Оқу жылындағы жүргізілген жұмыстардың тиімділігі Мектеп мамандарыныа сараптама


Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты



бет12/13
Дата20.07.2020
өлшемі3,85 Mb.
#63393
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты

Мектеп оқушыларымен ұстаздар арасында 8.09 «Денсаулық фестивалі» болып өтті. Бағдарлама бойынша оқушылар 100м,1000м-ге жүгіру және әртүрлі спорттық ойындар, оның ішінде тир ату, футбол ойындары, эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.

Жүгіру барысында бастауыш сыныптар арасында 5-сынып оқушысы Серікбай Расул, Мұратбек Ақарысбірінші орынды иеленді Ал қыздар арасында Мұратбек Гүлден, Сызкен Аружан, Думан Көгершін бірінші орындарды иеленді. Орта буын арасында Серік Ерхан 7-сынып оқушысы иеленсе , қыздар арасында Балтабай Перизат, Серік Гүлім иеленді. Жоғарығы сыныптар арасында бірінші орынды 11-сынып оқушысы Мұрат Тілек, екінші орынды Өтежан Санжар, Үшінші орынды Сейдахан Нұрсұлтан мен Жайылған Бекарыс иеленді. Жарыс соңы эстафеталық ойындармен жалғасты. Соңынан оқушылар мектеп спортзалына келіп тирмен ату нысанаға дәл тигізту жарысын өткізді. Құралайды көзге атқан мерген Серік Ерхан ерекше көзге түсіп, марапатталды.

Оқушылар соңынан екі командаға бөлініп, футбол ойынын ойнады.





27.10 «Нашақорлыққа жол жоқ» атты» 8-9 сыныптар арасында ашық әңгіме сағаты болып өтті. Оқушылар бұл әңгіме барысында нашақорлықтың адам ағзасына әкелер зияны туралы, зиянды әдеттерден аулақ жүру туралы сілтемелер алды. Сонымен қатар нашақор адамның ағзасындағы аурулар олардан жұғатын жұғатын аурулар туралы мектеп медбикесі Абжанова Р.Т. айтып, оқушыларға көптеген мәліметтер берді.


28.10 Мектепте «Жаз-2016» спорттық ойындар шахматтан, тоғызқұмалақтан, теннистен аймақтық сайыс болды. Оған Көрші елді мектептер, Коктерек НМ,Қызылегіс НМ, Кішітүкті НМ оқушылары қатысып, шахматтан Қызылегіс мектебі, теннистен Ортағаш мектебі бірінші орындарға ие болып аудандық жарысқа жолдама алды.

Қараша айының басынан бастап жоспарбойынша Ортағаш орта мектебінде АИТВ және ЖИТС-ң алдын алу айлығының жоспары құрылып, өз жұмысын бастады.

Жоспар бойынша ай бойына сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» атты сынып сағаттары өтілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтына бағыттау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, ағзаның дұрыс демалуы және жеке бас гигиеналарын сақтауды әдетке айналдыру туралы әңгімеле сағаттары болып өттті. Оқушыларға бұл тәрбие өте пайдалы және ұтымды болды.

Жоғары сыныптар оқушылар арсында «Зиянды әдеттен аулақ бол» атты шығармалар сайысы өтті. Бұл шығармада 8- сынып оқушысы Өтежан Алуаның шығармасы өте жақсы деп танылды.

9-11 сынып оқушылар арасында «Тағдырың өз қолыңда» атты ойын сабағы өткізілді. ОЙын сабақта оқушылар топтарға бөлініп, бірінші «Тағдыр» деген сөзге өз ойларын айтты. Оқушылар өз ойларын толық айтты. Келесі тапсырма әр бала өз тағдырына қандай өзгерістер енгізе алады, ол үшін олар қандай өмір таңдауы керек деген ойларды бөлісті. Оқушыларға уланған өмірлер, есірткіге салынған адамдардың тағдыры туралы бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар үшін бұл айлықтың маңызы өте зор.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет