13.10.2017
2"В" сыныбында жаратылыстану пәнінен "Жануарлар қалай көбейеді ?"тақырыбында ашық сабақ
Сынып жетекшісі :Ибраева А.А
Сабақ жоспары әдістемелік жағынан дұрыс құрылған Мазмұнды және оқушылардығ жас ерешеліктеріне сай тапсырмалар алынған .Сабақты мақсатын хабарлай отырып ,оқушылар жетістігін бағалай білді.Сабақ мақсатына жетті.
16.10.17.
3 «А» сыныбында математика пәнінен «6 санына көбейту және бөлу» тақырыбында ашық сабақ өтті Сынып жетекшісі: Бигалиева З.Ж
Сабақ бес кезеңнен тұрды.Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып,сабақты қызықты,мазмұнды өткізуге тырысты. (жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топтық жұмыс)Оқушылар бір -біріне тілек хатын толтырса ,мұғалімнің тілегін цифрограмма шешу арқылы біліп ,сабаққа деген қызығушылықтарын тудырды.Оқушылар жаттығулар, қайталаулар арқылы теориялық білімдерін практикалық жолмен дәлелдей отырып,жаңа сабақтың мақсатына топтық жұмыс арқылы нәтижеге жетті . Оқушылар сабақта белсенді қатысып отырды. Әдебиет, тарих сабақтарымен байланысты болды Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық- технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды..Өздік жұмыс,қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Сабақ өз мақсатына жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |