8.2.2.1 - түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып,көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;
8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.
8.4.4.1- тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану;
8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.
Білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша оқу мақсаттары (алдыңғы сынып, тоқсан бойынша)
- түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып,көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;
- тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.
- тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану;
– тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.
Оқытуда қолданылатын әдістер (қажетін белгілеу, басқасын қосуға болады)
оқушыға ұсынатын тапсырмалар саны азаяды;
оқу тапсырмасының көлемі азаяды;
оқу тапсырмасының мазмұны жеңілдетіледі;
оқушыға оқу тапсырмасы мұғалімнің кезең-кезеңмен бақылауымен бөлім бойынша ұсынылады;
оқулықтан тапсырмалар мұғалім құрастырған тапсырмалармен ауыстырылады;
тапсырмаларды орындау үшін қысқа және анық нұсқаулар беріледі;
қайталауға көп уақыт бөлінеді;
абстрактылы ақпаратта түсіндіріледі, нақты сөздер, суреттер, заттармен көрсетіледі
құралдарды (қарындаш, сызғыш, трафарет және т.б.) қолдану арқылы мәтінді оқу реттілігін қадағалау
қызмет түрі өзгереді;
жаттауға қажет ақпараттар саны азайтылады;
оқу үшін абзацтарға бөледі, басты ақпарат сызықпен сызылады;
оқылған немесе тыңдалған мәтінге сұрақтар қою қысқартылады.
САБАҚ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ:
ережелер жинағы;
ұқсас жаттығуларға мысал;
диктанттың жартысын жазады;
ЗЕЙІН ШОҒЫРЛАНДЫРУ ҮШІН
орындалатын тапсырманың мақсатына міндетті түрде назар аударады;
тапсырманы орындау кезеңдеріне мақсатты түрде назар аударылады;
жетістіктері ескеріледі;
мадақтаудың әр түрлі әдістері қолданылады;
Әрі қарай оқытуға ұсыныстар:
жалпы бағдарлама бойынша оқытуды жалғастыру;
мұғалімнің жеке тұғырымен (әдіс, оқытудың амалдары, жетістіктерін бағалау тәсілдері) жалпы бағдарламамен оқытуды жалғастыру;
мұғалімнің жеке тұғырымен (әдіс, оқытудың амалдары, жетістіктерін бағалау тәсілдері) бейімдеу бағдарламасы бойынша оқытуды жалғастыру;