ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін


Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың бірінші деңгейі



Pdf көрінісі
бет42/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы


Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың бірінші деңгейі. 

Бағалау  мен  қолдауды  тікелей  мұғалім  жүзеге  асырады.  Мұғалім  бірінші 

болып  формативті  бағалау  барысында  оқытудың  қиындықтарын  анықтайды. 

Оның  міндеті  –  қиындықтар  сипатын,  олардың  пайда  болу  себептерін  өзіндік 

анықтау,  оқушының  қалыптасатын  білімдеріндегі  олқылықтарды  анықтау.  

Алынған  ақпарат  негізінде  мұғалім  сыныпта  оқушыны  сабақта  қолдауды 

ұйымдастыруы керек (жеке тәсілдеме). 

Мұғалім  тарапынан  оқушыны  қолдау  тәсілі  келесі  іс-шаралар  болуы 

мүмкін: 

1) оқытудың вариативті, арнайы әдістерін қолдану: «кішкентай қадамдар» 

әдісі,  пәндік  іс-әрекетке  және  көрнекілік  құралдарына  сүйену,  «сөйлеу 

дағдыларын дамыту»  («оречевление») пәндік және  ақыл-ой  әрекеттерін,  «алға 

жүгіру»,  үздіксіз  қайталауды  үйрену,  оқылатын  ұғымдарды  салыстыру  және 

қарсы қою тәсілдерін қолдану және т.б.; 

2)  сабақта  жеке  оқу  материалдарын  қолдану:  көрнекілік  құралдарды, 

жаднамаларды, алгоритмдік нұсқамаларды, жеңілдетілген оқу тапсырмаларды, 

оқу  және  жазу  үшін  мәтінді  қысқарту,  тапсырмаларды  орындау  үшін  қысқа 

және  кезең-кезеңмен  нұсқаулықтар  беру,  жатқа  білу  қажет  ақпарат  санын 

азайту және т.б.; 

3)  оқыту  нәтижелерін  бағалау  тәсілдерінің  (процедураларының)  өзгеруі: 

қысқа,  баяу,  қайталау,  мұғалімнің  ауызша  нұсқауы  (жазбаша  нұсқаудың 

орнына);  жұмысты  орындау  үшін  қосымша  уақыт  беру;  тапсырмаларды  тек 

ауызша/жазбаша  орындауға  мүмкіндік  беру;  планшетті,  ноутбукты  пайдалана 

отырып, жазбаша бақылау тапсырмасын орындау мүмкіндігі; 

4) бақылау материалдарын өзгерту: нұсқаулық тұжырымдарын бейімдеу – 

тапсырманы орындау кезеңдеріне сәйкес оны бірнеше бөліктерге бөлу; бақылау 

тапсырмаларының  санын  азайту;  барлық  сынып  үшін  бақылау 

тапсырмаларынан  ерекшеленетін  жеке  бақылау  тапсырмалары  (жеке  оқу 

мақсаттарына  сәйкес);  бақылау  тапсырмасын  орындауды  жеңілдететін 

иллюстрациялық және басқа да тірек материалдарын (кестелерді, сызбаларды, 

үлгілерді, анықтамалық материалдарды) пайдалану және т.б.; 

5) сыныптағы оқу орнын анықтау және бейімдеу (бірінші партада, беделді 

оқушының жанында, соңғы партада, біреуі партада, оқу тапсырмаларының бір 


 

372 


 

бөлігін конторкада тұрып орындау мүмкіндігі бар және т. б.); 

Егер  баланың  барлық  күш-жігеріне  және  мұғалімнің  жеке  көмегіне 

қарамастан,  бір  және одан да  көп  негізгі  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасын 

меңгеруде  қиындықтар  бір  тоқсан  ішінде  сақталса,  онда  мұғалім  мектептің 

психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  қызметі  (психолог,  логопед, 

мұғалім-дефектолог) көмегіне сұратым жасайды. 

Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың екінші деңгейі. 

Қажеттіліктерді  бағалау  мен  қолдауды  тек  мұғалім  ғана  емес,  сонымен 

қатар  психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  қызметі  мамандарының 

командасы (психолог, логопед, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог) жүзеге 

асырады.  Оқушының  мамандардың  көмегіне  қажеттілігін  бағалауды  жүргізу 

үшін  оқушының  ата-анасының  жазбаша  келісімін  алу  қажет.  Әрбір  маман 

қажетті  әдістер  мен  әдістемелерді  қолдана  отырып,  оқушыларды  оқытудың 

қиындықтарын  тудыратын  себептерді  анықтау  мақсатында  психологиялық, 

логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді. Зерттеу барысында маман 

оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сондай-ақ оқудағы табысты болуы 

үшін  оқушының  қолда  бар  ресурстарын  да  анықтайды.  Тексеру  нәтижелері 

бойынша мамандар келесідей анықтайды: 

оқушының оқу бағдарламасын қысқарту қажеттілігі; 



қандай  мамандардың  көмегі  оқушыға  оқу  қиындықтарын  жеңуге 

мүмкіндік береді (психолог, логопед, әлеуметтік педагог); 

оқытудың  қандай  әдістері  мен  тәсілдері  неғұрлым  тиімді  болып 



табылады; 

оқушының оқу орнына қалай бейімдеу керек. 



Психолог,  логопед,  мұғалім-дефектолог,  әлеуметтік  педагог  анықтаған 

білім  берудегі  қиындықтар  себептерінің  негізінде  оқушының  психологиялық-

педагогикалық  сүйемелдеуінің  жеке  бағдарламасының  мазмұнын  сүйемелдеу 

мамандары  мен  мұғалім  анықтайды.  Мамандардың  көмек  бағыттары 

мұғалімнің  сабақтағы  жеке  тәсілдемесі  мазмұнымен,  ата-аналар  тарапынан 

оқушыға  көмек  мазмұнымен  келісіледі.  Мамандардың  көмегі  жеке  немесе 

топтық сабақтарда көрсетіледі. 

Мұғалім  мен  мамандардың  көмегі  қысқартылған  оқу  бағдарламасын  (1-3 

оқу тоқсан бойы) табысты меңгеруіне әкелмеген жағдайда, сүйемелдеу қызметі 

оқушылардың ата-аналары ұсынымдар алу үшін психологиялық-медициналық-

педагогикалық консультацияға жіберу  туралы  шешім  қабылдауы  мүмкін  (ата-

аналардың келісімімен). 



Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың үшінші деңгейі. 

Оқушының 

қажеттілігін 

бағалау 


психологиялық-медициналық-

педагогикалық  консультацияның  мамандарымен  анықталады.  ПМПК 

қажеттілігін  бағалау  нәтижелері  бойынша  оқушыға  дефектолог-мұғалімнің, 

мұғалім ассистентінің көмегі ұсынылуы мүмкін, білім алу нұсқалары ұсынылуы 

мүмкін:  тұрғылықты  жері  бойынша  жалпы  білім  беру  сыныбында,  арнайы 

сыныпта, арнайы мектепте. ҚР «Білім туралы» Заңының 49 бабына сәйкес білім 

беру ұйымын таңдау оқушының ата-аналарына қалады. Ата-аналар тұрғылықты 

жері бойынша мектепті таңдаған жағдайда, мектеп ПМПК-ның ұсынымдарына 



 

373 


 

сәйкес (ҚР БҒМ № 595 п.25 бұйрығына сілтеме). 

Оқушының  қажеттілігін  бағалау  алгоритмі  (ПМПК  ұсынымы  бар)  және 

оның  психологиялық-педагогикалық  қолдауын  қамтамасыз  ету  ҚР  БҒМ 

«Түзету  педагогикасының  ұлттық  ғылыми-практикалық  орталығы»  ММ 

сайтында 

http://special-edu.kz/

 

орналасқан  «Жалпы  білім  беретін  мектепте 



ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеу» әдістемелік ұсынымдарында ұсынылған. 

Ол  төмендегі  кестеде  ашылған  12  қадам  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Әдістемелік  ұсынымдарда  мұғалімдер  мен  мамандар  кестеде  көрсетілген 

құжаттардың  формаларын  және  мектеп  жұмысын  ұйымдастырудың  нақты 

нұсқауларын,  мамандар  сүйемелдеуге  қолданыстағы  нормативтік  құжаттар 

шеңберінде табады. 

Мұғалімнің, 

психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеу 

қызметі 

мамандарының,  ата-аналардың  оқушының  ерекше  білім  алу  қажеттіліктерін 

қанағаттандыру және бағалау кезеңдеріндегі өзара іс-әрекет алгоритмі. 

 

Мұғалімнің,  ата-аналардың  іс-



әрекеттері 

Психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеу  қызметі  мамандарының 

іс-әрекеттері 

1.  Мұғалім  ЕБҚ  бар  оқушымен 

танысады.  ПМПК  қорытындысы 

мен ұсынымдарын зерделейді. 

(қыркүйектің бірінші аптасы) 

1.  Мамандар  ЕБҚ  бар  мектеп 

оқушыларының тізімін жасайды. ПМПК 

қорытындысы 

мен 

ұсыныстарын 



зерделейді 

(қыркүйектің 

бірінші 

аптасы). Форма 1. 

2.  Мұғалім  ата-аналармен  әңгіме 

өткізеді,  оқушы  туралы  мәлімет 

жинайды, оларға сауалнама (Форма 

1а)  және  коммуникативтік  паспорт 

(

Форма  1в)  толтыруды  ұсынады. 



(қыркүйектің 1-2-ші аптасы) 

2. Ата-аналармен әңгіме өткізеді, оқушы 

туралы мәліметтер жинайды, әңгімелесу 

хаттамасына  мәліметтерді  енгізеді. 

Форма 1б. 

(қыркүйектің 1-2-ші аптасы) 

3.  Мұғалім  ЕБҚ  бар  оқушыны 

бірнеше  күн  бақылайды,  «сабақта 

оқушыны  бақылау  хаттамасы» 

ағымдық  формасын  толтырады 

(Форма 2а).  

(қыркүйектің 1-3-ші аптасы) 

3. 

ЕБҚ  бар  оқушыны  бірнеше  күн 



бақылап  отырады,  «сабақта  оқушыны 

бақылау 


хаттамасы» 

ағымдық 


формасын толтырады (Форма 2а).  

(қыркүйектің 1-3-ші аптасы) 

4.  «

Сабақта  оқушыны  бақылау 



хаттамасы» (Форма 2б) қорытынды 

формасына  бақылау  нәтижелерін 

жинақтайды. 

(қыркүйектің 2-3-ші аптасы) 

4. 

«

Сабақта 



оқушыны 

бақылау 


хаттамасы»  (Форма  2б)  қорытынды 

формасына 

бақылау 

нәтижелерін 

жинақтайды. 

(қыркүйектің 2-3-ші аптасы) 



Форма  2  б  жылдың  басында,  бірінші  жарты  жылдықтан  кейін  және 

жылдың  аяғында  толтырылады,  сонымен  қатар,  оқушыны  оқытудың 

табыстылығы мен дамыту динамикасы мониторингінің құралы болады. 

Мұғалім 



оқушының 

оқу  5. 


Оқушыны 

оқытудағы 



 

374 


 

жетістіктеріне 

критериалды 

бағалауды жүргізеді. Бағдарламаны 

меңгерудегі 

олқылықтар 

мен 

қиындықтарды анықтайды. 



қиындықтардың 

нақты 


себептерін 

зерттеуге  бағытталған  (психологиялық, 

педагогикалық,  логопедтік,  әлеуметтік) 

жеке тексеру жүргізеді. 

Хаттамаларды толтырады. 

6. 


Ата-аналардың 

бақылау, 

әңгімелесу 

және 


сауалнама 

нәтижелерін  жинақтайды  және 

оқушының 

оқу 


жетістіктерін 

«

оқушының  сипаттамасы»  (Форма 



3) 

формасында зерделейді. 

6.  Ата-аналардың  бақылау,  әңгімелесу 

және 


сауалнама 

нәтижелерін 

жинақтайды 

және 


«оқушының 

сипаттамасы»  (Форма  3)  формасында 

тереңдетіліп зерттеледі. 

Форма  3  жылдың  басында,  бірінші  жарты  жылдықтан  кейін  және  жыл 

соңында  оқушыны  оқытудың  табыстылығы  мен  дамыту  динамикасы 

мониторингінің нәтижелерін тиянақтау ретінде толтырылады. 

7.  Оқушының  ерекше  білім  алу 

қажеттіліктерін 

алқалық 


(мамандармен және ата-аналармен) 

талқылауға  және  психологиялық-

педагогикалық  қолдау  мазмұнын 

анықтауға қатысады. 

7. 

Оқушының  ерекше  білім  алу 



қажеттіліктерін  талқылауды  алқалық 

(мұғаліммен 

және 

ата-анасымен) 



ұйымдастырады 

және 


өткізеді, 

оқушының 

психологиялық-

педагогикалық 

қолдау 

мазмұнын 



анықтайды. 

8.  Оқушы  туралы  барлық  мәліметтерді  талқылау  нәтижесінде  оқушыны 

оқытудағы  қиындықтар,  олардың  пайда  болу  себептері  мен  механизмі 

белгіленеді. «Оқушының жиынтық сипаттамасы» құрастырылады. (Форма 4) 

Бұл  форма  маманның  жеке  жұмысының  тиімділігінің  мониторингі  ретінде 

жылдың  басында,  бірінші  жартыжылдықтан  кейін  және  жылдың  аяғында 

толтырылады 

9.  Психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеудің жеке бағдарламасын 

(оның ішінде қысқартылған немесе 

жеке 

оқу 


бағдарламаларын) 

жасауға қатысады. (Форма 5) 

9



Психологиялық-педагогикалық 



сүйемелдеудің  жеке  бағдарламасын 

(оның ішінде қысқартылған немесе жеке 

оқу 

бағдарламаларын) 



жасауға 

қатысады. (Форма 5) 

10.  Жеке  тәсілдемелер  және 

оқытудың  арнайы  әдістері  мен 

бағалау  тәсілдерін  қолдануымен 

қысқартылған  немесе  жеке  оқу 

бағдарламасына сәйкес оқытады. 

10.  Маманның  оқушымен  жеке  жұмыс 

бағдарламасына сәйкес оқушымен жеке 

(кіші  топтық)  дамыту  жұмыстарын 

жүргізеді. 

11. 


Оқушының  оқу  жетістіктеріне 

мониторинг 

жүргізеді 

және 


нәтижелерін жинақтайды. 

11. 


Оқушының 

дамуы 


мен 

жетістіктеріне  мониторинг  жүргізеді 

және оның нәтижелерін жинақтайды. 

12. 


Қажеттіліктер 

мен 


қол 

жеткізілген  нәтижелерді  қайта 

талқылауға  қатысады.    Келесі 

тоқсанға  қысқартылған  немесе 

12.  Қажеттіліктер  мен  қол  жеткізілген 

нәтижелерді  командалық  талқылау 

қайта  жүргізеді.  Сүйемелдеудің  жеке 

бағдарламасына  өзгерістер  енгізеді, 



 

375 


 

жеке  бағдарламалардың  мазмұнын 

талқылайды 

(қажет 


болған 

жағдайда). 

келесі тоқсанға (қажет болған жағдайда) 

жеке  оқу  бағдарламаларын  қысқартуға 

немесе жасауға қатысады. 

 

Қазіргі  мектепте  білім  беру  үдерісін  жетілдіру  тек  оқылатын  пәндердің 



мазмұнын  өзгертумен  ғана  емес,  сонымен  қатар,  сабақ  барысында  білім 

алушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен оқыту әдістеріндегі тәсілдемелерді 

өзгерту  қамтылады.  Білім  алушыларға  пассивті  әсер  ету  нысаны  болмауы 

маңызды. Сондықтан білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ой-

өрісін  кеңейту  және  олардың  жалпы  мәдениетін  арттыру  үшін  сабақта 

қолданылатын  оқытудың  ең  оңтайлы  түрлерін,  әдістер  мен  тәсілдерді, 

технологияларды анықтау қажет. 

Инклюзивті  білім  беру  –  бұл  жеке  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  жеке 

тұлғаға  бағытталған  оқыту  әдістерін  қолдану  негізінде  білім  беру  іс-әрекетін 

ұйымдастыру  арқылы  сапалы  оқытуға  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  етудің 

кешенді процесі. 

Инклюзивтік  тәсілдеме  –  ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  оқушыларды 

жаппай  мектепте  оқыту  қиындықтарына  бейімдеу  емес,  бүкіл  мектепті 

реформалау  және  осындай  білім  алушылардың  ерекше  білім  беру 

қажеттіліктерін ескеру және әрбір баланы оқу процесіне тарту үшін оқытудың 

өзге де педагогикалық тәсілдемелерін іздеу. 

Мектептің  әрбір  педагогы  инклюзия  –  жалпы  білім  беретін  мектепте 

ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  баланың  физикалық  жағынан  ғана  емес 

екенін  түсінуі  және  қабылдауы  тиіс.  Бұл  мектептің  өзін,  мектеп  мәдениетін 

және  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың  қарым-қатынас  жүйесін  өзгерту, 

педагогтар  мен  мамандардың  тығыз  ынтымақтастығы,  ата-аналарды  баламен 

жұмыс істеуге тарту. 

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үдерісінде педагогтар 

мен ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Ата-

аналар  өз  баласын  жақсы  біледі,  сондықтан  педагог  бірқатар  мәселелерді 

шешуде  олардан  құнды  кеңес  ала  алады.  Мұғалімдер  мен  ата-аналардың 

ынтымақтастығы  әр  жағынан  жағдаятты  қарауға  көмектеседі,  демек, 

ересектерге  баланың  жеке  ерекшеліктерін  түсінуге,  оның  қабілетін  анықтауға 

және дұрыс өмірлік бағдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі  мектептің  негізгі  міндеті  –  баланың  даралығын  ашу,  оған 

көмектесу,  әлеуметтік  әсерлерге  тұрақтылық  және  таңдауын  табу, 

тұрақтандыру,  нығайту.  Оқыту  процесінде  әр  баланың  даралығын  ашу 

заманауи мектепте инклюзивті білім беруді құруды қамтамасыз етеді. Мұндай 

оқытудың мақсаты бірыңғай сынып ұжымында «орташаланған» оқушыға емес, 

жеке-жеке  танымдық  мүмкіндіктерін,  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарын 

ескере  отырып,  жеке-жеке  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін  психологиялық-

педагогикалық жағдайлар жүйесін құру болып табылады. 

Мұғалім  сабаққа  дайындалуда  заманауи  технологиялар  мен  әдістерді 

қолдану  және  сабақ  берудің  тәсілдемелерін  өзгертуге  ұмтылуда,  білім 

алушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  түсінуде  диагностикадан  т.б.  бастауы 



 

376 


 

маңызды.  Әсіресе,  бұл  бастауыш  мектепте  маңызды,  өйткені  оқушылардың 

практикалық біліктері мен дағдылары арқылы оқу, жазу, есеп, рефлексия және 

т.б. пәндік тапсырмалар ерекшеліктері мен негізгі оқу дағдылары концептуалды 

түсіну қалыптасады. 

Білім  алушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  зерттеу  үшін  жоғарыда 

сипатталған  көптеген  тәсілдемелер 

https://nao.kz/

 

сайтында  әдістемелік 



ұсынымдарда ұсынылады. 

Педагог  балалардың  білім  беру  қажеттіліктерін  зерттеген  және  түсінген 

кезде  оқытуды  саралау,  оқу  бағдарламасының  шеңберін  кеңейту  мүмкіндігі 

пайда болады, тіпті үлгермеген оқушының беделі де көтеріледі. Сабақ түрлері 

мен оқыту әдістері әр түрлі болуы мүмкін және бұл нақты сабақтың мақсатына, 

тақырыптың  ерекшелігіне  байланысты,  бірақ,  ең  бастысы  білім  алушыларда 

қандай білім алу қажеттілігі бар екендігін білуі шарт. 

Оқыту технологиясын таңдаудың тиімділігі және оның ЕБҚ бар балаларға 

бейімделуін рефлексия технологиясының көмегімен анықтауға және өлшеуге 

болады. 


Оқытуддағы  рефлексия  –  оқыту  субъектісінің  өз  іс-әрекетін  ой  әрекеттік 

немесе  сезіну  үдерісі.  Рефлексия  субъектінің  пәндік  білімі  мен  іс-әрекетінің 

мазмұнына жатады, оның нәтижелерін бекіту және одан әрі оның нәтижелілігін 

арттыру мақсатында жүзеге асырылған іс-әрекетті зерттеуді білдіреді. 

Сабақта  оқушының  рефлексиясын  ұйымдастыру  технологиясы  келесі 

кезеңдерден тұрады: 

пәндік іс-әрекетті орнату; 



орындалған іс-әрекеттердің бірізділігін қалпына келтіру; 

іс-әрекеттердің жасалған реттілігін зерделеу; 



нәтижелерді қалыптастыру; 

келесі іс-әрекетте гипотезаларды тексеру. 



Оқыту  үдерісінде  өз  іс-әрекетінің  нәтижесінде  оқушы  рефлексия  арқылы 

білім алуға өзгеретін тәжірибеге ие болады. Бұл білімдер өзі алған ақпараттан 

оқушының ақпараттың мағынасын түсінетін, оған белгілі бір қарым-қатынасты 

қалыптастыратын,  осы  ақпаратқа  қатысты  өзін-өзі  анықтайтын  ақпараттармен 

ерекшеленеді.  Оқушы  өзінің  бастапқы  білім  деңгейін  және  түсінігін  түсінеді, 

оны  соңғы  деңгеймен  салыстырады,  оның  өзгерісінің  не  екенін  және 

қаншалықты (сапалық және сандық) болғанын анықтайды. 

Рефлексия  қойылған  мақсаттарға  жету  тәсілдерін  түсіндіруімен,  яғни 

мақсатты  тұжырымдауымен  байланысты.  Сондықтан  да,  ол  оқушыға  қатысты 

тәрбиелеу функциясын орындайды. 

Егер  мұғалім  оқушының  рефлекциясын  сабақ  мақсатында  және  күтілетін 

нәтижелермен  байланыстырса,  онда  кері  байланыс  педагогикалық  жұмыстың 

көптеген мәселелерін түсіндіреді. Ал, дәлірек айтқанда, оқушы оқу материалын 

түсінеді ме және мұғалімнің жоспарлауы баланың білім алуына көмектесті ме? 

Мұғалім  өз  сыныбындағы  жұмыстың  тиімді  әдістерін  қаншалықты 

пайдаланды? 

Сонымен қатар, мұғалімнің рефлексиясы зор маңызға ие және ол сабақта 

оқыту әдістерін іздестіру, таңдау, қолдану мен нәтижелілігін анықтайды. 



 

377 


 

Рефлексивті  үдерістер  педагогикалық  міндеттерді  шешудің  әр  кезеңінде 

өздерін  әртүрлі  көрсетеді.  «Ақпарат  беру  бойынша  сарапшы»  рефлексиялық 

позициясында мұғалім өзінің жоспарланған іс-әрекеттерін талдау пәні ретінде 

жасайды,  яғни  оның  санасының  рефлексиялық  процестері  алдағы  сабақтың 

мазмұнына  қарайды  және  құрастырушы  сипатқа  ие  болады.  Мұғалім  өзінің 



жобалық  іс-әрекеттерін  рефлексивті  бағалауды  оқушылардың  нақты  жеке 

ерекшеліктеріне,  олардың  даму  мүмкіндіктеріне  сәйкес  жасайды.  Бұл  оған 

күрделіні  жайға  айналдыруға,  қызықсызды  ынталандыруға  мүмкіндік  беретін 

мұғалімнің  ең  маңызды  кәсіби  біліктерінің  бірі  болып  табылады.  Педагогтің 

рефлексивтік іс-әрекетінің жүйесі төменде берілген сызбада айқын көрсетіледі. 

 

 

 



                                                                          

 

 



                 

 

ПМПК  білім  алушыға  жеке  бағдарлама  бойынша  немесе  жеке 



тәсілдемелермен  жалпы  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  оқытуды  ұсынған 

жағдайда  мектептегі  психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  қызметі 

бақылау нәтижесінде бағдарламаны өзгерту қажеттілігін растайды, сонда ғана 

ұсыныстарға сүйене отырып жеке оқу бағдарламасы жасалады. 

Мұндай жағдайларда ЕБҚ бар білім алушы үшін пәндік бағдарламалардың 

мазмұнына оқушының «күшті» және «әлсіз» жақтарына байланысты қысқарту 

немесе өзгерту жағына өзгерістер енгізуге болады. Білім алушылардың ерекше 

қажеттіліктері  мен  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып  әзірленген  жеке  оқу 

бағдарламалары  мектептің  педагогикалық  кеңесінде  бекітіледі.  Жеке  оқу 

бағдарламасын  жүзеге  асыру  кезінде  мұғалім  келесі  іс-әрекеттерді  жоспарлау 

үшін  әрбір  сабақты  талдай  отырып,  рефлексия  іс-әрекеттерін  үнемі  жүргізуі 

қажет. 


Жаңартылған  бағдарламаның  мазмұнында  педагогтар  сабақтардың 

кодталған оқу мақсаттарын таңдай отырып, сабақтарды жоспарлауға мүмкіндігі 

болады. Мақсаттардың өзінде оқу дағдыларын дамыту үшін бірізді іс-әрекеттер 

салынған.  Мұғалім  оқытудың  мақсатын  оқушының  рефлексиясымен 

байланыстырады  және  жұмыстың  тиімді  әдістерін  іздеу  үшін  осы  әмбебап 

тәсілдемелерді  қолданады.  Педагог  мақсаттар  мен  құндылықтардың  саны 

оқушылардың  бағдарламасымен  және  мүмкіндіктерімен  анықталатындығын 

түсінуі қажет. 

ЕБҚ  бар  бала  оқитын  сыныпта  мұғалімнің  оқыту  әдістерін  таңдау 

мүмкіндігі  бар,  үнемі  сұрақтарға  жауап  бере  отырып:  қандай  мақсатқа  қол 

жеткізуге  болады?

 

ЕБҚ  бар  баланың  қажеттіліктеріне  сүйене  отырып, 



мақсаттарды  қалай  өзгертуге  болады?

 

Сабақтың  қойылған  мақсаттарына  жету 



үшін қандай әдістер мен тәсілдерді қолдану керек? Оқушының жеке бағдарын 

жүзеге  асыру  кезінде  қойылған  мақсатқа  қол  жеткізгендігінің  дәлелі  қандай 

Жоспарлау 

Рефлексия 

Әрекет 

Бақылау 


 

378 


 

болып табылады ? (Бала қандай іс-әрекеттерді орындайды? Қалай орындайды? 

Оған не көмектесті? Сәтті өтті ме? Қандай кедергі болды?). 

Тоқсан  соңында  пән  мұғалімдеріне  ЕБҚ  бар  білім  алушының  оқу 

жетістіктерінің  қорытындысы  бойынша  қорытынды  жасау  және  қажет  болған 

жағдайда жеке оқу бағдарламасына түзетулер енгізу ұсынылады. 

Ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  балаларды  сүймелдеуге  арналған 

жеке бағдарламаларды мұғалім әзірлейді және инклюзивті білім беруді жүзеге 

асыратын мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. 

Оқу  жетістіктерін  бағалау  ерекше  білім  беру  қажеттіліктерін,  ЕБҚ  бар 

білім  алушының  жеке  мүмкіндіктерін  және  жетістіктерімен  салыстырғандағы 

прогрессті ескере отырып жүргізіледі. 

«Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдағы  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  өткізудің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  18 

наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»» бұйрыққа сәйкес 14-8-

тармақта  «ерекше  оқу  қажеттіліктері  бар  білім  алушыларды  бағалау  кезінде 

педагог  сараланған  және/немесе  жеке  тапсырмаларды  қолданып,  сондай-ақ, 

оқушының ерекшелігін есепке ала отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер 

енгізеді»,-деп көрсетіледі. 

Осыған 

байланысты, 



жаңартылған 

бағдарлама 

мазмұнының 

ерекшеліктеріне сүйене отырып, ЕБҚ бар балаларға арналған БЖБ және ТЖБ 

тапсырмаларын 

әзірлеу 


кезінде 

оқу 


мақсаттарын, 

критерийлерін, 

дескрипторларды, тапсырмаларды саралау ұсынылады. 

Қорытынды  аттестаттау  мәселесі  бойынша  жоғарыда  көрсетілген 

бұйрықтың  57-тармағында  мыналар  көрсетіледі:  «ерекше  білім  беруге 

қажеттілігі  бар  білім  алушыларға  және  жеке  оқу  бағдарламасы  бойынша 

оқитын  білім  алушыларға  қорытынды  аттестаттау  өткізу  қажеттілігі  туралы 

мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес 

шешеді». 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет