ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет41/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы


Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясы 

(Республикалық 

референдумда 

қабылданды 

30.08.1995 ж.) 

30-


бап. 

Азаматтардың 

мемлекеттік 

оқу 


орындарында  тегін  орта  білім  алуына  кепілдік 

беріледі. Орта білім алу міндетті. 



«Қазақстан 

Республикасындағы 

баланың 

құқықтары  туралы»  Қазақстан 

Республикасының 2002 жылғы 8 

тамыздағы № 345-II Заңы 

15-


бап. Баланың бiлiм алуға құқығы 

1.  Әрбiр  баланың  бiлiм  алуға  құқығы  бар 

және  Қазақстан  Республикасының  бiлiм  туралы 

заңдарына  сәйкес  оған  тегiн  бастауыш,  негізгі 

орта  және  жалпы  орта  білім  және  конкурстық 

негiзде  тегiн  техникалық  және  кәсіптік,  орта 

білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк 

берiледi. 

3.  Арнаулы  педагогикалық  тәрбиенi  қажет 

ететiн  кемтар  балаларға  мемлекеттiк  бюджеттен 

белгiленген  стандарттар  деңгейiнде  олардың 

бiлiм  алуына  кепiлдiк  беретiн  қосымша  қаражат 

бередi. 

«Кемтар 

балаларды 

әлеуметтiк  және  медициналық-

педагогикалық  түзеу  арқылы 

қолдау 

туралы» 

Қазақстан 

Республикасының  2002  жылғы 

11 шілдедегі № 343 Заңы 

15-


бап. Кемтар балалардың құқықтары 

5) 


психологиялық-медициналық-

педагогикалық 

консультациялардың 

қорытындысына  сәйкес  арнаулы  бiлiм  беру 

ұйымдарында  немесе  мемлекеттiк  жалпы  бiлiм 

беретiн оқу орындарында тегiн мектепалды және 

жалпы орта бiлiм алуға; 

«Қазақстан 

Республикасында  мүгедектердi 

әлеуметтiк  қорғау  туралы» 

Қазақстан 

Республикасының 

2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III 

Заңы. 

29-


бап.  Мүгедектерге  бiлiм  алуы  және 

мектепке  дейiнгi  тәрбие  алуы  үшiн  жағдайларды 

қамтамасыз ету 

1.  Мүгедектерге  тегiн  бастауыш,  негізгі 

орта, жалпы орта бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. 

2.  Бiрiншi  және  екiншi  топтардағы 

мүгедектер 

мен 


мүгедек 

балалар 


үшiн 

техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі 

және  жоғары  білім  берудің  кәсіптік  оқу 

бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға оқуға 

түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi 

белгiлейтiн 

мөлшерде 

қабылдау 

квотасы 

көзделедi. 



 

363 


 

3.  Мемлекеттiк  бiлiм  беру  гранттарын 

бюджеттiк 

қаржыландыру 

арқылы 

тегiн 


мемлекеттiк  бiлiм  алуға  арналған  конкурсқа 

қатысқан  кезде  көрсеткiштері  бiрдей  болған 

жағдайда  медициналық  қорытындыға  сәйкес 

тиiстi  бiлiм  беру  ұйымдарында  оқуына  болатын 

бiрiншi  және  екiншi  топтардағы  мүгедектердiң, 

бала  кезiнен  мүгедектердiң,  мүгедек  балалардың 

басым құқығы бар. 

«Арнаулы 

әлеуметтік 

қызметтер  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2008  жылғы 

29  желтоқсандағы  №  114-IV 

Заңы. 

 

Заң  өмірлік  қиын  жағдайда  жүрген 

адамдарға  (отбасыларға)  арнаулы  әлеуметтік 

қызметтер  көрсету  саласында  туындайтын 

қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  -  өмірлік 

қиын  жағдайда  жүрген  адамға  (отбасына) 

туындаған  әлеуметтік  проблемаларды  еңсеру 

үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның 

қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең 

мүмкіндіктер  жасауға  бағытталған  қызметтер 

кешені; 


1.  Адам  (отбасы)  мынадай  негіздер 

бойынша  өмірлік  қиын  жағдайда  жүр  деп 

танылуы мүмкін: 

1)  жетімдік;  2)  ата-ана  қамқорлығының 

болмауы; 

3) 


кәмелетке 

толмағандардың 

қадағалаусыз  қалуы,  оның  ішінде  девиантты 

мінез-құлық;  4)  кәмелетке  толмағандардың 

арнаулы  білім  беру  ұйымдарында,  ерекше 

режимде  ұстайтын  білім  беру  ұйымдарында 

болуы;  5)  туғаннан  бастап  үш  жасқа  дейінгі 

балалардың 

ерте 

психофизикалық 



даму 

мүмкіндіктерінің  шектелуі;  6)  дене  бітімі  және 

(немесе)  ақыл-ой  мүмкіндіктеріне  байланысты 

организм  функцияларының  тұрақты  бұзылуы;  7) 

әлеуметтік 

мәні 


бар 

аурулардың 

және 

айналадағыларға  қауіп  төндіретін  аурулардың 



салдарынан  тыныс-тіршілігінің  шектелуі;  8) 

жасының  егде  тартуына  байланысты,  бұрынғы 

ауруы  және  (немесе)  мүгедектігі  салдарынан 

өзіне-өзі  күтім  жасай  алмауы;  9)  әлеуметтік 

бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып 

келген  қатыгездікпен  қарау;  10)  баспанасыздық 

(белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); 

«Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2007  жылғы 

27  шілдедегі  №  319  Заңы 

(01.01.2019  ж.  жағдай  бойынша 

өзгерістермен 

және 

толықтырулармен) 

1-

бап.  Осы  Заңда  пайдаланылатын  негізгі 



ұғымдар 

7-

4)  білім  алу  үшін  арнайы  жағдайлар  – 



ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар 

адамдардың  (балалардың)  оларсыз  жалпы  білім 

беретін  оқу  және  білім  беру  бағдарламаларын 

меңгеруі  мүмкін  болмайтын,  арнайы  оқу 

бағдарламаларын 

және 


оқыту 

әдістерін, 

техникалық  және  өзге  де  құралдарды,  тыныс-


 

364 


 

тіршілігін,  сондай-ақ  медициналық,  әлеуметтік 

және  өзге  де  көрсетілетін  қызметтерді  қамтитын 

жағдайлар; 

19-

3)  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін 



адамдар  (балалар)  –  денсаулығына  байланысты 

білім  алуда  ұдайы  немесе  уақытша  қиындық 

көріп  жүрген,  арнайы,  жалпы  білім  беретін  оқу 

бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру 

бағдарламаларын қажет ететін адамдар; 

8-

бап.  Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік 



кепілдіктер 

2.  Мемлекет  Қазақстан  Республикасы 

азаматтарының  тегін  мектепалды,  бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім алуын, техникалық 

және кәсіптік білім алуын... 

Мемлекет  инклюзивті  білім  берудің 

мақсатын  іске  асыра  отырып,  білім  берудің 

барлық  деңгейінде  даму  мүмкіндіктері  шектеулі 

азаматтарға  олардың  білім  алуына,  дамуындағы 

ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне 

арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 

49-


бап.  Ата-аналардың  және  өзге  де  заңды 

өкілдердің құқықтары мен міндеттері 

1.  Кәмелетке  толмаған  балалардың  ата-

аналары мен өзге де заңды өкілдерінің: 

1)  баланың  тілегін,  жеке  бейімділігі  мен 

ерекшеліктерін  ескере  отырып  білім  беру 

ұйымын таңдауға; 

4) 


өз  балаларын  оқыту  мен  тәрбиелеу 

проблемалары 

жөнінде 

психологиялық-

медициналық-педагогикалық консультациялардан 

консультациялық көмек алуға; 

5)  балаларының  шарттық  негізде  қосымша 

қызмет көрсетулер алуына құқығы бар 



«Мемлекеттік  білім  беру 

ұйымдары 

қызметкерлерінің 

үлгі  штаттарын  және  педагог 

қызметкерлер 

мен 

оларға 

теңестірілген 

адамдар 

лауазымдарының тізбесін бекіту 

туралы»  ҚР  Үкіметінің  2008 

жылғы  30  қаңтардағы  №  77 

Қаулысы. 

Білім  беру  ұйымдарының  барлық  түрлері 

бойынша,  барлық  білім  беру  ұйымдары  үшін 

ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру 

ұйымдары қызметкерлерінің Штаттары көзделген 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Нормативтік-

құқықтық құжаттары 

«Тиісті  үлгідегі  білім  беру 

ұйымдары  қызметінің  үлгілік 

қағидаларын бекіту туралы» ҚР 

Білім  және  ғылым  министрінің 

2018 жылғы 30 қазандағы № 595 

бұйрығы.  

Осы  бұйрыққа  2-қосымшаға  сәйкес  Орта 

білім  беру  ұйымдары  (бастауыш,  негізгі  орта 

және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары; 

5.  Жеке  тұлғаның  қажеттіліктері  мен 

мүмкіндіктерін 

ескере 

отырып, 


оқу 

бағдарламаларының  мазмұнына,  білім  алудың 

қолжетімділігіне  жағдайлар  жасалуына  қарай 


 

365 


 

барлық  деңгейлерде  оқыту  күндізгі,  сырттай, 

кешкі,  экстернат  және  ерекше  білім  беру 

қажеттілігі  бар  адамдар  (балалар)  үшін 

қашықтықтан  оқыту  нысандарында  жүзеге 

асырылады 

6.  Мемлекет  инклюзивті  білім  беру 

мақсаттарын  іске  асыра  отырып,  білім  берудің 

барлық  деңгейлерінде  ерекше  білім  беру 

қажеттілігі  бар  азаматтарға  олардың  білім 

алуына,  дамуындағы  ауытқуды  түзетуіне  және 

әлеуметтік  бейімделуіне  арнайы  жағдайлар 

жасауды қамтамасыз етеді. 

7. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт 

білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар 

үшін  үйде  немесе  тиісті  үлгілік  оқу 

жоспарларына  сәйкес  стационарлық  көмек 

көрсететін,  сондай-ақ  қалпына  келтіріп  емдеу 

және  медициналық  оңалту  ұйымдарында  тегін 

жеке оқыту ұйымдастырылады. 

25.  Білім  беру  ұйымдарында  білім 

алушылардың  заңды  өкілдерінің  мүдделерін 

ескере 

отырып, 


білім 

алуға 


ерекше 

қажеттіліктері бар балаларды инклюзивтік білім 

беру  жағдайларында  оқыту  (бір  сыныпта  білім 

алуға  ерекше  қажеттілігі  бар  кемінде  екі 

баланың  оқуына  рұқсат  етіледі)  және  (немесе) 

дамудағы  бұзылулардың  түрлері  бойынша 

арнайы сыныптарды ашу көзделген. 

Инклюзивті  білім  беру  жағдайларында 

білім алатын білім алуға ерекше қажеттілігі бар 

балалар 


психологиялық-медициналық-

педагогикалық  консультацияның  қорытындысы 

және  ұсынымдары  бойынша  үлгілік  оқу  немесе 

жеке оқу бағдарламасы бойынша оқиды. 

Инклюзивті  білім  беру  жағдайларында 

және  (немесе)  арнайы сыныптарда  білім  алатын 

білім  алуға  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалар 

үшін  түзету  сабақтарын  арнайы  педагогтар 

(дефектолог  олигофренопедагог,  сурдопедагог, 

тифлопедагог, логопед) жүргізеді. 



«Мектепке  дейінгі,  орта 

білім  беру  ұйымдарын,  сондай-

ақ 

арнайы 

білім 

беру 

ұйымдарын жабдықтармен және 

жиһазбен 

жарақтандыру 

нормаларын  бекіту  туралы»  ҚР 

Білім  және  ғылым  минстрінің 

2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 

бұйрығы 

Осы  бұйрыққа  сәйкес  білім  беру 

ұйымдарының  барлық  санаттағы  балалар  (ЕБҚ) 

үшін  білім  беру  ұйымдарында  түзету-дамыту 

ортасын  құру  үшін  жабдықтармен  және 

жиһазбен қамтамасыз етіледі. 

Компьютерлік түзету-дамыту ойындары мен 

бағдарламалары 

дамуында 

кемістігі 

бар 

балалардың  даму  ерекшеліктерін  ескеруі  және 



осындай  балаларға  қажетті  арнайы  қадамдық 

дамытушы  оқытуға  бағытталуы  тиіс.  Олар  бір 

немесе  бірнеше  мақсаттарды  ойын  процесінде 

жетістікті біріктіруі керек: көру қабілетін түзету; 



 

366 


 

есту қабылдауын дамыту; 

оқушының  қабылдауын,  зейінін,  есте 

қалуын түзету; 

ойлау операцияларын дамыту; ауызша және 

жазбаша сөйлеудің әртүрлі жақтарын түзету және 

дамыту;  оқу  жетістіктерін  бекіту,  әлеуметтік 

дағдыларды дамыту. 



«Орта,  техникалық  және 

кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі 

білім беру ұйымдары үшін білім 

алушылардың 

үлгеріміне 

ағымдағы  бақылауды,  оларды 

аралық 

және 

қорытынды 

аттестаттауды  өткізудің  үлгілік 

қағидаларын бекіту туралы» ҚР 

Білім  және  ғылым  министрінің 

2008  жылғы  18  наурыздағы 

№125 Бұйрығы 

Білім алушылардың бастауыш, негізгі орта 

және  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу 

бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында 

білім  беру  ұйымдары  ерекше  білім  беру 

қажеттіліктерін 

ескере 

отырып, 


білім 

алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылауды 

және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады 

 

 



«Педагог 

қызметкерлер 

мен 

оларға 

теңестірілген 

тұлғалардың  лауазымдарының 

үлгілік 

біліктілік 

сипаттамаларын бекіту туралы» 

ҚР 

Білім 

және 

ғылым 

министрінің  2009  жылғы  13 

шілдедегі № 338 Бұйрығы 

Білім  беру  ұйымдары  осы  бұйрықтың 

негізінде  педагог  қызметкерлер  мен  оларға 

теңестірілген  тұлғалардың  лауазымдарының 

бекітілген  үлгілік  біліктілік  сипаттамаларын 

ескере  отырып,  педагог  кадрларға  қажеттілікті 

қанағаттандырады. 

Олар 


білім 

беру 


ұйымдарының 

меншігіне, 

ведомстволық 

бағыныстылығы 

мен 

ұйымдастыру-құқық 



нысанына қарамастан мыналарға негіз болады: 

құрылымдық  бөлімшелер  туралы  олардың 

білім  беру  ұйымдарындағы  орны  мен  рөлін 

анықтайтын ережелер жасау; 

қызметкерлердің  міндеттерін,  құқықтары 

мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық 

нұсқаулықтар әзірлеу; 

кадрларды  іріктеу  мен  орналастыру, 

оларды  пайдаланудың  дұрыстығына  бақылау 

жүргізу; 

білім  беру  ұйымдарының  қызметкерлерін 

аттестаттаудан өткізу. 



«

Арнайы 

білім 

беру 

ұйымдары 

түрлерінің 

қызметінің үлгілік қағидаларын 

бекіту туралы» 

Қазақстан  Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрінің 

2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 

бұйрығы. 

Балалардың  ПМПК-ға  жіберілуі  ата-

аналарының  (заңды  өкілдерінің),  білім  беру 

ұйымдарының,  денсаулық  сақтау  ұйымдарының 

бастамасымен  ата-анасының  (заңды  өкілдерінің) 

келісімі арқылы жүзеге асырылады. 

Бірінші 

тексеруге 

анамнез 

жинау, 


дәрігерлердің 

(сурдолог, 

офтальмолог, 

невропатолог, 

психиатр), 

педагогтердің 

(әлеуметтік 

педагог, 

олигофренопедагог, 

сурдопедагог, 

тифлопедагог, 

логопед), 

психологтың  тексеруі,  баланың  психофизикалық 

жағдайын бағалау, ата-аналарға (заңды өкілдерге) 

кеңес беру кіреді. Бірінші тексеру бір немесе төрт 

қабылдау  барысында  жүргізіледі.  Қабылдаудың 



 

367 


 

ұзақтығы  бір  сағат,  баланың  шаршауы  жоғары 

болғанда 20-30 минут. 

Қайта 


тексеру 

ПМПК-ның 

жалпы 

қорытындысын 



нақтылау 

немесе 


өзгерту 

мақсатында 

жүргiзiледi, 

ең 


алдымен 

диагностикалық  топтарда,  диагностикалық  оқу-

түзеу сабақтарынан, мектепке дейінгі тәрбие мен 

оқыту  ұйымдарындағы,  орта  бiлiм  беру 

ұйымдарындағы 

сынама 


оқытудан 

кейiн 


зияткерлік  немесе  тілдік  даму  кемiстiгiнің 

деңгейiн  нақтылау  қажеттiгi  болған  жағдайда 

жүргізіледі. 

Тексерулер  нәтижелері  негізінде  ПМПК-

ның жалпы қорытындысы қабылданады, баланың 

жеке  психофизикалық  ерекшеліктеріне  қарай 

түзете-дамыта  оқыту  барысындағы  білім  беру 

бағдарламасының  түрі  туралы  алқалық  шешім 

қабылданады. 

Қажет болған жағдайда медициналық, білім 

беру  және  әлеуметтік  қызмет  көрсету  бойынша 

ұсынымдарды  қарастыратын  жеке  түзете-дамыту 

бағдарламасы  жасалады,  ата-аналарға  (заңды 

өкілдеріне) 

консультация 

беру 


жүзеге 

асырылады. 

«

Дәрігерлік-консультациялық  комиссияның 



қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму  министрінің  2015  жылғы  5  мамырдағы  № 

321  бұйрығына  (нормативтік  құқықтық  актілерді 

мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №  11310  болып 

тіркелген)  сәйкес  үйде  оқитын  мерзімі  көрсетіле 

отырып, 

дәрігерлік-консультациялық 

комиссияның  бала  денсаулығының  жағдайы 

туралы қорытындысы үйде жеке тегін оқуға негіз 

болып табылады. 

«

Білім  беру  объектілеріне 

қойылатын 

санитариялық-

эпидемиологиялық  талаптар» 

санитариялық 

қағидаларын 

бекіту 

туралы 

Қазақстан 

Республикасы 

Денсаулық 

сақтау министрінің 2017 жылғы 

16 тамыздағы № 611 бұйрығы. 

Осы  «Білім  беру  объектілеріне  қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  

Объект  салынатын  жер  учаскесін  таңдауға, 

жобалауға,  реконструкциялауға,  пайдалануға, 

сумен  жабдықтауға,  су  бұруға,  жылумен 

жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны 

баптауға,  жөндеуге  және  күтіп-ұстауға,  тұру, 

тамақтану,  оқыту  жағдайларына  және  өндірістік 

практикаға,  өндірістік  бақылауға,  персоналдың 

еңбек  және  қызмет  көрсету  жағдайларына,  білім 

алушылар  мен  тәрбиеленушілерді  медициналық 

қамтамасыз  етуге  қойылатын  санитариялық-

эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 

 

Білім  беруде  инклюзивтік  үдерістерді  дамыту  мектеп  ортасының 



техникалық  немесе  ұйымдастырушылық  өзгеруін  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

білім беру философиясының өзгеруін де болжайды. 



 

368 


 

Инклюзивті білім алуға сүйенетін негізгі құндылықтар: 

әр бала – жеке тұлға; 



барлығы оқи алады; 

әр  баланың  қызығушылықтары,  қабілеттері  мен  оқу  қажеттілігінің 



бірегей ерекшеліктері бар; 

кез келген нысанда кемсітуге тыйым салу; 



әркімнің қоғам өміріне қатысу құқығы; 

бір-біріне төзімділік; 



«Алуан  түрліліктегі  үйлесім»  деп  түсінілетін  толеранттылық  рухында 

тәрбиелеу  (Толеранттылық  принциптерінің  декларациясы  //  ЮНЕСКО,  1995 

ж.). 



Инклюзивті мектептің принциптері: 

барлық  қызметкерлер  инклюзияның  құндылықтарын  бөліседі,  оң  көңіл-



күймен және өз міндеттерін түсінеді; 

кемсітпеушілік; 



адамның тәуелсіздігі мен жеке дербестігін құрметтеу; 

қол жетімділік; 



қоғамға толық қосу және тарту; 

мұғалімнің,  арнайы  педагогтың,  психологтың,  мектеп  әкімшілігінің, 



басқа  да  мамандардың,  ата-аналардың  және  оқушының  өзінің  бірлескен 

(командалық) жұмысы. 

Білім  беру  ұйымдарында  кедергісіз  ортаны  қамтамасыз  ету  (физикалық 

қолжетімділікті  қоса  алғанда)  және  білім  беру  процесін  оқу  барысында 

қиындықтарға тап болған оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге 

асыру үшін қажетті материалдық база құрылуы тиіс (пандустарды, лифттерді, 

дәретханаларды, ойын аймақтарын жабдықтау, мамандар кабинеттерін қажетті 

жабдықтармен және дидактикалық материалдармен жабдықтау). 



Тосқауылсыз  білім  беру ортасын  жобалау  және  модельдеу  кезінде  келесі 

ерекше принциптерді ескеру қажет: 



1.  Қауіпсіздік,  баланың  сенімсіздік  пен  қорқыныш  сезімін  азайтуға 

мүмкіндік  беретін  ортаның  белгілі  бір  пәндік  және  кеңістіктік 

ұйымдастырылуын болжайды. Ол қол жетімді ережелер мен қорғау құралдарын 

пайдалана  отырып,  еркін  бағдарлануға,  қозғалуға  және  қажетті  әрекеттерді 

орындауға мүмкіндік алады. 

2. Мәдени маңызы бар нысандардың қанықтығы. Білім беру ортасы балаға 

үнемі  әртүрлі  ақпарат  тасымалдаушылармен  қарым-қатынасты  қамтамасыз 

етеді  (қоршаған  орта  туралы  белгілі  бір  мәлімет  береді),  бұл  оның  танымдық 

белсенділігін,  еріксіз  және  ерікті  назарын,  іс-әрекетін  айтарлықтай 

ынталандырады. 

3.  Ортаның  қолжетімділігі,  физикалық  кедергілерді  жоюға  бағытталады 

(кең ойықтар, пандустар, тұтқалар). 



4.  Полисенсорлық  қабылдау  үшін  қол  жетімділік,  ол  білім  беру  ортасы 

жеке  нысандарды,  сондай-ақ,  олардың  арасындағы  қарым-қатынастарды 

қабылдау  кезінде  түрлі  сезім  органдарынан  ақпаратты  кеңінен  тарту 

мүмкіндігін  ынталандыруын  және  қамтамасыз  етуін  болжайды.  Бұл  өте 



 

369 


 

маңызды,  себебі  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сенсорлық  бұзушылықтары 

бар. 

5.  Мағыналық  реттеу.  Білім  беру  ортасындағы  қарым-қатынастардың 

барлық  түрлері  белгілі  бір  ережелер  жүйесіне  сәйкес  ұйымдастырылады, 

оларды  түсіну  және  орындау  баланың  өмірлік  іс-әрекетінің  тиімділігін  едәуір 

арттырады. 

6. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену. Білім беру ортасын ұйымдастыру 

балаға  оқиғалық  қауымдастықты  қамтамасыз  етеді,  оның  белсенді  өзара 

әрекеттесуін және қоршаған адамдармен қарым-қатынасын ынталандырады. 

7.  Дамыту  сипаты.  Баланың  өз  бетінше  немесе  айналасындағылардың 

көмегімен  жеңе  алатын  ойластырылған  кедергілер  жүйесінің  болуын 

болжайды. 

8. Нақты және әлеуетті танымдық мүмкіндіктерді қорғау мен дамытуға 

бағдарлау.  Білім  беру  ортасын  ұйымдастыру  баланы  өзекті  және  жақын  даму 

аймағында  жұмыс  істеу  қажеттілігінің  алдына  қояды.  Бұл  принцип  арнайы 

білім беруде маңызды болып табылады. 

Психологиялық қолайлы жағдай жасау білім беру ұйымдарында ЕБҚ бар 

білім  алушылардың  бейімделуі  үшін  пәндік-практикалық  қоршаған  ортасын 

орнатудан  басталады.  Бұл  ретте  бала  үшін  психологиялық  жайлылықтың 

маңызды  компоненттерінің  бірі  оның  сыныптағы  оқу  орны  болып  табылады. 

Сыныптағы  оқушыларды  отырғызу  мәселесін  шешу  кезінде  ұстануы  қажет 

кейбір ережелер бар.  

ЕБҚ бар балаларға қолайлы отырғызу орындарын ұсыну қажет: 

оларды ынталы және жақсы үлгеруші оқушылардың жанында немесе оң 



рөлдік модельді тасымалдаушылардың жанында отырғызу керек; 

назар аударатын заттардың жанында отырғызудан аулақ болу; 



қауіпсіз,  кедергілерден  бос  ортаны  және  жүріп-тұру  үшін  барабар 

кеңістікті қамтамасыз ету; 

тақталарды бөгде заттармен үймеуге; 



ЕБҚ бар бала отырған жерде тыныштық және жайлы аймақ құру; 

оқу  орындарын оқушылар  үшін  икемді  топтарда  сабақта  жұмыс істеуге 



және өзара іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін етіп ұйымдастыру. 

Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ)  елдері 

мектеп  оқушыларда  оқуға  қиындық  туғызатын  себептердің  үш  тобын,  соның 

салдарынан – ерекше білім беру қажеттіліктерін қарауды ұсынады: 

бала дамуының бұзылуы; 



мінез-құлық және эмоциялық мәселелер; 

өмірдің  қолайсыз  жағдайлары  (әлеуметтік,  психологиялық, 



экономикалық, лингвистикалық және т.б. мәселелер). 

Ерекше білім беру қажеттілігі – бұл әр оқушыны оқытуда табысты болуын 

қамтамасыз  ету  мақсатында  психологиялық-педагогикалық  әдістермен  жүзеге 

асырылатын оқу үдерісінде көмек пен қызмет көрсету қажеттілігі. 

Жалпы білім беруді дамыту инклюзивтілік принципін негізге ала отырып, 

білім беру процесінің барлық қатысушылары: 

1) кедергілер мен мәселелер емес, ресурстар ретінде мүмкіндіктердің алуан 


 

370 


 

түрлілігін  қарастыру.  Мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіру  және 

оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толерантты мінез-

құлық мәдениетін тәрбиелеу ресурстары. Бір оқушының қиындықтарын жеңуге 

қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда әкеледі; 

2)  оқудағы  жоғары  жетістіктері  бар  оқушыларға  ғана  емес,  сыныптың 

барлық оқушыларына бағдармен оқу үдерісін құру; 

3)  Ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  оқушыларды  тек  мамандармен 

(логопед,  арнайы  педагог,  психолог,  жеке  көмекші)  ғана  емес,  барлық  білім 

беру процесіне қатысушылар тарапынан қолдауды қамтамасыз ету; 

4)  оқу  үдерісінде  оқушыларға  көмек  көрсету  мәселелерін  шешуге 

командалық тәсілдемені қолдану; 

5) оқушыларға қолдау көрсету және ұйымдастыру кезінде «таңбашаларды» 

ілуден  бас  тарту.  Көмек  оқушыларға  –  «инклюзивщиктерге»,  «ерекше», 

«дағдарыстық»,  «инклюзияға  жататын»  балаларға  емес,  оқушылар 

қауымдастығының  толық  құқылы  мүшелеріне  көрсетіледі.  Таңбашаларды  ілу 

кемсітушіліктің көрінісі болып табылады. 

ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  (бастауыш, 

негізгі  орта  және  орта)  сәйкес  «ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  білім 

алушылар үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 

арнайы жағдайлар жасалады». 

Қазіргі уақытта ҚР Білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігінің 

қатарына қажеттіліктер жатады: 

1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгертуде (қысқартылған немесе 

жеке бағдарлама бойынша оқыту); 

2)  оқыту  нәтижелерін  бағалау  тәсілдерін  (оқушының  жетістіктерін) 

өзгертуде; 

3) оқытудың вариативті, арнайы және балама әдістерін қолдануда; 

4)  оқулықтарды,  оқу  құралдарын  таңдауда,  жеке  оқу  материалдарын 

пайдалануда; 

5) оқыту нысанын таңдауда; 

6) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу; 

7) орнын толтырушы және техникалық құралдарда; 

8)  арнайы  психологиялық-педагогикалық  көмекте  (психолог,  логопед, 

арнайы педагог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог); 

9) педагог-ассистенттің көмегінде; 

10)  әлеуметтік-педагогикалық  көмекте  (әрбір  қажеттілікті  жүзеге 

асырудың толық сипаттамасы ТП ҰҒПО әдістемелік құралында берілген). 

Оқыту қиындықтарының сипаты мен айқындылық дәрежесіне байланысты 

білім  алушыда  біреуден  бірнеше  ерекше  білім  алу  қажеттілігі  айқындалуы 

мүмкін.  Оқушылардың  ерекше  білім  алу  қажеттілігі  білім  алудың  кез  келген 

кезеңінде пайда болуы мүмкін. 

Арнайы жағдайлар жасау бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі 

және  оқу  үрдісінде  оқушыға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету 

келесідей болып табылады: 

а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарға жағымды көзқарасы;  



 

371 


 

б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі 

академиялық табыстылық;  

в) оқушының әлеуметтік бейімделуі. 

Білім  алушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  ерекше  білім 

беру  қажеттілігін  бағалау  негізінде  жүзеге  асырылады.  Ерекше  білім  беру 

қажеттіліктерін  бағалау  –  бұл  анықталған  оқыту  қиындықтары  мен  олардың 

пайда  болу  себептері  негізінде  оқу  үрдісінде  оқушының  қолдау  түрлерін, 

формалары мен көлемін анықтау. 

Қажеттіліктерді  бағалау,  білім  алушыларды  қолдау  секілді  деңгейлік 

сипатқа  ие.  Бір  деңгейді  қолдаудан  қолдаудың  қарқындылығын  арттыру 

жағына  да,  қолдауды  азайту  жағына  да  басқа  деңгейді  қолдауға  көшу 

мүмкіндігі бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет