Оқу жылындағы А. М. Горький атындағы мектеп-лицейінің «Темірқазық» шығармашылық тобының жұмыс жоспары бойынша аналитикалық есебі



бет1/5
Дата08.09.2017
өлшемі1,12 Mb.
#31496
  1   2   3   4   5
2016-2017 оқу жылындағы А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің «Темірқазық» шығармашылық тобының жұмыс жоспары бойынша аналитикалық есебі

А.М. Горкий мектеп – лицейінде 2016-2017 жылының қыркүйек айында, деңгейлік курстан өткен 16 мұғалім(барлығы 19, 3 мұғалім бала күтімінде ) өткен оқу жылында құрылған «Темірқазық» шығармашылық тобының жұмысын жалғастырды. Топ мүшелері педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің  бірлескен  бағдарламасын,  жаңа оқыту тәсілдерін оқу үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай жасау. Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдерді курстан кейінгі кезеңде кәсіби сүйемелдеу,  курстан өтпеген әріптестерге деңгейлік бағдарламалардың негізгі идеясын оқыту үдерісіне тиімді кіріктіру әдістемесін игерту және тарату мақсатында жаңа оқу жылына жүргізілген сауалнама (30%-оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар)қорытындысы бойынша SWOT анализ жасалып, анықталған қажеттіліктер бойынша жаңа мектептің дамыту жоспары жасақтады.


   Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін, МДЖ-ға сертификатталған мұғалімдердің ҰМЖ; ОМЖ, ҚМЖ жоспарлауы, коучинг үдерісі, тәлімгерлік үдерісі, желілік қоғамдастық жопарлары , отырыстар, пікірталастар ( дөңгелек столдар) енгізілді. Курстан өткен 2-деңгей коучтары «Мектептегі рефлексия» курсынан өтетін 25 мұғалімді өз фокус топтарына 5 мұғалімнен бөліп алып, өз тәлім алушыларымен жаңа оқу жылына жеке жоспар жасап, жаңаша білім беруге қол жеткізу мақсатында менторлық жұмысты қолға алды.Қазан айынан бастап желтоқсан айының соңына дейін мектеп тренері Танбаева Н.Ш-дан 100 сағаттық курстан өткен мұғалімдер қаңтар-ақпан аралығында өз коучтарымен бірге ОМЖ және ҚМЖ жасақтап 3 сабақ өткізді. Өткізілген сабақтары бойынша тәлімалушыларға коучтар сабаққа қатысу арқылы сабақты талдап, рефлексивті есеп жазуға көмектесті. Жүйелі жоспарланған жұмыстың нәтижесінде, наурыз айында директор жанындағы отырыста 25 мұғалімнің портфолиосы қаралып, коучтардың өзінің фокус топтарындағы тәлімалушыларға жазылған рубрикаттар негізінде жұмыстары қорғалып, барлық мұғалімге «сертификатталсын» деген шешім қабылдадық.

Сонымен бірге, 3 коучка 1-сыныпта деңгейлік курстан өтпеген Даулбаева А.Х., Трубникова И.В., Мурат А.Б-ын тәлімалушы етіп тағайындап, жұмыс жоспарын бекіттік. Жыл соңында бұл тәлімалушылар өз жұмыстарында толықтай өзгеріс енгізіп ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ жасап, білім берудің жаңа мазмұны бойынша сабақ үрдісіне толықтай өзгеріс енгізді.Олар қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау бойынша модерация жасап, 7 модуль бойынша жұмыстарын жоспарлауды үйренді.



Мектебіміз республика бойынша 30 пилоттық мектептер қатарындағы эксперимент алаңы болғандықтан МДЖ жасақтауда, аудан бойынша бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа форматта оқытудың апробация сыныптарындағы мұғалімдерінің іс-тәжіриебесімен бөлісуді міндетіміз деп санап 3 семинар жоспарладық.Қаңтар айында өткізілген семинар «Білім мазмұнының жаңаруы апробациясы: артықшылығы мен келешегі» деп аталып аудан бастауыш сынып мұғалімдері және мектепте курстан өтіп жатқан мұғалімдер қатысты.Мұнда, апробациядан өтіп жатқан 2-ші сынып мұғалімдері ашық сабақ өткізсе, коуч Некрасова Н.П., Балмуханова М.Н., Казиева А.Б.,коучинг, шеберлік сыныбын өткізді. Семинар соңында аудан мұғалімдері семинардан алған әсерлерімен бөлісе отырып, көптеген өзгерістерді танып, нақты тәжірибеде көргендерін айтты және жаңа форматта бағалау жүйесін көргісі келетіндіктерін айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет