5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
20.09. 6-9 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп үлескісіндегі өскен дақылдарды жинау жұмыстары атқарылды. Биылғы жылы мектеп үлескісінде щыққан картоп, қызылша, сәбіз өнімдерін жинап асханаға өткізілді.Оқушылармен бұл жұмысты биология пән мұғалімі ұйымдастырып, сыныптан тыс оқушыларды қоғамдық жұмысқа араластырды.
24.10. «Күз ханшайымы» атты мектепішілік іс-шара болып өтті. Бұл іс-шараға 5-10-сынып оқушылары қатысты. Алдын ала дайындалған бағдарламаға бойынша қатысушы әр сыныптан күз ханшайымы таңдалып сынаққа түсуі керек. Және олар тек қана қатысып қоймай, бағдарлама бойынша өздерін таныстыру, өз өнерлері, білімдерін сынаққа түсәру керек болды. Күз ханшайымына 5-сыныптан Мұрат Ажар, 6-сыныптан Жеңіс Ризагүл,7-сыныптан Жанбек Ұлболсын, 8-сыныптан Балтабай Перизат, 9-сыныптан Балтабай Назира қатысты. Өз бақтарын сынау барысында «Күз ханшайымы» номинациясына лайық деп 5-сынып Оқушысы Мұрат оқ бойы озып шығып, ие болды.Күз ханшайымы кеші өте қызықты, мазмұнды өтті. Ұйымдастырушылар «Шұғыла» БҰ белсенділері жауааты болды.
18.11. « Мен мамандықты таңдаймын» атты 9-11 сынып оқушыларының арасында тренинг болып өтті. Бұл тренингте оқушы балаларға болашақта қандай мамандық иесі болуға болатыны жөнінде бағдар, бағыттар берілді.
Елімізде орналасқан көптеген жоғарғы оқу орындарымен арнайы орта білім беретін мекемелермен танысып, олардан қандай мамандық алып шығуға болтыны жайлы мәліметтер берілді.
8.12. Оқушылардың кәсіби қызығушылығымен бейімділігі тақырыбында әңгіме сағаты 8-11 сынып оқушыларының арасында болды. Бұл әңгіме сағатында психолог тестер алу барысында қай оқушының қандай мамандыққа бейім екендігі анықталып, сол мамандықтар туралы мәліметтер беріллі.
Достарыңызбен бөлісу: |