6. Полимәдениеттілік пен толеранттық тәрбиесі
5-7 сыныптар арасында 7-12.09 аралығында «Мен және менің отбасыммен бірге» суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Сурет көрмесіне Бижанов М.Ө. жауапты болды. Орта буын оқушылары өз отбасы мүшелірі және әртүрлі қызықты сәттерді бейнелеу барысында өз отбастарына деген сүіспеншіліктерін және ата-анамен байланыстарын жетілдіре түсткені байқалды.
28.11 «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» 1-4 сынып оқушыларының арасында әңгіме сағаты ұйымдастырылды. Әңгіме сағатының барысында бастауыш сынып оқушыларының арасында үлкенге ілтифат көрсету, құрметтеу, кішіге қамқор болу, қорған болу барысындағы әңгімелер айтыла отырылып, әртүрлі тәрбиелік мәні бар мәтіндерден үзінділер келтіре отырып, оқушылардың пікірлерімен бөлісіп жұмыстар атқарды.
«Тұңғыш президент-ел мақтанышы» тақырыбында суретте сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыста оқушылар елбасына деген құрметтерін сурет арқылы бере отырып, өз елдерінің, көркейіп келе жатқан Астана қаласының ғимараттарын салып, өз өнерлерін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |