ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін


Қазақ  тілін  деңгейлік  оқыту  әдістері



Pdf көрінісі
бет15/48
Дата12.01.2020
өлшемі4,6 Mb.
#55714
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48

Қазақ  тілін  деңгейлік  оқыту  әдістері.  Оқыту  әдістерінсіз  алға  қойған 

мақсатқа жету мүмкін емес. Әдіс алға қойған мақсат пен нәтижені біріктіретін, 

оқу үдерісінің жүрегі болып табылады. Оқыту үдерісі кезінде есту, айту, оқу 

және  жазу  секілді  сөйлеу  қызметінің  білімі,  дағдылары  мен  машықтарын 

дамытуға бағытталған коммуникативтік әдіс қолданылады 

1. 


Коммуникативті  әдіс  шет  тілін  оқытудағы  ең  белсенді 

 

116 


 

әдістемелерінің  ішінде  жетекші  орын  алады.  Коммуникативті  әдіс  жанды 

ерікті  қатынас  үдерісінде  негізгі  тілдік  дағдыларды  (жазбаша  және  ауызша 

сөйлеу,  грамматика,  оқылым  мен  тыңдалым)  бір  мезгілде  дамытуға 

бағытталған.  Оқушыны  басқа  тілде  сөйлесуге  үйрету  –  мұғалімнің  басты 

міндеті.  Шет  тіліндегі  лексика,  грамматикалық  құрылымдар,  сөз  тіркестері 

оқушыға оқып жатқан материалдың    тез    және    берік    бекінуіне    септігін    

тигізетін        шынайы  эмоционалды  жағдай  контексінде  ұсынылады. 



Коммуникативті  әдісте  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  психологиялық 

тосқауыл  жойылады.  Білім  алушылар  өздері  мен  мұғалім  арасындағы 

қашықтықтың жоқтығын сезіне бастағанда, олармен қатынас қызықты, көңілді 

болса,  оқушыларға  өзге  тілде  сөйлей  бастау  оңайға  түседі.  Оқытудағы 

көптеген  ойын  элементтері  сабақты  жандандырады,  оқушылардың 

эмоционалды  көңіл-күйін  сақтап  отырады,  олардың  уәжін  күшейтеді. 

«Жұптық»,  «үштік»,  «топтық»  жұмыстар,  тілдік  ойындар,  рөлдік  ойындар, 

оқушыларға  қызық  тақырыптардағы  пікірсайыстарға  қатысу  –  осының 

барлығы  мұғалімге  оқушылардың  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  ескеруге, 

сабақтарды шығармашылық және қызықты етуге және де сол мезетте мұғалім 

оқушыға  сездіртпей,  оқыту  үдерісіне  толыққанды  бақылау  жүргізуге 

мүмкіндік береді. 

– 

Коммуникативті  болып  табылады,  себебі  олардың  қатынастың  3 



белгісі бар: ақпараттық бос кеңістік, таңдау және кері байланыс. 

– 

Түрлі  әлеуметтік  контекстер  мен  рөлдерді,  қатынастарды  түсінуге 



мүмкіндік береді. 

– 

Жұптық  және  топтық  жұмыстар  –  жиі  қолданылатын  әрекет. 



Психологтердің  анықтауынша,  кез  келген  адам  естігенінің  –  10%,  көргенінің 

50%, 


істегенінің  –  90%-н  жадында  сақтап  қалады  екен  ,  сондықтан 

қатысымдық бағыттағы ойындар мен басқа тілдесім әрекеттері білім алушыны 

қарым-қатынасқа  түсуге  бар  қарқынымен  ұмтылушы,  ізденуші,  белсенді 

әрекет  иесі  ретінде  рөл  атқаруына  ынталандырады.  Коммуникативтілікке 

бағыттылған ұстаным – тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-

қатынас жасай  алуы  үшін  қажетті  коммуникативтік  мүмкіндіктерін  тудыруға 

бағытталған оқыту болыпсаналады. 

Шетел  (АҚШ,  Германия,  Франция)  әдістемесінде  тіл  оқытуда  креативті 

ойлауды  дамытудың  келесі  әдістері  кеңінен  тараған:  креативті  жазылым; 

креативті оқылым;  креативті тыңдалым;  креативті сөйлесім

Креативті  ойлауды  дамытудағы  оқыту  әдістері  белгілі  дидактикалық 

жүйе түрінде көрінеді, бұған сәйкес оқу мақсаты – жүйе құрушы фактор. 

1. 


Креативті жазылым. Кез келген тілде тілдік қатынас жасау деңгейін 

жетілдіруде,  әсіресе  жазылым  әрекетін  дамытуда  арнайы  қарастыруды  қажет 

ететін  мәселелер  бар.  Жазылым  сөйлеу  әрекеті  өнімді  түрі  болып  есептеледі. 

Ал  креативті  жазылым  бұл  аудиторияның  ерекше  бір  көңіл-күйде, 

шығармашылық  еркіндікте  болғанда  ғана  іске  асуы  мүмкін.  Креативті 

жазылымның  негізгі  мақсаты  жазылым  әрекеті  кезінде  оқушының  осы 

жазылым  әрекетінен  қуаныш  пен  көтеріңкі  көңіл  –  күйде  болуы  болып 

табылады.  Өнімді  креативті  жазылым  тіл  үйретудің  алғашқы  деңгейінде-ақ 


 

117 


 

қолданыла бергені дұрыс.  Алғашқы кезеңде  визуалды  тіректің болғаны  абзал, 

мысалы:  суреттер,  фотолар,тұрмыс  заттары,  аудио  тіректер:  аудиомәтіндер, 

әндер, аспапты музыкалық шығармалар, жазбаша тіректер: өлеңдер, әңгімелер, 

цитаталар,мақал-мәтелдер. 

Жаттығулар жүйесі: 

1) 

Құрманғазының  «Сарыарқа»  күйін  тыңдай  отырып,  көз  алдыңызға  не 



елестетесіз, соның бәрін жаза беріңіз

2) 


Е.  Хасанғалиевтің  «Атамекен»  әнінің  музыкасына  туған  еліңізді 

суреттейтін мәтінжазыңыз;  

3) 

суретке қарап 11 буынды өлең шығарыңыз;  



4) 

топтарға  бөлініп,  шытырман  оқиғаға  толы  қызықты  әңгімелер 

жазыңыз; 

5) 


керемет  бір  қызықты  жерінде  үзілген  әңгімені  аяқтап,  түпнұсқамен 

салыстыруыңыз;  

6) 

бір рөлге кіріп, рөл иесін сипаттаңыз;  



7) 

ойдан шығарылған кейіпкерлерге хат жазыңыз.  

2. 

Креативті  оқылым.  Оқуды  игертудің  алғашқы  кезеңдерінде  білім 

алушылардың меңгерген шектеулі сөздік қорларын қолдану арқылы еліміздегі 

түрлі  саяси,  әлеуметтік,  мәдени,  экономикалық    проблемалар  туралы 

мағлұматтар беруге болады. Ол үшін дидактиканың «жеңілден  ауырға қарай» 

ұстанымын бағытқа ала отырып, білім алушыларға шағын мәтіндер беріліп,ол 

мәтіндер  күн  сайын  күрделеніп  отыруы  тиіс.  Оқылым  үдерісін  бастапқы 

кезеңінің  негізгі  міндеті  –  дауыстап  және  іштей  оқу  механизмдерін 

қалыптастыру.  Білім  алушылар  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  белсенді 

сөздерді  тез  қабылдап,  дұрыс  айта  білуге  міндетті..  Мәтінді  оқу  –  мәтінді 

аудару емес: 

мәтін мазмұнын түсіну үшін мәтіндегі барлық сөзді түсіну шарт емес; 



мәтінді түсіну барысында адамда болатын білім қоры (фоновое знание) 

өте маңызды орын алады; 

мәтінді оқып бастамай-ақ, мәтіннің мазмұны туралы өзіңіз ойлағаннан 



да көбірек білуіңіз әбден мүмкін. 

Жарнама  мәтіні,  газет  мақаласы,  күнделік  мәтіні,  ертегі  әлде  өлең 

жолдарыма?  

Мәтіннің қосымша элементтері болуы мүмкін (сурет, диаграмма, схема, 

кесте т.б.) бұлар мәтінді түсінуге көмектеседі.   

3) 


Креативті  тыңдалым.  Тыңдалым  бойынша  жүргізілетін 

жұмыстардың алдын ала мәтіндерді тыңдатудан бастаған жөн. Тапсырма түрі 

де  қарапайым:  Тыңдаңыз,  түсінуге  тырысыңыз.  Тыңдалымға  үйретудің 

нәтижелі  болуы  мәтіннің  дұрыс  тыңдалуына  да  байланысты.Оның  көлемі 

үйренушінің  қабылдауына  әсер  етеді.  2-3  минуттық  материалды  І  деңгейде 

үйренуші  есінде  толық  сақтай  алмауы  мүмкін.Тыңдалым  дағдысын 

қалыптастыру  тілдің  табиғи  қолданысына,  табиғи  темпіне  негізделуі  қажет, 

ауызекі  сөйлеу  тілі  стиліндегі  мәтіндерді  ұсыну;  бақылау  жұмыстарында 

әртүрлі  тестерді  ұсыну.  Тыңдалым  әрекетіне  арналған  тіл  үйренушілердің 

креативті ойлауын дамытатын жаттығулар түрлері: 



 

118 


 

1. 

Дыбыстарды естіп, ажыратуға арналғанжаттығулар

1) 


[ә] дыбысы бар сөздерді естігенде қолдарыңыздыкөтеріңіздер; 

2) 


дыбысты естіп, әріп түрінде жазыңыз; 

2. 

Сөздерді түсінуге арналғанжаттығулар

1) 


мәтінде аталған жануарлардың суреттерінсалыңыз; 

2) 


тыңдалған  мәтіндегі  кейіпкерлердің  мамандығын  анықтаңыз; 

кейіпкерлердің әуестігін атаңыз т.б.  



3. 

Логикалық ойлай білу қабілетін арттыратынжаттығулар

1) 


бірнеше сөзді тыңдап, осы сөздің бәрін бірақ сөзбентүсіндіріңіз; 

2) 


диалогті тыңдап, түпнұсқалық қалпынакелтіріңіз; 

3) 


тыңдалым  мәтінінде  қате  айтылған  сөйлемдерді  дұрыс  ретімен 

айтыңыз; мәтінде естіген оқиғаны рөлге бөлініп ойнапберіңіз. 



4. 

Жазылым әрекетін дамытужаттығулары

1)  мәтінді  тыңдап,  түсіп  қалған  сөздерді  жазыңыз;  бірқатар  сөздерді 

тыңдап, тек қана мағынасы бір-біріне жақын сөздердіжазыңыз. 

5. 

Монологті сөйлеуді машықтандыратынжаттығулар

1) 


мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауапберіңіз; 

2) 


мәтінде кездескен сөздердің көмегімен өз досыңыздысипаттаңыз. 

4) 


Креативті  сөйлесім.  Тіл  –  сөйлеу  құралдарының  бүтін  жүйесі. 

Сондықтан  сөйлеу  құралдарымен  сөйлеу  әрекетін,  олардың  түрлерін  жан- 

жақты  игермей  тұрып,  белгілі  бір  бөтен  тілде  ойды  жеткізу  мүмкін  емес. 

Сөйлеу  әрекетін  дамыту  –  күнделікті  өмірде  кездесетін  жағдайларға 

байланысты  адам  өз  ойы  мен  пікірін  тұжырымдау,  ойды  сөзбен  бейнелеудің, 

сөйлем  арқылы  түсінікті  түрде  жеткізудің  амалдарын  игеру.  Тіл  үйренушінің 

сөйлеу әрекеті оның барлық түрлерін қатар игеріп, ойды дұрыс жеткізуге әсері 

бар  барлық  негізгі  және  қосымша  құралдарды  пайдаланған  кезде  жүзеге 

асырылады.  Қазақ  тілін  өзге  тілді  аудиторияда  оқыту  барысында  креативті 

ойлау  технологиясын  енді  сөйлеу  әрекетінің  маңызды  бір  түрі-сөйлесімді 

дамытқанда  қолдану  жолдары  нақты  жаттығулар  арқылы  сипатталмақ.  Тілдік 

және  әдебиет  тақырыптары    қазіргі  заманның  ғана  емес,  ғылым  мен 

технологияның дамуын ескере отырып, соған сай дамитын  алдағы келе жатқан 

заман оқушыларына қажетті тақырыптардан  да іріктелінген. 

2019-


2020 оқу жылында  6 және 7-сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады. 

Өлкетану  –  бұл  туған  өлкенің  тарихы,  табиғаты  мен  экологиясы, 

экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және 

көркемөнері.  Өлкетану  өзіңнің  туған  жерінді  аялауды,  сүюді  ғана  үйретіп 

қоймайды,  сондай-ақ  ол  туралы  білуіңді,  тарихқа,  өнерге,  әдебиетке 

қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа 

бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  аясында  әзірленген 

«Өлкетану» материалдарын оқыту: 

білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған 



жер  аумағында  болып  жатқан  тарихи  процестердің  негізгі  кезеңдері  мен 

ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру; 



 

119 


 

туған  өлкенің  табиғи  байлықтары,  тарихи  ескерткіштері  және  мәдени 



нысандары туралы білімдерін кеңейту;  

туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір 



мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;  

туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет 



сезімдеріне  тәрбиелеу;  оларды  қорғауға  жауапкершіліктерін  арттыруға 

бағытталған. 

Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде 

оқытылады.  Өлкетану  материалдары  оқу  бағдарламасының  базалық  білім 

мазмұны  мен  ұзақ  мерзімді  жоспардың  3  және  4-тоқсандарына  енгізілді.  Оқу 

бағдарламасы  бойынша  тоқсандағы  бөлімдер  мен  бөлім  ішіндегі  тақырыптар 

бойынша  сағат  сандарын  бөлу  мұғалімнің  еркінде  болғандықтан  «Өлкетану» 

материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады. 



Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың 

маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың 

мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени 

ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік 

береді. 


6-

сыныпта«Менің  туған  өлкем  өлеңдер  мен  прозада»,  «Өлкені  сипаттау 

өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және 

тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің 

ақындары  мен  жазушыларының  шығармашылығын  білуге,  олардың 

шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның 

көркемдік,  тілдік  ерекшеліктері  негізінен  өлкетану  сипаттамаларын  талдауға 

үйрету ұсынылады. 

7-

сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» 



электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-

журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар 

туралы  мақалалар  мен  очерктерді  ақпараттылығы,  мазмұнының  тереңдігі, 

эмоционалдық  әсері  тұрғысынан  талдауға,  энциклопедия  ұғымын  түсінуге, 

энциклопедияға  қажетті  материалдарды  іріктей  білуге,  электрондық 

энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады. 



«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау  саны 

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  43-кестеде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) саны көрсетілген. 

 

43-



кесте. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.

 

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша  

жиынтық бағалау   саны 

1-

тоқсан  


2-

тоқсан  


3-

тоқсан  


4-

тоқсан  


5-

сынып 






 

120 


 

6-

сынып  





7-

сынып  





8-

сынып  





9-

сынып 







 

Оқушылардың  функционалдық  оқу  сауаттылығын,  шығармашылық 

қабілетін,  қазақ  әдебиетіне  деген  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  

төмендегідей әдебиеттер тізімі ұсынылады:  

А.Байтұрсынұлы.  «Бұлбұл  мен  есек»,  «Балаларды  оқуға  шақыру», 

«Қасқыр мен қозы», «Қасқыр мен тырна» 

«Алтын сақа» (ертегі) 

Аңыз әңгімелер.«Қожанасырдың тойға баруы» 

Аңыз әңгімелер.  «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» 

Аңыз әңгімелер. «Жиренше мен Қарашаш сұлу» 

Қағида өлеңдер. «Бес жетім», «Жеті құт», Он жақсы» 

Ахмет Байтұрсынұлы. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал өлеңі 

Б. Көмеков. С. Өтениязов «Шоқан Уәлиханов» әңгімесі 

Б.Майтанов. «Абай» әңгіме 

Ә.Жүсіп. «Бай мен жалшы» әңгіме 

Ж.Смақов.  «Не  болады?»,  «Әжемнің  екі  қазы  бар»,  «Ит  пен  мысық 

ойнады» өлеңдері 

С.Дөнентаев. «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке», мысалдары 

Б. Бұлқышев. «Лагерьден қайтқанда» 

«М. Мақатаев.«Үш бақытым» өлеңі» 

Ы.Алтынсарин. «Мұңсыз адам» 

Ы.Алтынсарин. «Дүниеде жамандық неден?» 

Шешендік сөздер. «Дүниеде не өлмейді» 

С. Бегалин. «Бала Шоқан» повесі (үзінді) 

М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесі 

Ш. Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі» 

С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» 

О.Нұрғали. «Қулық» әңгіме 

А.Асылбек. «Тілін ұмытқан тауық» өлеңі 

М. Базарбайқызы. «Әкесін іздеген ұл» әңгімелер жинағы 

Абай Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» 

М. Мақатаев. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі 

Ә. Қалдыбаев «Мен апамның баласымын» 

Қ. Қайсенов«Жау тылындағы бала» 

М. Жұмабаев «Сағындым» 

Ғ. Мүсірепов «Тастың әңгімесі» 

«Қобыланды батыр» жыры» 

М. Жұмабаев. «Сүйемін» өлеңі 

Қ. Мырзалиев. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі 

М. Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі 

М.Әуезов «Жетім» әңгімесі 


 

121 


 

Д. Исабеков.  «Тағдырдың кейбір кездері» 

«Күншығыс  аңыздары».  Жапон  аңыздары.  Түпнұсқадан  аударған  Ш. 

Жылқыбаева  

С. Мұқанов. «Балуан Шолақ» 

М. Мақатев. «Аманат» 

С. Мұратбеков.  «Жабайы алма» 

Лиро-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді 

Орхон ескерткіштері. «Күлтегін» 

Ғ. Мүсірепов. «Өлімді жеңген ана» әңгімесі 

С. Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы (үзінді) 

А. Құнанбайұлы. «Ескендір» поэмасы 

М. Әуезов. «Абай жолы» толық оқып шығу 

Ғ. Мүсірепов. «Боранды түнде» 

Т. Әлімқұлов. «Қараой» 

М. Жұмабаев. «Батыр Баян» 

М. Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны» 

Ы. Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 

Ғ.Мүсірепов. «Қазақ солдаты» 

М. Көпейұлы. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (үзінді) 

М. Құнанбаев. «Меғдат-Қасым» поэмасы 

М. Мағауин. «Бір атаның балалары» 

Айтыс. «Біржан мен Сара» айтысы» 

Ш. Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі» 

Б. Майлин. «Шұғаның белгісі» 

А. Құнанбаев  «Қарасөздер»  

Б.Момышұлы. «Олар менің есімде» 

 

«Абайтану» факультативтік курсы 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115 

бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады. 

Курстың  білім  мазмұны  ұлы  ақын  шығармаларын  терең  де,  жан-жақты 

таныту  арқылы  елжанды,  халқымыздың  әдебиетін,  өнерін,  салт-дәстүрін, 

мәдениетін,  тілін  ұлттық  құндылық  ретінде  бағалайтын,  эстетикалық  талғамы 

жоғары,  білім,  білік,  дағдылармен  қаруланған,  түйген  ойларын  іс  жүзінде  өз 

кәдесіне  жарата  білетін,  ұлттық  сана-сезімі  қалыптасқан,  өркениетті  қоғамда 

өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған. 

Курсты  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  немесе  біліктілікті  арттыру  және  қайта 

даярлау  бойынша  арнайы  курстардан  өткен  пән  мұғалімдері  жүргізеді. 

Мұғалімдерге  көмек  ретінде  «Абайтану»  курсы  бағдарламасының  мазмұнын 

жобалау  мен  өткізу  бойынша  әдістемелік  құралдар  әзірленіп,    Академия 

сайтына (

www.nao.kz

)орналастырылды. 

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  9-сыныбына  арналған  «Абайтану» 

курсын  ҚР  БҒМ  2012  жылғы  8  қарашадағы  №  500  бұйрығымен  бекітілген 

негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті 

есебінен жүргізу ұсынылады. 



 

122 


 

Курс жүктемесінің көлемі: 

9-

сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 



Курс  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  ағымдық  бағалау, 

сондай-ақ емтихан жүргізілмейді. 



«Русский язык и литература» оқу пәні (оқыту орыс тілінде емес) 

Важность  учебного  предмета  «Русский  язык  и  литература»  для  школ  с 

нерусским  языком  обучения  определена  приоритетным  статусом  русского 

языка как средства межнационального общения в Республике Казахстан и его 

значимостью в создании полиязычного пространства. 

Изучение учебного предмета «Русский язык и литература» способствует 

развитию коммуникативных навыков в устной и письменной речи. 

Учебный  предмет  «Русский  язык  и  литература»  способствует 

становлению  мировоззрения  учащегося,  дает  возможность  пользоваться 

информацией  различных  сфер:  социально-бытовой,  социально-культурной, 

научно-технической,  учебно-профессиональной;  помогает  ориентироваться  в 

общемировом образовательном пространстве.  

Овладение  русским  языком  поможет  учащимся  адаптироваться  к 

условиям  современного  мира,  успешно  регулировать  речевое  поведение  в 

соответствии с коммуникативной ситуацией; научит пользоваться различными 

источниками  информации  и  современными  информационными  технологиями 

для выражения и обоснования собственного мнения. 

Целью  учебной  программы  по  учебному  предмету  «Русский  язык  и 

литература»  является  формирование  коммуникативных  навыков,  основанных 

на владении системой разноуровневых языковых средств, соблюдении правили 

норм  русского  литературного  языка,  правил  речевого  этикета,  употреблении 

языковых  единиц  в  речевой  деятельности,  ориентированной  на  ситуацию 

общения, что способствует развитию функциональной грамотности учащихся. 

Учебная программа направлена на развитие всех видов речевой деятельности: 

слушания, говорения, чтения и письма. 

Обновленное 

содержание 

обучения 

предполагает 

реализацию 

комплексного  подхода  в  развитии  языковой,  речевой  (в  том  числе 

этнокультурной),  коммуникативной  компетенции  на  основе  функциональной 

грамотности  и  в  общем  направлении  воспитания  языковой  личности; 

актуализацию самостоятельной работы учащихся по лингво-коммуникативному 

развитию и совершенствованию. 

Вся методическая система обновленного содержания обучения русскому 

языку  строится на основе учета теории обучения второму языку, при котором 

соблюдается главное условие – коммуникативная направленность презентации 

всего  языкового  материала.  Так  же,  как  и  в  5,6,7  и  8  классах,    в  9  классе 

изучаемый  курс  представлен  как  интегрированный  курс  русского  языка  и 

литературы.  Программа  предусматривает  планирование  такого  урока,  в 

котором  сочетается  материал  по  чтению  и  грамматике.  Это  определяет  его 

структуру:  каждое  занятие  должно  содержать  работу  над  текстовым 

материалом  и  работу  над  языковым  материалом  (орфографические, 

грамматические  правила,  определения,  упражнения  по  развитию  устной  и 


 

123 


 

письменной  речи).    Реализация  основной  цели  обучения  русскому  языку  как 

неродному  –  формирование  навыков  речевой  деятельности  –  обеспечивается  

охватом  таких  сторон  в  изучении  языка,  как  расширение  словарного  запаса,  

приобретение навыков самостоятельной передачи мыслей на русском языке. 

Учебный  материал  должен  подаваться  с  учетом  ведущих  принципов 

современной  русской  лингводидактики,  среди  которых  имеется  в  виду 

рациональный  отбор  лексики;  взаимосвязанное  изучение  лексики  и 

грамматики, целесообразная дозировка теоретических сведений и практических 

заданий, направленных на активизацию всех видов речевой деятельности; ярко 

выраженная коммуникативная направленность языкового материала. 

Межпредметные  связи  устанавливаются  через  дидактические  тексты, 

обладающие  информационной  насыщенностью.  Тексты  и  послетекстовые 

задания и упражнения должны быть направлены не просто на конструирование 

высказываний,  но  и  должны  предполагать  совершение  речевого  поступка, 

проявление речевого поведения. 

Методика подачи фактического материала должна отвечать требованиям 

научности,  одновременного  развития  видов  речемыслительной  деятельности, 

наглядности и коммуникативности в обучении неродному языку. В этой связи 

текстовой  материал  должен  презентовать  не  только  историю,  культуру, 

мировидение  русского  народа,  но  и,  что  отвечает  языковой  политике  РК, 

особенности современного функционирования русского языка в Казахстане как 

неотъемлемой части общего социокультурного пространства. 

Содержание  учебного  материала  рекомендуется  представлять  в  трех 

основных  видах:  текстовой  материал,  содержащий  достаточное  количество 

изучаемых  грамматических  форм  и  лексических  единиц,  теоретический 

материал – определения и орфографические правила и практический – лексико-

грамматические упражнения.  

К примеру, упражнения в 6 классе к теме «Паронимы».   

Задания:  

1. Ознакомьтесь с нормой употребления глаголов выходить и сходить.  

2. 

Составьте  вопросительные  предложения  с  данными  паронимами.        

Употребление 

глаголов 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет