Тақырыбы: «Сіз – деген әдеп, біз – деген көмек!»
Жасы үлкен кісілерге көмектесу іс-шаралары.
Мақсаты: Оқушылардың «құрмет», «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
- ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- үлкендерді құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үнтаспа, қағаздар, слайдтар, М.Әуезов сөзі, Төле би, М.Мақатаев суреттері.
Шаттық шеңбері
Барлық оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады.
Үнтаспа арқылы М.Мақатаевтың «Анам маған...» өлеңі тыңдалады.
- Балалар, көңілді ән әуенін тыңдай отырып, үлкендерге жақсы тілектер арнайықшы.
(Балалар қол ұстаса отырып, тілектер айтады).
Сабақ тақырыбымен таныстырылады.
Әңгімелесу
Оқушыларды құрмет пен сыйды ажырата білуге үйрету үшін «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды!» тақырыбында әзірленген шағын үзінді тыңдалады.
- Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адам да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
Ата-ананы сыйлау – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
- Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
- Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы
- Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
- Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
- Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас, туыстарыңды сыйлап жүріңдер.
Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана - жарық дүниеге әкелуші.
Достарыңызбен бөлісу: |