Оқу жылындағы жүргізілген жұмыстардың тиімділігі Мектеп мамандарыныа сараптама



бет6/13
Дата20.07.2020
өлшемі3,85 Mb.
#63393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2. Рухани –адамгершілік тәрбиесі

28.09 «Мұғалім-мектептің жүрегі» тақырынба сынып сағаттары болып өтті.

Ортағаш орта мектебінде қыркүйектің 15-19 аралығында 6-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты оқушылардың алғашқы ұстаздарына деген естеліктерінде жүрген өзек жарды сезімдерін қағаз бетіне ашық, мазмұнды, көркем түрде жаза білулері көзделді.

Ұстаздар мерекесі күніне мектебімізде қалыптасқан дәстүр бойынша 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі жауапты болды. Концерттік бағдарлама ең бірінші мектепте қызмет ететін ұстаздар қауымына олардың өмір-баяны жайлы слайд шоу көрсетілді. Артынан оқушылар мерекелік құттықтау концертін бастап ұстаздар қауына үлкен қуаныш, мерекелік көңіл- күй сыйлай білді. Аға тәлімгердің басқаруы бойынша сол күні мектепте өзін-өзі басқару жұмысы өтті.

Сонымен қатар 1-10 сынып оқушыларының арасында «Алғашқы ұстазыңды құттықта» атты өлең шумақтары сайысы өтті. Сайыстың мақсаты оқушылардың тіл байлығы, өлеңге деген құштарлықтары, ұстазға деген сүйіспеншіліктерін, ұстаздың еңбегін әлемге паш ету көзделді. Сайыс қорытындысы бойынша бастауыш буын мен орта буын оқушыларының өлең шумақтары ершелене отырып, «Мектеп жаршысы» газетіне ұсынылды.

Мектеп ұжымының атынан «Ұстаздардың ұстазы» тақырыбымен мектепте ұстаздық қызметін атқарып, «Білім беру ісінің үздігі» атағымен марапатталған ардагер ұстаз Жұмажан Қайырбайқызы туралы мақала «Мектеп жаршысы» газетіне ұсынылды.

14.11.Мектеп психолігінің ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларының арасында әңгіме сағаты ұйымдастырылды. Әңгіме сағатының негізгі мақсаты жасөспірім балаларды қылмысқа итермелейтін әрекеттерден аулақ болу. Заңның тармақтарын біле отырып, шектен шықпау, саналы да адамгершіліг мол азамат болып қалыптасу мақсатында бағытталған әңгімелер болды.

1.10. Ортағаш ауылдық мәдениет үйінде «Қарттар күні» мерекесі аталып өтті. Бұл мереке биылғы жылы ерекше аталып, оқушылар өз күштерімен көнцерттік бағдарлама ұсынса, аудандық мәдениет үйінен «Әжелер» тобы келіп ауылымыздың қарттарына өздерінің ән-шашуларын жолдап құттықтады. Сондай-ақ дастархан жайылып, қарттарды дастархан басына шақырып құрметтеді. Сондай-ақ біздің мектебімізде қарттар күніне арналған іс-шаралар бір ай бойы өткізіліп келеді. Мектепте «Тимур командасы» құрылып, қарттарға көмек көрсетіп отырды. Олардың жетекшілері 11-сынып оқушылары Рымбек Жұлдызбек зейнетке шыққан, көмек қажет ететін отбасыларға атап айтқанда, Алпысов Төлебай аталарға үй шаруашылығында көмектер көрсетті. Ол кісілердің оындрын сарайға кіргізіп, аула маңдарын тазартып беру жұмыстары атқарылды.

4.10. «Қарттар күні» айлығына жасалған жоспарға сай мектебімізде зейнеткерлікке шыққан ұстаздар Сейітжанова Ж.Қ., Қабаева Қ.К, Бижанова М.С оқушылар кездесуге шақырды. Кездесу мұғалімдер күні мерекесімен қатар келгендіктен оқушылар мұғалімдерді де, зейнеткер ұстаздарды да құттықтап музыкалық бағдарлама ұсынды. Кездесу барысында ардагер ұстаздарға еске түсірерлік қызықты естеліктері туралы сұрақтар қойып, сөзге тартты. Ардагер ұстаздарға концерттік бағдарлама қойып, құттықтау сөздерді мектеп әкімшілігі және ұжым атынан Б.Х. Қайырбай сөйлеп жақсы тілектермен лебіздер жолдады. «Шұғыла» балалар ұйымы қарттар мерекесіне арналған іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен атқарып шығады деген сенімдемін.




29.12. Бастауыш сыныптар арасында «Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілік болып өтті. Бұл ертеңгілікте бастауыш сынып оқушылары «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша ертегіден көрініс қоя отырып, Аяз атаны, Ақша қарды, жаңадан келе жатқан Жаңа жыл «Тауық» жылын ортаға шақырып, оқушылар мен ата-аналармен ойындар ойнап көреремендердің көңілінен шықты.Сондай –ақ ер балалар аяз ата биін билесе қыздар ақша қар биін билеп өз өнерлерін ортаға сала білді. Соңынан Аяз атадан сыйлықтаын алып тартасты.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет