Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар


- Жалпы білім беру пәндеріне қатысты (ЖБП модулі)



бет3/7
Дата06.12.2022
өлшемі54,22 Kb.
#161421
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2021-2022

- Жалпы білім беру пәндеріне қатысты (ЖБП модулі)
«Жалпы білім беру пәндері» модулі бойынша сағаттардың жалпы саны 60 кредит/1440 сағатты құрайды («Хореография өнері» мамандығы бойынша - 38 кредит/912 сағат), жалпы білім беру пәндері 1-2 курста оқытылады және базалық және/немесе кәсіптік модульдермен интеграциялануы мүмкін.
Жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша мамандық бейінін ескере отырып айқындалады.
Жаратылыстану-математикалық бағытқа келесі бейіндер жатады: пәндік мамандануы бар оқытушыларды даярлау («Информатика», «Кәсіптік оқыту» мамандықтары); Аудиовизуалды құралдар және медиа өндіріс; Қоршаған орта және жабайы табиғат; Жер туралы ғылымдар; Статистика; Деректер базасы мен ақпараттық желілерді құру және оларды әкімшілендіру; Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және талдау; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар мен біліктіліктер; Химиялық инженерия және процестер; қоршаған ортаны қорғау технологиясы; Электр техникасы және энергетика; Электроника және автоматтандыру; Механика және металл өңдеу; Автокөлік құралдары, теңіз және әуе кемелері; Тамақ өнімдерін өндіру; Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик және ағаш); Тоқыма (киім, аяқ киім және былғары бұйымдары); Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру; Сәулет және қала құрылысы; Құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс; Жобалауға, өндіруге және құрылысқа байланысты пәнаралық бағдарламалар мен біліктіліктер; Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру және мал өсіру; Өсімдік; Орман шаруашылығы; Ветеринария; Тұрмыстық қызмет көрсету; Шаштараз және косметологиялық қызметтер; Қонақ үй қызметі, мейрамханалар және тамақтану саласы («Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы); Өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік; Азаматтар мен меншікті қорғау; Көлік қызметтері.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытқа келесі бейіндер жатады: Мектепке дейінгі мекемелер үшін тәрбиешілерді даярлау; Пәндік мамандандырусыз оқытушыларды даярлау; Пәндік мамандандырумен оқытушыларды даярлау; Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн; Бейнелеу өнері; Қолөнер өндірісі; Музыка және театр өнері; Дін және теология; Тіл үйрену; Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және мұрағат ісі; Бухгалтерлік іс және салық салу; Қаржы, банк және сақтандыру ісі; Менеджмент және басқару; Маркетинг және жарнама; Құқық; Стоматология; Медицина; Науқастарға күтім жасау (Мейірбике ісі) және акушерия; Медициналық диагностика және емдеу технологиялары; Фармацевтика; Әлеуметтік жұмыс және консультация беру; Денсаулық сақтаумен және әлеуметтік қамтамасыз етумен байланысты пәнаралық бағдарламалар мен біліктіліктер; Қонақ үй қызметі, мейрамханалар және тамақтану саласы; Саяхат, туризм және бос уақыт.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемін ТжКБ ұйымы мамандықтың бейініне байланысты дербес айқындайды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихандар «Жалпы білім беретін пәндер» модуліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет