары бойынша клубтар, спорттық, сауықтыру, туристік лагерьлер 

және т. б. пайдалануға болады. 

Соңғы  жылдары  Қазақстанда  мектептер  жанындағы  әскери-патриоттық 

және әскери-спорттық бірлестіктер желісі белсенді дамуда, шефтік байланыстар 

кеңейтілуде,  әскери  және  азаматтық  жастар  арасындағы  ӛзара  іс-әрекет 

нығаюда.  Бүгінгі  таңда,  әскери  талдаушылардың  бағалауы  бойынша  әскери-

патриоттық клубтың әрбір тӛртінші тәрбиеленушісі ӛз ӛмірін әскери қызметімен 

байланыстырады.  Қорытынды  ретінде  әскерге  шақырылған  немесе  әскери  оқу 

орындарына  түскен,  әскери-патриоттық  клубтардың  қабырғаларында  тәлім-

тәрбие  мен  шыңдаудан  ӛткен  жастар,  әскери  қызметтің  жағдайына  оңай 

бейімделіп, әскери ғылымның қырларын игеруде жоғары дағдыланған болады. 

Қазіргі  таңда,  әскери-патриоттық  клубтарды  құру  мектеп  базасында 

әскери-патриоттық  бағыттағы  мұражайларды  ашу  ӛте  ӛзекті.  Кӛптеген 

мұражайларда  ӛзінің  әскери-тарихи  профилі  бар.  Олар  Ұлы  Отан  соғысының 


 

405 


 

жекелеген 

кезеңдеріне, 

оқиғаларына 

немесе 

батырларына 



арналған. 

Мемориалдық  мұражайлардың  экспозициялары  соғыс  жылдарының  тарихын 

баяндайтын болады. 

Әскери-патриоттық  клубтар  бірқатар  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік 

береді:  бұл  жасӛспірімдердің  бос  уақытын  қамту;  патриоттық  тәрбие; 

оқушылардың  ой-ӛрісін  кеңейту;  салауатты  ӛмір  салтын  қалыптастыру;  ҚР 

Қарулы Күштері қатарында қызметке оң кӛзқарастарын  қалыптастыру. 

Клуб  –  бұл  таңдау  еркіндігін  кӛздейтін  қоғамдық  ұйым,  әртүрлі 

әлеуметтік пайдалы қызметтер түрлеріне қосылуға, ӛз күшін тексеруге, ӛзін-ӛзі 

растауға мүмкіндік береді. Бұл жерде тұлғаның маңызды моральдық қасиеттері 

қалыптасады:  барлық  ұжымның  атынан  жауап  беруге,  ӛзінің  ӛмірлік 

позициясын жасауға. 

Қазіргі  жағдайда  кез  келген  білім  беру  ұйымының  тиімді  қызметінің 

басты  ресурсы  оның  кадрлық  әлеуеті  болып  табылады.  Қызметкерлердің 

әлеуметтік  маңызды  нәтижеге  қол  жеткізе  білуіне,  кадрлардың  біліктілігіне, 

ұйымның  даму  перспективаларына  септігін  тигізеді.  Жеке  әлеуеттен  басқа 

ұжымдық  әлеует,  ұжымдық  мақсаттарға  қол  жеткізу  кезінде  бірлескен  жұмыс 

және ӛзара іс-әрекет әлеуеті қызмет тиімділігінің елеулі және ӛсіп келе жатқан 

факторы  болып  табылады.  Кәсіпқойлықпен  қатар,  талап  етілетін  қасиеттердің 

бірі, маманның «командада» әрекет ету қабілеті болып табылады. 

Балаларға  білім  беруді,  демалысты,  сауықтыруды  ұйымдастыру  үшін 

кадрлар  даярлау  жүйесін  жетілдіру  факторларының  бірі  педагогикалық 

жасақтардың  қызметі  болып  табылады,  оларды  құру  кезінде  «командалық» 

тәсіл қолданылады. 

Тәжірибе  кӛрсетіп  отырғандай,  командалық  жұмыс  принциптерін 

пайдаланатын  педагогикалық  жасақтар  педагогикалық  бағдарламаларды  іске 

асырудың  жоғары  сапасын  қамтамасыз  етеді;  жаңа  технологияларды  белсенді 

әзірлейді,  апробациялайды  және  енгізеді,  ӛзекті  мәселелерді  шешудің 

стандартты емес жолдарын іздейді. 

Сондықтан,  мектеп  базасында  «Тәлімгер  мектебі»  педагогикалық 

жасақтарын  құру  қажет,  олар  балалардың  қызығушылықтарын  арттыратын 

әртүрлі іс-шаралар ӛткізеді. 

Балалар  мен  жастарды  ұлттық  ӛнерге  және  ұлттық  спортқа  баулу 

мақсатында «ALTYN URPAQ» жобасы ұсынылады.  

Жоба  ұлттық  спорт  (асық  ату,  тоғызқұмалақ,  қазақ  күресі  т.б.),  ұлттық 

ӛнер  (домбыра,  қобыз,  жетіген,  қазақ  биі,  қазақ  әндері  және  т.б.)  түрлерін 

үйрету  арқылы  ӛселең  ұрпақты  отансүйгіштікке  тәрбиелеуге,  ақыл-ойын 

дамытуға, ұлттық рух-жігерін кӛтеруге бағытталған.  

Жоба білім беру ұйымдарында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере 

отырып,  бастауыш  мектепте  (1-4  сыныптар):  «Домбыра»,  «Қазақ  биі»,  «Асық 

ату»,  «Тоғызқұмалақ»,  орта  мектепте  (5-6  сыныптар):  «Қазақ  күресі»,  «Қазақ 

әндері» іске асырылады.   

Мектепішілік,  аудандық  (қалалық)  және  облыстық  деңгейлерде 

байқаулар мен жарыстар ұйымдастыру және ӛткізу ұсынылады: 

1)  Алғыс  күніне  арналған  «Ризашылық-мейрімділік  бұлағы»  жалпы 


 

406 


 

ұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберінде: 

-  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 

арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасындағы «Қазақстан – менің алтын 

бесігім»  балалар  фестивалі  мына  номинациялар  бойынша  жүргізіледі: 

«Татулықтың  тұтқасы  -  бірліктің  бесігі»  халықтық  билер  байқауы;  «Жүрек 

жылуы»  вокалистер  байқауы;  «Ризамын  халқыма!»  музыкалық-театрлық 

қойылымдар байқауы (мюзикл); 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет