Аудан көлемінде мұғалімдерге және апробациялық 2-сынып ата-аналарына арналған «Ашық есік» күніне байланысты өткізілген семинар да өз дәрежесінде өтті. Мұнда, 2-сыныптарда мұғалімдердің командалық сабақ беру үдерісі жоспарланды, коучинг сессиясы да командалық жүйеде өткізуді көрсетті. Семинар соңында «ата-ана дауысы» алынып, ата-аналардың жаңа білім мазмұнының өзгеруіне байланысты балаларының мектепте алып отырған білімдеріне, мұғалімдердің жұмысына көңілі толатындықтарын айтып, ұжым мүшелеріне алғысын айтты. Бұл бейне-жазбаларды Фэйсбуктен көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |