Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
10
(«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы).
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1
маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі. Баланы бірінші сыныпқа
қабылдау кезінде қосымша құжаттарды сұратуға жол берілмейді.
Сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар, гимназиялар мен лицейлерден
басқа, білім беру ұйымының бірінші сыныбына балаларды қабылдау
емтихандарын, тестілеуді, сынақтарды, конкурстарды өткізуге жол берілмейді.
Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан
өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін
дайындық курстарын ұйымдастырады.
2019-
2020 оқу жылының ерекшелігі еліміздің білім беру
ұйымдарының 4, 9 және 10-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын
енгізу болып табылады.
4-
сыныпта оқытудың ерекшелігі білім алушыларды білімді жетілдіре
отырып «белсенді оқуға» белсенді тарту болып табылады. Оқыту процесінде
білім алушылардың жаңа білімді өз бетінше іздестіруі үшін жағдай жасау
маңызды. «Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.
9-
сыныптардың оқу бағдарламасының ерекшелігі базалық білім
беруді аяқтауға бағытталғандығы болып табылады.
9-
сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары
жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға, толыққанды қарым-қатынас
жасауға қажетті және тұлғаның дамуына ықпал ететін, ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытатын социумдағы өмір үшін маңызды
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Бұдан басқа, оқыту процесінде тоғызыншы сынып оқушыларының
оқытылатын оқу материалдарын талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және
оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді бағалау дағдыларының
қалыптасуына назар аудару маңызды.
9-
сыныпта дамытушы оқыту әдістерін (іскерлік ойындар, өзін-өзі оқыту
және өзара оқыту, пәнге "тез арада" ену әдісі, процестерді моделдеу, басқа
пәндік салалармен интеграция, мәтінмен жұмыс жасау, пәндік тілді дамыту
және т.б.), жобалық әдістерді (зерттеу топтық және жеке жобалар, танымдық,
конструкторлық, әлеуметтік жобалар, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ
мерзімді жобалар, контент-талдау және т.б.), коммуникативтік әдістерді
(практикалық жағдаяттарды талдау, білім алушылардың командалық жұмысы
және басқалар) белсенді қолдану ұсынылады.
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
11
10-
сыныпты оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты
мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта
таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген
деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау болып табылады.
10-11-
сыныптардың үлгілі оқу жоспарлары Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен
және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15
мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген.
10-
сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес
оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі
анықталды.
Жаңа ҮОЖ-да «бейіндік» деген термин қолданылмайды, себебі
қоғамдық-гуманитарлық бағыт (бұдан әрі – ҚГБ) және жаратылыстану-
математика бағыты (бұдан әрі – ЖМБ) – бейіндер емес, бағыттар болып
табылады.
Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы
бейінді білім алушылардың өздері анықтайды,
10-
сыныпта Үлгілі оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқарды, білім
алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің дамуын
қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді.
Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандартты деңгейдегі 2
міндетті пәнді таңдау енгізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы
сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі.
Осылайша, 10-сынып оқушылары болашақ мамандығына назар аудара
отырып ҮОЖ-дағы 19 академиялық пәннен 14 оқу пәнін таңдай алады.
10-
сыныпта оқушылардың таңдау бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес
негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізілсе, «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәніне өзгерістер енгізілді.
«Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.
Назар аударыңыздар!
2019-2020
оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-
сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2019 - 2020 оқу жылының басталуын,
ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337
бұйрығымен 2019-2020 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
1-11(12)-
сыныптарда: күзгі каникул –7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3
қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
12
алғанда),
көктемгі – 13 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
1-
сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3 - 9 ақпанды
қоса алғанда).
Назар аударыңыздар! Мектепалды сыныптарда:
күзгі каникул – 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 14 күн (2019 жылғы 27 желтоқсан – 2020 жылғы 9 қаңтарды қоса
алғанда),
көктемгі – 15 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3 - 9 ақпанды қоса алғанда).
Сабақтарды өткізу мерзімі мереке күндерімен, ауа райының
қолайсыздығына және карантин енгізілуіне байланысты актіленген күндермен
сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша
жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып,
кіріктіруді ескере отырып көрсетілген күндерге дейін немесе кейін аздаған
сағат санымен оқыту қажет. Бұл ретте, қосымша сағаттар бөлінбейді.
Журналдарда біріккен сабақтар тақырыбы бір жолда көрсетіледі. Бұл
жағдайлар мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді, оқу сағаттары берілген деп
есептеледі.
Бұл ретте оңай мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын
жоспарламаған жөн. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл
өзгерістерді электрондық журналдар жүйесінде техникалық қолдау арқылы
көрсетіледі.
Сыртқы және ішкі бақылауды жүргізу кезінде осы бұйрық негіз болады.
Назар аударыңыздар!
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарларындағы вариативтік
компонентті қоса алғанда, жалпы білім беретін мектептерде білім
алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі 1-сыныпта –
24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта – 29 с., 4-сыныпта – 29 с., 5-сыныпта – 32 с.,
6-
сыныпта – 33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-
сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 с. аспауы тиіс.
Оқу жүктемелерін қысқарту Педагогтер кеңесінің шешімі негізінде білім
беру ұйымдары таңдай алатын қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу
жоспарында қарастырылған
(ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 ж. 4.09-
дағы № 441 бұйрығы). Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті және
қамқоршылық кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын
белгілейді.
Қысқартылған ҮОЖ-ды таңдаудағы басты шарт – білім алушылардың
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
13
ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету. Егер оқу пәндерінің қиыстырылуын
(комбинациясы) таңдау 7-сыныпта жасалса, онда таңдалған оқу пәндерінің
қиыстырылуына (комбинациясына) сәйкес келесі сыныптарда (8-9-сыныптарда)
оқуды жалғастыру қажет.
Жалпы білім беретін мектептердің 7-9-сыныптарына арналған ҮОЖ-да
ескертпе берілген, онда инвариантты компоненттен таңдау бойынша бейінді
оқу пәндерінің комбинациялары жазылған.
Бейінді оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинация) ҰБТ аясында
пәндерді таңдауға бағытталған.
Гимназиялар/лицейлерде де жүктеме өзгерді. Бастауыш сыныптарда
гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа
қысқарту ұсынылады.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру
ұйымдарында мектеп бағытына байланысты білім беру ұйымының өзі
айқындайтын мамандандырылған компонент енгізілді.
Осылайша, еліміздің білім беру ұйымдары, соның ішінде
гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған лицейлер/гимназиялар да жүктемесі
қысқартылған ҮОЖ-ды таңдауға құқылы.
Бескүндік оқу аптасында оқу процесін ұйымдастыру
Бескүндік оқу аптасына көшу жаңартылған білім мазмұнына көшумен
қатар жүргізіледі және түрлеріне, типтеріне, меншік нысандарына қарамастан
барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.
Бірқатар оқу пәндері бойынша сабақтарды оқу мақсаттарына және сабақ
тақырыптарына сәйкес, кестеде өткізілетін орынды көрсете отырып,
музейлерде, театрларда, кітапханаларда, кәсіпорындарда және басқа да
ұйымдарда өткізу ұсынылады.
Егер мектеп бес күндік оқу аптасына көшсе, мұғалім сенбі күнді өз
қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Бұл ретте мектеп әкімшілігі сенбі күні
айына бір рет педагогикалық, әдістемелік кеңестердің мәжілістерін және басқа
да ұйымдастыру іс-шараларын қоя алады.
Назар аудырыңыздар!
2019-2020
оқу жылында Педагогтер кеңесінің шешімімен мектептер
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
14
мектептің
материалдық-техникалық
жабдықталуын
(спортзалдар,
аудиториялық қор), білім алушылар контингенті, кадрлармен қамтамасыз ету
және т.б. ескере отырып, жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу
туралы дербес шешім қабылдайды.
1-4-
сыныптарда қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде
немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан
жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді:
-
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
-
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
-
шетел тілі;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
-
өзін-өзі тану.
Негізгі орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу
төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке
жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе
одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
₋
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
₋
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
₋
шетел тілі;
₋
информатика;
₋
дене шынықтыру;
₋
көркем еңбек.
Жалпы орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу
төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке
жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе
одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
₋
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
₋
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
₋
шетел тілі;
₋
информатика;
₋
дене шынықтыру.
2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын 11-сыныптардың
білім алушылары қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе
одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан
жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
₋
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
₋
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
₋
қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс
тілі;
₋
шетел тілі;
₋
информатика;
₋
бейіндік пәндер;
₋
технология;
₋
дене шынықтыру.
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
15
Білім алушылардың таңдауына сәйкес стандартты және
тереңдетілген деңгейдегі таңдау пәндері бойынша 10-сынып білім
алушыларын топтарға бөлуге рұқсат етіледі.
Үш тілде оқыту
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылғы 23 сәуірдегі ХХІІ
сессиясында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын және Ұлт
жоспарының "100 нақты қадам: қазіргі заманғы мемлекет барлығына" 79-
тармағын орындау мақсатында 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім
беруді дамытудың (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а.
2015 жылғы 5 қарашадағы № 622, Қазақстан Республикасы Мәдениет және
спорт министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 344 және Қазақстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 13
қарашадағы №1066 бұйрығына сәйкес) Жол картасы бекітілді.
Жол картасына сәйкес, оқыту процесінде қолдануға қажетті Үш тілді
оқытудың бірыңғай тілдік стандарты әзірленді (https://nao.kz/) (2016ж.). Тілдік
стандарт Қазақстан мектептерінің барлық түрлерінде үш мақсатты тілді
оқытудың жалпы шегін (тәсілдері, принциптері, стратегиялары) анықтайтын
негіздемелік құжат болып табылады.
Педагогикалық ұжымдарға Қазақстан тілдерінің:
* Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
* Орыс тілі – ресми тіл
*
Қазақстандық 100 этностың тілі
* Шетел тілі сынды алуан түрлі палитрасын түсіну маңызды.
Сонымен бірге "оқыту тілі" және "мақсатты тіл" ұғымдарының мәнін
ажырату маңызды.
Жалпы білім беретін мектептердің оқыту тілдеріне: қазақ, орыс, ұйғыр,
өзбек, тәжік жатады.
Мақсатты тілдер болып: қазақ тілі екінші тіл ретінде, орыс тілі
екінші тіл ретінде және ағылшын тілі үшінші тіл ретінде саналады.
Төменде 1-кестеде үш тілде оқыту бойынша бойынша қазіргі жағдай
көрсетілген.
1-
кесте. Үш тілде оқыту
Бірінші тілдер
Оқыту тілдері
Қазақ тілі
Орыс тілі
Ұйғыр тілі
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
16
Өзбек тілі
Тәжік тілі
Екінші тілдер
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні
(Т2)
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі «Орыс тілі» пәні
(Я2)
Үшінші тілдер Шетел тілі (L3)
Мақсатты
тілдер
Қазақ тілі
Орыс тілі
Ағылшын тілі
Үш тілді білім берудің мақсаты білім алушылардың үш мақсатты тілді,
атап айтқанда: қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін қазақ
тілін, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін орыс тілін, орыс
тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін қазақ тілін меңгеру үшін
қажетті жағдайлар жасау.
Сондай-ақ, Қазақстанда этникалық топтардың ана тілдерін дамытуға
айтарлықтай көңіл бөлінуде. Осыған байланысты көптілді білім беретін
мектептер бар.
Қазақ, орыс және шетел тілдерін жеткілікті мөлшерде оқыту қазақ тілінде
оқытатын мектептерде де, орыс тілінде оқытатын мектептерде де үлгілік оқу
жоспарларында көзделеді.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері
тек оқыту тілінде оқытылады.
МЖМБС және 1-11 сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарларында
«Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына «Шетел тілі» пәні енгізіледі. Білім беру
ұйымдары «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндерінің бірін
таңдау құқығы бар. Жұмыс оқу жоспарында және сынып журналында
оқытылатын шетел тілі көрсетіліп жазылады.
Неміс және француз тілдері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7
наурыздағы № 105 бұйрығымен (10-11-сыныптар);
ҚР БҒМ 2019 жылғы 26
шілдедегі № 334 бұйрығымен (1-4, 5-9-сыныптар) бекітілді.
Шетел тілін оқыту жалпы білім беру жүйесінің барлық сатыларында
олардың бірлігін, сабақтастығын және үздіксіздігін қамтамасыз ететін CEFR
("Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment" –
«Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі: оқу, оқыту, бағалау»)
тілдерді оқытудың деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады.
2019-
2020 оқу жылында 10-11-сыныптарда «Физика», «Химия»,
«Биология», «Информатика» оқу пәндері оқыту тілінде жүргізіледі. Аталған
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
17
пәндер ағылшын тілінде жүргізілуі мүмкін, оқыту ата-аналардың пікірін
ескере отырып, білім алушылардың, педагогтер мен білім беру
ұйымдарының дайындығына қарай және білім бөлімдерінің келісімімен
жүзеге асырылады.
Мектептердің педагогикалық ұжымдары пән апталықтарын, мектепішілік
олимпиадаларды және зияткерлік конкурстарды ұйымдастыру арқылы үш тілді
білім беруді дамытып, қолдауы қажет
ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқытуда CLIL технологиясын
қолдану ұсынылады.
3-
кесте Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту
1-
сурет – Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту
ТІЛ –
оқыту құралы
Оқыту уақытының көлемі (
әлеуеттік мүмкіндіктер
)
CLIL технологиясы
Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту
Толық енгізу
Ішінара енгізу
тілдік емес және тілдік пәндер
мақсатты тілде оқытылады
тілдік емес пән бірінші тілде
оқытылады (мектептегі оқыту тілі)
тілдік емес пән бойынша сабақтың
барлық кезеңдері мақсатты тілде
өткізіледі (жаңа материалды түсіндіру
кезінде оқыту тілінің қолданылуы
мүмкін)
сабақтың жеке кезеңдері мақсатты
тілде өткізіледі
тіл пәндері бойынша сабақтарда
пәндік терминологияны қолдану
дағдылары пысықталады
пәндік терминология мақсатты тілде
оқытылады
кейбір сыныптан тыс іс-шаралар
мақсатты тілде өткізіледі
сыныптан тыс іс-шаралар мақсатты
тілде өткізіледі
пән бойынша элективті курстар
мақсатты тілде оқытылады
пән бойынша элективті курстардың
кейбір бөлімдері мақсатты тілде
оқытылады
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
18
Тілдік және тілдік емес пән мұғалімдерінің бірлескен жұмысы көптеген
формаларда өткізілуі мүмкін. Шетел тілі мұғалімдері өз сабақтарында тілдік
емес ЖМБ
пәндерінде оқылған лексиканы пысықтай алады. Білім беру
ұйымдарында, мүмкіндігінше, тілдік және тілдік емес пән мұғалімдері бір
уақытта бір сабақта жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, сабақтың қойылған
мақсаттарын, білім алушылардың оқу жетістіктерін және оларға ЖМБ оқу
пәндерін ағылшын тілінде оқуды жалғастырулары үшін мүмкіндігінше қажетті
қолдау көрсету мақсатында педагогтер сабаққа дейін және одан кейін бірлесіп
жұмыс жасай алады.
«
Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімімен оқу тапсырмаларын
әзірлеу, оқу материалын іздеу және іріктеу, оның тіл тұрғысынан күрделілігін
бағалау, сонымен қатар сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыру бойынша
бірлесіп жұмыс жасай алады. «Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімі
дайындаған оқу тапсырмаларының дұрыс құрастырылуын тексере алады.
«
Шетел тілі» пәнінің мұғалімі білім алушылардың тілдік емес оқу пәні
сабағында жұмыс жасайтын тілдік материалды анықтауға (грамматика, мәтін
жанры, терминология, айтылуы қиын лексика және т.б.) көмектеседі және
шетел тілі сабағында сол тілдік материалды пысықтайды.
Пән мұғалімдері мен «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдеріне 10-сыныпта
ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жоспарлау барысында Орта
мерзімді жоспарды (ОМЖ) бірлесіп жоспарлауға болады, бұл олардың оқыту
тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді. ОМЖ-ны бірлесіп құру барысында
білім алушылардың да, педагогтердің де тілдік құзыреттіліктерін дамытуға,
қосымша ресурстарды іздеуге және қолдануға, сонымен қатар бағалау рәсімін
ұйымдастыруға мүмкіндіктер көбейеді. Педагогикалық ұжымдар пәндер
бойынша мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің дәстүрлі
формаларынан бас тарта отырып, әр түрлі пәндер, соның ішінде тілдік және
тілдік емес пән мұғалімдері бірлестігіне біріге алады. Бұл үш тілде оқыту
аясында сабақ өткізуде жаңа формалар, әдістер мен технологияларды енгізуге
және оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық формалары:
әдістемелік секциялар, мұғалімдер қауымдастығы;
бір сынып мұғалімдерінің командалық жұмысы;
параллель сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
тіл пәндері мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
тіл пәндері мұғалімдерінің және тілдік емес пәндер мұғалімдерінің
ынтымақтастығы;
мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығы.
Командалық жұмыс:
бірлескен
жоспарлау
бойынша
жүйелі
жұмыс
(
ортақ
тақырыптарды жоспарлауды, ҚМЖ, оқу тапсырмаларын және бағалау
критерийлерін әзірлеуді және жұмысты талдауды (оқу жетістіктері, оқу
процесіндегі білім алушылардың қиындықтары және т. б.);
|